Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет27/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
 ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ТАРАУДА 
Жиырма жетінші тарауға бастап апарады. 
Астын үстіне келтіріп дауыл сапырған кӛк теңіздің тепкісінде жалғыз 
қайықшы қаңғалақ ойнайды. Бірін бірі тықсырған арқырауық ақжал 
толқындар әлгіні бірде жаңқадай ұшырып, аспанға алып шығады да, бірде 
теңіздің шыңырау түбіне тастап келіп жібереді. Қайықшы байғұстың қайраты 
сарқылған, амалы таусылған. Тӛніп келген қатерге бақырая қарап тосып 
алғаннан басқа шарасы жоқ. Тағдырының немен тынарына кӛзі жетпей, 
жегідей жеген күйзеліс минуттары... 


72 
Sauap.org
Мен ӛзімнің соңғы күндері бастан кешкен хәлімді кӛз алдыма осылай 
әкелемін. Дауыл сапырып ӛтті, жан қалды. Енді ес жиып, ойлауыма, ӛзіме 
ӛзім есеп беріп, толғануыма болады! 
Әрине, бәріне ӛзім айыптымын. Осының бәрі тәртіпсіздіктің, мінез-
құлқымның нашарлығының кесапаты. Әйтпесе, ана Темір құсап ӛзімді ӛзім 
үлгілі ұстап, тек жүріп, тек тұрсам, мұндай жағдай болар ма еді. Аяулы алтын 
мамам арып-талып жайлаудан жұмысын тастап келер ме еді! Қасірет шегіп, 
қапаланар ма еді? Жоқ, жетеді! Ақымақтықты енді доғаруым керек! 
Түзелуім керек. 
Бұл менің түзелемін деп ӛзіме ӛзім бірінші рет уәде беруім емес. Талай 
рет уәде бердім, шындап бердім. Бірақ қанша тыныш жүрейін деп тырыссам 
да, олай болмай шығады. Не ет қызуыммен, не басқа бір себеппен 
тәртіпсіздік істеп қойғанымды ӛзім де байқамай қалам. Жоқ, енді олай 
болмауға тиіс! 
Таңертең мамам жайлауға қайтпақшы болды. Атын әкеп, ерттеп бердім. 
Ол менің басымнан сипап тұрып: 
- Ал Қожатай, ақылың бар баласың. Бәрін ӛзің түсінуің керек. Егер сен 
тағы бір шулыған шығаратын болсаң, онда маған ӛкпелеме. Осы кӛрген 
азабым да жетеді, ӛмір бойы сенің күйігіңді тартып жүре алмаймын енді мен. 
Әкеңнен қалған үй-мүлікке ӛзің ие бол, мен бұл үйден кетемін, — деді. 
Бұл сӛзді естігенде, менің кӛз алдыма жағал мотоциклімен Қаратай 
елестеп келе қалды. Ол маған мұртынан күліп, масаттана қарайды: «Иә, 
әкетемін мамаңды. Сен әжең екеуің осы үйді батып қаласыңдар». 
Мамамды құшақтай алдым: 
- Жоқ, маматай, кетпеші, кетпеші, жаным мама. Ендігәрі тәртіпсіздік 
істесем, оңбай, кӛгермей кетейін... — Кӛңілім босап, кӛзіме жас қаймақшып 
келіп қалды. 
Мамам қолын иығыма салды: 
- Сен жақсы жүрсең, мен ешқайда да кетпеймін. 
- Күйеуге тимеші, маматай... 
- Адыра қалсын күйеуі... Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық 
ешқандай да бақыт жоқ, — деді мамам. 
Мамам жайлауға жүріп кетті. Мен мектепке келе жатырмын. Кӛңілім 
кӛтеріңкі, бойым сергек. Мамамның: «Адыра қалсын күйеуі. Мен үшін сенің 
адам болғаныңнан артық ешқандай да бақыт жоқ» деген сӛзі құлағымнан 
кетер емес. «Сенші маған, маматай. Адам боламын, қалайда адам болам. 
Мынау деген жазушы болып шықпасам, неғыл дейсің. Мен енді кешегі Қожа 
емеспін, басқа Қожамын. Ӛзгерген Қожамын. Бүгін менің жаңа ӛмірімнің 
бірінші күні». 
Нұрила кемпірдің үйінің алдында қара қаншық сүйек кеміріп жатыр. 
Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тасты іліп алдым. Тұсынан ӛте беріп, 
қаңқ еткізіп дәл бүйірден жіберіп қалмақшымын. Кенет сап етіп бір ой келді 
басыма: «Япыр-ау, бұл ит маған не істеді? Мен оны неге ұрамын? 


73 
Sauap.org
Сосын үйден иесі шықпай ма жүгіріп. Қарғап, тілдемей ме мені? 
Тәртіпсіздік деген, міне, осындайдан туады екен ғой». 
Қолымдағы тасты былай лақтырып тастап, ӛзімді ӛзім іштей сӛгіп, 
жӛніме кете бардым. 
Келесі кӛшеге бұрылғанда, алдымда Жанар кетіп бара жатқанын кӛрдім. 
Қоңыр кӛйлектің етегі дӛңгелене тӛгіліп, шатын бойына жарасып барады. 
Басында мен ұнататын қызыл беретка. Қолтығымнан қанат біткендей 
жеделдей басып, Жанарды лезде қуып жеттім. Ол менің сыбысымды естіп, 
жалт бұрылып қарады. 
- Саламатсың ба, Жанар? 
- Амансың ба? 
Жанардың сол жақ иығына жұққан болмашы әк кӛзіме шалына кетті. 
- Жанар, иығыңды былғап алыпсың ғой? 
Жанар тоқтай қап, басын иығына бұрды: 
- Кәне? 
- Міне. 
Шертіп-шертіп жіберіп едім, әк кетіп қалды. Және сүрткілеп жатырмын. 
Жанардың жұп-жұмыр әдемі иығы алақаныма біліне түскен сайын 
айырылғым келмейді. 
- Рақмет, — деді Жанар. 
Екеуіміз қатарласып келе жатырмыз. 
- Кеше сен қорықтың ба, оқудан шығарады екен деп? 
- Неге қорқам, шығарса, Сартоғайдағы нағашымдікіне барып оқитын 
едім. Сен білесің бе ондағы мектептің қандай екенін? 
- Қандай? 
- Екі этажды. Физкультура залын кӛрсең ол мектептің... 
Не болса, соны сӛйлеп бара жатқанымды сезе қойдым. 
Біраз мүдіріп, тӛңірегіме қарап алдым да, кенет: 
- Жанар, — дедім. 
- Не? 
- Менің кеше хатты кімге жазғанымды білесің бе? 
- Қай хатты? 
- Жиылыста Жантас айтқан хатты... 
Жанардың жүзі қып-қызыл болып кетті: 
- Кімге жазып едің? 
Ӛкпем аузыма тығылды. 
- Жай... ойнап айтам... — дедім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет