Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет2/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
EKIHШI ТАРАУДА 
Қаратай жайында айтылады. 
Күні бойы футбол ойнап, әбден қалжырадым. Ойын үстінде 
шаршағаның онша аңғарылмайды. Енді, міне, дел-сал болып, ӛзімді ӛзім әрең 
сүйреп келе жатырмын. Аяққа қонған шаңды қарашы, бір елі. Шіркін-ай, осы 
бойда барып, күмп етіп ӛзенге қойып кетер ме еді. 
Ӛзен бойына кӛз тіксем, қыздар шомылып жүр екен. Мейлі, шомыла 
берсін, оларға да салқындау керек қой. Ал мен әуелі тамақтанып алайын, 
ішім итше қыңсылап, түйені түгімен, нарды жүгімен жұтып жібере жаздап 
келе жатқам жоқ па. 
Қораның бұрышын айнала бергенім сол еді, кӛзім есік алдындағы 
тажалға түсті. Жүрегім дір етіп, бойымды дереу жиып алғандай болдым. 
Тажал тапжылар емес. Ежелгі дағдысы бойынша біздің босағаны иіскеп, 
мелшиіпті де қалыпты. 
Тажал деп отырғаным — сыры кӛше бастаған, жағал-жағал үш 
дӛңгелекті, кӛкшіл кӛне мотоцикл. Әр жексенбі сайын оның кӛрген күні осы, 
біздің қорадан шықпайды. 
Мотоциклдің иесі — кӛрші колхоздағы комбайншы жігіт Қаратай. Жігіт 
деймін-ау, қайдағы жігіт. Беті әжім-әжім, сақалы тікенектей кәрі біреу. 
Қаратайды мен қандай жексұрын кӛрсем, жағал мотоциклді сондай 
жексұрын кӛрем. Ӛйткені оны құстай ұшырып зырылдатып, лезде алып 
келетін осы антұрған емес пе. 
Бұдан бір жыл бұрын Қаратайдың әйелі дүние салған екен. Әйелі дүние 
салды деген сӛз — ӛзі бойдақ қалды деген сӛз. Ал ӛзі бойдақ қалғаннан 
кейін, тағы да үйленбекші. Осы арада кімге деген сұрақ туады. Дүниеде ӛзге 
әйел құрып қалғандай, Қаратайдың есек дәме кӛңілі менің Миллат мамама 
ауатын тәрізді. Жағал мотоциклдің әр жексенбі сайын біздің босағаны иіскеп, 
қаңтарылып тұруындағы гәп, міне, осы. 
Әрине, бұл мәселе жӛнінде менен ақыл-кеңес сұрап жатқан ешкім жоқ. 
Бірақ мен Қаратайға іштей кіжінемін де, «Атаңның басы, менің мамам тиер 
саған!» деген сӛзді айтамын. 



Sauap.org
Үйге кіре беріп, мен мотоцикл дӛңгелегін теуіп жібердім. Кім иемденсе, 
соған құлшылық ететін меңіреу техника бұған не жауап қатсын. Зырқ етіп бір 
тербелді де, үнсіз қала берді. 
Ауыз үйде әжем күбі пісіп тұр екен. Ертеден қара кешке бір тыным 
алмайтын бейнетқор әжем-ай. Күмпілдетіп піскенде, қарашы, күбінің түбін 
түсіре жаздайды. Орамалы сырғып желкесіне түсіп кеткен. Кӛпті кӛрген 
бурыл басы бусанып, тер иісі келеді. Қолымдағы допты тарс еткізіп босағаға 
тастай бердім де, мен сол екпініммен тор үйге қарай беттедім. 
Жұмысын дереу доғарды да: 
- Әй, мына түріңмен қайда барасың? Онда кісі отыр, — деді әжем. 
Ӛзі қызық кісі, кім отырғанын мен білмейді деп ойлай ма екен. 
- Кісі болса, қайтуші едім! 
Дауысым қатты шығып кетті. Мейлі, естісе, ести берсін. 
Есікті жұлқып ашып, кіріп келдім. Қаратай мен мамам терезе алдындағы 
столда, әдеттегіше, бетпе-бет әңгімелесіп отыр. Екеуі бірдей маған қарады. 
Қаратайдың жүзінде менің келуімді жаратпаған абыржу бар. Ал мамамның 
тіксініп шығына қараған қабатынан мына тасыр жүрісімнің оған да 
ұнамағанын бірден аңғардым. 
Осы бойда бұрыштағы кітап шкафыма қарай ӛтіп бара жатыр едім, 
Қаратай күлімсіреген дауыспен: 
- Әй, Қожатай, сәлем қайда? — деді. 
Жасы үлкен таныс адамға сәлем бермеу — кӛргенсіздіктің белгісі деп 
мамам мені талай баулыған. Сол парызымды амалсыз ӛтеп: 
- Саламатсыз ба, — дей салдым. 
Үлкендердің үстіне бұйымтайсыз, ет қызулықпен кіріп келгендіктен, 
енді амалсыздан бірдеңе істеуім керек болды. Ту сыртымды мамам мен 
Қаратайға беріп, шкафтың ең тӛменгі сӛресіндегі газет-журналдарды 
мақсатсыз ақтарып, күйбеңдеп жатырмын. Нені іздеп, нені таба алмай 
жатқанымды бір Құдай ӛзі біледі. Ал екі құлағым мамам мен Қаратайда. 
- Иә, биылғы кӛктем жауынды болды, — деп бастады Қаратай ендігі 
әңгімесін. — Біздің «Коминтерннің» астығы да белуардан кеп, жайқалып тұр. 
Енді күзгі бұршақ нӛсерден аман болса, жұрт рызығы жаман бола қоймас. 
Әңгіме желісінен жалт беріп, Қаратайдың не болса, соны айтып кеткенін 
мен бірден түсіндім де, тағы не дер екен деп, еңсемді кӛтерместен, ӛзіммен 
ӛзім болғансып, күйбеңдей бердім. 
- Жаман бола қоймас, — деп қостады мамам Қаратайды бейқам үнмен. 
Оның дауысынан: «Ех, Қаратай, менің баламды ӛйтіп алдарқата алмайсың. 
Ол бәрін де сезеді, бәрін де түсінеді» деген мағына аңғарылатын еді. 
Арада бірнеше минут үнсіз ӛтті. Кенет мамамның: 
- Балам, — деген қатқыл үні естілді, —сенің сонша күйбеңдеп, таба 
алмай жатқаның не нәрсе? 
Бұл сӛз маған алты ӛрме қамшымен жорғалата тартып жібергендей әсер 
етті. Әсіресе «балам» деген сӛздің зәрі күшті-ақ еді. Ӛйткені жайшылықта 
мамам менің атымды атайтын. «Балам» деген мынау ресми үні «үлкендердің 



Sauap.org
сӛзіне тыңшылық істемек болған бұл сасық қулығыңды таста» деп 
жекіргенмен бірдей еді. Соны тез ұқтым да, қолыма тиген бір журналды 
ұстап, тайып отырдым. 
Қаратай бұл күні біздікінде кей-кейдегідей ұзақ отырып алған жоқ. 
Менің соңымнан кешікпей ол да шықты. Басқа уақытта, кетеріңде, әжеммен 
кӛңілді қоштасып, маған да бірнеше жылы қалжың, ойын сӛздер айтып, 
жаратпағаныма қарамастан, арқа-басымнан қағып аттанатын. Кейде: «Кел, 
отыр, ауылды бір айналдырып, серуендетіп әкелейін», — деп жалбақтап, 
кӛңілімді тапқысы келетін. Бұл жолы олай емес, қарасұр жүзі онан әрмен 
күреңітіп, еңсесі түсіп шықты. Ауыз үйдің тӛрінде тамақ ішіп отырған мені 
қою қасты, салбыраған ауыр қабағының астынан солғын ғана бір шолды да, 
үндемеді. «Бәйбіше, қош болыңыз» деп, әжеме арнаған сӛзін де, әйтеуір 
міндет санап, иегінен оздырмай, жүрдім-бардым айтып, бӛгелместен шығып 
кетті. Енді бір сәтте мотоциклдің пырс-пырс етіп шашала от алған үні, оның 
соңынан мылтық атылғандай патырлап құлақ тесерлік жайсыз бір іртік 
дауыстар естілді. Біздің қорадан суырыла шыққан осы үн үсті-үстіне жиілеп, 
кӛшенің басына қарай алыстап бара жатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет