Бердібек СоқпақБаевтың туғанына- 90 жыл №38 (7840). 2014 Жылқы жылы, сенбі, 11 қазан



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата07.02.2017
өлшемі12,23 Mb.
#3613
  1   2   3   4

Бердібек СоқпақБаевтың туғанына— 90 жыл

№38  (7840).   2014 —  Жылқы  жылы,  сенбі,  11  қазан

        

g.hantaniri@mail.ru.



Райымбек  аудандық  қоғамдық - саяси  газет

Газет 1931 жылдан 

шығады

Бүгін балалар әдебиетінің 

классик  жазушысы Бердібек 

СоқпақБаевтың туғанына— 

90 жылдық  мерейтойы Нарынқол 

ауылында өтеді. 

“... 


Жалпықазақстандық 

мәдениетті 

дамытуға 

жаңаша  серпін  берген  жөн.  Мәдени  саясаттың 

ұзақмерзімді  тұжырымдамасын  әзірлеу  қажет.  Онда 

қазақстандықтардың 

бәсекеге 

қабілетті 

мәдени 

ментальдігін 



қалыптастыруға, 

заманауи 

мәдениет 

кластерлерін  дамытуға  бағытталған  шаралар  белгілеу 

керек”. 

 

 

 

Н. Ә. НАЗАРБАЕВ.

КөрнеКті  жазушы—

халқымыздың  мақтанышы

Жанат  Жолдаспекұлы ТӘЖиЕВ, Райымбек ауданының әкімі

Таулар 


ешқашан 

аласармайды. 

Бүкіл  халқымыздың  сүйіспеншілігіне 

бөленген 

Бердібек 

Соқпақпаевтың 

шығармашылығы  тек тәуелсіз еліне ғана 

емес, әлем жұртшылығына кеңінен таны-

мал.  Тұғыры биік жазушының қарымды 

қаламынан    жиырмадан  аса  әңгімелер 

мен  повестер,  романдар  дүниеге  келіп, 

тәуелсіз еліміздің және алыс-жақын ше-

телдердегі  оқырмандарының  жүрегінен 

жылы орын тапты.

Жазушының  «Он  алты    жасар  чем-

пион»,  «Менің  атым  Қожа»,  «Балалық 

шаққа  саяхат»,  «Қайдасың,  Гауһар?», 

«Өлгендер  қайтып  келмейді»,  «Ақбоз 

ат» 

шығармалары 



 

Қазақстанның 

барлық  түпкіріндегі  оқырмандардың 

сырласына,    бағыт-бағдар  берер  руха-

ни  қазынасына  айналды.  Оның  кітап-

тары  дүкен  сөрелерінде  кезегін    күтіп 

сарғайып жатпайды. Үлкен болсын, кіші 

болсын  өздері  іздеп  жүріп  алып  кетеді. 

Содан болар Бердібек Соқпақбаев қазақ 

әдебиетінің  жиырмасыншы  ғасырдағы 

және  жаңа  дәуірдегі  оқырманы  ең  көп 

жазушыларының бірі. Болашақта да со-

лай  болары  сөзсіз.  Жазушы  бақыты  да 

оны іздейтін халқында  болса керек. 

«Менің  «Ақбоз  атым»  Франциядан 

бір-ақ  шығыпты»-  деп,  жазушының  өзі 

айтқандай,  Бердібек  Соқпақбаевтың 

шығармаларының  көбі  шетел  тілдері-

не  аударылған.  Бір  қызығы  жазушы  

шығармаларымды  аудартамын  деп  та-

ныс іздеп, қоңыраулатып, құзырлы есік-

терді  қағып  әуреге  түспеген.  Керісінше, 

аудармашылар Бекеңнің шығармаларын 

өздері іздеп тапқан. 

Мысалы, 

Бердібек 

Соқпақбаев 

шығармаларының  биік  шыңы-  «Менің 

атым  Қожа» повесі. Бұл шығарма фран-

цуз, орыс, украин, литва, Молдаван т.б. 

көптеген  шет  ел  тілдеріне  аударылған. 

Аталған  повес  алдымен  Мәскеуден 

орыс  тілінде  жарық  көріп,  кейіннен 

қазақ  топырағына  жеткен  екен.  Оның 

себебі,    сол  кездегі  ұраншыл,  өресі  тар 

кейбір жазушылар повесті «социалистік 

реализм»  шындығына  жат  шығарма 

деп  тануында.  Кезінде  ұлы  жазушы 

Шыңғыс  Айтматовтың  «Жәмила»  по-

весіне де өз елінде кедергілер қойылып, 

оның рухани ұстазы Мұхтар Әуезовтың 

қолдауымен  Француз  тілінде  жарық 

көрген екен. 

Бір  қызығы  халқымыздың  көрнекті 

мемлекет  және  қоғам  қайраткері 

Дінмұхаммед  Ахметұлы  Қонаевты  туған 

күнімен  құттықтауға  бір  топ  ақын-жазушы-

лармен бірге Бердібек ағамыз  үйіне барғанда 

Димаш атамыз біраз атақтарды алып үлгерген 

жазушылардан  гөрі  Бекеңе  ерекше  көңіл 

бөледі.    Францияға  іс-сапармен  барғанда  өзі 

сатып  алған  «Менің  атым  Қожа»  повесінің 

көркемделіп,  баспадан  шыққан  француз 

тіліндегі  кітабын  жазушы  інісіне  көрсетеді. 

«Мұны саған береді деп ойлама. Франциядан 

өзім сатып алғамын»-дейді Димаш Ахметұлы. 

Сол  кезде  Бекең:  «Жалған  бәрі.  Кезінде 

неге  елемедіңіздер?  Мәскеудегі  орыста-

рым  шығармаларымды  аударып,  жарық 

көрмегенде  аштан  қалар  едім»  деп  өкпе-на-

зын айтады. Димаш Ахметұлы атамыз «Мына 

тентек не дейді-ей... Біз елемесек, кейінгілер 

елер»-деп еріксіз жымиған екен. 

Бұл пікірге алып қосарымыз  жоқ. Алтын-

ды  құмнан  ажырата  білетін  халқымыз  Бер-

дібектей  тума  талантынан  ешқашан  да  көз 

жазып  қалған  жоқ.  Өткенде  де,  қазір  де  оны 

іздейтін,  бағалайтын  халқы  бар.  Болашақта 

да  солай  болып  қалары  дәлелдеуді  қажет  ет-

пейтін  ақиқат.  Халық  әрқашан  Қасымын, 

Бердібегін, Мұқағалиын іздейді, құрметтейді. 

Олардың  шығармаларын  ту  етіп  көтерген 

отты,  намысты,  талантты  жас  ұрпақтар  өсіп 

келеді. Олай болса, рухани мұрасы толыққан 

тәуелсіз еліміздің келешегі де жарқын. 

Бердібек  ағамыздың  оқырмандарды  бір-

ден  баурап  әкетіп,  сырласына  айналатын 

шығармалары—  өмір  академиясынан  бастау 

алған.  Жазушы өз жүрегімен қабылдамайтын 

даңғаза  ұрандарды  сұраныспен  көркем 

шығармаға айналдырмады.

(Жалғасы 2- бетте).

Жазып та көрдім мен де  

 

 

 

өлең,

Жазып та көрдім қара  

 

 

 

сөз.

Ерте ме, кеш пе, мен де  

 

 

 

өлем,

Өлмейді тек дана сөз.

Өлмейтін нағыз дана  

 

 

 

сөз,

Оңайдан қолға түсе ме?!

Дана сөз туар емес кез,

Күшенбе, Беке,  

 

 

 

күшенбе.

Романдарыңды жаза  

 

 

 

бер,

Қу жаныңа маза бер!

1960 жыл. 

ҰМЫТЫЛМАС  

КҮНДЕР

Көркем 

сөздің 

қас 

шебері 

Бердібек  Соқпақбаев  1924  жылы 

қыркүйек  айының  15-  жұлдызында 

Райымбек 

ауданының 

Қостөбе 

ауылында  дүниеге  келіп,  балалық, 

бозбалалық шағын осында өткерген. 

Ол  осы  өңірден  білім  биігіне  құлаш 

ұрған  алғашқы  түлектердің  бірі. 

1945- 1949 жылдары бұрынғы Абай 

атындағы педагогикалық институтта 

(қазір университет) білім бұлағынан 

сусундады,  әдебиет  әлемінің  биік 

көгіне қанат қақты. 

Бекең,  институт  табалдырығын 

өлеңге  әуесқой  ретінде  аттаса, 

қазақ әдебиетінің талай дүлділдерін 

қанаттандырған  қара  орданы  аты 

танымал ақын болып аяқтап шықты.  

1950  жылы  оның  алқашқы  өлең 

жинақтары баспадан шықты. 


Хантәңірі

2

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы,    сенбі, 11 қазан

КөрнеКті  Жазушы—халқымыздың  

мақтанышы

Бердібек СоқпақБаевтың туғанына— 90 жыл



Жанат  Жолдаспекұлы ТәЖиев, 

Райымбек ауданының әкімі.

(Соңы. Басы 1- бетте).

Халық  алдындағы  жа-

зушы  ретіндегі  жауапкер-

шілігін  терең  түсінді.  Жа-

зушы  бақыты  да  осында 

болса керек.

Қазіргі таңда алған атақ, 

марапаттарымен өздерін та-

ныстырып, оқырмандармен  

өз шығармашылығы туралы кездесу өткізіп жүргендер көп. 

Онымен  қоймай,  баспадан  шығарған  «кітаптарын»  сауда-

лай кетеді. Кітаптарын ел түсіне ме, жоқ па онда шаруалары 

жоқ.  Әйтеуір,  қапшықтары  толса  болды.  Осындайда  олар 

Бердібек  Соқпақбаевқа  бұйырмаған  сыйлықтарды  қалай 

алып жүр деген сұрақ алдымыздан шығады. 

Бізді  толғандыратыны  «Менің  атым  Қожа»  арқылы 

қазақ  халқын  әлемге  мәшкүр  еткен  Бердібек  ағамыздың 

шығармалары    соңғы  жылдары  баспадан  шықпайтын 

болды.  Тіпті,    кітапханалардан  сирек  кездеседі.  Жазушы 

шығармасын іздеп жүріп оқитын оқушылар талғамын еске-

ретін  кез  жетті.  Оның  шығармалары  баспадан  жиі  шығып 

тұрса деп ойлаймыз. Бұл оқырмандар тілегі. 

Қарапайым тіршілік кешіп, өмірден өткен жазушының 

өмірдерегімен таныссаңыз, «Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің  

Құрмет  грамотасымен  марапатталған»  деген  жазуды 

оқисыз.  Тіпті,  мына  мәліметке  таң  қаласыз.  Жазушының 

60  жылдығын  Алматыда  өткізу  туралы  ұсыныстар  ай-

тыла  бастағанда  Бердібек  ағамыз:  «Алматыны  менің  60 



жылдығыма  байланысты  дүрліктірмей-ақ  қойыңдар.  Оның 

бәрі басы  артық дүние. Даңғазалықтың  не қажеті бар. Маған 

оқырман сүйіспеншілігінен  қымбат та, құрметті еш нәрсенің 

керегі жоқ»-деп, Жазушылар Одағына арыз жазып беріпті. 

Оны  былай  қойғанда  Бердібек  Соқпақбаев:  «Экран 

алдында  отырып,  өзің  жайлы  берілген  сұрақтарға  жауап 

бергеннен  не  шығады?  Тап-таза  жасандылық  қой»-деп, 

теледидарға    түсуге  шақырған  ұсынысқа  да  келіспепті. 

Міне, қарапайымдылық пен жазушылық  мәдениеттің биік 

шыңы! 

Белгілі  қазақ  ақыны,  Мемлекеттік  Сыйлықтың  ие-



гері  Қадыр    Мырзалиев  өзінің  Бердібек  Соқпақбаев  жай-

лы  естелігінде:  «Бәріміз  де  бала  болдық.  Қазір  есейдік, 



ересек  тарттық.  Дегенмен,  сонау  кезіміздегідей  пәк  емес-

піз.    Ал  сол  көңіл-күйімізді  айна  қатесіз  бейнелеген    «Менің 

атым  Қожаны»  барлығымыз  оқып  шықтық.  Біз  соны  жазған 

Бердібек  ағамызға  сол  кезде-ақ  балалық  көңілдің  Мем-

лекеттік  сыйлығын  сыйлап  қойғамыз»-деуі  жазушының 

шығармашылығына табынғаны емес пе! 

Халқына  мәңгілік  рухани  мұра  қалдырған    Бердібек 

Соқпақбаевты ардақтайтын кез  жетті.   Көрнекті жазушы 

ұлының 90 жылдық мерейтойларын халқы осыдан бір жыл 

бұрын бастап кетті. 2013 жылдың тамыз айында Шымкент 

облысында Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығы ту-

ралы үлкен әдеби кеш өтті. Кеште жергілікті ақын «Елегей 

егемен ел ер данасын, Бірегей Бердібектің бер бағасын»-деп 

өлең  оқыды.  Бұл  кездесу  туралы  жазушы  Мархаба  Байғұт 

«Егемен  Қазақстан»  газетінде  көлемді  мақала  жариялап, 

жазушыға  Республиканың  Мемлекеттік  сыйлығын  беру 

туралы  шымкенттіктердің  бастамасын  Үкімет  назарына 

ұсынды.


Арнайы  тапсырма  берілмесе  де,  жыл  басынан  бері 

Қазақстанның  солтүстігі  мен  оңтүстігінде,  батысы  мен 

шығысында  Бердібек  Соқпақбаевтың  шығармашылығына 

арналған  кездесулер,  еске  алу  кештері  тұрақты  өткізілуде. 

Еліміздің  барлық  өңірлерінен    Бердібек  Соқпақбаевтың 

шығармашылығына  лайықты  бағасын  беру  туралы  Үкімет 

назарына  ұсыныстар  айтылып  жатыр.    Республикалық, 

облыстық  телеарналар  арқылы    жазушының  «Менің  атым 

Қожа»  фильмі  көрсетілуде.  «Менің  атым  Қожа»  повесінің 

негізінде «Қазақфильм» ки-

ностудиясы  түсірген  фильм 

1967  жылы  Францияның 

Канн 

қаласында 



өткен 

фестивальда  арнайы  жүлде 

алып,  қазақ  деген  халықты 

әлемге  танытты.  Фильм 

кейіпкері  қарапайым  қазақ 

баласы  әлемнің  28  елінің 

балаларының сырласына айналды. 

Түсірілгеніне  жарты  ғасырға  жуықтаған  «Менің  атым 

Қожа»  бұл күндері балалар ғана емес, үлкендердің де сүйікті 

фильмі.  Оны  қайталап  көруден  жалықпайсыз.  Себебі, 

ол  кинодан  әрбір  бала  өзінің  бастан  кешкен  оқиғаларын 

көрсе,  үлкендер алыс қалған балалық шағын еске түсіріп, 

сағынады.

Олай  болса,  жазушының  «Менің  атым  Қожа»  повесі 

жиырмасыншы  ғасырдағы  қазақ  балаларының  бастан 

кешкен  оқиғаларын  бүкпесіз,  боямасыз  баяндаған  көркем 

шығарма. Қызығы да, өзіне жарасымды қиындығы да мол 

кіршіксіз  балалық  шақтың  көркем  сөзбен  тұрғызылған 

Мәңгілік    Ескерткіші.  Ал,  «Балалық  шаққа  саяхат», 

«Өлгендер қайтіп келмейді» шығармалары қазақ халқының 

ХХ ғасырдағы қолхоздастыру кезеңіндегі күрделі тағдырын,  

сол  кездегі  әкелеріміз  бен  шешелеріміздің  бастан  кешкен 

қиындықтары  мен  бейнетті  еңбектерін  бүкпесіз  көрсете 

білген көркем шығарма және сан қатпарлы тарихымыздың 

бөлінбес бөлшегі. Сондықтан да қызғаныштың қызыл отын 

үрлегендер  қаласа  да,  қаламаса  да  Бердібек  Соқпақбаев 

шығармалары халқымен бірге жасай береді.  

Міне,  жазушының  90  жылдық  мерейтойы  есігіміз-

ді  қақты.    «Тас  түскен  жеріне  ауыр»-дейді  халқымыз.  Да-

рынды  жазушының  мерейтойын  өткізу  жөнінде  облыс 

әкімдігімінің қолдауымен бірқатар шаралар қолға алынды. 

Арнайы  қор  құрылып,  мекеме  қызметкерлері,  мұғалімдер 

мен дәрігерлер  бір күндік еңбекақыларын аударды. Барлық 

ауылдық округтерде,  мектептерде жазушы шығармашылығы 

туралы  әдеби  кештер  өткізілді.  70  жылдық  мерейтойында 

Нарынқол  ауылындағы  орта  мектепке  Б.Соқпақбаевтың 

есімі  берілді.  Қазір  аталған  білім  ошағы  аудандағы    үлгілі 

мектептердің  бірі.  Жазушы  туралы  деректер  жинақталып, 

аудандық «Хантәңірі» газетінде үнемі жарияланып тұрады.

Атақты 


жазушының 

90 


жылдық 

мерейтойы-

на  республиканың  және  облыстың  түпкір-түпкірінен 

ғалымдар, жазушылар мен ақындар келеді. Мұның сыртын-

да  алыстан  ат  арылтып  келетін  жазушының  оқырмандары 

қаншама. 

«Той—құдайдың 

қазынасы»-дейді. 

Қалай 

болғанда  да,  жазушының  мерейтойы—халықтың  мерекесі.



Бердібек  ағамыздың  тойының  ешқашан  да  тарқамасы, 

халқымен бірге жалғаса берері сөзсіз. 

Әрдайым  осындай  ұлы  дүбірлерде  басымыз  қосылсын, 

ағайын, туыс бауырлар! Елімізге тыныштық, Елбасымызға 

амандық берсін!

ШынДыҚТы  ғАнА  

ЖАзғАн

Өткен  ғасырдағы  қазақ  әдебиетінің  өсу, 

өркендеу    жолына  көз  салар  болсақ,    оның 

қазіргідей  шырқау  биікке  шығуына  небір  ғажап  

таланттар  атсалысқанын  көреміз.  Әрқайсысы 

өзінің  шама-шарқынша  туған  әдебиетіміздің  көп 

қырлы,  көп  сырлы,  кемпірқосақтай  алуан  түрлі 

әсем бояулы болуына үлес қосыпты. Бұл ғасырда 

халқымыз  басынан  кешкен  әрбір  кезең  хатта-

лып  көркем  әдебиеттің  бетіне  түсіп  балталасаң 

өшпейтін  елдік  шежіреге    айналған.  Нағыз  ерек 

таланттар  қаламынан  туған  шығармалар  өз 

халқымыздың ғана емес, әлем халықтарының да 

рухани  сусынын  қандырар  баршаға  ортақ  асыл 

қазынаға айналған. 

Сондай  асыл  қазынамыздың  бірі  Бердібек 

Соқпақбаевтың  творчествасы  дер  едім.  Өзіндік 

сыры  бояуы  бар  шуақты  шыншыл  творчество. 

Балаларға деп жазып, балалар жазушысы атанып, 

ал шынтуайтына келгенде шығармалары жас пен 

кәрінің бәрі бірдей сүйіп оқитын, қалың оқырманың 

махаббатына  бөленген  шын  мәніндегі  халықтық 

жазушы  еді.  Өз  басым  қазақ  балалар  әдебиеті  

арасында Бердібек Соқпақбаевтай кең таралған, 

кең  танылған  жазушы  некен  саяқ  дер  едім. 

Оның  кітаптарын  қазақ  балаларының  қолынан 

дүниежүзі  әдебиетінің  ең  үздік  туындыларымен 

қатар ұстап жүргенінің де куәсі болғанбыз. Қазақ 

балалары үшін «Том Сойер мен Гекклбери Финнің 

басынан кешкендері» қандай қызғылықты болса, 

өз  топырағынан  шыққан  Қожаның  басынан  кеш-

кендері  де  соншалықты  қызғылықты  оқылатын. 

Тілдегі  албырт  ойнақылық,  езу  жиғызбас  юмор, 

кейіпкерінің  ұшқыр  қиялшылдығы,  тапқырлығы 

және  тентектігі,  ең  бастысы  автордың  да, 

кейіпкердің  де  адамға  деген  шексіз  махаббаты 

–  міне,  бұлар  Б.Соқпақбаев  шығармасының  ең 

басты қасиеттері.

Жазушы  өмірінің  бақытты  да,  ғұмырының 

ұзақтығы да, атының өлместігі де осы болса керек. 

Әсіресе,  Бердібек  Соқпақбаев  тәрізді  әдебиетке 

барынша адал болған, әдебиетті арым деп білген 

жазушының ғұмыры халқымен бірге жасайды. 

Сайын Мұратбеков.

Барша  қазақтың ардақтысы

Биылғы  жыл  ауданы-

мыз  үшін  той-думанды, 

мерекелі болды.  Аз уақыт 

бұрын  аудан  күнін  атап 

өттік.  Енді,  міне, барша 

қазақтың маңдайына біт-

кен  мақтанышы,  жазушы  

Бердібек 

Соқпақбаев-

тың 

торқалы 


90 

жылдығы.  Көзі  тірісін-

де-ақ 

ел 


қошеметін 

арқалаған  қаламгердің 

оқырманы  көп  десек 

қателеспейміз. Өлмейтін 

мұралары  уақыт  озған 

сайын  тауға  салса  биік-

теп, суға салса тереңдей 

түсетін  халқының  алтын 

қазынасына 

айналып 


кетті.  Жазушының  қай 

шығармасын 

қандай 

уақыт 


ұрпақ 

өкілдері 

болсын  жанына  жақын 

қалап,    алып  оқитын 

төбелі,  сүбелі  дүниелер. 

Солардың  ішінде  бар-

ша  адамның  балалық 

шағын көз алдына елес-

тететін 

«Менің 


атым 

Қожа» 


шығармасы 

шоқтығы  биік  туындысы 

десек  артық  айтқандық 

емес. 


Шынайы 

өмір 


суреттерінен 

тұратын 


шығармада  жазушының 

бала  кезі,  сол    заман 

келетінін айтқысы келеді. 

Бердібек  шығармалары 

үлкен тәрбиелік мәні зор, 

бүгінгі  өскелең  ұрпаққа 

жол сілтеуші, қандай істе 

болмасын  «жақсы»  де-

ген  атқа  лайық  болуға 

шақыратын 

шығарма 

деп  білемін.  Атамыздың 

тойы қарсаңында жастар 

көптеген 

іс-шаралар 

өткізді. 

Ауылымызды 

көркейтуде тазалық сен-

біліктері  мен  қоғамдық 

жұмыстарға  белсене  ат-

салысып жүр. Кітаптарын 

сүйіп  оқитын  ұрпақтары 

тұрғанда 

Бердібек 

атаның  биігі  аласармай-

ды деп ойлаймын.         



а. Дарубайқызы,

Нарынқол жастар ісі 

жөніндегі нұсқаушысы.

көрінісі,  жалпы  қазақ 

ауылдарындағы  мектеп-

тер,  ұстаздар  қауымы 

анық-қанық  бояумен  су-

реттеледі.    Жазушы  кі-

тапта  Қожаның тентектік 

жасағанын  емес,  адам 

болуға, үлкен өмірге де-

ген  талпынысын,  жақсы 

оқып,  биіктен  көрінгісі 

АСылДы   БАғАлАйыҚ

Атақты 


балалар 

әдебиетінің 

классик 

жазушысы 

Бердібек 

Соқпақбаевтың 

 

90 


жылдығын  өзі  дүниеге 

келген 


ауылда 

атап 


өту  үлкен  қуаныш.  Жа-

зушы 


Б. 

Соқпақбаев 

шығармаларымен  қазақ 

деген  халықтың  салтын 

өнерін,  мінез-  құлқымен 

қасиеттерінен 

дүние 

жүзінің  жас  ұрпақтары 



тәлім- 

тәрбие 


алып 

өмірге қанаттанды десек 

артық  айтқандық  емес. 

Атақты  жазушының  бірі 

ғана  “Менің  атым  Қожа” 

киносымен  өзі  дүние- 

жүзі 

киногерлерін 



таңдандырды.  Біз білетін 

Б.  Соқпақбаев  ірі  тұлға 

еді.  Бүгінде  оның  ерек-

ше  дарын  қасиеттерін 

айдай  танып,  асылдай 

бағалап  отыр.  Оны  ай-

тасыздар    көптеген  шет 

жұрттар  ұшқыр  ой,  өткір 

тіл қуатымен көмкерілген 

шынайы 


шеберлігіне 

тамсана  таңырқап,  күдік 

күмәнсіз 

мойындаған. 

Бердібек 

Соқпақбаев 

қазақтың 

балалар 


әдебиетінің 

негізін 


қалаған,  еңбек сіңірген,  

өшпейтін  қолтаңбасын 

қалдырған қаламгер.

Қостөбе 


ауылының 

тумасы 


Бекеңнің 

90 


жылдығы  өз  деңгейінде 

өтіп, 


келешек 

ұрпақ 


тәрбиесі 

үшін 


берер 

дүниелері мен тағылымы 

көп-  ақ  деген  сенім-

деміз. 


Ауылымызда 

өтіп 


жатқан  дүбірлі  той  құтты 

болсын, ағайын!



Медетхан

 абиыров,

райымбек 

ауданының құрметті 

азаматы, зейнеткер

Нарынқол ауылы, 

ақсақалдар алқасының 

төрағасы.

ДеРеК Пен ДәйеК

***Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда нарынқол 

ауылдық округіне қарасты Қостөбе ауылында дүниеге келген.

***1932  жылы  нарынқол  орта  мектебінің  1-  сыныбына 

қабылданып 1942 жылы бітірді.

***1945-1949  жылдары  Алматы  қаласындағы  Абай 

атындағы  Мемлекеттік  педагогикалық  иниститутында  оқып, 

жоғары білім алған. Ауылдық мектептерде ұстаз болған. Моск-

ва қаласындағы жоғары әдеби курсын бітірген.

***Бердібек Соқпақбаев  «Жұлдыз», «Балдырған» журнал-

дарында “Қазақ әдебиеті” газетінде, «Қазақфильм» кино-   сту-

диясында еңбек етті.

***1950 жылы «Бұлақ» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. 

«Он  алты  жасар  чемпион»,  «Менің  атым  Қожа»,  «Балалық 

шаққа саяхат», «Қайдасың,  Гауһар?!», «Өлгендер қайтып кел-

мейді»,  тағы басқа да кітаптары жарық көріп, шетел тілдеріне 

аударылды.

Хантәңірі

3

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы,  сенбі, 11 қазан 

Жазушы  туралы  ой-пікірлер

. . . Б е р д і б е к 

Соқпақбаев– 

сөзіне 


берік,  ісіне  ұқыпты  жан. 

...Қаламгердің  анық  өсіп,  шеберліктің  белгілі  бір 

биігіне шыққанын көрсеткен туындысы- «Менің атым 

Қожа» повесі.

Қожа    бейнесі—  қазақ  балалар  әдебиетіне 

қосылған  қомақты  олжа.  Оның  еңсесі  барған  сай-

ын  биіктеп,  Марк  Твеннің  Том  Сойерімен,  Аркадий 

Гайдардың Тимурымен, қазақ фольклорының тазша 

баласымен    таласпай-ақ,  тіпті  соларға  жете  қабыл 

жүргенінің өзі әдебиетіміз үшін де аз бедел ме?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет