Ең бір күрделі, эрі даулы сөз таптарының бірі үстеулер. Сондыктан да тілде үстеулер мэселесі назардан тыс қалды деуге болмайды. Бүл жайында айтылған пікірлер мен бірнеше ғылыми зерттеулерді кездестіреміз



Дата01.03.2023
өлшемі23,75 Kb.
#70728
Байланысты:
ҮСТЕУДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ


Ең бір күрделі, эрі даулы сөз таптарының бірі — үстеулер. Сондыктан да тілде үстеулер мэселесі назардан тыс қалды деуге болмайды. Бүл жайында айтылған пікірлер мен бірнеше ғылыми зерттеулерді кездестіреміз. Үстеулер мэселесі өткен ғасырдағы түркі тілдеріне арналған грамматикаларда көрініс тауып жүрді. Мәселен, үстеулер туралы пікірлер И.Гиганов, М.А.Казем-бек, Г.М.Мелиоранский, А.М.Щербак, А.Н.Харитонов, А.Н.Кононов, И.И.Мещанинов, А.Н.Боровков, Н.А.Баскаков еңбектерінен орын алды.
Ал казақ тілінде көрнекті ғалым А.Байтұрсынов үстеу сөздерді о баста шылау сөздердің қүрамында демеу, жалғаулык, одағай сөздерінің катарына косып, оған: «… сөз үстіне қосылып сөздердің магынасын толыктыратын сөздерді үстеу дейміз»-деген анықтама береді. [7, 195]. Галым кейінірек үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді: «Үстеу дейміз — сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді» [7, 256]. А.Байтұрсынов үстеуді бес мағыналық топка бөледі. Олар: 1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік; 5)мекендік; [7, 256].
Профессор С.Аманжолов «Үстеу дегеніміз істің қимылын, белгісін, мезгілін білдіретін сөз»- деген түсінік береді [4, 194]. Галым оларды кызметіне қарай екі топка бөледі: «етістікпен тіркесетін етістік үстеулер және есімдермен тіркесетін есім үстеулер». С.Аманжолов етістік үстеулерге қолма-кол, дәл, кеше, бүгін т.б. үстеулерді жатқызса, ал есім үстеулерге орасан, тым, тіпті т.б. сөздерді жатқызады [4, 194].
Үстеу туралы арнайы еңбек жазган — профессор А.Ыскақов. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер» атты еңбегі бар. Бес тараудан түратын бұл еңбектің I тарауында үстеулердің зерттелуі мен оқытылуы, 11 тарауда үстеулердің сөз табы ретіндегі өзіне тэн белгілері, сын есім мен үстеудің ортасында жүрген аралық сөздер мен үстеу қүрамындагы кейбір көнерген косымшалардың қолданылуы қарастырылған. III тарауда үстеудің мағыналық топтарына тоқгалса, IV тарауда үстеулердің морфологиялык белгілерін, туынды үстеулердің жасалу жолдарын, үстеудің шырай формаларын, үстеу жасайтын баска да сөз таптарының кызметі туралы сөз етеді. V тарауды «үстеулер синтаксисі» деп атап, оны үш салада карастырады:

  • үстеулердің сөйлем мүшесі кызметінде жұмсалуы, 2) үстеулердің басқа сөз таптарымен тіркесу дәрежесі, 3) үстеулердің сөйлемдегі орны. Галым біріншіден, үстеулердің сөйлемде пысықтауыш, анықтауыш, баяндауыш қызметте жұмсалатынын дэлелдейді. Екіншіден, үстеулердің баска сөз таптарымен тіркесу қабілеті кандай деген сұраққа олардың етістіктер, сын есімдер, есімдіктер жэне зат есімдермен тіркесін атайды. Сондай-ак үстеулердің мағыналық топтарының аталган сөз таптарының кайсысымен тіркесе алатынына да тоқгалады. А.Ыскақов үстеулердің сөйлемдегі орны туралы былай дейді: «үстеулер сөйлемде көбінесе пысықтауыш пен аныктауыш кызметін аткарып, өзі қатысты болып тұрған сөздің алдында түрады» [24, 121].

Үстеуді арнайы зерттеген ғалымдардың бірі — Ё.Саурықов. Е.Саурыков «Адвербиалдану процесінің кұрылымдык-семантикалық сипаты» такырыбында кандидаттык диссертация жазды. Онда үстеу сөз табының лексика-сематикалык сипаты, морфологиялык белгісі, синтаксистік кызметі сияқты белгілерін жалпы түркі тілдерінің материалдары негізінде сипаттайды. Еңбекте үстеулердің пайда болуы мен тарихы калыптасу’ жолдарын диахрондық эдіспен зерттеу нәтижесінде олардың тілдік жүйедегі орны, даму деңгейі көрсетіледі [45]
Үстеулер мәселесін арнайы қарастырган — Ә.Ыбырайым. Ол үстеулердің тілдік колданыска байланысты ішінара морфологиялық өзгерістерге үшырау қүбылысының грамматикалық ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Жалпы үстеу сөз табының бойында болып жатқан әр түрлі лексика-семантикалык, морфологиялык, синтаксистік касиеттері туралы гылыми түсінік береді. Ғалым сондай-ак үстеулердің барлық есім сөз таптарына тіркесе беретіндігін жан- жакты дэлелдейді [61].
ҮСТЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Сөздерді таптастыру ұстанымдарына сай, лексика-семантикалык сипатына, морфологиялык белгісіне, синтаксистік кызметіне қарай бөлінетін сөз таптарының бірі — үстеу.
Үстеулер — қимылдың, іс-әрекеттің мекенін, мезгілін, жай-күйін, максатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп, грамматикалық жағынан түрленбейтін сөздер. Кеше гана шуак өріп жамырап, Тірлік біткен калып еді жадырап (М.Макатаев). Қарағым-ай, бұл өмір осылай өтеді екен, Сүймесе дүние бекер екен (Ш.Сариев). Берілген мысалдардағы кеше, осылай сөздері үстеу болып табылады. Осы сөйлемдердегі кеше сөзі қимылдың мезгілін білдіріп, кашан? деген сұраққа жауап берсе, осылай сөзі қимылдың сын бейнесін білдіріп, калайша? деген сұракка жауап беріп тұр. Үстеулердің ішінде бірде үстеу, бірде септеулік шылау болып қолданылатын сөздер бар. Ондай сөздерге мынадай сөздер жатады: бері, кейін, соң, бұрын т.б. бұл сөздер амал- әрекеттің мезгілін, мекенін т.б. белгілерін білдірсе ғана үстеу болады.
Үстеулерді көпшілік ғалымдар түрленбейтін сөз табы деп карастырса, кейбір ғалымдар оларды аз түрленетін сөз табы деп таниды.
Сөйлемде пысыктауыш қызметінде жұмсалатын есімдер мен көсемше тұлғалы етістіктер бар, бірақ олар үстеулер емес. Бұл туралы А.Ысқаков: «… кимылдың белгілері пысыктауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалары (мысалы, көсемшелер) аркылы да білдіріледі. Бірак белгілі жагдайда ғана пысықтауыш болып кызмет аткаратын ондай есім сөздер мен етістік формалары өздерінің бастапкы қасиеттерін жоймайды. Осы себептен пысықтауыш мүше болған создердің барлығы бірдей үстеу болуы шарт емес» — дейді [63, 333].
Үстеу сөздер іс-эрекеттің, қимылдың мезгілін, мекенін, сын — бейнесін білдіретіндіктен негізінен етістіктермен тіркеседі. Бірак үстеу сөздердің есім сөздермен тіркесі де тілімізде жиі кездесетін құбылыс деуге болады.
Осы айтылғандар негізінде үстеулерді сөздерді таптастыру ұстанымдарына сай, лексика-семантикалык сипаты, морфологиялык ерекшеліктері, синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке дербес соз табы деп тануға болады. Сол себепті үстеулерді мынадай үш блокка бөліп беруге болады: 1. Үстеудің лексика-грамматикалық топтары;

  1. Үстеудің морфологиялык ерекшеліктері;

  1. Үстеудің синтаксистік қызметі;

ІБЛОК
ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ
Үстеудің сөз табы ретіндегі бір белгісі — оның лексика-семантикалык ‘сипаты. Үстеу амал-әрекеттің эр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындык, себептік, мақсаттык сипаттарын білдіреді. Осымен байланысты ,олар мынадай магыналық топтарга бөлінеді: 1. Мезгіл үстеулері. 2. Мексн үстеулері. 3. Молшер үстеулері. 4. Сын-қимыл (бейне) үстеулері. 5. Күшейткіш үстеулер. 6. Мақсат үстеулері. 7. Себеп-салдар үстеулері. 8. Топтау үстеулері.

  1. Мезгіл үстеулері амалдың, іс-эрекеттің жүзеге асу мезгілін, уакытын білдіріп кашан? кашаннан? деген сұрактарга жауап береді. Мезгіл үстеулері аса көп. Мезгіл үстеулерге мына сөздер жатады: бүгін, ертең, қазір, биыл, енді, таңертең, кешке, күндіз, кеш, қыстай, жаздай, қыстыгүні, жаздыгүні, әзіріие, чжаңа, кеше, бұрын, ерте т.б.

■ -Бүгін шелпек нан пісіртіп, ағаңа тие берсін кылдыртып едім (Б.Майлин). Ділдә кетуге ыңгайланып тұрып: -Ертең біздікіне келесіз бе? — деді (Бұл да). Бұрын ішіп көрмеген нәрсесі болса да, бай тартына алмады, ішпесе конагының көңіліне келетін секілденді (Бұл да).
Мезгіл үстеулер құрамы жағынан негізгі, туынды түбір және күрделі түбір болып бөлінеді. Негізгі үстеулерге бұрьін, ерте, казір, кеш, кеше сиякты морфемаларға болшектеуге келмейтін сөздер жатады.
Ал туынды үстеулер басқа сөз таптарынан сезжасамдык жұрнактар 1 жалғану аркылы жасалады:

  1. -ша (- ше ) жұрнактары арқылы: бүгінше, әзірше, биылша.

‘2. Көлемдік септіктердің көнеленуі арқылы жасалған мезгіл үстеулер: жазда, кыста, күнде, түнде, баганадан, бүгіннен, әуелден, таңертеңнен, ертемен т.б.

  1. Қүрделі үстеулерге бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), әуел баста, бүгін -ертең, !>бұрын-соңды, ала жаздай, таң сәріде, жаз бойы сиякты бірігу, косарлану, тіркесу арқылы жасалган сөздер жатады.

[ 2. Мекен үстеулері кимыл-эрекеттің орнын, мекенін білдіріп, кайда?
қайдан? деген сұрактарға жауап береді. Мекен үстеулерге мыналар: алга, ,артқа, артта, жогары, төмен, эрі, бері, кері, ілгері, әрмен, тыскары, осында, :мұнда, эрі-бері, жол-жөнекей, жолшыбай т.б.
Мекен үстеулер де кұрамына карай негізгі, туынды, күрделі түбір Іүстеулер болып бөлінеді.
Негізгі мекен үстеулеріне жогары, төмен, әрі, бері сияқты морфемаларга .бөлшектенбейтін сөздер жатады.
Туынды мекен үстеулер сөз тудыратын жұрнақтар мен көлемдік септіктердің көнеленуі аркылы жасалады.
Туынды мекен үстеулерінің жасалу жолдары:

  • -кары (-кері ), -ғары (-гері) жұрнақтары аркылы: ілгері, ішкері, тысқары, сырткары т.б.

  • Колемдік (барыс, жатыс) септіктердің көнеленуі арқылы жасалған мекен үстеулері: алга, артка, артта, жогарыда, мұнда, төменде т.б.

Күрделі түбір мекен үстеулері негізінен сөздердің косарлануы аркылы жасалады. Мәселен, жол-женекей, әрі-бері т.б.

  1. Молшср үстеулсрі амалдың, кимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп, канша? каншама? каншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулерге мына сөздер жатады: онша, сонша, оншалық, соншалық, мұншама, едәуір, біркыдыру, анагұрлым т.б.

Токты желініп, үйдің жатқанына едәуір уақыт болған (Б.Майлин). Мөлшер үстеулердің барлығына жуығы туынды үстеулер, мөлшер үстеулері негізгі түбір бола алмайды.
Мөлшер үстеулер кұрамына карай туынды және күрделі болып бөлінеді. Мөлшер үстеулері -ша (-ше); -шама (-шалық; -дайлық) жұрнактары аркылы жасалады. Мысалы, онша, мұнша, мұншама, соншама, осыншама, мұншалык, соншалык, осыншалык, мұндайлық, ондайлық, сондайлык т.б.
Күрделі түбір мөлшер үстеулері сөздердің бірігуі, косарлануы аркылы жасалады. Мысалы, анагұрлым, недәуір, негұрлым, бірталай, бірен-саран, азды- көпті т.б.

  1. Сын-кимыл үстеулері кимылдың сан алуан бейнесін, орындалу амалын білдіріп, калай? калайша? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл үстеулеріне мына сөздер жатады: бірден, тез, жылдам, бірте-бірте, лезде, әрен, үнемі, колма-кол, менше, кұсша, емін-еркін, акырын, шалкасынан, оқыс, дереу, зорға, капыда, езінше, ерекше, ретімен, жүрісінен, жасырын, бірден, бір жола, шала-пұла, бетпе-бет, жападан-жалгыз т.б.

Кұрамына қарай негізгі түбір, туынды түбір, күрделі түбір кимыл-сын үстеулері болып бөлінеді.
Негізгі түбір үстеулерге тез, әзер, дереу, окыс, үнемі сиякты морфемдік жағынан бөлшектенбейтін сөздер жатады.
Туынды түбір сын-кимыл үстеулерінің жасалу жолдары мынадай:

  • -ша (-ше) жұрнактары аркылы: казакша, орысша, ауызша, жазбаша, кысқаша т.б.

  • -шаң (-шең) жұрнактары аркылы: көйлекшең, етікшең т.б.

  • -лай (-лей), -дай (-дей) жұрнактары аркылы: жартылай, шикілей, тікелей, осылай т.б.

  • Колемдік септіктердің көнеленуі аркылы: бірге, зорға, окыста, лезде, шалқасынан, кенеттен, жайымен, ретімен, кезекпен, шынымен т.б.

Күрделі түбір сын-кимыл үстеулері сөздердің бірігуі, косарлануы арқылы жасалады.

  • Сөздердің бірігуі арқылы жасалған сын-кимыл үстеулер: ауызекі, бір жола.

  • Сөздердің косарлануы арқылы жасалған сын-кимыл үстеулер: қолма-қол. бетпе-бет, бостан-боска, жападан — жалғыз т.б.

  1. Күшейткіш (күшейту) үстеулер заттың сындык белгісін, кимыл, іс- әрекеттің сапасын, мөлшерін, көлемін күшейтіп я болмаса солғындатып көрсету үшін қолданылады. Күшейткіш үстеулер қашан? қандай? деген сұрақтарға жауап береді. Күшейткіш үстеулерге ылғи, кілең, тіпті, нак, нағыз, нық, әбден, мүлде, өңкей, дэл, керемет, орасан, қабағат т.б. сөздер жатады.

Өте сөзі казақ тіліне қатысты окулықтарда, грамматикаларда күшейткіш үстеу құрамында қаралып жүр. Бірақ ғылымда ол туралы баска да пікірлер кездеседі. Мэселен, 1986 жылы жарык көрген «Қазіргі казақтілінің морфемалар жүйесі» деген еңбекте профессор Н.Оралбаева былай деп жазады: «Өте сөзі казак тілінің грамматикаларында күшейту үстеуінің тобына жаткызылады. Бұны үстеу деп тану оның лексикалық магынасын тануды талап етеді, оның бірлі — жарым етістіктермен тіркесте колданылатыны рас: өте асыкты, өте ұрысты, өте кейіді, өте мақтады. Күшейту үстеулері етістіктерді таңдап жэне олармен өте сирек тіркеседі, бұл үстеудің табиғатына карсы келеді, ал үстеудің негізгі тіркесетін сөз табы — етістік. Күшейту үстеулерінің етістікпен тіркесінде көңіл бөлерлік бір жағдай бар» [33, 170-171]. Ғалым өте катты асыкты, өте қатты ұрысты, өте катты кейіді, өте қатты мақтады деген колданыстар барын тілге тиек ете келіп, бұнда өте сөзі сын есімнің алдында тіркесіп тұрғанын айтады. Күшейткіш сөздердің бұлай қолданылуын олардың алғаш етістікпен тіркеспегендігін көрсетеді деп дәлелдейді. Шынында, үстеулердің күшейткіш деп аталып жүрген кейбір түрлерін үстеуге жаткыза қою киын. Сондыктан оларды күшейткіш көмекшілер деу қажет.

  1. Мақсат үстеулері кимылдың максатын білдіреді. Максат үстеулерге жататын сөздер сан жагынан көп емес. Олар: эдейі, жорта, қасакана. Мысалы, — Әдейі істедің провалды, тұра тұр, саган көрсетермін провалды!- деп айқай салды (Ш.Жиенқұлова).

  1. Себеп-салдар үстеулері қимылдың себебін, нәтижесін білдіреді.Себеп- салдар үстеулері не себепті? неге? деген сұрактарга жауап береді.

Себеп-салдар үстеулер кұрамы жағынан туынды түбір болып келеді. Олар көлемдік септік жалғауларының көнеленуі аркылы жасалады. Мысалы, бекерге, боска, текке, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан.

  1. Топтау үстеулері қимылдың жасалуының топтық сипатын білдіреді. Топтау үстеулері нешеден? қаншадан? деген сұрактарға жауап береді. Топтау үстеулеріне жататын сөздер төмендегідей: біреулеп, екеулеп, көптеп, кос- костап, топ-тобымен т.б.

Топтау үстеулері морфологиялык кұрамына карай туынды түбір және күрделі туынды түбір болып келеді.
Топтау үстеулерінің жасалу жолдары мына төмендегідей: 1) -лап (-леп), — дап ,(-деп), -тап (-теп) жұрнақтары аркылы жасалады: екеулеп, кептеп, аздап, костап т.б.

  • Қосарлану аркылы жасалады: он-оннан, топ-тобымен, бір-бірлеп, кос- костап т.б.

  • ҮСТЕУДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Үстеу — морфологиялық жағынан алғанда аз түрленетін сөз табы. Бұл оның морфологиялық ерекшелігі болып табылады десек те, үстеулер кандай сөзге тіркессе де өз формасын өзгертпейді.
Тілдік қүрылыстағы болып жатқан өзгерістер үстеулерге де эсерін тигізбей қалған жоқ. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулердің сөйлемдегі қызметіне қарай кептік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдап заттанып, кейде жіктік жалғауын қабылдап, предикаттық қызмет атқаратынын кездестіруге болады. Бүл айтылғандардан үстеулер өзінің үстеулік мағынасынан мүлде алшақтап кетеді деген ұғым тумауға тиіс. Үстеулер өзінің семантикалық мағынасын сақтайды, олар белгілі бір контексте ғана заттық немесе предикаттық мағына береді.
Ғылымда үстеудің түрленуі туралы пікірлер эр түрлі. Мәселен, ғалым Ә.Төлеуов үстеулердің көпшілігін түрленбейді деп, оның себебін былайша түсіндіреді: «Үстеулердің көбі түрленбейді, өйткені олар көне септік формалар қосылуынан жасалған сөздер: бірге, босқа, текке, абайсыздан, лажысыздан, түнде, кырынан, кенеттен т.б.» [52, 108].
Соңғы уақыттардағы зерттеулерге қарағанда үстеулер барынша молынан түрленетін сөз табын қүрап отыр. Мәселен, ғалым Ә.Ыбырайым: «Морфологиялық жағынан еш түрленбейді деп келінген үстеу сөздер қазіргі қазак тілі мен түркі тілдерінде коммунакативтік қызметі мен мағынасына қарай түрлі формаларға ие болып қолданылып жүр. Мәселен, кейбір үстеулердін сөйлемдегі қызметіне қарай көптік, тәуелдік, септік жалғауларын қабылдап заттанып, жіктік жалғауын қабылдап предикаттық қызмет атқаруы көркем әдебиет пен баспасөз. беттеріндегі тілдік сөз қолданыстарда жш кездесетін процесс болып отыр» — деп жазады [61,137].
III БЛОК
ҮСТЕУДІҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ Үстеудіц пысықтауыш қызметінде жүмсалуы. Үстеудің ең негізгі синтаксистік кызметі — сөйлемде пысықтауыш болу. Сөйлемде үстеулер кашанда өздерінің пысықтайтын сөздерінен бұрын тұрады. Үстеулердің ішінде орын талғамайтындары да бар. Сондай орын талғамайтын үстеулердің бірі — мезгіл үстеулері. Мезгіл үстеулері баяндауыштан басқа мүшелерді пысықтаса, онда пысықтайтын мүшенің алдынан келеді. Ал баяндауышты пысықтаса одан алшақ тұра береді.
Үстеу қимылдың, амал-әрекеттің эр алуан сын бейнесін, белгісін білдіреді. Осымен байланысты мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат, себеп пысықтауыш бола береді. Үстеу мен үстеу, я үстеу мен зат есім тіркесіп келіп күрделі пысықтауыш болады. Мысалы, Құр кимелеудің зардабын тартқан жұрі енді еппен өтіп жатыр (Ғ.Мүсірепов). Таң қараңгысында еркек атаулы жұмысқа кетеді (С.Мұқанов). Жогары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай) Алынған сойлемдерде еппен сын-кимыл пысыктауыш болып тұрса, таң қараңгысында мезгіл пысыктауыш болып, жогары-төмен мекен пысыктауыш ретінде жұмсалып тұр.
Үстеудің бастауыш қызметіиде жұмсалуы. Үстеулер субстантивтеніп бастауыш қызметінде жұмсала береді. Нөлдік тұлгада көптік жалғаулары арқылы субстантивтеніп бастауыш болады. Кей жағдайда көмекші сөздермен тіркесіп бастауыш кызметін аткарады. Еріншектің ертеңі бітпес (мақал). Бүгін деген корқыныш пен үміттің екіұдай аралығы (Ә.Кекілбаев).
Үстеудің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер сөйлем соңында жіктеліп баяндауыштың кызметін де атқарады. Мысалы, Киім формасы өзгешелеу екен өзінің (К.Токаев). Мен сенімен біргемін (Ғ.Сланов).
Үстеудің толықтауыш қызметіиде жұмсалуы. Үстеулер заттанып тура толыктауыш та, жанама толыктауыш та бола алады. Тура толыктауыш кызметінде жай септікпен бірге тэуелдеулі септік формасында да жұмсала береді. Мысалы, Азын-аулак қазақшаны да далбарлайтын болған (М.Әуезов). Жанама толыктауыш болып барыс, шығыс және көмектес септіктерінде келе береді. Мысалы, Соншаны көріп, біліп келіп, ішке тығып тастағандай едіңіз (Бұл да).
Үстеудің анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Зат есіммен, сын есіммен тіркесіп, анықтауыш та болады. Мысалы, Осынша орысшаны қайдан үйреніп жүрсіз (Т.Ахтанов).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет