Бердібек СоқпақБаевтың туғанына- 90 жыл №38 (7840). 2014 Жылқы жылы, сенбі, 11 қазан



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата07.02.2017
өлшемі12,23 Mb.
#3613
1   2   3   4

ЖелдікБаев

Нарынқол ауылдық округі 

 әкімінің орынбасары.

Балалар  әдебиетінің  классигі 

Бердібек  Соқпақбаев  саясаттан  сая 

іздемей,  идеологияны ықтамай өтті.  Өз 

шығармашылығында өз тенденциясын 

берік  ұстанып,  сонысынан    айнымай 

ақиқатшылдықты Темірқазық тұтты. 

Көрнекті  қаламгердің  қолынан 

шыққан  көркем  туындыларының 

бәрі  де  өзі  куәгер  болған  өмірден 

жазылған,  тіпті,   бас қаһарманы да 

өз тұлғасына  өте ұқсас келеді.

«Өлгендер  қайтып  келмейді» 

романының  аты  айдан  анық  ақиқат. 

Тіпті,  аксиома. Сонда да аксоимадан 

не  мән  шықпақшы?  Мұнда  қандай 

ғибырат бар? 

—Өлгендер  қайтып  келмейді 

екен. Ендеше әркім өз ажалынан, ақ 

өлімімен  өлсін.  Қиянат-қиястықпен, 

зорлық-зомбылықпен 

азаматтар 

ажалын  жеделдетпекші,  әлемнің 

асылы  Адамды  ардақтаушысы–  деп 

гуманист  жазушы  жар  салып 

тұрғандай! 



тынымбай нұрмағанбетов,

жазушы, б.соқпақбаев 

атындағы балалар әдебиеті. 

қауымдастығының президенті.

ақиқатты ту 

етті

Хантәңірі

5

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы, сенбі, 11 қазан

Бердібек СоқпақБаевтың туғанына— 90 жыл



Мен  білетін бердібек

Жазушы  Бердібек  Соқ-

пақбаевты  кітаптары  арқылы 

бала  кезімнен  білетін  едім. 

Кейін 

Еркін 


(Ібітанов) 

екеуміз  үйленгеннен  кейін 

араласып 

тұрдық. 


Бекең 

көбіне 


замандасы 

Әлнұр 


Мейірбековтың үйіне келетін. 

Себебі,    екеуі  дос  еді.  Сонан 

кейін  ол  үйге  бізді  шақыртып 

бірге болатынбыз. Еркін екеуі 

жайлауға  барып,    бір  аптадай 

демалып, содан кейін ол кісіні 

Алматыға  шығарып  салатын. 

Араласқан  ортасын  өзіндей 

көріп, әзіл-қалжыңы жарасып 

жүретін.  Нарынқолда  суретке 

тартатын 

орында 


жұмыс 

істейтін  Мейманов  Тұрсын  

деген  бір  класта  оқыған  досы 

бар  еді.  Келген  сайын  сол 

кісінің үйіне Еркін екеуі барып 

қонақ болатын. 

Бердібек 

ағамыздың 

Еркінмен 

інісіндей 

сыйласып  кетуіне  атамыз 

Беласаров  Мақсұтты  қатты 

сыйлайтыны  да    әсер    етті  ме 

деймін.  Өйткені,  Бекеңе  бір 

себептермен  аттестат берілмей 

қалған  жағдай  болыпты.  Сол 

кезде  Беласаров  Мақсұт  ата 

Бекеңнің  қабілетін  танып,  өзі 

Нарынқол  орта  мектебінде 

директор  болып  тұрғанда 

аттестат  жазып  берген  екен. 

Ол  оқиғаны  Бердібек  аға  

кітабына  жазды  және  біздің 

үйге келген сайын сол оқиғаны 

айтып отыратын.

Жазушының  60  жылды- 

ғы  мерейтойында Нарынқол-

да  мәдениет  үйінде  өткен 

салтанатты  жиында  баянда-

маны  Еркін  Ібітанов  інісі 

жасады.  Содан  кейін  ел 

аралағанда  Бердібек  ағамыз 

ертемен Еркін қонған киіз үйге 

жазушы  әрі  досы,  сол  кездегі 

республикалық 

«Лениншіл 

жас» 

газетінің 



редакторы 

Сейдахмет  Бердіқұлов    екеуі 

келеді.  Бекең,  тамақ  әзірлеп, 

қымыз  құйып жүрген қыздарға 

қарап, төрде жатқан Еркінге:

Оң жағында бір балдыз,

Сол жағында бір балдыз.

Бұл да балдыз сияқты,

Қымыз құйып тұрған қыз-

деп, әзіл тастайды.

Еркін де саспастан:

Ағамыздың сөзі көп,

Тұрған сірә,  айта алмай.

Жатар ма еді өзі кеп,

Осы  орынға  пай-пай-

пай!-  деп  орнынан  тұрғанда, 

Сейдахмет  үнсіз  Еркіннің 

қолын қысқан екен.

Бірге араласып жүрген соң 

жазушының 

мерейтойында 

айтар  ойлар  көп  еді.  Тіршілік 

болса, 

оны 


болашақтың 

еншісіне 

қалдырайын. 

Тойларыңыз  құтты  болсын, 

ағайындар!

Алтынкүл ЫСҚАҚОВА,

зейнеткер,

Нарынқол ауылы. 

қайталанбас 

тұлға

Ел тегіс адасты деп адаса алмай,

Ел тегіс жарасты деп жараса алмай,

«Бақ үшін» таққа биік таласа алмай,

Өмірден қарапайым өткен адам –

Бір шыққан биігінен аласармай!

Қазақ  прозасына  қайталанбас  соны  леп, 

өзгеше  өрнек,    ғажайып    сыр-сипат  әкелген 

көрнекті  жазушы,  балалар  әдебиетінің  классигі 

Бердібек  Соқпақбаев  1924  жылы  15  қазанда 

Алматы  облысының  Нарынқол  ауылында  дүниеге 

келді.  Ол  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық 

институтын, кейін Мәскеуде Жоғары әдеби курсты 

бітірген.  Біраз  жыл  ауыл  мектебінде  мұғалім 

болған.  «Қазақ  әдебиеті»  газетінде,  «Балдырған» 

журналында,  Ш.Айманов  атындағы  «Қазақфильм» 

киностудиясында  қызмет  істеген.  Қазақстан 

Жазушылар  одағында  балалар  әдебиеті  жөніндегі 

әдеби кеңесші болған.

Шығармашылық  жолын  өлеңмен  бастап,  1950 

жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін 

балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам 

әңгіме,  хикаят,  роман  кітаптарын  ұсынды.  «Менің 

атым  Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде 

бір  қыз  бар»,  «Өлгендер  қайтып  келмейді»  және 

«Қайдасың,  Гауһар?»  секілді  туындылары  КСРО 

халықтарының  және  көптеген  шет  тілдеріне 

аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған.

1967 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған 

фильмдердің  Канн  қаласында  (Франция)  өткен 

Халықаралық  фестивалінде  «Менің  атым  Қожа» 

фильмі  (Б.Соқпақбаевтың  сценариі)  арнаулы  жүлдеге 

ие болды. Б. Соқпақбаев– реалист суреткер. Дарынды 

жазушы  қаламынан  туған  қай-қай  шығармасында 

да  өмірдің  қарама-  қайшылықтары,  адам  жанының 

қалтарыс-  бұлтарыстары,  сол  дәуірдің  психологиялық 

хал- күйі шынайы шеберлікпен суреттелген.

Б. 


Соқпақбаев– 

адалдықтың, 

тазалықтың, 

адамгершіліктің 

жыршысы. 

Оның 


балаларға 

арналған  туындылары  биік  көркемдік  деңгейімен, 

табиғи 

тазалығымен, 



шынайылығымен, 

қарапайымдылығымен ерекшеленеді. 

Б.Соқпақбаев– нәзік психолог, бала жанын терең 

зерттеген қаламгер. Сондықтан да оның шығармалары 

қазақ  әдебиетінің  алтын  қазынасына  қосылған  құнды 

дүниелер қатарынан табылады.



А. МАРАТҰЛЫ. 

ерекше  жыл  болды

Қуанып 


жатырмыз. 

Биыл 


ауылымызға 

ерекше  жыл  болды.  Себебі,    осы  шағын  ауылдың 

тумасы,  күллі  қазақтың  мақтанышы  жазушы 

Бердібек  Соқпақбаевтың  90  жылдық  мерейтойы 

аталып  өтілмек.    Бердібек    ағамыз  туралы  ой 

қозғасақ,  «Менің  атым  Қожа»  еске  түседі.  Осы 

шығарманың  негізінде  түсірілген  кино  негізінде 

бұл  кісіні  білмейтін  қазақ  жоқ  деп  ойлаймын. 

Тіпті,  шығармалары  жиырмадан  аса  шетелдердің 

тіліне  аударылыпты.  Бердібек  Соқпақбаев  арқылы 

халқымызға  көрсетілген құрмет емес пе!

Бердібек  ағамыздың  кіндік  қаны  тамған, 

табанының  ізі  қалған  Қостөбе  ауылының 

тұрғындары 11 қазанда өтетін үлкен тойға дайындық  

қамындамыз.  Менің  тұрған  үйім  Бердібек  ағаның 

бала  кезінде  тұрған  үйінің  жанында  екен.  Мұндай 

сәйкестікке қалай қуанбассыз!

Қазаққа Бердібек ағамыздай талантты берген ауыл 

қандай  құрметке  де  лайық.  Олай  дейтінім,  сыртқа 

шыққанда  «Бердібектің  ауылынанбыз»  десек,  кез-

келген қазақ төбесіне көтереді. Ал, атақты жазушының 

ауылы жүдеу тартып тұрса— елдігімізге сын. Осы жылы 

ауылымызға  Бердібек  ағаның  аты  берілетіні  және 

көшемізге  электр  шамдары  орнатылатыны  туралы 

хабарды  естіп  ауыл  тұрғындары  қуанып  жатыр.  Бұл 

жұмыстар жалғасады деп сенеміз.



Айтжан ЖеТібАеВ, 

Қостөбе ауылының тұрғыны.

Менің сүйікті 

жазушым

Бердібек  Соқпақбаев  менің  ең  сүйікті 

жазушым.  Мен  ол  кісінің  шығармаларын 

бір  емес,  бірнеше  рет  қайталап  оқығанмын. 

Оқығанда  бір  сөзін  қалт  жібермей  (кейбір 

жалықтыратын  кітаптың    басын,  соңын, 

шарықтау  шегін,  не  болмаса  екі-  үш  бетін 

жіберіп  оқи  саласың)  оқимын.  Оқушы 

кезімізде  осы  кісінің  шығармасын  бір  -

бірімізден сұрап алып, оқитынбыз.    Бердібек 

Соқпақбаевтың 

шығармашылығын 

мен 

ең  алғаш  «Менің  атым  Қожа»  киносынан 



таныдым. 

Ең  алғаш  қолыма  түскен  шығармасы 

«Жекпе-  жек»  повесі  болды.  Бұл  кісінің 

шығармаларын 

оқығанда 

сол 


жазған 

уақытында  бірге  жүріп,  тап  сол  мезетте 

қасында  тұрғандай  елестететінмін.  Кейбір 

қызықты  жерлерін  өз-өзімнен  үйді  басыма 

көтеріп  күліп  жатып  оқитынмын.  Әкем 

«мынаған  не  болған?»  деп  аң-таң  болады 

екен. 

Қазақты  тану  үшін  «Абай  жолын»  оқу 



керек  болса,  біздің  ауданның  адамдарын 

тану үшін осы ағамыздың «Өлгендер қайтып 

келмейді» романын оқу керек деп ойлаймын. 

Шығармалары  осы  біздің  өмірдегі  адамдар,  

ешқандай  әсерілеген  жері  жоқ.  Өзіміздің 

қарапайым адамдардың өмірі. Шығармаларын 

оқып  отырған  сәтте  осы  біздің  таулық  

адамдардың мінезін тыныс тіршілігін көресің. 

Автордың 

шығармаларындағы 

образды 

күнделікті  аудандағы  адамдардың  бойынан 

табасың.  Шығармаларды  оқып  отырып, 

қалайша  осы  өмірдегі  шынайылықты  дөп 

келтірген деп таң қалатын кездерім де болған. 

Сол  кездегі  тарихи  кездерді  кітап  бетіне 

қарапайым, шебер тілмен әңгіме етіп түсірген.  

Шығармадағы  кейіпкерлер  бүгінгі  өмірде  де 

көптеп кездеседі десем, қателеспеймін.

Міне,  мерейтой  қарсаңында  Бердібек 

ағамыздың    баспадан  жаңа  шыққан 

шығармасы 

қолыма 

түсіп, 


жұмыстан 

шаршап, кештетіп үйге келсем де, қызымның 

жылағанына  қарамай  қітаптың  72  бетін 

үзіліссіз оқып шықтым. Жазушы шығармасы 

өте  жеңіл  оқылып,  өзіне  тартып  кетеді. 

Оқудан  бас  көтере  алмай  қаласың.  Бұл 

жазушымын деп дауыс көтеріп жүретіндердің 

кез-келгеніне  бұйыра  бермейтін  жазушылық 

шеберлік, Бердібек ағамыздың басына қонған 

бағы болса керек.



Жәмила ҚОҚЫМбАеВА, оқырман, 

аудан әкімі аппараты «ішкі саясат бөлімі» 

мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

жақсы  көрген  «қара  бала»

Жазушының  шәкірті  болу  қандай  мақтаныш  десеңізші!  Сондай  оқушысының  бірі 

нарынқолдық Нүсіп Қабылбеков. Нүсіп аға алғаш жазушыны 1950 жылы 8-ші сыныпта 

оқып жүргенде көреді. Онда Бердібек жаңадан оқу бітіріп келген кезі еді. “Орта бойлы,  

шашын  артқа  қайырған,    үстінде  сұр  костюмі  бар  болатын”,  –  деп  есіне  түсіреді  Нүсіп 

аға.— Жазушы  қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ берді. “Ұстаз болған соң психолог 

болу  міндет.  Мұндай  қасиет  Бердібек  ағаның  бойында  анық  байқалатын.  Әр  сабағына 

оқушыны қызықтыра білетін, сонымен қатар әзіл әңгімелерін айтып, сергітіп тастайтын”- 

дейді  кейіпкеріміз.  Шәкіртінің  сөзінде  қаламгер  үнемі  туған  жері  Қостөбені  балаларға 

ерекше ықыласпен айтып беретін болған. Адам баласын ешбір жаманшылыққа қимайтын 

жазушының  нәзік  жүрегі  кір  сақтамайтын.  Ақ  көңіл,  тұлғасында    балаға  тән  аңғалдық 

бар  еді.  Үнемі  ізденіс  үстінде  жүретін.  Кітаптар  қолынан  түспейтін.  Аумалы-төкпелі 

мінезі де қызық болатын. Қуанып тұрып, өкпелеп те қалатын. Бұрқ-сарқ ашуланатын да 

тез басылатын. Нүсіп аға  жазушымен  1970 жылдары Қарасазда бір жиналыста кездесіп 

қалады.  Ол  кезде  аудандық  партия  комитетінде  жұмыс  жасайтын.  Шәкірті  мен  ұстазы 

болып  әңгіме-дүкен  құрғысы  келген.    Нүсіп  ағаны  жазушы  Бердібек  бірден  танымай 

«сен қай баласың?» дейді. Шәкірті  кезінде өзі оқытқанын, үнемі алдынан шығып қолын 

алып  амандасатынын,  жазушының  Нүсіп  ағаны  «кішкентай  қара  бала»  деп 

атайтынын  есіне  салады.  Сонда  жазушы  бірден  қалжыңға  сүйеп  «кішкентай 

қара бала едің, қазір түйедей болған екенсің ғой» деп әзілдейді. Иә, расымен де 

сол уақыттың балалары ірі болатын еді. “Бала болсақта ерте есейткен уақыттың 

желісіне  ілесіп  қалай  тез  ержеткенімізді  білмей  де  қалдық”-  деп  алыс  қалған 

күндерін сағына есіне алады Нүсіп аға.

Жағымпаздануды жаны сүймейтін, тау тұлғалы  классик жазушы Бердібек 

Соқпақбаевтың 90 жылдық мерейтойын бүкіл қазақ елі  атап өтпекші.  Бұл талай 

талантты перзенттерді дүниеге әкелген Аспантаулар мекенін үлкен қуанышқа 

бөлейді. 

Бердібек  Соқпақбаевтай  жазушыны  ұстаз  тұтып,  алдын  көрген 

шәкірттерінің  бірі  болу  ешкімге  бұйырмайтын  бақыт,  үлкен  мәртебе  деп 

ойлаймын.



Гауһар МҰҚАшеВА,

б.Соқпақбаев атындағы орта мектептің

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

кейіпкерлер әлеміне айналдырды

Бердібек          Соқпақбаевтың        қандай    

шығармасын        алсақ    та    жазушы  Серік   

Әбрайымов  айтқандай  өтірігі жоқ өмірмен 

қауышамыз.  Бердібек  Соқпақбаев    туған 

жерінің тасы мен даласын,  нуы мен  суының  

қыр -сырын  сипаттап қана қоймай  ондағы 

Қостөбе,  Нарынқол ауылының тұрғындарын  

кейіпкерлер  әлеміне айналдырып, шығарма 

етіп жаза білді. Жазушы   өзінің «Жекпе-жек» 

повесінде    қазіргі  Нарынқол    ауылының 

тұрғыны,  емхана  мейірбикесі  Әриятхан 

Мейманова      нағашы  атасы    Имамза  ата 

туралы  былай  дейді:    Имамзаның  ұлты  

–ұйғыр.  Тікше  зор  денелі,  жұрттан  асқан   

шаруақор,  еңбексүйгіш  адам.  Ол  Николай 

Трофимовичтен   де ерте тұрып, диірменінің   

маңында немесе өз  үйінің іргесіндегі   кең 

көлемді  бақшасында  кетпенмен  жұмыс 

істеп жүреді. 

Шығармадағы   Имамза ата   Қызылше-

кара  ауылында  тұрған.  Ал    Бердібек  

Қызылшекара  ауылында      оқыды.    Бала 

кезіндегі  өзі  көзімен  көрген,  өзі  білген 

адамдардың    кескін-келбетін  кітапқа 

айнытпай 

жазуы, 

сонымен 


бірге  

жұртшылықтың  көңілінен  шығып,  адам 

образын    жасау    жазушыға  керек  ең  басты 

қасиет.  Бұл  жазушы  шығармаларына  тән 

қырларының бірі.  Жазушы   шығармасында   

Әрияхан    Мейманованың    әжесі  туралы 

былай  деп жазылған: 

-Егер    Николай    Трофимович  шайға 

дөп  келмей,  бөгеліңкіреп  қалса,  онда 

Имамзаның  әйелі    есік  алдына    шығып, 

өзеннің  тікше  қабағына  келіп,  орамалы 

селтиіп  тұрып: 

-Уай,  Николай  балам,    жүрің,    шай 

дайын болды,  жүрің! 

Сарқырап    аққан  өзенің  шуы    әйелдің 

даусын  түгел  естіртпейді.  Оның    үні 

шіңкілдеп, үзік-үзік болып жетеді. 

Ал  шығармадағы  басты  кейіпкер 

Мұрат.  Мұрат  Батырбай қарттың жалғыз 

ұлы. Қарт  жалғыз ұлына  жұмыс істетпей,  

тіпті жел тигізбей,  барын   алдына  қойып 

өсіреді.  Мұрат  қит  етсе  суық  тиіп,  аурып 

қалатын    әлжуаз  болады.    Күндердің  

күнінде  сыныптасы  Садықтан  соққы  

жеуі,  оған  балалардың  келемеждеуі   

Мұраттың намысына қатты  тиеді. Мұрат 

ауылға  келген    дене  шынықтыру  пәнінің  

мұғалімі  Николай  Трофимовичтен  кеңес 

алады.  Ұстазымен  бірге  шыныққан  

Мұрат      тепсе  темір  үзетін      шымыр, 

қайсар  болып  тәрбиеленеді.  Енді 

Мұрат  ауыл баласы    емес, Парижде 

өткен  дүбірлі жарыста   АҚШ  боксері 

Питер  Сандерсті    жеңеді.  Әлемді 

мойындатқан 

чемпион 


болады. 

Бердібек 

Соқпақбаевтың 

Мұрат 


жайында  жазылған    «Жекпе  -жек»  

шығармасы   Серік Қонақбаев  сынды 

спортшыларымыздың 

 

чемпион 



болуына  әсері  болғандығы  сөзсіз. 

Әрине,  Бердібектің  шығармасы талай 

жанды  толғандырмай  қойған  жоқ. 

Дәлдікпен,  шындықпен,  сол  талай 

жанның  басындағы  бар  жағдайды 

көркем  суреттеп,  типтік  бейне,  дара 

тұлға  жасады.    Бізбен  сұхбаттасқан  

Мейманова  Әриятхан  апай: 

Бердібек Соқпақбаевтың  «Жекпе 

-жек»  повесін    оқи    отырып,  туып  -

өскен  жерім  Қызылшекара  ауылын 

көз  алдыма  келтіремін,  сағынамын. 

Кейіпкерлер бейнесін өмірдің өзінен 

алған,  олардың  есімі  де    шығармада 

өзгертілмей  айтылады.  Еш  боямасы 

жоқ  өмір.  Жазушы    Бердібектің    

оқырманын  баурап  әкететін    ғажайып  

туындыларының      сыры  осы  да  жатса 

керек. 

   Иә , Бердібектің  мол мұрасы  бізді 



сырластырып, олардан    тылсым   сыр 

ұқтырып,  сезіммен  жетелеп,    рухани 

рахатқа  бөлейді.  Ауылдағы        ағайынға   

ықылас    танытуы    жазушы    Бердібек  

Соқпақбаевтың      асыл    адамгершілік   

қасиетін      айқындайды.  Шағын    ғана 

Қостөбе  ауылында    дүниеге  келіп,  сол 

ауылын    шығарма  етіп    жазуы,  ондағы  

ауыл адамдарын   әдебиеттегі жағымды  

кейіпкерге    айналдыруы,  әдебиетімізді 

күллі  дүниеге  паш  етуі    бәрі-бәрі   

Бердібек      Соқпақбаевтың  таланты 

мен  табысы    деп    білемін.  Бүгін      де  

Бердібек  Соқпақбаев  туған халқы үшін 

шыңның    шынар  биігі,  шығармалары  

сарқылмайтын      рухани      азығына 

айналып кете барды. 

Гүлбану  АбАйҚЫзЫ,

бердібек  Соқпақбаев  атындағы  

орта мектеп мұғалімі.

бердібектің балалық шағы өткен Текес өзені. 

Қолын бұлғап Жанар, Жантас, Сұлтанға,

Келеді, әне, Қара Қожа шапқылап!


Хантәңірі

6

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы,  сенбі,  11 қазан

Әдебиет                

            пен  

                  өнер 

Өткені өз ұрпағы санасынан өшпейді,

Біз ежелден атадан, батыр болып туғанбыз.

Қайрат, жігер, төзімді, сабыр жолын қуғанбыз.

Ер жігітті жоқшылық, жетектесе желкелеп,

Жетесінде желіктің, биік тұрар ар-  намыс.

Бала-жаным, арым деп, баланы қойдық бос белбеу,

Тілегіне баланың, парыз деп ұқтық тік келмеу.

Беркендей тағдыр тезіне, қайнап бір шықса шіркін-ай»,

Құрыштай болып шынығып, буынар еді-ау  тас белбеу.

Бүгінгі ұстаз міндетті-шығармашыл тұлғалар,

Бәсекеге қабілет, қиял- болмыс, құндылар.

Оқушыға бүгінгі керек қасиет десек біз,

Бердібектің шығарма желісінде бұл да бар.

Дүйсен атты баланың, жағырапия пәнінен,

«Дүниежүзі елдері қазақ ашқан бәрінен,

Азия атауы-әз ұя, ал Африка- қапырық,

Жапон халқы- жұпыны ел, Пекин шыққан «бекіннен».

Деуі миға қонымды, әркімге де ой салар,

Өткен ұрпақ санасынан Өшпейді

Шартарапты кезгендей, бала қиял жар салар.

Қара теңіз- Қырымың, ал Ұрымың-Рим деп,

Айтқан бала болмыспен, болашақты қарсы алар.

Қарап тұрсаң Бердібек, дәуірде өткен баланы,

Дәл бүгінгі буынмен, алып келіп жалғады.

Көреген көз бүгінгі, ұрпақтардың тәрбиесін,

Аяжан мен Сұлтаннан, Қожалардан табады.

Егемен ел атанып, ес жинаған бүгін күн,

 Толықтырдық олқысын, кешегі мен бүгіннің.

Шырынын алған шындықтың, берен талант- Бердібек,

Кешегі Қожа құрдасы, ғасырлардың, бұл күннің.

Тұсауын кесіп Қожаның, орыстың жұрты ерледі.

Өзектен теуіп өз елім, атағын да бермеді.

Марк Твені қазақтың Сервантесі,  Андерсон,

Бірегей халық бағасын, Бердібектің бер енді!



 Дария Сейдімханқызы БайСынова,

Қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Өмірзақов атындағы орта мектеп. 

ұлы тұлға

Бердібек Соқпақбаев – ұлы тұлға,

Хақымыз жоқ өзіңді ұмытуға.

Жұлдыздай жарқыраған өмірің бар,

Арнаған бала жанын жылытуға.

Еңбегі көрінеді биіктерден,

Шығармасы бөлінбес сүйікті елден.

Әдебиеттің көгінде қанат жайып,

Қостөбеге ат басын иіп келген.

Шындықпенен жазылған повестері,

Кешегі  күн көзіме елестеді.

Қазақтың асқар таудай Бердібегі,



шәкірт тілегі

Жазушы, заңғар тұлға біз білетін,

Қожасымен қуантып күлдіретін.

Жанар қыздың қылығы сүйсіндіріп,

Сұлтанымен барлығын бүлдіретін.

Жантасына жан ашып қалатындай,

Анасынан жылылық табатындай.

Ауылының ақ шаңын аспанға атып,

Жанарында жай оты жанатындай. 

Ақ арманын ақ бұлтқа байлап өскен,

Болашағын бүгіннен ойлап өскен.

Еркелігін баланың жарастырған,

Бүгінгі Қожалар қайда кеткен?!

Әнел  аСан,

Б.Соқпақбаев атындағы орта мектептің 

8-сынып оқушысы.

қаламгер  ата

Үлгі болар, ғибрат бар әр сөзінде,

Оқып алып түйіп ал бар көңілге.

Жақсы менен жаманды ажыратып,

Жазушыдай көзіңді сал өмірге.

Бой түзеген балалар шығармаңнан,

Қиялменен кезгендей мұнарлардан.

Өлместей боп артыңда елің үшін,

Мәңгі бақи жарқырап мұраң қалған.

Қаламгердің жолында жүріп өткен,

Кітаптары жүрекке жылы көптен.

Ұрпақ барда өзіңді қадірлейтін,

Жасай берер есімің ұлы көшпен.

Әнел ДоСымжан, 

Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектептің 

9-сынып оқушысы. 

арнау

Қаз-қалпында ауылың,

Аманда-аман қауымың.

Бердібек ата өзіңді,

Кітаптарыңнан таныдым.

Қостөбеңмен қуанам,

Шығармаңмен уанам.

Ұрпағың боп түгендейм,

Уығыңды құлаған.

Сайрап жатқан ізің бар,

Шындық  сүйген  жүзің 

бар.


Ата саған арнаған,

Балғын 


да, 

балғын 


жырым бар.

Жүзің жарқын көрінген,

Сөзіңнен 

маржан 


төгілген.

Таланттар әлі өседі,

Қостөбенің төрінен.

Тоқсанға келдің қуантып,

Шығармаңа құмартып.

Өлең оқып берейін,

Жүрегіме жыр артып.

жәнібек ЕркінБЕк,

Б.Соқпақбаев 

атындағы орта мектептің 

9-сынып оқушысы.

ауылым 

қостөбе

Балалары бөрікті,

Сулары да көрікті.

Мектебі де әдемі,

Сол үшін де кәделі. 

Бердібектің ауылы,

Неткен ғажап керемет.

Туып өскен даламды,

Сүйемін мен құрметтеп



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет