Хантәңірі
7
g. hantaniri@mail.ru.
2014 —Жылқы жылы, сенбі, 11 қазан
Мемлекеттік бағдарлама аясында
Бірдейлендіру– төрт түлігімізге де қажет
Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру мемлекеттік
маңызы бар шаруа. Малдарды бірдейлендіру арқылы олардың нақты
есебін алу, дер кезінде мал дәрігерлік көмек көрсету, уақытында
жұқпалы мал ауруларына қарсы егу, диагностикалық шаралар жүргізу
жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2331 қаулысымен бекітіліп, қаулы 2010 жылы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізілді. Бірдейлендіруге Қазақстан Республикасының
барлық ауыл шаруашылығы малдары жатады. Ірі қара және ұсақ
малдардың төлдерін, сондай-ақ боталарды, туғаннан кейін 7 күн өткен
соң, туған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, құлындарды
4 айлық жасында, торайларды 1 айға толғанда бірдейлендіреді.
Аудандағы «Ветеринариялық пункттері бар ветеринарлық
станция» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының мамандары
тарапынан атқарылған 2014 жылғы бірдейлендіру жұмысына
келер болсақ, ауылшаруашылығы жануарларының бірдейлендіру
ережесін басшылыққа ала отырып, аудан әкімінің орынбасарының
бірдейлендіру іс шараларын жүргізу жоспары бекітіліп, осы жоспар
негізінде ірі қара мен қой- ешкі малдарының төлдерін бірдейлендіру
жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 45000 бас ірі қара малының
төлі жоспарланып, 10356 бас (23%) бірдейлендіріліп, дерекқорға 10356
бас (23%) енгізілді. Қой-ешкі малының төлі 206000 бас жоспарланып,
201000 бас (98%) бірдейлендіріліп, дерекқорға енгізілді. Жылқы
малының төліне 19000 басқа жоспарланған. Қазіргі уақытта таңбалау
жұмысы қолға алынып, Алматы қаласынан бағасы 390 мың теңге
тұратын арнайы аппаратты төрт округтен бірігіп, сатып алынды.
Бүгінгі күнге 17500 (93%) бас жылқы таңбаланды. 23 ауылдық округте
жылқы малын таңбалау үшін мал емдеу қашасы (раскол) бүгінгі күнде
жұмыс жасауда.
ҚР «Ветеринария туралы» Заңына 2014 жылдың 17 қаңтарында
енгізілген өзгерістерге сәйкес жергілікті атқарушы органның
ветеринария мамандарының функциясы қысқартылып, оның
функциясы ветеринариялық ұйымдарға берілген болатын. Осыған
орай ветеринария бөлімінен 2014 жылы 251900 бас қой малына және
10530 бас ірі қара малына, жалпы құны 14 млн 699 мың 947 теңгені
құрайтын құлақ жапсырмалары қабылданып алынды. Осы қаржы
бойынша қазіргі уақытта бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп,
қаржысы жергілікті бюджет кірісіне аудару арқылы қайтару
жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
2009
жылғы
31
желтоқсанындағы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
ережесін бекіту туралы» №2331 Қаулысына сәйкес аудан бойынша
бірдейлендіру жүргізу үшін ауыл әкімдерінің сұранысымен сол кездегі
жергілікті атқарушы органдағы ветеринариялық дәрігерлеріне 2011-
2013 жылдар аралығында Республикалық және жергілікті бюджет
есебінен барлық құны 49 млн 581 мың 740 теңгені құрайтын, ірі
қара және қой-ешкі малдарына арналған құлақ жапсырмаларымен
қамтамасыз етілген. Осы қаулының 22 тармағына сәйкес,
жануарлардың иесі бірдейлендіруді жүргізу кезінде бірдейлендіру үшін
жапсырмалар құнының тиісті сомасын Қазақстан Республикасының
заңнамасында көрсетілген тәртіппен жергілікті бюджет кірісіне аудару
арқылы қайтаруды қамтамасыз ету қажет делінген. Осыған орай 2011-
2013 жылдар аралығында Республикалық және жергілікті бюджет
есебінен бөлінген барлық құны 49 млн 581 мың 740 теңгенің, 6 млн
624 мың 622 теңгесі жергілікті бюджетке қайтарылған, қазіргі уақытта
42млн 956 мың 786 теңге қаржы өндірілмей тұр. Бюджет қаржысының
мақсатты жұмсалуының маңыздылығын ескере отырып,аудан
Семинар— тренинг
тұрғындарына
бірдейлендіруден
өткен
ауылшаруашылық
жануарларының сырғалары мен паспорттарының құнын жергілікті
бюджет есебіне қайтару міндетті екендігін ескертеміз.
ірі қара малының сырғасының құны -200 теңге
қой-ешкі малдары сырғасының құны -50 теңге
жылқы малдарын таңбалау -200 теңге
Ветеринариялық паспорттардың құны -17,94 теңге
2014 жылдан бастап сырға салуға «Ветеринариялық пункттері
бар ветеринарлық станция» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
құрылуына байланысты қызмет көрсету ақысы төленбейді.
малдарды Бірдейлендіру рәСіміне:
1. Жеке нөмір беру және ауыл шаруашылығы малдарын белгілеу.
2. Малға ветеринариялық паспорт беру.
3. Мәліметтерді ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру
жөніндегі дерекқорға ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган белгіленген тәртіппен енгізу жатады.
Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру мынадай тәсілдердің
бірімен жүзеге асырылады:
1. Сырғалау (ірі қара малы, ұсақ мал, түйелер, шошқалар);
2. Таңбалау (жылқы);
3. Чиптау (электрондық бірдейлендіру түрі, ауыл шаруашылығы
малдарының барлық түрі).
Сырғалау (биркалау) – малдың құлағына сырға бекіту түрімен
жүзеге асырылады. Құлақтың ішкі жағынан ортасына қарай
мүмкіндігінше оның түбіне жақын орналасады. Сырға бүкіл тіршілік
ету бойына шешілмейді.
Таңбалау – ыстық немесе суық тәсілмен жүзеге асырылады. Таңба
дененің сол жағына: республиканың, облыстың және мал түрінің
литтерлік кодтары жауырынға, жеке нөмірі жамбасқа қойылады.
Чиптау – оларды қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулыққа сәйкес
жүзеге асырылады. Малдардың ветеринариялық паспорттарын,
чиптарын, сырғаларын сою алаңдары мен пункттерде және етті
өңдеу кәсіпорындарында мал сойылғаннан кейін ветеринариялық
дәрігер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық
бөлімшелеріне тізім бойынша береді, ал жеке тұтыну үшін сойылған
кезде иелері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық
бөлімшелеріне тапсырады. Мал өлген жағдайда ветеринариялық
паспорттарды, чиптарды, сырғаларды әкімшілік аумақтық бірліктердің
комиссиялық ветеринариялық бөлімшелері жояды.
Бірдейленген малдар бір әкімшілік аумақтан басқасына орын
ауыстырған кезде берілген жеке нөмірлер ауыл шаруашылығы
малдарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізіп сақталады.
Ал шетелден әкелінген асыл тұқымды карточкасы бар малдардың
шыққан елде берілген жеке нөмірлері сақталады. Шетелден әкелінген
малдар профилактикалық карантиннен өткізілгеннен кейін
ветеринариялық паспорт беріліп, ауыл шаруашылығы малдарын
бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізіледі. Етті қайта өңдеу
кәсіпорындары сою пункттері мен алаңы болып табылатын және олар
импортталған сәттен бастап 30 күннің ішінде кейіннен сойылатын
импортталатын малдар бірдейлендіруге жатпайды.
Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру үшін жергілікті
атқарушы органдар:
1. Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіруді жүргізу
жөніндегі іс-шаралар жоспарын мерзімдері мен жауапты
орындаушыларын көрсете отырып бекітеді.
2. Ауыл шаруашылығы малдарын, малға ветеринариялық
паспортты бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы
бұйымдар мен атрибуттарды мемлекеттік сатып алуды және
тасымалдауды жүзеге асырады.
3. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру
жөніндегі дерекқорды жүргізуді қамтамасыз етеді. Малдың иесі ауыл
шаруашылығы жануарлары бірдейлендіруді жүргізу кезінде жануарға
арналған ветеринариялық паспорттың, жануарды бірдейлендіру
үшін сырғалардың, чиптардың құнын Қазақстан Республикасының
заңнамасына белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет кірісіне аудару
арқылы қамтамасыз етеді. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің
ветеринариялық бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері малға жеке
нөмір берген сәттен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде оның иесіне
ветеринариялық паспорт береді. Ұсақ малға (қойлар, ешкілер),
шошқаларға ветеринариялық паспорт әр жануардың жеке нөмірі
көрсетіле отырып тобына (отарына), ал малдың басқа түріне жеке
беріледі. Ветеринариялық бөлімшенің ветеринариялық дәрігері
ветеринариялық паспортқа жүргізілген ветеринариялық іс-шараларды
және жануарды диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтерді,
малдың иесі туралы деректерді енгізіп, қолымен, мөрімен бекітеді.
Ірі малдар қатардан шыққан кезде ветеринариялық паспортындағы
тиісті белгісімен ауыл шаруашылығы малдарының жаңа иесіне
береді. Ұсақ малдар тобының бір бөлігі қатардан шыққан кезде
жаңа иесіне ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беріледі,
кейін ветеринариялық паспорт рәсімделінеді. Тиісті мәліметтер
ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға
енгізіледі. Жоғалған, бүлінген ветеринариялық паспорттың мал
иелері әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық бөлімшесінің
ветеринариялық дәрігеріне жазбаша өтініш береді. Ветеринариялық
бөлімшенің ветеринариялық дәрігері өтініш берген күннен бастап 10
жұмыс күні ішінде жоғарыдағы оң жақ бұрышында «телнұсқа» деген
жазуы бар ветеринариялық паспорттың телнұсқасын береді және
«қайта берілген» деген белгі қойылады.
Жоғарыдай айтылғандай малды бірдейлендіру маңызды шаруа.
Сондықтан да малдарымызды бірдейлендіруге ат салысайық, ағайын.
қ. төкеноВ,
райымбек ауданының әкімдігінің шаруашылық
жүргізу құқығындағы «Ветеринариялық
пункттері бар ветеринарлық станция» коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорынының
ветеринариялық дәрігері.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Нарынқол ауылдық округіне қарасты Т. Жанұзақов атындағы
орта мектепте «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігі, «Райымбек
ауданының жастар саясаты орталығының» ұйымдастыруымен
«Салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы
негізінде қалыптастыру» атты тақырыпта семинар- тренинг болып
өтті. Семинарға ауылдық округ жастар ісі жөніндегі нұсқаушы
мамандары, ұстаздар, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері
қатысты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бір мақсат, Бір мүдде, Бір
болашақ» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауы өмірдің барлық
саласын қамтыды. Соның ішінде айта кететін жайт, мемлекетіміздің
ең басты байлығы— адам капиталының сапалы өсу мәселесі.
Сапа дегенде тек қана адамның білім, тәрбиесі ғана емес, оның
денсаулығы да қарастырылатындығы айқын. Дені сау азамат өз
Отанын көркейту, дамыту және байыту үшін алған сапалы білімі
мен тәрбиесін пайдалана отырып, нәтижелі еңбек етеді. Адамзат
тарихынан білетініміз қай елдің болмасын даму көрсеткіші халқының
денсаулығы, білімі мен руханияты арқылы білінетідігі.
Семинарда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласын дамытудың 2011- 2015 жылдарға арналған «Саламатты
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарын
насихаттау бағытталды.
Бұл басқосуда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық
университетінің ұстазы, техникалық ғылымдарының докторы,
профессор Сманқұлова Жанат Ерекенқызы сөз сөйлеп, «Ғасырдың
өлім тұзақтары» атты баяндамасын жасады.
Есірткінің, ішімдіктің, шылым шегудің кез-келген жанның
денсаулығына зияндылығы жайында аудандық жастар саясаты
орталығының бас кеңесшісі Тоғжан Біржансалова «Адам
денсаулығына әсер ететін факторлар» атты тақырыпта баяндама
жасап, ойын ортаға салды. Психолог Сағындықова Марина «Өзімнің
және өзгенің психологиялық денсаулығына қалай көмектесемін»
атты тақырыпта психологиялық тренинг жүргізді. Салауатты өмір
салтын қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы шылым шегу,
есірткі, алкогольдің зияндылығы жайлы сөз қозғалды. Денсаулық
сақтап, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен жастардың жүйелі
шұғылдануының маңызы туралы ақпараттық- ағарту бағытында үгіт-
насихат парақшалары таратылды.
Семинарда Райымбек аудандық жастар саясаты орталығының
жетекшісі Гауһар Кеңесқызы қорытынды сөз сөйлесе, ұсыныс-
пікірлерін білдірген Т. Жанұзақов атындағы орта мектептің директоры
Балжан Омарова, Жәмеңке орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Берікбаева Клара салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұл
ізгі шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Ғ. рамазан,
нарынқол ауылы.
Спорт
Біз Спортты Сүйеміз
Жақында Ө. Жаңабаев
атындағы орта мектебінің 3- 4
сынып оқушылары арасында
қозғалыс ойындарынан өткен
жарыс, жас жеткіншектердің
спортқа
деген
қызығу-
шылықтарын
арттыра
отырып,
денсаулықтарын
нығайтуға арналды.
Жарысты ұйымдасты-
рып,
өткізуші
Іліп-
бекова Айнұр балалардың
бойындағы қызығушылық-
тың қасиеттерінің жоғары-
лығына мән бере отырып
әр топқа өздерінің жара-
тылыстық
қасиеттерінен
ерекшеленетін
атаулар
қойған. Олар: 4 «а» сыныбы
Сұңқар, 4 «ә» сыныбы
Тұлпар, 3 «а» сыныбы Қыран,
3 «ә» сыныбы Қайсар, яғни,
Сұңқардай ұшқыр, Қырандай
қырағы, Тұлпардай жүйрік,
жүректі
Қайсар
болуға
шақырады. Бала көңілі биікті
аңсайды, қиялдары қияны
шалады. Тәтті армандары
көкте қалықтайды. Әсіресе,
намыстары жоғары, жеңсе
қуанып, жеңілсе мұңайып
қалады.
Олардың Сұңқардай,
Тұлпардай,
Қырандай
қайсар
болулары
үшін
күш- жігерлерін, ептілік
пен
төзімділіктерін,
жылдамдықтарын
сынау
барысында төмендегідей
қозғалыс ойындары таңдап
алынды. 1. Кім жылдам.
(доппен,
допсыз),
2.
Туннелден өтіп, скакалкамен
секіру. 3. «Кенгуру» ойыны,
4. Картоп егу оны жинау. 5.
Арқан тартыс. 6. Өз өнерлерін
көрсету.
Қызықты да тартысты
өткен жарыс барысында
байқағанымыз,
өз
топтарының
намысын
қорғауда
балалардың
белсенділіктері,
жеңіске
деген құштарлықтары өте
жоғары болды. Жарыстағы
бәсекелестік
балаларды
үлкен жетістіктерге жетеледі.
Нәтиежесінде
Сұңқар
тобы
1-орын,
Тұлпар-2
орын, Қайсар 3 орын алып
арнайы
дипломдармен
марапатталды.
«Әр түрлі ойындар
арқылы
бүлдіршіндерді
спортқа бейімдеуде олардың
денсаулықтары
күшейіп,
салауатты өмір салтына,
қалыптасу болып табылады»
дейді ұстаздары Айнұр
Іліпбаева.
Балалардың жүздері қуа-
ныштан нұрлана түсуде. Біз
спортты сүйеміз дейді олар
шаттана. Сендер де спортпен
достасыңдар, балалар.
Ш. мекеБаеВ,
ө. жаңабаев атындағы
орта мектебі.
ЕСКЕ АЛУ
Кеген ауылының тұрғыны,
асыл азамат, кеше ғана арамызда
жайраңдап жүрген бауырымыз,
қарапайым еңбекқор, әділ де
мейірбан, кісілік пен кішілік
нұры
тұла
бойынан
төгіліп
тұратын
БегімБетоВ
Берік
нұрмұханбетұлы өмірден өткеніне
де 40 күн толды. Амал қанша, аңқылдаған азаматымыз
арамызға сыймай, Алланың қалауымен о дүниелік болды.
Енді, міне, сағынышпен еске алып, Құран бағыштағаннан
басқа шара жоқ.
Еске алушылар: анасы, бауырлары, қарындастары, туған-
туыстары, жолдастары, ұлы Дидар (Кеген ауылы).
құрметті ағайын- туыс, Беріктің жора- жолдастары, ауыл
тұрғындары Сіздерге 19 қазанда сағат 11- де аудандық мешітте
Берігіміздің 40 күндігі өтетінін хабарлаймыз.
келіңдер, билейік...
Этюд
Хантәңірі
8
Бас редактордың орынбасары
Иемберді ТАСТАНОВ, жауап-
ты хатшы Ғани БЕЙҚҰТБАЙ,
бөлiм меңгерушiсi Серікжан Му-
рАСИлОВ, меншікті тiлшi лаура
ҚАрАСАрТОВА, дизайнер рысгүл
ДҮЙСЕНБЕКОВА, корректор
Айша АНДАСОВА, фототілші
Біржан НҰрАҚЫНҰлЫ.
Директор—
бас
редак-
тор Шыңғыс ТҰрСЫНОВ.
ҚҰРЫЛТАЙШЫ:
АлМАТЫ ОБлЫСЫНЫң әКiМДігi.
МЕНШIК ИЕСI: “МЕДИАхОлДИНг “ЖЕТіСу АҚпАрАТ” АКцИОНЕрліК ҚОҒАМЫ. газет аптасына бiр рет шығады. Бағасы келiсiмдi.
редакцияның
мекен- жайы:
041400,
Кеген селосы,
Д. Қонаев көшесi,
137 үй.
10 тамыз 2002 жылы Қазақстан республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнен бұқаралық
ақпарат құралын есепке қою туралы № 3106 - г куәлiгi берiлген.
Телефондар: бас редактор - 2-13-77 (факс), бас редактордың орынбасары 2-13-83, жауапты хатшы - 2-14-57, 79- 00-9, бөлім
меңгерушісі 2-13-83. Көлемi екi баспа табақ. Офсеттiк тәсiлмен басылған. А - материалдың жариялану ақысы төленген.
Таралымы 4869 дана. Авторлардың пiкiрлерiн редакцияның түпкiлiктi көзқарасы деп түсiнбеген жөн. Индексi 65543.
«Алматы -Болашақ» ЖАҚ-ның баспаханасында басылды. Алматы қаласы, С. Мұқанов көшесi, 223 «Б».
g.hantaniri@mail.ru.
Нөмірдің кезекші
редакторы
л. ҚАрАСАрТОВА.
2014 — Жылқы жылы, сенбі, 11 қазан
құттықтаймыз!
Деген екен...
ҚазаҚы әзілдер
- Е, дұрыс болған екен.
- Сәбесі-ау, көзімді ойып алып тастаса, оның
несі дұрыс деп отырсыз? - деп осы сәтте Қасым
шамданғандай болып, дауыс көтеріпті. Сонда Сәбең
түсінен шошып оянғандай селк етіп:
- Ай, Қасым, «көзімді ойып алып тастайды»
дедің бе?.. Онда ол дұрыс болмаған екен, - депті
жалма-жан ақталып.
****Әйгілі Шашубай ақын - Шашубай
Қошқарбаев (1865 - 1952) әнші, жыршы, сал сері,
композитор, айтыс ақыны ғана емес, мың бұралтып
би билей алатын, жүз құбылтып сиқыр ойын да
көрсете алатын, әсемдеп акробатика да жасай
алатын сан қырлы өнер иесі болған кісі екен. Ұлы
Отан соғысынан кейінгі жылдар болса керек, сол
Шашекең сырнайын арқалап, жаяулатып бірде
жолға шығады. Үлкен жолда анда-санда өткен
машиналардың бір-екеуіне қол көтерсе - алмай, зу
етіп қасынан өте шығады. Шашекең ақыры қулыққа
көшеді: қара жолдың қақ ортасына төбесінен
шаншылып, аяғын жоғары көтеріп тұра қалыпты.
—Ойбай, ақсақал, сізге не болды? - дейді
машинасын амалсыз тоқтатып, жерге түскен
жүргізуші.
Сонда Шашекең алақандағы шаңды қағып:
—Қол көтергендерге сендер тоқтамайды
екенсіңдер. Сосын, тегі шопырдың жөні осы шығар
деп, аяғымды көтердім, - деп жауап беріпті.
Жуырда балалар әдебиетінің классигі Бердібек
Соқпақбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай,
№3 Кеген орта мектебінде аудандық сызу, сурет,
технология пән бірлестіктерінің көрмесі болып
өтті. Онда аудан мектептерінің пән мұғалімдері
жазушы шығармашылығына орай өз еңбектерін
ортаға салып, бала қиялын ұштастыруда, Бердібек
шығармашылығына терең бойлап, көрермендердің
қызығушылығын оятты.
Мұндағы негізгі мақсат – жазушы шығармашылығын
оқушы санасына көркем өнер, қол еңбек арқылы
сіңіру.
«Білім бөлімінің» басшысы рысалды Таударбекова:
«еселі еңбек, ердің - жүгі» еңбектеріңіз жана берсін!»,-
деді. Кезегімен сөз алған оқу бөлімінің аға әдіскері
Мыңжасарова Ханшайым: «ел ертеңі алдымыздағы
шәкірттер. әрине, олардың қиялы мен білім білігін
ұштастыра білсек құба құп»,-дегенді алға тарты.
№3 Кеген орта мектебінің сызу, сурет, технология
пәндерінің дәріскерлері е.Үстембаев, а.Қарасартова,
Ж.әшкеева сондай-ақ, аудан мектептерінің мұғалімдері
осы аталмыш көрмеде туындыларын ұсынып, алға
қойған мақсаттан шыға білді.
лаура МұХаМеТҚали,
«Хантәңірі».
****Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов
(1900 - 1973) стол басында жұмыс істеп отырған кезде
де қасындағы телефонның құлағын көтеріп сөйлесе
береді екен. Сөйлесіп отырып та жазуын жаза береді
екен. Сәбең осылайша қауырт жұмыс істеп жатқан
кезде бірде оған әйгілі партизан-жазушы Қасым
Қайсенов телефон шалады. Жазу жазып отырған
Сәбең телефонды көтеріп, немқұрайды көңілмен:
- Әллеу! - дейді.
- Ассалаумағалейкүм, Сәбе! - дейді Қасым.
- Уәликүмсәлем! - дейді Сәбең ойын жазуынан
аудармаған күйі. Одан арғы әңгіме былайша
жалғасады:
- Сәбе, бұл Қасым ініңіз ғой...
- Е, дұрыс болған екен.
- Сәбе, өзіңізбен бір мәселе жөнінде ақылдассам
деп едім.
- Е, дұрыс болған екен.
- Өзіңіз білесіз, маған соғыста оқ тиіп, бір көзден
айрылып келдім ғой.
- Е, дұрыс болған екен.
- Сол оқ тиген көзім соңғы кезде ауырып, мүлдем
мазамды алып жүр...
- Е, дұрыс болған екен.
- Дәрігерлерге көрініп едім, «көзіңнің ауруы
асқынып кеткен» -деді.
- Е, дұрыс болған екен.
- «Операция жасап көзіңді ойып алып тастаймыз»-
деді.
Б. Соқпақбаевтың туғанына 90 жыл
Көрме өтті
***Оқырман қауымға «Қажымұқан» кітабымен
жақсы таныс жазушы Қалмақан Әбдіқадыров (1903-
1964) өзбек тағамдарын жасауға келгенде алдына
жан салмайтын шебер болыпты. Көркем әдебиет
баспасында істеп жүрген кезінде ол кісі бірде ақын
інісі Сырбай Мәуленовті үйіне қонаққа шақырады:
—Жеңешең үйде жоқ еді... Сенің талантыңа
тәнті боп жүрген ағаң едім, үйге барайық, саған өз
қолымнан дәмдеп ас істеп берейін, - дейді.
Сырбай «ас істеймін дегені несі екен?» - деп бір
ойлайды да, соңынан еріп, Қалекеңнің үйіне барады.
—Сен кітап қарай тұр, мен ас істеп, палау баса
қояйын, - деп, Қалмақан ас үйге шығып кетеді.
Арада бір сағаттай уақыт өткенде:
- Қалеке, палау қайда? - дейді қарны аша бастаған
Сырбай.
- Палауды баптап жатырмын, күте тұр, - дейді
Қалекең ас үйден дауыстап.
Арада тағы бір сағат өтеді. Сырбай тықыршып,
қарнын сипап:
- Палау не болды, Қалеке? - дейді.
- Баптап жатырмын... аздан соң әзір болады, -
дейді Қалекең.
Сырбай тағы да бір сағаттай күтеді. Палау
келмейді.
- Қалеке, палауыңызға не болды? - дейді Сырбай
шыдамсызданып, ас үйге қарай жақындап.
— Нағыз бабына енді келейін деді... Сәл күте тұр!
- дейді Қалекең бүлк етпей. Үш сағат бойы күттірген
палаудың мұндай «қорлығына» төзе алмаған Сырбай
сол жерде:
- Қазаннан ас түскенше, Сіздің палау піскенше,
Шыдар едім мен пақыр, Әттең, соған іш көнсе, —
депті де амалы құрып, сылқ етіп отыра кетіпті.
Құрметті
де,
қадірлі
қызымыз
Гүлбану
ЕсмағанбЕтқызын қазанның 14-гі 40 жасқа толатын
туған күнімен құттықтаймыз! еңбегің жемісті, бақытты
жанұя, ұзақ ғұмыр сүруіңе тілек білдіре отырып, мына өлең
жолдарын арнаймыз.
ешкімді дара бөлмеген,
Жалғандыққа ермеген.
адал еңбек атқарған,
Көңілі бар ақ қардан.
Құттықтаушылар: әке-шешең – есмағанбет-Секерхан
және Тәжібаевтар әулеті. (алматы қаласы, Кеген, Шыбышы
ауылдары).
Көз қуанышымыз атасы айдар мен апасы Гүлнардың
сүйікті баласы Ерхан қазанның 13-де 1 жасқа толады.
Кішкентай қуаныш иесіне тек жақсылық тілей отырып, үлкен
азамат болып ержетуіне тілек білдіреміз.
Өмірің шаттықпен өрілсін,
Көзіңнен нұр төгілсін.
Басқан қадамың қатайып,
алдыңнан ақ жол көрінсін.
Тілек білдірушілер: атасы – айдар, апасы – Гүлнар, анасы
– Мөлдір, әпкелері – әлия, ақмарал ағалары – ұлан, дидар,
ақтілеу жеңгесі – айгерім. (Жалаңаш ауылы).
Жалаңаш
ауылында
тұратын тәп- тәтті қызымыз
ЖОМарТҚызы Таңшолпан
қазанның 15-де 13 жасқа
толғалы отыр. Кішкентай
қызымызға бар жақсылықты
тілей отырып, бойжеткенде
ел сыйлайтын қазақтың қызы
болуына тілек білдіреміз.
Балалықтың бақытын,
Мына өмірдің жақұтын.
Ойнап-күліп көре бер,
Жастан-жасқа келе бер.
Құттықтаушылар: әжесі
– дариға, әкесі – Жомарт,
сіңілісі – Жасмин, әкпелері
– Эльмира, Гүлмира, Гүлназ,
әкелері – дәурен, руслан,
Жұмабай-Салтанат.
Хабарландырулар
****Жеке кәсіпкер абдилбаев Шукей өз
жұмысын тоқтатады. (Кәсіпкерлік куәлігінің
сериясы 09915 №22838, 19. 02. 2003 жылы
берілген). Және кәсіпкердің атына Жылысай
округінің жерінен берілген 5 га егістік, 10
га жайылымдық жер ауданның жер қорына
қайтарылсын.
Фотоэтюд
Алтын күз
****№2010- 2011 оқу жылында № 3 Кеген орта
мектебінен Әділов қайрат Әділұлының атына
ЖОб №0246294 нөмірлі аттестаты жоғалуына
байланысты жарамсыз деп табылсын.
****2008- 2009 оқу жылында О. Жандосов
атындағы орта мектебінен сабақова мақпалдың
атына берілген ЖОб №0236725 нөмірлі аттестаты
жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.
аудандық электр тарату
мекемесінің
бастығы,
ауданның «Құрметті азаматы»,
«Қазақстанның
құрметті
энергетигі»,
Қазақстан
республикасы
Парламентінің
10 жылдығы және еліміздің
Тәуелсіздігінің
20
жылдығы
мерекелік
медальдарының
иегері ЖақсыбаЕв Ибраим
Жылгелдіұлы
15
қазанда
63 жасқа толады. ибраим
Жылгелдіұлын туған күнімен
құттықтай отырып, өмірдегі бар
жақсылықтарды тілейміз.
әрі басшы, әрі ақылшы
ағасыз,
Қиын
істің
түйінін
де
табасыз.
Көшелердің
жарқыратып
жарығын,
әрқашанда ел алғысын
аласыз.
Тек
ілгері
домаласын
тасыңыз,
Тілек ортақ-жүзге келсін
жасыңыз.
Құттықтаушылар: аудандық
электр
тарату
мекемесінің
ұжымы.