Берік Аташ, Қуаныш Әлжан ҒҰмар қараш алматы


Ұстаз болмысы және оның туындыларының



Pdf көрінісі
бет32/34
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#6482
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
кейбірі, шет мемлекеттерде білім алып, біліммен сусындаған сол 
елде  қалып  қоятын  жағдаяттары  да  кездесіп  қалады.  Осы  тұста, 
қиыншылық  заманда  елі  мен  жері  үшін,  халқы  мен  отаны  үшін 
білімін  сарп  еткен  ХХ  ғасырдың  басындағы  ұлт  зиялыларының 
әрекеттері бүгінгі жастарға үлгі болып қалуы тиіс. Олардың ішінде 
де, шет мемлекеттерде діни және еуропалық білім алған зиялылар 
болған. Бірақ шет жерде қалғандары жоқ десе де болады. Қуғын-
сүргіннен  аман  қалу  мақсатында  жыраққа  кетуге  мәжбүр  болған 
қазақ зиялылары некен-саяқ. Олар тағдыр тәлкегімен кетсе, бүгінгі 
болашақтан  үміт  күттіретін  жастар  өз  еріктерімен,  шындығында, 
өз отанын менсінбеушілікпен немесе көңілі толмаушылықтан кетіп 
жатыр. 
ХХ  ғасыр  басындағы  интеллектуализм  мен  ХХІ  ғасыр 
басындағы  интеллектуализмнің  негізгі  айырмашылықтарын 
салыстыра  отырып,  сол  дәуірдегі  білімдендіру  үдерісінде  бастан 
өткізген қиыншылықтар мен кедергілерде талдап көрсете кетуімізге 
болады. Себебі, сол кездегі қазақ интеллектуалдарының жетістіктері 
мен олқылықтарын зерделеп, бүгінгі күні кемшіліктерінің орнын 
толтыру және артықшылықтарын одан әрі жетілдіру басты мақсат 
болмақ. 
Біріншілері  көп  жағдайда  гуманитарлық  білімдермен 
қаруланды,  техникалық  немесе  жаратылыстану  ғылымдарымен 
шұғылданатындар некен-саяқ еді. Себебі, ол кездегі діни сипатты 
білім  беру  үрдісіне  негізделген  ағарту  жүйесі,  гуманитарлық 
салаға  басымдылық  беретін  оқу  орындарының  көптігі  және 
қоғамдық-саяси ахуалдың шиеленісуі білімнің осы арнада дамуына 
айтарлықтай ықпал етті. Ел мен жер үшін, тәуелсіздік үшін рухани-
идеологиялық  күрестің  қажеттілігі  көп  жағдайда,  гуманитарлық 
саладағы зияткерлік қауымдастығына деген сұраныстарды күшейте 
түсті.  Сонымен  қатар,  қазақ  халқының  діліндегі  руханилыққа 
құштарлық  та  өз  кезегінде  осындай  беталыстың  тууына  жетелеп 
отырды. 
Бүгінгі  ХХІ  ғасырдың  басындағы  интеллектуализм  үшін 
тәуелсіздікті жеңіп алу туралы күрескерлік мәселесі жоқтек қана 
одан  әрі  нығайту  қызметі  бар.  Қазақ  баласының  гуманитарлық 
салаға  бейімділігі,  әрине,  жоғалып  кетпейді,  дегенмен,  саналы 

344
Ғұмар Қараш
түрде  бұл  кемшілікті  жою  –  техникалық  және  жаратылыстану 
мамандарын  даярлайтын  оқу  орындарының  ашылуы  сияқты 
шаралар арқылы жүзеге асып келеді. 
Екіншіден,  аласапыран  заман  ғылыми  шығармашылыққа 
мүмкіндік  бермеді.  ХХ  ғасырдың  басындағы  интеллектуализм 
өзінің ғылыми ойлау мүмкіндіктерін басқа арнаға, яғни, халқының 
мүддесіне  қарай  жұмылдыруға  мәжбүр  болды.  Ғылым,  әсіресе, 
қоғамдық ғылымдар белгілі бір деңгейде өрістеді, бірақ қоғамдық-
саяси ахуал тыныш, бірқалыпты болған жағдайда, әлдеқайда ілгері 
кетер еді деп болжамдауымызға болады. 
Қазіргі  саяси-әлеуметтік  ахуал  ХХ  ғасыр  басындағыдай 
шиеленісіп  тұрған  жоқ,  дегенмен,  ел  мүддесі  мен  отаншылдық 
сезімді  жоғалтуға  болмайды.  Осыған  байланысты,  жастардың 
өздерінің  ғылыми  қорлары  мен  ойлау  мүмкіндіктерін  толықтай 
пайдалануына  барынша  кең  жол  ашылған.  Осы  тұста,  бір  ескере 
кететін  жайт:  интеллектуалды  ұлт  азаматының  тұтас  келбетінің 
қандай  болуы  керектігі  туралы  арнайы  тұжырымдама  жасалуы 
қажет. Яғниинтеллект пен білімнен басқаолар қандай жалпыға 
ортақ  моральдік-психологиялық,  әлеуметтік-саяси  сапаларды 
бойына жинақтау қажеттігі туралы үлгі ұсынылуы керек. 
Үшіншіден, әлемдік өркениеттің даму деңгейі мен одан Қазақ 
Елінің  қалыс  қалуы  ХХ  ғасыр  басындағы  интеллектуалдылыққа 
ұмтылуда  мәдени  депривацияны  туғызды,  яғни,  білім  алу 
мүмкіндіктерін шектеді: еліміздегі оқу орындарының аздығы және 
жоғары  академиялық  білім  беретін  орындардың  жоққа  жақын 
екендігі  салдарынан  шалғай  жерлерге  барып  білім  алу,  қазақ 
тіліндегі  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  тым  тапшы  болуы, 
кітапхана  және  басқа  да  ақпарат  көздерінің  төмен  деңгейдегі 
жабдықталуы, қазақ алфавитінің бірнеше рет ауысуы т. б. 
ХХІ  ғасырдағы  ақпараттық  қоғамның  одан  әрі  өркендеуі 
ғылыми мәліметтердің қолжетімділігін қанағаттанарлық деңгейде 
арттырды.  Елімізде  жоғары  оқу  орындары  жеткілікті  деңгейде
тек  олардың  сапасын  әлемдік  стандарттар  бойынша  құру  қолға 
алынуда. Сондай-ақ қазіргі таңдағы алфавиттің ауысуына бетбұрыс 
сол кездегі жағдайға сәйкес келіп тұр. Яғнитек қана қажеттіаса 
құндымаңызды деген ғылыми шығармалар мен әдеби туындылар 

345
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
аударылып,  қалғандары  тыс  қалуы  ықтимал.  Сондықтан,  бүгінгі 
интеллектуалдар  үш  тілді-екі  графикалы  болып  қалыптасуы  тиіс 
сияқты. 
Төртіншіден,  сол  дәуірдегі  аласапыран  заман  салдарынан 
халықтың материалдық жағдайының төмендігі жаппай білім алуға 
мүмкіндік бермеді. Кеңес үкіметі әбден орнығып, кедейлердің білім 
алуына деген қамқорлықтар бой көтере бастағанмен, олар бастауыш 
білім алғанмен, «қазақтардың тым білімді» болуы, әсіресе, саяси 
зиялы көзқарасы бар тұлға ретінде қалыптасуы шындап келгенде
1920–1940 жылдардағы Кеңес үкіметіне аса көп ұнаған жоқ. 
Қазіргі  кездегі  халықтың  материалдық  жағдайының 
салыстырмалы  түрде  көтерілуі  жаппай  жоғары  білімге  ұмтылуға 
мүмкіндіктер  ашты.  Ал  осыған  байланысты,  мемлекетіміз  бен 
әлемдік  өркениет  аясынан  табылуға  ұмтылу,  нарықтық  қоғам 
жағдайындағы  мамандар  арасындағы  бәсекелестік  және  одан 
туындайтын жұмыссыздық Қазақстан азаматтарының тек жоғары 
білімді  болуын  ғана  емес,  өз  ісінің  шебер  маманы  болуын  талап 
етуде. Одан кейінгі саты – интеллектуалдық сапаны арттыру да ХХІ 
ғасырдың жаңа талабына айналып келеді.
Бесіншіден,  қазақ  зиялылары  қуғын-сүргін  салдарынан 
өмірінің  қысқалығына  байланысты  өздерінің  рухани  қорларын 
толық  аша  алмады.  Мысалы,  философия  ғылымында  кейбір 
философтардың  шығармашылығы  ұстанған  бағытының  өзгеруіне 
орай, ерте (ранний) және кейінгі (поздний) деп екіге бөлінеді. Екі 
кезең көп жағдайда, бір-біріне мүлде қарама-қарсы, тіпті екеуі екі 
басқа  адам  сияқты  болып  келетін  кездер  де  аз  кездеспейді.  Егер 
де, мысал, үшін «ерте Маркс» жаңа гегельшілдік бағытында біздің 
қазақ зиялылары сияқты дүниеден өтіп кеткен болса, соңғы Маркс 
болмас та еді, олай болса, ол әлемге танымал емес болар еді. Бұдан 
шығатын қорытынды: өмірден ерте кеткен, өзінің рухани қорларын 
толықтай аша алмай қалған қазақ зиялыларының кейінгі ғылыми 
кеңістікте,  өнер  мен  әдебиетте  рухани  хаосы  бар  екендігі  сөзсіз. 
Нақтырақ  айтқанда,  қазіргі  ашылып  жатқан  ғылыми  жаңалықтар 
мен серпілістерге олар өмірінің есейген немесе қартайған шағында 
қол  жеткізуі  де  мүмкін  еді.  Біз  зерделеп  отырған  Ғұмар  Қараш 
та  осындай  тұлғалардың  бірі  болатын.  Ол  46  жасында  дүниеден 

346
Ғұмар Қараш
өткен,  дегенмен,  ғалым  немесе  әдебиетшінің  талантын  толықтай 
ашу  үшін  бұл  жас жеткілікті  емес. Ол  да аласапыран  алмағайып 
заманда өзінің көзқарастарын өзгертіп отырды. Ол мәжбүрліктен 
бе,  әлде  өз  еркімен  бе?  –  ол  жағы  белгісіз.  Егер  мәжбүр  болған 
болса, бір бағыт ұстанса, сол салада да бүгінгі біз танығаннан да 
зор жетістіктерге жетер еді деп топшылай аламыз.
Алтыншыдан, аумалы-төкпелі заман тұсында олардың жазған 
еңбектерінің  кейбірі,  мүмкін  көп  бөлігі  немесе  аз  бөлігі  болсын, 
бізге  жетпеген  ақиқат.  Кейбірі  жоғалып  кетсе,  кейбірі  әдейі 
жойылады, кейбірі әлі жасырын жатқан болуы ықтимал. Мысалы, 
әл-Фарабидің  еңбектерінің  бүгінгі  күнге  дейін  тек  үштен  бірі 
ғана  біздің  қолымызға  тиіп  отыр,  тіпті  оның  кейбірі  қазақ  тіліне 
әлі  аударылмаған.  Егер  екі  жүздей  еңбек  жазған  бұл  ойшылдың 
жетпіске  жуық  трактаты  ғана  бізге  мәлім  болса,  онда  біз  әл-
Фарабидің  шығармашылық  болмысын  толық  таныдық  деп  айта 
алмаймыз,  яғни,  оның  болмысының  тек  үштен  бірін  ғана  біліп 
отырмыз. Біз танып жүрген әл-Фараби бүгінгі күні тек «жартылай 
Фараби» деген сөз. Бұл тек әл-Фарабиге ғана емес, көптеген түркі-
қазақ ойшылдарына тән қасиет. Ендеше, біз қарастырып отырған 
Ғұмар  Қараштың  кейбір  мәліметтер  бойынша  табылмаған  және 
басылмаған  туындылары  жетерлік.  Оның  1998  жылы  жарыққа 
шыққан  «Замана»  атты  еңбегі  де  қолда  бар,  бұрын  табылмаған 
туындыларының  барынша  толық  жинақталған  түрі.  Яғни,  оның 
мұралары түгелге жуық жинақталса, біз таныған Ғұмар Қараштың 
шығармашылық болмысы да өзгере түседі деген сөз. 
Жоғарыдағы  Ғұмардың  өлімі  туралы  келтірілген  деректерде 
де, оған қастандық жасаушылар, кейіннен үйін тінтіп келіп, қажетті 
қағаздарының бәрін отқа өртеп, жыртып тастағандығы да айтылады. 
Мүмкін  олар  жай  қағаз  емес,  шығармашылық  еңбектерінің 
қолжазбалары  болар.  Осыдан-ақ,  қаншама  мұралардың  мәңгілік 
келмеске кеткендігін бағамдай беруімізге болады. 
Жетіншіден, ХХ ғасыр басындағы ағартушылық пен зиялылық 
бағыт біріңғай сара жол болған жоқ. Ол бір қырынан дүмше молдалар 
тарапынан  сынға  ұшырады,  халқымыздың  кейбір  топтарының 
мұндай білім беруді «орыстандыру» деп ұғып қарсы шығуы сияқты 
сырттан  емес,  өз  ішімізден  туындаған  кедергілерге  тап  болды. 

347
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
Сондықтан,  бұл  үрдіс  екі  тарапты  жүзеге  асты:  бірі  –  жастарды 
білімге  шақыру,  екіншісі  –  ішкі  субъективті  кедергілермен  күрес 
жүргізу. Осындай кедергілерді жинақтап, кейіптеп, көркемдік түрде 
жеткізген сол дәуірдің ойшылы Сәрсекей Байсариннің «Ғылым мен 
надандықтың  айтысқаны»  атты  толғауын  мысалға  келтіруімізге 
болады:
Ғылым: Әй, малғұн, мен келгенде, көтер басты;
Болдың ғой түпке жетіп сен албасты...
Надандық: Шайқама, тәтті ұйқымды тентіреген, 
«Келсін» деп сені мұнда кім тілеген?...
Ғылым: Көлгір ғой сенің мені қомсынғаның
Көріп пе ең құтылғанын құл сұнғаным
 [22, 191–192 бб.]. 
Мұндай  айтыс  ақыры,  түптің  түбінде,  надандықтың 
жеңілісімен,  өздігінен  оқшауланып  ойға  қалуымен  аяқталады. 
Шындығында, білім мен надандыққа қатысты алғанда, біздің тарих 
сахнасының шешімі осындай болғандығы рас. 
Қазіргі  интеллектуализмде  ондай  кедергілер  жоқ  десе  де 
болады.  Дегенмен,  ашық  болмаса  да,  жасырын  түрде  іске  асып 
жатқан  идеологиялардың  психологиялық  күресі  дәуірінде,  басқа 
арнадағы  білімдерге  бет  бұрып  кетпеу,  ұлттық  сана-сезімнен 
айрылып қалмаубілімділік пен адамгершілікті үнемі ұштастырып 
отырудың қиындығы сияқты кедергілер де жоқ емес. 
Осыларға қарап, қазіргі интеллектуализмге беталыстың жолы 
түбегейлі жарқын деп кесіп айтуға да болмайды. Бүгінгі болашақ 
интеллектуалды  ұлт  өкілдерінің  ол  заманға  қарағанда,  өзіндік 
объективті қиыншылықтары мен қайшылықты сәттері де жоқ емес. 
Біріншіден,  ақпараттық  қоғам  жағдайындағы  ақпараттар 
тасқынының тым ауқымдылығы, осы ақпараттардан өзіне қажеттісін 
іріктеп,  сұрыптап  табудың  өзі  еңбектенуді  қажет  ететіндігі  және 
табылған  мәліметтердің  өзінің  тым  көптігі,  ол  көптіктің  өзі  күн 
сайын,  тіпті  сәт  сайын  әлемдік  кеңістікте  одан  сайын  ұлғайып, 
бәрін игерудің қиындап кетуі. 
Екіншіден,  қазақ  қоғамы  үшін  бұрын  қос  тілді  білу  аса 
қажет  болса,  қазір  үш  тілді  болу  жауапкершілігі  жүктелген  және 

348
Ғұмар Қараш
оның  әрі  қарай  төрт,  бес  тіл  болып  көбейе  түспеуіне  де  кепілдік 
жоқ.  Сондықтан,  алдымен,  тілді  үйрену  үшін  тұлға  өзінің 
интеллектуалдық қорларының белгілі бір бөлігін сарп етуі тиіс. 
Үшіншіден,  ғылыми  ойлау  деңгейі  мен  тапқырлығы,  ойдың 
өнімділігі  мен  креативтілігі,  сыншылдығы  жоғары  деңгейде 
болуы тиіс. Ол жоғары деңгей әлемдік ғылыми-танымдық сахнада 
бәсекелесетіндей болуы қажет. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары негіздеген қазақстандық 
ғылымның  баспалдақтары  арқылы  біз  жоғарыға  қарай  өрлеп 
келеміз.  Ғұмар  Қараш  және  басқа  да  ұлт  зияткерлерінің  сол 
дәуірдегі  Еуропалық  білімге  қарай  бетбұрыстары  бүгінгі  таңда 
жүз  жыл  өтсе  де,  өзінің  өміршеңдігін  әлі  жойған  жоқ,  әзіргі  бұл 
бағдар терістелген жоқ. Ғұмар Қараш өмір сүрген дәуірде білімнің 
діни және еуропалық бағыттағы екі түрі үшін белгілі бір деңгейде 
қайшы  пікірлер  өрбіген  болатын.  Яғни,  «жас  ұрпақты  қандай 
бағыттағы  білім  нұрымен  сусындату  керек»  деген  сауал  арнайы 
ашық  түрде  жүргізілмесе  де,  зиялы  қауым  арасында  тайталасты 
түрде құрылғандығы сөзсіз. Ол кездегі исламның ағартушы қауымы 
діни  білімді  басымдықта  ұстауды  қалады,  оны  Ғұмар  Қараш 
сияқты  жәдидшілдер  барынша  жұмсартып,  дін  мен  академиялық 
ғылым салалары қатар оқытылуы тиіс екендігін қолдады, одан соң 
олар да көзқарастарын еркін өрістете отырып, діни ілімдерді оқу 
жүйесінен мүлде алып тастауға атсалысты және Кеңес үкіметінің 
араласуымен  ол  мақсаттар  орындалды.  Егер,  сол  кездегі  қазақ 
зиялылары  осындай  білім  беру  жүйесін  ұсынып,  оны  жүзеге 
асыруға атсалыспаса, біз мұндай оқу жүйесіне тым кеш оралар ма 
едік.  Осы  орайда,  Ғұмар  Қараш  сынды  жәдидшілдердің  сіңірген 
еңбектері зор. 
Соңғы  жылдары  белең  алып  келе  ислам  дінін  жамылған 
жат  пиғылды  дін  өкілдерінің  мақсаттарының  бірі  де  – 
антинтеллектуализм  екендігі  сөзсіз.  Бірақ  олар  саны  жағынан  аз 
және халық пен мемлекет тарапынан да әзірге қолдау таба алмайды. 
Осы тұста, біз зерделеп отырған қазақ зиялысының жәдидшілдік 
бағытында  қаншама  еңбек  сіңіргендігін  бағамдауымызға  болады. 
Ол  дәуірде,  жәдидшілдік  оқу  жүйесіне  қарсы  шығушылар  мен 
оларды  қолдаушылар  бүгінгімен  салыстырғанда  біршама  жоғары 

349
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
мәртебеге  ие  еді.  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының 
күрескен  бағыттары  да  осы  болды.  Бұл  күресте  Ғұмар  Қараш 
теориялық және практикалық тұрғыдан нақты шешімдерге келді. 
Сондықтан да, ол сол дәуірдегі діни қауым тарапынан онша қолдауға 
ие  бола  алмады,  тіпті  қарсылықтарға  да  тап  болды.  Осындай 
қарсылықтарға  қарамастан,  ойшыл  өзінің  идеяларын  халыққа 
сіңіру мақсатында реформаторлық істерге дейін барды, тіпті фанат 
діндарлармен  ашық  та  күресті.  Ондағы  мақсаты  қазақ  ұлтының 
білімді ұлтқа айналуы еді. Ол осы мақсат үшін өзінің күшінің біраз 
бөлігін паш етті десе де болады. Егер ол бүгінгі заманда өмір сүрсе, 
интеллектуалды ұлт қалыптастыру саясатының беделді өкілі және 
қуаттаушысы болары хақ. 
 

350
Ғұмар Қараш
6. ТҮЙІНДІ ОЙЛАР
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  қоғамы  аңсаған  тәуелсіздік 
осы  ғасырдың  соңында  іске  асып,  ұмыт  болған  руханиятымыз 
бен  дәстүрлеріміздің  қайта  жаңғыруы  ұлттық  сана-сезімде 
зор  серпілістер  тудырды.  Руханиятымызды  қайта  жаңғырту 
беталысындағы  маңызды  шаралардың  бірі  –  бұрын  жария 
болмаған,  шығармалары  пайдалануға  тиым  салынған,  зерттеуге 
шектеу  қойылған  тарихи  ақтаңдақтардың  мұраларын  зерделеп, 
оны  көпшілікке  жариялай  отыра,  ғылыми  тұрғыдан  сараптаумен 
байланысып жатыр. Кезінде халық жауы деген айыппен қараланған 
ұлты зиялылары, Кеңестік идеологияға сай келмейтін, бірақ халқы 
үшін айтарлықтай еңбек сіңірген саяси тұлғалардың бүгінгі таңда 
рухы  қайта  оянып,  жас  ұрпақ  үшін  тағлым  аларлық  өнегелері 
жарыққа шыға бастады. Соның бірі – зерттеу нысанамызға алынып 
отырған ірі тұлға Ғұмар Қараш.
Бұл  еңбекте  оның  шығармашылығы  мен  дүниетанымын 
толығырақ зерттеу үшін, өмірі мен сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік, 
рухани-мәдени  жағдай  тарау-тарауға  бөлініп,  тұтасынан 
қарастырылды.  ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырлардың 
басындағы  жалпы  жағдайды  сипаттау  үшін,  алдымен,  Ресей 
патшалығы  тұсындағы  орыс  еліндегі  экономикалық-саяси  ахуал 
мен  ілгерілеу  бағытының  негізгі  мәселелері  назарға  алынып,  сол 
дәуірдегі қазақ қоғамындағы өмір шындығына шолу жасалды. 
Бұл  кезең  қазақ  Елі  үшін  айтарлықтай  өзгерістерге,  кейбір 
арналардағы кері кетулер мен қайсібір саладағы ілгерілеуге алып 
келген аласапыран заманға сай келді. Әр түрлі идеологиялардың 
қиылысы  мен  руханияттық  бағдарлардың  көптүрлілігі, 
шындығында,  бұқара  халықты  сенделтті.  Отаршылдыққа 
мойынсұнбау  мен  орыс  мәдениетін  үйрену  қайшылығы,  ұлттың 
азаттығын  қолдау  мен  патшалық  саяси  құрылым  жасаған  ел 

351
6. Түйінді ойлар 
билеушілерін  қолдамау  арасындағы  сәйкессіздіктер,  діни-
мұсылмандық-түркілік  тарихи  құндылықтарды  бағалау  мен 
еуропалық  мәдениетті  қолдаушылықтың  диалектикасы  т.  б. 
жағдайлар  қилы  заман  келбетін  паш  етті.  Сонымен  қатар, 
тәуелсіздік  үшін  күрескен  қазақ  ұлдарының  қыршын  кетуі, 
халықтың  жерінен  айрылуы,  ұлттық  тіл  мен  ділдің  құлдырауға 
ұшырауы,  ашаршылық  пен  ұлт  зиялыларының  жазықсыздан-
жазықсыз  қыршыннан  қиылуы,  ел  ішіндегі  беделді  бай-
сұлтандардың  қудалауға  ұшырауы  сияқты  кері  кеткен  ахуалдар 
мен ілім-білімді күшейтуге қарай бет алған өзгерістер, ресейлік-
еуропалық  мәдениеттің  озық  жақтарына  қол  жеткізу,  Кеңестер 
үкіметі  тұсындағы  жаппай  білімдендіруі  саясаты  мен  қоғамдық 
меншіктің  көпшілікке  арналуы,  халықаралық  қатынастардың 
өркендеуі,  қазақ  жастарының  арасынан  білімді  азаматтардың 
пайда болып, өзіндік тәуелсіздік рухын қалыптастыруға мүмкіндік 
алуы сияқты жағдайлар Қазақ Елінің ілгерішілдік-кері кетушілік 
санатына  баға  беруді  қиындатып  жіберді.  Қиындатқандық  өз 
алдына, осыған байланысты қазақ қоғамында әр түрлі бағыттарды 
қолдайтын  жіктер  айтарлықтай  қайшылықта  болмаса  да,  қылаң 
бере  бастады.  Бұл  Ресейдің  патша  үкіметіне  де,  кейінгі  Кеңес 
Одағына да бір қырынан алғанда, пайдалы бола түсті. Бұл еңбектің 
алғашқы бөлімдерінде осы мәселелер таразыланды.
Одан  кейін  Ғұмар  Қараштың  өмірінің  тарихы  мен 
шығармашылық  жолы  сарапталды.  Оның  өмірі  де  сан  қилы 
жағдайларды  бастан  өткерумен  жалғасты.  Әр  түрлі  өмірлік 
жағдайлар  мен  идеологиялық  насихаттар  –  сыртқы  әсер 
ретінде,  өзінің  өмірі  мен  білімі  арқылы  даму  –  ішкі  ықпал 
түрінде  оның  дүниетанымын  кезең-кезеңмен  өзгертіп  тұрды. 
Сондықтан,  оның  шығармашылығы  мен  ұстанған  көзқарасын 
зерттеу  бізді  біршама  кедергілерге  алып  келді.  Оның  өлімінің 
де  әлі  күнге  дейін  жұмбақ  күйде  болуы,  бұл  қайғылы  оқиға 
туралы  әр  түрлі  жорамалдар  айтылуы,  ұстанған  көзқарасы  мен 
қоғамдық-саяси  қызметіне  де  байланысты  болып  келетіндіктен, 
ойшылдың  шығармашылығын  кезең-кезеңге  бөліп  қарастырып, 
әрқайсысындағы  айырмашылықтар  көрсетілді.  Дегенмен,  оның 
өмір бойына айнымай ұстанған ең басты бағыты – ұлттық идея 

352
Ғұмар Қараш
арнасындағы  толғаныстар  мен  саяси-әлеуметітк  қызметтер 
болғандығына көз жеткізілді. 
Ғұмар  Қараштың  ұлт  үшін  сіңірген  еңбектерінің  бірі  – 
ағартушылық  пен  педагогикалық  қызмет.  Себебі,  ойшылды 
алаңдатқан  басты  мәселе  –  Қазақ  Елінің  болашағы  болатын. 
Алысты  болжайтын  стратег  ретінде  ол,  алдымен,  жас  ұрпақтың 
сауатын  ашып,  жаппай  білімдендіру  қажеттігін  жете  түйсінді. 
Сондықтан,  мектеп-медреселерде  жалықпай-талмай  ұстаздық 
қызмет атқарды. Осы қызметті пайдалана отырып, ол – оқу ісіне, 
оқу бағдарламаларына, жалпы оқу жүйесіне айтарлықтай ілгерішіл-
оңды өзгерістер енгізген болатын. Өзінің игі істерінің нәтижелерін 
толықтай көрмесе де, ұстанған бағытының дұрыс екендігіне көзі 
әбден  жетті.  Бұл  ұстаным  бүгінгі  күні  де  құпталуда  және  оның 
ағартушылық бағдары мен мақсат-міндеттерінің негізгі мәселелері 
бүгінгі күні де өзектілігін жоймаған. 
Ғұмар  Қараш  тек  ағартушы  немесе  саяси-қызметкер  ғана 
емес,  ақын-жазушы,  публицист-философ  ретінде  де  танымал 
тұлға.  Оның  философиялық  ойлары  –  поэзиясынан,  прозасынан, 
публицистикалық шығармаларынан айшықты көрініс тапқандығы 
осы  зерттеу  жұмысында  әрі  қарай  жалғасын  тапты.  Ақынның 
басқа  өнер  иелерінен  философияны  толғануы  бойынша  бір 
ерекшелігі – кәсіби деңгейде арнайы философиялық шығармалар 
жазғандығы.  Ол  философиялық  трактат  жазудың  өзіндік  бір 
үлгісін  қалыптастырды,  шағын  көлемді  ойтолғамдарының 
мазмұны  әлемдік  философиялық  ой  деңгейлерімен  сәйкес  келіп 
отырды, бұл ыңғай өзіндік төлтума пікірлерін де тиянақтап берумен 
жалғасын  тауып  жатты.  Ақынның  философиясы  онтологиялық, 
антропологиялық,  экзистенциалдық  мәселелерді  еркін  толғауға 
арналғандығы,  екінші  бір  қырынан,  ол  философияның  қоғамдық 
өмірмен байланыстылығына баса назар аударып, өзінің ұстанымдары 
мен туындатқан нәтижелерін іс жүзінде пайдаланудың жолдарын 
көрсеткендігі  және  оны  өзі  қолданып,  теориясының  практигіне 
айналғандығы бұл еңбекте маңыз бере зерделенді. 
Оның  философиясы  мен  дүниетанымы,  ойтолғамдар  жүйесі 
ұлттық  таным  аясынан  табылып  та  отырды.  Сондықтан  Ғұмар 
Қараш идеяларының түп төркіні – ұлттық ой-өрістен тамыр тартып, 

353
6. Түйінді ойлар 
жыраулық  мектеппен  сабақтасып,  Абай  дәстүрінен  сусындаған 
болғандықтан,  олардың  ойлау  машығы  мен  ыңғайларына  келіп 
тоғысатындығы  дәйектелді.  Әсіресе,  ұлттық  идея  аясындағы 
ойтолғамдарының мазмұны тарихи сабақтастық пен мирасқорлық 
аясында  өрбиді.  Поэтикалық  толғаныс  дәстүрін  жетік  меңгерген 
ойшыл  терең  өмірмәнділік  идеяларын  көркемдік  тілмен  де,  қара 
сөзбен де жеткізе білудің шеберіне айналады. 
Бұл  еңбекте  Ғұмар  Қараш  философиясының  тағы  бір 
ерекшелігі  –  өзі  діни  сауатты  болғандықтан,  медреседегі  білікті 
ұстаздардан  білім  алғандықтан,  мұсылмандық  сенімнің  қыр-
сырын толық меңгергендіктен, сопылық дәстүрді ұстанғандықтан 
дін  философиясымен  және  діни  философиямен  айналысқандығы 
туралы  соны  пікірлер  ұсынылды.  Осы  орайда,  оның  діни  таным 
аймағындағы  идеяларын  сараптаудан  тек  қана  апологетикалық-
схоластикалық  сарындар  емес,  реформаторлық  көзқарастар 
жүйесінің  туындағандығын  байқай  аламыз.  Сайып  келгенде,  ол 
жалпы діни сенімді сырттан бақылап, дінге сенушілерге сын көзбен 
қарап,  дін  философиясы  арнасында  өзіндік  мағыналы  ойларын 
батыл ұсынған түркі-мұсылман қауымындағы айтулы тұлға ретінде 
де тарихта қалған жан иесі екендігі туралы ойлар түйінделді. 
Ойшылдың шығармалары сонымен қатар, халықтық эстетика: 
өмір мен табиғаттың әсемдігін терең түйсінумен келіп орайласады. 
Оның толғауларының мағынасы мен мазмұны әсемдік пен сұлулық, 
асқақтық пен ерлік, қайғылылық пен қаһармандық сезім туғызатын 
байыпты ой түзілімдерін бере алған. Бұл ой машығы ұрпақтарына 
үлгі-өнеге қалдыратын тәлімгерлік сарындармен, дидактикалық ой 
иірімдерімен  байланысып  жатыр.  Мұндай  ғибраттық  ұстаным  өз 
кезегінде, әр түрлі психологиялық тәсілдерді қолданумен жалғасын 
тапқан. Адамның ішкі жан дүниесін терең сезінген Ғұмар Қараш 
өзінің  поэтикасында  төлтума  психологиялық  идеяларын  ұлттық 
таным тұрғысынан жалғастырады. 
Қорыта келгенде, «біз оның идеяларын зерделеуден не ұтамыз, 
оның қандай маңызы бар» деген сауалдар қоя отырып; сабақтасқан 
ұлттық  идея  тарихындағы  саяси  қайраткердің  орны,  Қараш 
рухының парасаты: өткеннен үлгі – болашаққа өнеге мәселесі, ХХ 
ғасыр  басындағы  интеллектуализм  және  ХХІ  ғасыр  басындағы 

354

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет