Берік Аташ, Қуаныш Әлжан ҒҰмар қараш алматы



Pdf көрінісі
бет1/34
Дата03.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#6482
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

1
Алғы сөз
 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ 
Берік Аташ,  Қуаныш Әлжан
ҒҰМАР ҚАРАШ
Алматы 
2014

2
Ғұмар Қараш
ӘӨЖ 1/14
ҚБЖ 87.3(5 қаз)
Ғ 94
Бұл ғылыми-танымдық жұмыс ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану 
және дінтану институты Ғылыми кеңесінің шешімімен 
жарияланымға ұсынылды
Жалпы редакциясын басқарған:
З.К. Шәукенова, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 
әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор,
С.Е. Нұрмұратов, философия ғылымдарының докторы, профессор
Басылым «Ғылыми қазына (2012–2014)» 
салааралық ғылыми бағдарлама аясында дайындалды
Рецензенттер:
 Ғабитов Т.Х.философия ғылымдарының докторы, профессор,
Барлыбаева Г.Г.философия ғылымдарының докторы,
 Сәрсенбаева З.Н.философия ғылымдарының докторы
Ғ 94 Ғұмар Қараш / Б.М. Аташ, Қ.Ұ. Әлжан. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК 
Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014. – 375 б.
ISBN – 978-601-304-010-3
Еңбекте  қазақтың  көрнекті  ағартушысы  Ғұмар  Қараштың  өмір  жолы  мен 
шығармашылығы  туралы  зерттеулер  мен  мәліметтер  топтастырылды  және  бұл 
жинақ  «Ғылыми  қазына»  мемлекеттік  бағдарламасы  аясындағы  «Ұлы  дала 
тұлғалары»  сериясы  бойынша  жарық  көріп  отыр.  Авторлар  ойшылдың  өмірі  мен 
шығармашылығын  барынша  нақты  материалдар  арқылы  көрсетеді,  сонымен  қатар 
оның философиялық дүниетанымын талдаудан өткізіп, оны тереңдей байыптайды.
Қазақ  халқының  көрнекті  тұлғасына  арналған  ғылыми-танымдық  еңбек 
еліміздің  тарихы  мен  рухани  мәдениетіне,  оның  көрнекті  өкілдерінің  өміріне 
қызығушылық білдіретін қалың оқырмандарға арналады.
ӘӨЖ 1/14
ҚБЖ 87.3(5 қаз)
ISBN – 978-601-304-010-3 
© ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану
 
 
 
     
    
және дінтану институты, 2014
 
 
 
 
© Б.М. Аташ, Қ.Ұ. Әлжан, 2014

3
Алғы сөз
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз.................................................................................................
5
1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси және 
    мәдени-әлеуметтік жағдай
1.1 Ресей патшалығындағы қоғамдық-саяси үдерістер ....................
1.2 Түркілік рух және ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ 
       
қоғамындағы заман шындығы.......................................................
1.3 Қазақ еліндегі идеялар мен саяси идеологиялар қиылысы..........
7
18
27
2. Өмірге аттаныс пен өрлеу баспалдақтары
2.1 Тұлғаның өмір тарихы мен шығармашылығы..............................
2.2 Ғұмар Қараштың қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық 
      қызметі..............................................................................................
2.3 Қазақ жеріндегі білім беру мәселесі  және ұстаз  
      Ғұмар Қараш.....................................................................................
36
60
93
3. Пайымды ойтолғамдар
3.1 Ойшыл поэзиясындағы фәлсафалық ойлардың түйінделуі.........
3.2 Ғұмар Қараш идеяларының әлемдік философиялық 
      ойтаныммен сабақтастығы..............................................................
3.3 Қазақ ағартушысының діни-философиялық толғаныстары........
121
174
187
4. Көркемдік пен ғибраттылық
4.1 Дарабоз мұрасының көркемдік-эстетикалық сипаты...................
4.2 Көркем сөздің шебері .....................................................................
4.3 Дарын иесінің идеяларындағы психологиялық ой-пікірлер 
      түзілісі...............................................................................................
234
248
267
5. Ұстаз болмысы және оның туындыларының 
     бүгінгі күнгі маңызы 
5.1 Сабақтасқан ұлттық идея тарихындағы саяси қайраткердің орны...
5.2 Ғұмар Қараш рухының парасаты: өткеннен үлгі – 
      болашаққа өнеге................................................................................
5.3 ХХ ғасыр басындағы интеллектуализм және ХХІ ғасыр 
      басындағы интеллектуалды ұлт......................................................
283
310
333

4
Ғұмар Қараш
6. Түйінді ойлар........................................................
350
Надежда Қарашева: Атам Ғұмар Қазақ елінің мақтанышы
болса ұрпақтарына абырой................................................................
355
Әдебиеттер............................................................................................. 363
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану 
институты туралы мәлімет....................................................................
370
Информация об Институте философии, политологии 
и религиоведения Комитета науки Министерства 
образования и науки Республики Казахстан........................................ 372
Information about the Institute for Philosophy, Political Science 
and Religion Studies of Science Committee of the Ministry 
of Education and Science of the Republic of Kazakhstan......................
374

5
Алғы сөз
АЛҒЫ СӨЗ
Бүгінгі Қазақ Елінің тұтас келбеті халықаралық саяси сахнада 
өзінің  мәртебесін  биіктете  отырып,  экономикалық  өрлеудің 
жаңа  сатысына  аяқ  басып,  өркениет  талаптарының  шарттарын 
қанағаттандыруға  қарай  бет  түзеп,  рухани  салада  өзінің  тарихи 
танымдық құндылықтарын қайта жаңғыртатын бағдар ұстануымен 
ерекшеленеді.  Осы  орайда,  рухани  мәдениетімізді  қайта  түлету 
мен биік белестерге көтеріле түсудегі маңызды қадамдарының бірі 
– өткенімізге үңіліп, оның игіліктілігі мен жасампаздығын бүгінгі 
күнге және келер ұрпаққа паш ету болып табылады. 
Бұл – халқымыздың тарихындағы елге елеулі еңбек сіңірген, 
ұлт  мүддесі  үшін  қызмет  еткен  айтулы  рухани  тұлғаларды 
тереңірек  танып  білумен  және  оның  шығармаларын  ғылыми-
теориялық  тұрғыдан  зерделеумен  толыға  түседі.  Біз  қарастырып 
отырған  дарабоз  –  Ғұмар  Қараш  ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ 
ғасырдың  басында  өмір  сүрген  ғалым,  саяси  қайраткер,  ақын-
жазушы,  публицист,  ағартушы-педагог  ретінде  халық  жадында 
сақталғанмен, 
шығармашылығы 
толықтай 
зерттелмеген 
ақтаңдақтардың қатарында болатын. 
Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  олардың  мұраларына  қайтадан 
бет  бұру,  мәдениетіміз  бен  руханиятымызды  қайта  түлету, 
ұлттық  болмысымызға  кері  оралу  қолға  алынып,  оған  Елбасы 
Н.  Назарбаевтың  өзі  қолдау  көрсетіп  отырған  шақта  –  оның 
шығармашылығын тұтастай зерттеу – бүгінгі күнгі гуманитарлық 
саладағы  ғылыми  танымымыздың  маңызды  буындарының 
қатарынан орын алады. 
Бұл  еңбек  Ғ.  Қараштың  туындыларына  тарихи,  мәдени, 
саяси,  философиялық,  психологиялық,  педагогикалық,  әдеби 
тұрғыдан жан-жақты талдаулар жасауға арналады. Ірі тұлға туралы 
зерттеулер  соңғы  кездері  ғана  қолға  алынып  отырғандықтан,  ол 

6
Ғұмар Қараш
өз еңбектерін төте жазумен жазғандықтан, кейбірі біздің елімізде 
емес,  шет  жерлердегі  мұрағаттарда  ғана  сақталғандықтан,  оның 
көптеген шығармалары бізге әлі күнге дейін беймәлім болып отыр. 
Сондықтан, біз бұл зерттеу еңбегімізде жаңа тарихи мәліметтер 
мен қолжетімді мұрағат көздерін және соңғы жылдары прозалық, 
поэзиялық,  публицистикалық,  философиялық  туындыларының 
кейбір бөліктері жинақталып, жарық көрген «Замана» деп аталатын 
мұрасын нысанаға алатын боламыз. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін 
жарық көрген Ғұмар Қараш туралы азды-көпті және іргелі-ғылыми 
зерттеулерді де пайдаландық. 
Ол  аласапыран  заманда  өмір  сүргендіктен,  дүниетанымдық 
көзқарастары  да  сан  қилы,  әртарапты  болып  келетіндігін  ескере 
келе,  тұлғаның  рухани  болмысын  әр  қырынан  ашып  көрсетуді 
мақсат еттік. Сонымен қатар, оның елге сіңірген еңбегі мен ұлттық 
рухқа  негізделген  туындыларының  мазмұнын  сараптауға  көбірек 
көңіл аудара келе, Ғұмар Қараш бейнесі арқылы сол дәуірдегі қазақ 
қоғамының шынайы келбетін тұтастай ашып көрсету, оны бүгінгі 
күнмен байланыстыра қарастыру да, келер ұрпақ үшін қаншалық 
маңызы бар екендігі де назардан тыс қалдырылмады. Сондықтан, 
бұл  еңбекте  авторлардың  өзіндік  пікірлері  мен  көзқарастары 
орын  алуымен  қатар,  әлі  де  тереңірек  ашып  көрсетілуі  тиіс 
түйткілді  тұстар  ғылыми  қауымдастыққа  ашық  түрде  ұсынылды. 
Себебі, қазақтың көрнекті азаматы Ғұмар Қараш өзіндік төлтума 
идеяларымен ерекшеленетін ойшыл тұлға екені анық, тіпті оның 
кейбір  еңбектері  әлі  көпшілікке  таныс  емес  болғандықтан,  оның 
мұралары әлі де толығырақ зерттеуді қажет ететін мол дүние.
Оқырмандарға  авторлар  тарапынан  ұсынылған  жинақ  қазіргі 
тарихи кезеңнің талаптарына да біршама сай келеді, яғни ұлттық 
тарихымызды зерделеуге арналған қадамдардың қатарына жатады. 

7
1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси 
және мәдени-әлеуметтік жағдай
1. ХІХ–ХХ ҒАСЫРЛАРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-
САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ
1.1 Ресей патшалығындағы қоғамдық-саяси үдерістер
Тарихи  эволюцияда  әрбір  ұлт  пен  этностың  даму  бағдары 
әр  түрлі  белестерден  өтумен  шартталады  немесе  табиғи  тағдыр 
тағайындаған  әлемдік  ерік  аясының  ішкі  өз  заңдылықтарымен 
жүріп отырады. Кейбір ұлттар ассимиляцияланып немесе жұтылып 
кетсе,  кейбірі  өзіндік  келбетін  әлемдік  сахнада  паш  етеді.  Де-
,  кейбірі  өзіндік  келбетін  әлемдік  сахнада  паш  етеді.  Де-
кейбірі  өзіндік  келбетін  әлемдік  сахнада  паш  етеді.  Де-
.  Де-
генмен,  ұлттың  өзін-өзі  әйгілеуі  де  тұтас  тарих  алдында  белгілі 
бір  кезеңдермен  өлшенеді  және  оның  уақыты  бәріне  ортақ  бір 
мерзім заңдылығына да бағына бермейді: бірі азғантай ғана мезгіл 
аясында  шектелсе,  енді  бірі  –  үлкен  бір  дәуірді  қамтып  жатады. 
Ұлттардың өркендеуі мен географиялық кеңістік бойынша өзінің 
аймағын  кеңейте  түсуі  әйтсе  де,  көп  жағдайда  өзге  ұлыстар  мен 
ұлттардың  есебінен  жүргізіледі  де,  ол  үдеріс  алып  империялар 
құруға  жетелейді.  Тарихта  алып  империялар  құруда  генетикалық 
жағынан тұтасқан халықтар онша көп емес, демек, ол да кез-келген 
мемлекетке берілмейтін табиғи тағдыр мен ішкі мүмкіндік. 
XVII 
ғасырлардан  бастап  күшейе  түскен  Ресейдің  шекарасы 
Шығыс Сібірді, әсіресе, үлкен аймақты иеленген Көшім хандығын 
бағындырғаннан  кейін  айтарлықтай  ұлғая  түсті,  кейіннен  басқа 
да  түркі  халықтарын  билеу  саясаты  өз  нәтижесін  беріп  отырды. 
«Ресейдің  жойқын  жорығы  XVII  ғасырдың  орта  тұсында  үдей 
түсті.  Астрахань,  Қырым,  Ноғай,  Сібір,  Қазақ  хандықтары,  кейін 
Орта Азия мемлекеттері патшалықтың боданына айналды», – деп 
көрсетілген [1, 10 б.] тарихи-саяси сараптамалар да осының айғағы. 
Мұндай шекараны кеңейту беталысы Ресей үшін ХХ ғасырдың 
орта  шеніне  дейін  жалғасқаны  белгілі.  Сібір  бағындырылғаннан 
кейін  Ресейдің  сыртқы  империялық  саясаты  Оңтүстікке,  яғни, 

8
Ғұмар Қараш
Қазақ Елі мен Орта Азияға қарай бағдарланды. 1731–1865 жылдар 
аралығында Алаш ұлысы патшалық Ресейдің құрамына толықтай 
өтіп  болды.  Қазақ  Еліне  деген  отаршылдық  саясат  осы  жылдар-
дан  бастап,  кейіннен  Кеңес  Одағы  кейпіне  ауысып,  1991  жылғы 
тәуелсіздік алғанға дейін созылғаны тарихтан белгілі жайт. Міне, 
біз қарастырып отырған мәселе, қазақ зиялысы Ғұмар Қараштың 
өмірі  мен  шығармашылығы  осындай  саяси-мәдени,  әлеуметтік-
тарихи жағдаяттардан туындайды. 
Себебі, біріншіден, әрбір адамның, әсіресе, айтулы әлеуметтік-
рухани  тұлғаның  болмысы  мен  оның  шығармашылығы  өз 
заманынан  тыс  бола  алмайды,  тіпті  онымен  тығыз  байланысты 
десе  де  болады.  Екіншіден,  ол  өз  заманының  биоәлеуметтік 
туындысы,  саяси  қатынастар  мен  саяси  жүйенің  айтулы  бір 
мүшесі.  Үшіншіден,  Ғұмар  Қараш  өмір  сүрген  дәуір  осы  Ресей 
патшалығы  мен  Кеңестік  дәуірдегі  Қазақстанның  тұтастай  өмір 
шындығына,  ондағы  саяси-мәдени  ахуалға  тікелей  байланысты 
болып келеді. Төртіншіден, олардың саяси ықпалы сол ұлтжанды 
ойшылдың  дүниетанымынан,  өмірге  деген  көзқарасынан  белгілі 
бір деңгейде оқшаулана алмайды. Бесіншіден, заманының айтулы 
тұлғалары  тарихтың  субъектісі  бола  алады,  яғни,  сол  дәуірдегі 
қоғам дамуына белгілі бір деңгейде ықпал етеді, кейде айтарлықтай 
өзгерістер  де  енгізеді.  Демек,  Ғ.  Қараш  өмір  сүрген  дәуір  Ресей 
патшалығы  мен  Кеңестік  саясат  жүргізген  тарихтың  шеңберінде 
болғандықтан,  оның  тұтас  өмірі  мен  шығармашылығы,  саяси 
қайраткерлік қызметі мен мәдени ағартушылық істері сол дәуірдің 
әлеуметтік  шындығынан  туындап  жатады.  Мысалы,  егер  Ғұмар 
Қараш немесе сол кезеңдегі кез-келген ойшыл бүгін, болмаса, осы 
дәуірден  бірнеше  жыл  бұрын  өмір  сүрген  болса,  оның  идеялары 
мен  дүниетанымы,  қызметі  мен  атқарған  істері  мүлде  басқаша 
құрылар еді. Ендеше, біз ХІХ ғасырдағы Ресей патшалығындағы 
қоғамдық-саяси үдерістерге шолу жасау арқылы зерттеп отырған 
ойшылымыздың  ішкі  рухани  болмысының  қалыптасуына  ықпал 
еткен сыртқы әсерлерін таразылап алуымыз қажет. 
Ресей  патшалығы  ХІХ  ғасырдың  орта  шенінде  Қазақ  жерін 
толықтай  бағындырғаннан  кейін,  өздерінің  отарлау  саясатын 
батыл  да,  жүйелі  жүргізе  бастады  және  ол  беталыс  –  бірнеше 

9
1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси 
және мәдени-әлеуметтік жағдай
жүз  жылдықтарға  бағдарланған  стратегиялық  жоспарлар  түрінде 
құрылды. Тарихшыларымыз атап көрсетіп жүргендей, осы саясат 
бірнеше  реформалар  арқылы  бірте-бірте  іске  асты.  Тұтас  қазақ 
хандығының қоғамдық-саяси жүйесінен бастап, тұрмыс-салты мен 
діни  дүниетанымын  түбегейлі  өзгертуге  бет  бұрған  отаршылдар, 
әрине,  қазақтар  тарапынан  болған  бірнеше  қарсылықтарға  тап 
болды.  Бірақ,  алып  империя  ақыры  өзінің  діттеген  мақсатына 
толықтай жетті деп айтуға болады. 
Жалпы  алғанда,  тарихта  бірнеше  рет  империялар  құрған 
түркілердің  көп  тамырларының  тікелей  ұрпақтарының  бірі  – 
қазақтар өздерінің жеке хандығын құрғаннан кейін де, әлемдік саяси 
сахнада айтарлықтай беделге ие болып, көршілес мемлекеттермен 
дәрежесі  қатар  тұрып,  өзінің  мәртебесін  анықтап  алған  болатын. 
Бұдан,  осындай  іргелі  жауынгер  рухты  халық  неліктен  Ресейге 
келіп бағынған, не себепті отар болып мәжбүр күй кешкен деген 
логикалық сауал туындайды. 
Бұл  кейінгі  әрбір  ұлт  зиялысын  толғандыратын  сұрақ 
болғандықтан, одан Ғұмар Қараш та тыс бола алмады. Ол өзінің 
«Саған  не  болды?»  атты  өлеңінде  бұл  мәселені  күйіне  отырып, 
былайша толғайды:
Алатаудан асып барып жайлаған, 
Беткейінде құлан-тайың ойнаған, 
Ойына алған ісін етпей қоймаған
Ел емес пе ең, жұртым саған не болды?
Шыңғыс, Бати хандық құрып тұрған ел, 
Қарақыпшақ Қобыландылар туған ел, 
Қарсылаған дұспан жауын қуған ел, 
Емес пе едің, жұртым саған не болды?
 [2, 126 б.] 
Бұл  біріншіден,  заманауи  әскери  техниканың  көшінен  қалып 
қойғандықтан, себебі, сан мыңдаған жылдар бойы даладағы соғыс 
өнерінің шеберлері болған көшпелі қазақ халқы, әйтсе де, тарихи 
шындық  мұның  заманы  өтіп  бара  жатқандығын  көрсеткенмен, 
дәстүрлі  жауынгерлік  рухқа  сүйенген  өз  күштеріне  деген 
сенімін  жоғалтпады.  Батыстық  техникалық  өрлеу  мен  ғылыми 

10
Ғұмар Қараш
төңкерістердің  нәтижесі,  сайып  келгенде,  халықаралық  соғыс 
саясатында аса қауіпті және агрессиялы күштерге айналатындығын, 
көшпенділердің соғыс қаруларының заман теперішіне төтеп бере 
алмайтындығын  мойындағысы  келмеді  немесе  мойындай  отыра 
мойындамады. 
Екіншіден,  көшпенділік  рух,  тек  батыстық-ресейлік  мәдени-
рухани  құндылықтарды  ғана  емес,  көп  жылдарға  дейін  олардың 
ілім-білімге  негізделген  дүниетанымдық  парадигмаларын 
мойындағысы  келмеді,  көп  уақытқа  дейін  бұл  жүйе  –  «орыстың 
оқуы»  деген  жағымсыз  мағынада  қолданылды.  Себебі,  Ресей 
арқылы тасымалданған батыстық ғылыми-техникалық білімдердің 
ұлттық  руханият  мен  құндылықтарды  бірте-бірте  болса  да 
жағымды  жағымен  қатар  жағымсыз  жағына  қарай  өзгертпей 
қоймайтындығын  сезе  білді.  Олардың  өмір  салты  мен  рухани 
құндылықтарына «өзгелер» ретінде қалыптасқан көзқарас тұтастай 
техникалық білімдерін де жоққа шығаруға жетеледі. Мысалы, күні 
кешеге дейін қолданылған «Шайтан арба» деген атаудың мағынасы 
да техникалық өркениетті терістеуші көзқараспен астасып жатыр. 
Үшіншіден,  қазақтардың  табиғи-генетикалық  болмысымен 
сабақтасқан  руханияты  техникалық  білімдер  мен  сол  дәуірдің 
заманауи  қаруларына  бейімделе  алмады,  діл  мен  дүниетаным 
одан әлдеқайда алшақтау жатты. Себебі, мыңдаған жылдар бойы 
қалыптасып  қалған  әлемдегі  жауынгерлік-ұрыс  жағдайының 
климаттың бірден-ақ басқа арнаға күрт бетбұрыс жасайтындығын 
мойындамаған халқымыз өздерінің ділі мен танымын өзгертуге аса 
құштар  бола  қоймайды.  Тіпті  бүгінгі  күні  де  қазақ  жастарының 
техникалықтан гөрі, гуманитарлық білім саласына бейімділігі осы 
мыңдаған  жылдық  тарихымыз  бен  оның  аясында  қалыптасқан 
діліміздің сарқыншақтары. 
Төртіншіден, ел ішіндегі саяси тұрақсыздық пен билікке талас 
сыртқы жауларды ұмыт қалдырды. Бұл да әрісі, түркілердің, берісі 
қазақтардың қанына сіңірілген деп айтуға болатын ішкі тұрақсыздық 
пен көре алмаушылық-күндестік психологиядан тікелей туындаған 
еді. Жауынгерлік рухқа осы Бірлік пен Тұтастық идеясы жетіспей 
жатты. Сұлтан және хан аралық бытыраңқылық, ауызбіршіліктердің 
жоқтығы  тұтастай  бір  халықтың  тағдырын  құлдық  өмірге  қарай 

11
1. ХІХ-ХХ ғасырлардың басындағы қоғамдық-саяси 
және мәдени-әлеуметтік жағдай
жетеледі  деп  те  айтуға  болады.  Ұлттық  идеяның  жоқтаушылары 
мен  ел  ішіндегі  ағартушы  ақсүйек  білгірлердің,  айтулы  рухани 
тұлғалардың пікірлері мен ұсыныстары ескерілмей жатты. Жүзге 
бөліну шартты аймақтық құрылымнан кей сәттерде «конфедерация 
типтес» бір-біріне тәуелсіз биліктерге ыдырады. 
Бесіншіден,  шығыс  жақтан  жауынгер  халық  жоңғар 
хандығының жиі-жиі шабуылдары, одан кейінгі оңтүстіктен Хиуа 
хандығы  мен  түркімендердің  шапқыншылықтары  елімізді  жан-
жақтан  қыспаққа  алып,  тұтастай  халық  арасында  психологиялық 
күйзелістер туғызды, ол сәйкесінше, ел экономикасына кері ықпал 
етті,  атап  айтқанда,  мал  санының  азаюына,  сөйтіп,  халықтың 
кедейлене түсуіне алып келді. Көркемдік түрде айтқанда, «Байтал 
қайғысы бірте-бірте бас қайғысына» алып келді. 
Осындай  қалыптасып  қалған  жағымсыз  жағдаяттар 
кейінгі  халық  арасындағы  отаршылдыққа  қарсы  толқулар  мен 
көтерілістердің  жеңіске  жете  алмауына  себепші  болды.  Азаттық 
үшін  күрескен  көтерілісшілердің  түпмақсаты  бір  болғанмен, 
бастары бірікпеді. 
Ресейдің өз қарамағындағы ұлыстар мен мемлекеттерге деген 
отаршылдық  саясаты  әр  тараптанған  деңгейде  жүргізілгендіктен 
және  әрбір  халықтың  өзіндік  болмысына  барынша  сәйкестен-
дірілгендіктен, біз оларды былайша топтап көрсетуімізге болады:
1.  Физикалық  күштеу  саясаты.  Ресей  империясының  батыс 
мәдениетімен, 
ғылымымен, 
өркениетімен, 
техникасымен 
қарулануының күшейе түсуі, олардың ішкі бірлігі мен тұтастығы, 
казактар  сынды  жауынгерлік  рухы  бар  халықтың  армиясы  да 
қарамағындағы отар халықтарды тізгіндеп ұстауға мол мүмкіндіктер 
ашты. Бұл барынша қатал түрде өтті, соғыс техникасын жетілдіруге 
баса көңіл бөлген ресейліктер өздерінің отаршылдық әрекеттерін 
өркениет көшінен қалып қойған халықтарға аса көп қиналмастан 
жүргізіп  отырды.  Қарамағындағы  халықтардан  түскен  алым-
салықтар мен оңай олжалар ел қазынасына айтарлықтай қаржылар 
құйып келді, сондықтан, қарулануға да қаржылар жеткілікті болды. 
Әр жерден бұрқ еткен көтерілістер мен олардың басшылары аяусыз 
жазаланды.  Осындай  жазалаулар  отарланған  халықтар  арасында 
айтарлықтай үрей туғызды және ол, мысалы, біздің елімізде үш жүз 

12
Ғұмар Қараш
жылдай  уақытқа  созыла  отырып,  санамыз  арқылы  бейсанамызға 
сіңірілді,  бүгінгі  күнгі  дейін  бұл  үрейдің  сарқыншақтары 
психиканың осы аймағында сақталып қалып отырған сыңайлы. 
Бұл салада патшалық Ресей қазіргіше айтқанда, «партизандық» 
соғыстар  жүргізу  өнерін  жақсы  меңгерген  казактардың  әскери 
қуатын  оңтайлы  пайдаланды.  Себебі,  қазақ  даласындағы  бас 
көтерулердің  өзі  халқымыз  көшпелі  болғандықтан,  олар  осы 
«партизандық»  өнерлерін  жиі  пайдалануға  мүмкіндіктер  берді. 
Дегенмен, «найза мен зеңбірек» арасындағы соғыста кімнің жеңіске 
жететіндігі де түсінікті жайт. 
2.  Экономикалық  қыспақ.  1861  жылдан  басталған  сот 
реформасынан  бастап  ХХ  ғасырдың  басындағы  колхоздастыруға 
дейінгінің  барлығы  алым-салықты  ұлғайту  мен  экономикалық 
қысымға алудың саясатына айналды. Демек, кедейшілдік рухани-
психологиялық  күйзелістер  арқылы  бас  июге  алып  келетін 
дәрменсіздікті  тудыруға  себепші  болды.  Осындай  патшалық 
Ресейдің  экономикалық  қыспағын  жете  түйсінгендердің  бірі  – 
Ғұмар Қараш еді: «Һәм олар мемлекет бюджетінде зор шығындар 
жұмсалатын орындардан саналды, жалғыз ғана патша қазіретінің 
өзіне  мәлім  болған  бұл  шығындардың  бәрі  де  жұмыскер 
Қарашекпендер  мен  шет  ұлттардың  мойындарына  келіп  артулы 
еді» [2, 222 б.]. Бұл саясат қоғамның әрбір жеке тұлғасынан бастап, 
тұтас  мемлекеттің  кедейшілдігіне  алып  келді.  Кеңес  үкіметі 
орнағаннан кейін де, осы саясат жалғасын тауып, 1930 жылдары 
тікелей қолдан жасалған ашаршылық зұлматы арқылы өзінің ішкі 
шынайы келбетін паш етті. 
3. Діни-психологиялық жағдай. Егер патшалық Ресей кезінде 
Орта Азия, әсіресе, Қазақстанда мұсылман дінін күшейту саясатын 
ұстанса,  Кеңестік  империя  бұған  керісінше  бағыт,  яғни,  ескілік 
пен  дінді  жоюға  бағытталған  атеистік  саясатты  нығайтты.  Ре-
.  Ре-
сей  патшалығының  ХІХ  ғасырда  Қазақстанға  бағытталған  діни 
саясатының өзі барынша күрделі болды деп айтуымызға болады, 
себебі, отаршылдық пен елді бағындыру үшін тек физикалық немесе 
экономикалық  қыспақ  қана  емес,  сонымен  қатар  идеологиялық-
психологиялық қаруларды да қоса қолдану қажет болды. Бастапқыда 
қазақ  даласындағы  мұсылман  дініне  біршама  қысымшылықтар 

13


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет