Құл-Мұхаммед М., төраға
Досжан А., төрағаның орынбасары
Асқаров Ә., жауапты хатшы
Қоғамдық кеңестің мүшелері:
Абдрахманов С.
Аяған Б.
Әбусейітова М.
Әйтімова Б.
Әлімбай Н.
Әуезов М.
Базылхан Н.
Байпақов К.
Биекенов К.
Бурханов К.
Ертісбаев Е.
Кенжеғозин М.
Қасқабасов С.
Нысанбаев Ә.
Өмірбеков Б.
Салғара Қ.
Сариева Р.
Сейдімбек А.
Сұлтанов Қ.
Таймағамбетов Ж.
Тұяқбаева Б.
Хұсайынов К.
«МӘДЕНИ МҰРА»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ
УДК 398
ББК 82.3 (5 Қаз)
Б 12
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С.A. (төраға), Жұмасейітова Г.Т. (төрағаның орынбасары),
Еркебай А.С. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У.,
Күзембаева С.A., Қорабай С.C., Қосан С.Қ., Мамыраев Б.Б.,
Мұсағұлова Г.Ж., Сахарбаева К.С.
Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:
Б.Әзібаева, Ш.Елеукенов,
С. Қасқабасов, С.Қорабай (жауапты редактор)
Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындағандар:
Т. Әлібеков (жауапты шығарушы), С.Қорабай, С.Сәкенов, М.Шафиғи
Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2009.
Т. 56: Тарихи жырлар. —408 бет.
ISBN 9965-35-805-2
«Бабалар сөзі» сериясының 56-томына «Батыр Жәнібектің өлеңі»,
«Еңсегей бойлы ер Есім», «Есім хан», «Олжаш батыр», «Сәтбек батыр»,
«Орақты батыр» атты тарихи жырлар енді.
УДК 398
Б
ББК 82.3 (5 Қаз)
ISBN 9965-35-805-2 (т. 56)
© Әдебиет және өнер институты, 2009
ISBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2009
4702250205
00(05)—09
ҚұРАСТыРУШылАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мем-
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жарияла-
натын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап,
жариялау жұмысын жалғастыруда.
Аталған басылымның басты мақсаты—халықтың рухани
мұрасын сол күйінде өзіне қайтару, яғни қолда бар фольклор-
лық материалдарды түгел жарыққа шығару.
«Бабалар сөзі» сериясы—ғылыми басылым. Оның негізгі
принципі—шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өз-
ара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжеті мен
жанрлық белгілері туралы толық көрініс беретін мәтінді таңдап
оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бірнеше вариантта ры
жарияланады.
Әрбір том қосымшалармен толығып отырады. Қосымша -
лар да, ең алдымен, томға енген нұсқалардың түсініктемеле рі
жә не олардың варианттары жөнінде толық мәлімет беріледі.
Сон дай-ақ бұған сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе-
тін та ри хи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер
кіреді. Ең соңында дастанның жинаушылары мен оның жыр-
шылары туралы деректер және ағылшын, орыс тіліндегі резю-
ме жазылып, пайдаланған әдебиеттердің тізімі көрсетіледі.
«Бабалар сөзі» сериясының келесі циклін құрайтын тарихи
жырлар—батырлар жыры мен тарихи өлеңнің аралығындағы
жанр. Тарихи жырлар негізіне өмірде нақты болған әлеумет-
тік, саяси оқиғалар алынады. Көп томдық «Бабалар сөзі»
сериясының 56-томына қазақ халқы тарихының маңызды
кезеңдерін көркем баяндаған тарихи жырлар еніп отыр.
Томға енген «Батыр Жәнібектің өлеңі» деп аталатын тари-
хи жыр ХV ғасырда Керей ханнан кейін Қазақ хандығын бас-
6
ТАРИХИ ЖыРлАР
6
7
қар ған Жәнібек ханның жас кезіндегі ерлік істерін жырлауға
арнал ған шығарма. Осыған дейін еш жерде жарияланбаған
бұл тари хи жыр алғаш рет баспа бетін көріп отыр.
«Еңсегей бойлы ер Есім», «Есім хан», «Олжаш батыр»,
«Сәт бек батыр» жырлары ХVІ ғасыр оқиғаларын сипат тай-
ды.«Еңсе гей бойлы ер Есім» жыры осы топтамадағы туын ды-
лардың ішін де зерттеушілер назарын өзіне мол аударуымен
ерекшеленеді. Бұл жырдың құндылығын өз кезінде М.Әуезов,
Ә.Марғұлан және басқа да ғалымдар ерекше атап өткен бола-
тын. Бірақ еліміз тәуелсіздік алғанға дейін «ханды дәріптеді»
деген желеумен қалың көпшіліктің назарынан тыс қалып
келді. Тарихи тұлғаға арнал ған «Есім хан» жыры Қытай Халық
Республикасында тұратын қазақтар арасында көп жылдар
сақталып келіп, ақырында сонда шығатын «Мұра» журналын-
да (1988. № 10.) жарияланған. Ал «Орақты батыр» атты тарихи
жырдағы оқиғаның болған уақы тын жыршының өзі ХІV ға сыр
деп көрсеткен. Сонымен қатар бұл шығарма кейіпкерлері нің
қатарында ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Ескелді, Балпық билер
секілді тарихи тұлғалар да кездеседі.
Тарихи жырлар халқымыздың ауызша тараған тарихна-
масы ретінде ұзақ уақыт бойы еліміздің рухани азығы болып
келгені айқын. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап
кейбір үлгілері қағаз бетіне түсіріліп, баспа бетін көре бастаған
бұл құнды мұралардың жариялануына, кеңес заманында зерт-
телуіне тыйым салынуына байланысты томға енген тарихи
жырлар оқырман игілігіне айналудың мүмкіндігіне енді ғана
ие болып отыр.
Есім хан тұсында өмір сүрген, ел намысын жоқтаған Ол жаш
батыр ерліктерін дәріптеуге арналған «Олжаш батыр» жыры да
бұрын еш жерде жарық көрмеген.
«Сәтбек батыр» жырының Қазан төңкерісіне дейін жұрт-
шылыққа кеңінен таныс болғаны белгілі. Бұл жырдың Ақыл-
бек Сабалұлы жырлаған нұсқасы 1911 жылы Қазан қаласында
жеке кітап болып шыққан. Томға жырдың алғаш жариялан-
ған осы нұсқасымен қатар, Қазақстан Республикасы Орталық
ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақталып келген
«Мырза Сәтбек батыр» атты нұсқасы да еніп отыр.
«Орақты батыр» жырының халық ақыны Қалқа Жапсар-
баевтың өз аузынан жазып алынған нұсқасы ұзақ уақыт бойы
6
6
7
ҚұРАСТыРУШылАРДАН
Қазақстан Республикасы Орталық ғылыми кітапханасы мен
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қол-
жазба қорларында сақталып келгенмен, жырдың толық мәтіні
еліміз егемендік алғанға дейін баспа бетін көрмей келді. Осы
томда сол олқылықтың орны толтырылды.
Томды дайындау барысында араб әрпінде жазылған қол -
жаз балар мен Қазан төңкерісіне дейін кітап болып шыққан
мә тін дерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүр-
гізілді.
8
8
9
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
Қазақ фольклорының жанрлық құрамы өте бай, түр
жағы нан да, мазмұн жағынан да алуан түрлі. Солардың
арасында ерекше орын алатыны—тарихи жыр. Жалпы
фольклордың қай жанрын алсақ та, ол тарихилық сипатқа
ие. Тіпті миф те, ертегі де белгілі дәрежеде тарихи болып
келеді. Тегінде, фольклор дың тарихилығы деген ұғым өте
кең. Біріншіден, фольклор дың өзі—тарихи құбылыс, ол
өзгермелі. Фольклорлық сана, фольклорлық дәстүр, фольк-
лорлық шығарма—осының бәрі тарихта болатын нәрсе, олар-
ды аттап кету мүмкін емес. Бұлар дың бәрі тарихтың бел гілі
бір кезеңінде болуға тиіс, сол дәуір дің жемісі, адамзат мәде-
ниетінің даму жолындағы бір сатысы деп танылуы ке рек.
Екін шіден, фольклор адам тіршілігімен тіке лей байланыс ты,
оның болмысының бір бөлшегі. Сол себепті ол адам өмірі нің
бар лық жағын бейнелейді, шаруашылығы нан, тұрмысы нан,
әдет-ғұрпынан, салт-санасынан айтарлықтай мә лімет береді.
Үшіншіден, фольклор тарихи оқиғаларға тіке лей де, жана-
ма түрде де байланысты болады. Екінші сөзбен айтқанда,
фольк лор халық тарихындағы маңызды оқиғаларды қамтып,
соларды негізге алып, жаңа шығармалар туындатады, тари-
хи тұлғалар жайында әңгімелейді, оларды көркем әдіспен
дәріптейді. Төртіншіден, фольклор халықтың өзінің тарих-
қа қатысын, көзқарасын танытады, маңызды оқиғалар мен
көрнекті қайраткерлерге берген халықтың бағасын, сол
арқылы халық нені армандағанын, қандай батырды көксе-
ге нін көрсетеді. Бесіншіден, фольклор әр дәуірге, қоғам
өміріне сәйкес өзгеріп, тарихи тұтастанудан өтіп отырады.
Соның нәтижесінде жанрлардың трансформациясы жүзеге
асып отырады. Әрине, бұл айтылған белгілер фольклордың
8
8
9
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
барлық жанрында бірдей емес. Әр фольклорлық жанрдың
өзіндік қасиет те рі оның, шығарманың тарихилығына әсер
етеді. Мұны, мәсе лен, батырлық жыр мен тарихи жырдың
табиғатынан бай қау ға бо лады. Екеуінде де тарихи негіз бар,
алайда олар бірдей де, біркел кі де емес. Бұл мәселе төңірегінде
қазақ фольклорын зерттеуші лер әртүрлі пікір айтып, кейде
екеуін бір жанр деп, енді бірде екі бөліп қарастырып жүрді.
Халқымыздың ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов фольклор -
лық тарихи шығармаларды жинап, олар туралы аса маңыз-
ды пі кір айтып, зерттеулер қалдырғаны белгілі
1
. Мәселен,
ол «ұлы жүз қазақтарының аңыздары мен әңгімелері» атты
еңбегінде қа зақ фольклорында тарихи элементтің ерекше орын
алатынын айтады. Сондықтан да ол шежірені аңыз-әңгіме
деп фольклорлық тарихи шығарма ретінде қарайды. Демек,
Шоқан—қазақ фольклорында тарихи аңыз бен әңгімелердің
бар екенін бірінші болып байқаған зерттеуші. Шоқан бірталай
еңбектерінде өзі жазып алған эпикалық түрдегі тарихи
фольклордың нұсқаларына ғылыми талдау бер ген деуге бола-
ды. Ол қазақ фольклорында тарихи жырдың жеке жанр еке-
нін атай отырып, олардың біразын іріктеп, мысалға келтіреді:
«Другой джир называется Урак-батыр. В нем повествуются
похождения Урака-батыра, родом караульца, который отпра-
вившись в набег на Россию, был взят русскими в плен и со-
держался в тюрьме 10 лет, потом женился в России, прижил
де тей, но соскучился по родному аулу, опять уехал в степь и
там остался...»
2
,—деп жазады. Шоқанның «другой джир»
деп отырғаны батырлық жырдан басқа дегені, яғни ол тарихи
жыр ды айтып отыр.
Тіпті ол «тарихи жыр» («исторический джир») терминін
де қолданған
3
. Демек, Шоқан тарихи жырды батырлық эпос-
тан өзгеше, өзіндік ерекшеліктері бар жанр деп білген. Ол
ерекшеліктердің бастысы—тарихи жырдың өмірде болған
оқиғалар негізінде шығатындығы, яғни батырлық эпосқа қа-
рағанда тарихқа жақындығы. Міне, осыны ескерген ғалым
1
Ғалымның мына еңбектерін қараңыз: «Предания и легенды Большой
киргиз-кайсацкой орды»; «Песни Урака»; «Исторические предания о батырах
ХVІІІ в.»; «Шуна батыр» и др. // Валиханов Ч. Собр. соч., в 5-ти т. Т. І. – Алма-
Ата, 1961.
2
Сонда, 197-б.
3
Сонда, 201-б.
10
ТАРИХИ ЖыРлАР
10
11
тарихи жырды арнайы түрде зерттеуге мән берген. Тарихи жыр-
ға арналған еңбектерінде Ш.Уәлиханов өмірде, дәлірек айтсақ,
ХVІІІ ғасырда болған қоғамдық мәні бар оқиғалар мен оларға
белсене қатысып, айтарлықтай рөл атқарған қай раткерлер һәм
батырлар жайлы тарихи фольклорды тү гел қамтып, олардың
шындық негіздерін қарастырған.
Қазақ фольклорының барлық жанрын, оның ішінде та-
рихи жыр үлгілерін де жинап, жарыққа шығару ісінде көп
еңбек сіңірген адам—академик В.В.Радлов. Ол өзінің атақты
10 томдық жинағының 3-томына қазақтың бірнеше тарихи
жырын енгізген
4
. Бірақ В.Радлов тарихи жырды жеке жанр
ретінде бөлмеген. Сондықтан ол батырлық жырды да, тари-
хи жырды да «Қазақтың бұрынғы батырлары туралы сөз» деп
атаған. Ал жекелеген кейбір тарихи жырды қысқа қиссалар то-
бына жатқызады.
Әрине, ХІХ ғасырдың 70-жылдарындағы фольклортану дың
жағдайында қазақ халық ауыз әдебиетінің барлық жан рын
дұрыс салалап зерттеу мүмкін емес еді. Оның үстіне В.В.Радлов
қазақ поэзиясын Шоқандай жетік білмеді және оның ішкі
ерекшеліктері мен нюанстарын анық аңғара алмады. Сол себеп-
ті ол «батырлар жыры», «ғашықтық жыр» деп дәл бөле алмады,
бәрін бір жанр деп есептеді.
Тарихи жырдың нұсқалары Г.Н.Потанин мұрағаттарын да да
бар. Ол жазып алған «Қабанбай» жырының үзіндісі 1972 жы-
лы шыққан «Казахский фольклор в собрании Г.Н.Пота ни-
на» атты жинақта жарық көрді
5
. Ал Томск архивіндегі мате-
риалдарда Г.Н.Потанин ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Бөгенбай,
Жанбай, Боран-Бердіқожа батырларды атап, олар туралы да
өлең-жырлар бар екенін айтады
6
. Эпос пен проза жанрын көп
зерттеген Потанин кейбір салыстырмалы еңбектерінде Шың-
ғыс хан, Ер Көкше жайындағы аңыздарды пайдаланады. Бі рақ
тарихи өлең немесе жырды бөліп қарастырмаған және олар ды
дербес жанр деп санамаған.
Тарихи адамдар мен оқиғаларға байланысты әңгімелер,
аңыздар, прозамен берілген жыр мазмұндары ХІХ ғасырда
4
Радлов В.В.Образцы народной литературы тюркских племен. Ч.ІІІ. – СПб.,
1870. – С. 63-78.
5
Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. – Алма-Ата, 1972. – С. 261.
6
Научная библиотека Томского Госуниверситета. Тетр. 18, л. 73.
10
10
11
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
«Дала уалаяты» газетінде де анда-санда жарияланып тұрған.
Дәлел ретінде әйгілі «Еңлік—Кебек» пен «Қалқаман—Мамыр»
туралы әңгімелерді атауға болады
7
. Газетте бұлар проза түрінде
берілген, көркемдігі нашар, бірақ оқиға мен сюжетке айрықша
назар аударылған.
Қолда бар деректерге қарағанда, тарихи жырлар мен
әңгіме, аңыздарды Ә.Диваев та жинаған. 1920 жылы Ә.Ди-
ваевтың қатысуымен болған Жетісу экспедициясы мате-
риалдарының есебінде «Шыңғыс хан туралы аңыз» («Преда-
ние о Чингиз-хане»), «Қалдан хан мен Абылай» («Алдан-хан и
Аблай»), «Ақсақ құлан—Жошы хан» («Аксак кулан и Джучи-
хан»), «Кенен ақынның 1916 жыл туралы өлеңі» («Песнь
Кенена-акына на события 1916 года») сияқты атауларды
кездестіреміз»
8
. Алайда Ә.Диваев тарихи жырды арнайы жи-
намаған және зерттемеген. Рас, кейбір шежіреге, жер аттары-
на байланысты аңыздар туралы айтылған пікір лері бар. Бірақ
олар тарихи фольклор деген жалпы ұғым болмаса, тарихи
поэзияға (дәл айтқанда, жыр мен өлең) дұрыс келе бермейді.
Осы жерде айтатын бір жайт—кейбір елдің халық әдебиеті ту-
ралы зерттеулерде тарихи фольклор деген атау бар. Тіпті орыс
фольклористикасы беріге дейін «тарихи ертегі» деген жанрды
бөліп келді. Ал қазақ фольклорында белгілі бір кісі, су, жер ат-
тары туралы (өлең мен жырдан басқа) көптеген әңгіме, аңыз,
тіпті ертегілер де көп. Оларды қалай саралау керек, қалай
атап, қайда жатқызу керек. Міне, бұл да әлі шешуін таппаған,
ойластыруды қажет ететін мәселе. Әзірше, олардың бәрін та-
рихи фольклорлық шығарма деп шартты түрде қолдануға тура
келеді.
Тарихи өлең мен тарихи жырды ХХ ғасырда кең түрде жи-
нап жарыққа шығару, ғылыми тұрғыдан зерттеуге мүм кін-
дік туғанын айту керек. 1920-30-жылдардың өзінде ұлттық
фольклорымыз мақала түрінде де, оқулық көлемінде де зерт-
теу объектісіне айналды. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы, Ха-
лел Досмұхамедов, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин сынды
ға лым дарымыз бен жазушыларымыздың еңбегін айрықша
атау керек. Олар эпос жанрына ерекше көңіл бөліп, батыр-
7
«Дала уалаятының газеті», 1892, № 29, 31, 32, 34-40; 1900, № 46, 50.
8
«Наука и просвещение», 1922, № 1. – С. 25-27.
12
ТАРИХИ ЖыРлАР
12
13
лар жы ры мен тарихи жырларды әрі жариялап, әрі зерт-
теп, оларды ха лық тарихын бейнелейтін шығармалар деп
есептеді. Сөйтіп, олар қазақ фольклорын саралап зерттеу,
терминологиялық ұғымды қалыптастыру ісін дереу қолға
алып, оны орнықты түрде жүзеге асыра білді. Мәселен,
эпостың осы екі түрі бөлек жанр екенін Ахмет Байтұрсын ұлы
«Әдебиет танытқышында» анық айтқан. Ол кісі былай деп жа-
зады: «Тарихи жыр деп тарихта бар, мағлұм уақиғалар тура-
сында өлеңмен шығарған сөздер айтылады. Қазақта өз тілін-
де жазылған тарих болмағанмен, қазақта болған уақиғалар,
қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың та-
рихында жазылған мағлұматтар бар, халық тың өзінің есінен
кетпеген, қазақ басынан кешірген уақиғалары толып жатыр.
Солар туралы өлең етіп шығарған сөздер болса, солар тарихи
жыр болады. Мәселен, «Орақ-Мамай», «Абылай», «Кенеса-
ры, Наурызбай», «Ерназар», «Бекет» өлеңдері тарихи жыр-
лар болады»
9
.
Қазақ фольклорының құрамында тарихи шығармалар бар
екенін, олар үлкен бір топ құрайтынын Халел Досмұхамед-
ұлы да айтады. Рас, ол кісі «тарихи жыр» деген атауды
қолданбай ды. Батырлар жырынан өзгеше эпикалық туынды-
ларды ол кісі «тарихи өлеңдер» деп атаған да, олардың үлгісі
ретінде бір не ше тарихи жырды келтіреді. Халелдің өз сөзін
келтірейік.
«Қазақ халық әдебиетінің арналы саласы—батырлық
жыр лар (героический эпос) мен тарихи өлеңдер (историче-
ские песни).
Батырлық жырларда әртүрлі, көбінше аттары аңызға ай-
налған Қобыланды, Алпамыс, Едіге, Орақ-Мамай, Қарасай,
Қази, Ер Тарғын т.б. Алтын Орда мен Қазақ хандығы тұ сындағы
батырлардың іс-әрекеттері суреттеледі.
Ал тарихи өлеңдерде белгілі бір кезеңде өмір сүрген аты
бел гілі адамдар, әрине, көптеген әсірелеу, әспеттеумен,
негізі нен жоңғарларға және орыс империалистеріне қарсы
қазақтар дың бас бостандығы үшін күрескен кездегі тұлғалар
жырлана ды. Кенесары, Исатай, Бекет және басқалар тура-
лы өлең-жыр лар ды мысалға келтіруге болар еді. Көптеген
9
Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-том. –А., 2003. 289-б.
12
12
13
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
батырлық жыр лар мен тарихи өлеңдер нағыз эпопея болып
келеді»
10
.
Осыдан кейінгі абзацта Халел Досмұхамедұлы «батырлық
және тарихи поэмалар» деген атауларды қолданады. Демек,
оның «исторические песни» деп отырғаны «тарихи жыр» бо-
лып шықты. Ал «поэма» терминін қазақ фольклортанушы-
лары мұндаға шейін «эпос» сөзінің орнына қолданып келгені
белгілі.
Сол уақытта, яғни 1927 жылы жарық көрген кітабында
«тарихи жыр» терминінің орнына «тарихи өлең» атауын
Мұхтар Әуезов те қолданып, оған Исатай, Махамбет, Бекет
туралы жырларды жатқызған
11
. Кейін, 1939 жылы, М.Әуезов
л.Соболев пен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольк-
лоры» атты еңбегінде тарихи жырды жеке жанр ретін де бөліп
алып, оның негізгі сипатын ашып берді, сондай-ақ бұл жанр-
дың шығу мерзімін, қалыптасу процесін болжаған
12
.
«Қазақ эпосында батырлар жыры мен ғашықтық жыр-
лар ға қоса тарихи жырлар да мол. Бұл жырлар ХVІІІ және
ХІХ ғасырларда, әсіресе кең өрістеп дамыған»
13
,—деп
М.Әуезов тарихи жырдың өз алдына жеке жанр екенін ай-
рық ша атап көрсетеді. «Бұл тарихи жырлардың,—деп жаза-
ды әрі қарай М.Әуезов,—дәстүрі тереңде, алыста жатыр. Ол
бастауын Орта Азия мен Сибирь тайпаларының ру аралық
тартысы кезіндегі шабуыл-жорық жайындағы жырлардан
алады»
14
.
Осыған орай айтатын бір нәрсе: М.Әуезов зерттеліп
отырған тарихи жыр жанрының тарихи өлеңнен гөрі, басқа
екенін сездіріп отыр. Шынында, тарихи жырдан бұрын
туатын шағын тарихи өлеңдер сонау көне түркі заманы-
нан бастала ды. Атақты Орхон-Енисей атырабындағы Білге-
қаған, Күлтегін туралы шығармалар тарихи өлеңнің жырға
10
Досмұхамедұлы Х. Аламан. А., 1991. 26-27-бб. Халелдің қазақ фольклоры-
на арналған бұл еңбегі орыс тілінде «Казахская народная литература» деген ат-
пен 1928 ж. жарық көрген. Біз соның қазақшаланған нұсқасын пайдаландық.
11
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Қызыл Орда, 1927. 2-ші басылуы 1991 ж. жүзеге
асты.
12
Ауэзов М., Соболев л. Эпос и фольклор казахского народа // литературный
критик, 1939, №10-11; 1940, №1.
13
Әуезов М. Уақыт және әдебиет. – Алматы, 1962. 75-б.
14
Сонда.
14
ТАРИХИ ЖыРлАР
14
15
айналған түрінің алғаш қы таңбаға түскен нұсқалары деуге
болады. Сонау 1952 жылы Мұхтар Әуезов осы Білге қаған,
Күлтегін, Тоныкөк туралы тасқа түскен мәтіндерді сол
заманғы эпостың үлгісі деп қарауға болатынын айтқан
15
.
Осындай ойды кейінірек И.В.Стеблева да айтып, ол мәтіндер-
ді «тарихи-қаһармандық поэма» деп атаған
16
. Оның поэма
деп отырғаны—жыр. Сонда ғалымның сөзін қазақша айтар
болсақ, «тарихи-қаһармандық жыр» болып шығады. Түптеп
келгенде, бұл «тарихи жыр» деген ұғымға сәйкес келеді.
И.В.Стеблева тіпті «тайпалық эпос» (дружинный эпос) де-
ген де атауды қолданған. Қалай болғанда да, көне түркі
мәтіндерін алғашқы тасқа жазылған ең ескі тарихи жырдың
үлгілері деп қабылдауға болатын секілді.
Тарихи жырдың өз алдына дара жанр екенін М.Әуезов ба-
са айтып, ол туралы былай деп жазады: «Бұл жырлардың бәрі
де, ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да—анық
тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер—
тарихта болған адамдар. Жырлардың авторлары—көбінесе
сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзі мен
көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына қарай
сап-сабымен баяндайды. Тарихи жырлардың батыр лық эпостан
жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпос-
тық баяндауға тән объективтік сарынның орнын оқиғаларды
тікелей қабылдаған автордың әсері араласқан субъективтік
баға басады»
17
.
ұлы ғалымның осы ойларына қосыла отырып, тарихи жыр
сонымен бірге өз бойына батырлық эпостың біраз қасиет те рін
сіңіретінін айту керек. Тарихи үлкен жыр оқиғаның ізін ше
қолма-қол тумайды: керісінше, оқиғаға қатысушылар өз көр-
ген-білгендері, батыр мен басшылардың ерлік істері туралы
шағын өлең, әңгіме шығарады. Арада біраз уақыт өткен соң не
көз көргендердің ішіндегі мықты бір ақыны, немесе басқа бір
талантты ақын баяғы шағын өлеңдерді өзінше жиыстырып,
бұрынғы мазмұны бойынша сюжет құрап, кейде жанынан қо-
сып, көркемдеп қайта жырлайды. Сөйтіп, тарихи жыр туады.
Тарихи өлең әр уақытта туып отыратынын Ахмет Байтұрсын-
15
Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – А., 1959. – 513-516, 533-555-бб.
16
И.В.Стеблева. Поэзия тюрков. –М., 1965. – С.61.
17
Әуезов М. Уақыт және әдебиет, 1962. – 76-б.
14
14
15
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
ұлы ның мына сөзінен де көруге болады. «1879-1880 жылда ры
болған «Қоян» қыстың жұты турасында шығарған өлең болу-
шы еді. Сонда қыстың қалай болғанын, елдің қандай жұтаға-
нын, қандай аштық азап тартқанын айтушы еді. Сол өлең осы
күн ге дейін сақталған болса, о да тарихи жыр болады»
18
,—деп
жа за ды Ахаң. Ахаңның бұл сөзінен тарихи өлең белгілі бір
оқиға дан көп ұзамай туатынын, ал уақыт өте келе ол өлеңнің
жырға айналатынын аңғаруға болады. Ал оқиғаның ізінше
пайда бол ған кейбір шығармалар аңызға айналады. Мінеки,
тарихи аңыз бен кейбір шешендік сөздердің нұсқалары осылай
туған.
Тарихи жыр туралы С.Сейфуллин де жазған
19
. Алайда ол
тарихи жырды жеке жанр деп танымай, батырлар туралы
шығармаларға қосқан. Сондықтан бұл жанрды ол эпос та-
рихымен бірге зерттейді. Солай бола тұрса да С.Сейфуллин
1926 жылы Жанқожа туралы жыр мен өлеңдерді жария-
лайды
20
. Демек, ғалым таза батырлар жырынан өзгешелеу
шы ғармалар бар екенін аңғарған, бірақ сонда да оларды
эпостан дара жанр деп есептемеген. Ол батырлар жырын
шығу уақыты на қарай зерттеу мақсатымен олардың тарихи
негіздерін ашу ға тырысқан. Осы орайда С.Сейфуллин ертеде
туған эпосты «ұлы батыр», ал кейін пайда болғандарды «кіші
батыр» жыры деп зерттеп жүргендерге қарсы шыққан
21
. Ол
екеуінің арасында ғы айырмашылық туралы зерттеуші бы-
лай деп жазады: «Қазақ тың ескі ел әдебиетіндегі батыр лар
әңгімелерінің неғұрлым ескілерін алып қарасақ, солғұр-
лым оның «қиял» қоспасының, жапсырма сырлардың, «ер-
тек» түрлерінің молдығын көресің. Заманның неғұрлым
ертедегісіне қарай бара берсең, солғұрлым елдің шикі, надан
кезіне таяна бересің. Батырлар әңгімелерінің неғұрлым бергі
заманда шыққанын алып қарасаң, солғұрлым ол әңгіменің
«кереметтері» де аз бола береді, шындыққа жақын бола
береді және солғұрлым бертінгі заман батырларының жа-
18
Ахмет Байтұрсынұлы. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-том. – А., 2003.
– 289-б.
19
Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. Қызылорда, 1932. Қайта басылуы: С.Сей-
фуллин. Шығармалары. 6-т. – А., 1964. Біз соны пайдаландық.
20
«Жаңа мектеп», 1926, №6.
21
Сейфуллин С. Көрсетілген еңбегі. – 168-169-б.
16
ТАРИХИ ЖыРлАР
16
17
ратылыстары да «кереметсіз» бола береді»
22
. С.Сейфуллин-
нің бұл сөздерінен біз оның тарихи жыр жанрының кейбір
ерекшелігін объективті түрде (тарихи жыр деп атамаса да)
байқай білгенін аңғарамыз.
Қазақ халық әдебиетін біршама зерттеген С.Мұқанов та
тарихи жырды батырлық эпостан бөліп қарамаған. Ол өзінің
ба тырлар жырына арналған мақалалары
23
мен ХVІІІ ғасыр
әдебиеті тарихы туралы жазғандарында
24
эпостың тарихи
оқиғаларға негізделетінін дұрыс айтқан. «Батырлар жыры,
негізінде, ел қорғау, Отан қорғау тілегінен туған, халықтың
жүрегіне жағатын, сүйетін жырлары»
25
,—деп өте орынды ай-
тады. Және олардың тууына себеп болған басты-басты тарихи
оқиғаларды атап өтеді. Олар: татар-монғол басқыншылары-
мен және алтынордалықтармен күрес, қалмақ шапқыншыла-
ры на қарсы соғыс. Автор ХVІІІ ғасырдағы қалмақтарға қарсы
со ғыс қа байланысты туған шығармаларды батырлар жыры на
қосады.
Қазақ фольклортануына зор үлес қосқан білікті маман-
дар дың бірі—Ә.Марғұлан да тарихи жырды батырлық эпос
құрамында қарастырған. «Қазақ эпосының сипаты мен та-
рихи шарттылығы жайлы» деп аталатын еңбегінде ол ба-
тырлар жырының шығу тарихын зерттей отырып, жырлар-
ды бес кезеңге бөледі. Соның ішінде кейінгі дәуірлерде туған
шығармалар ретінде төртінші және бесінші кезеңге—ХVІІ-
ХVІІІ және ХІХ ғ. туған тарихи жырларды жатқызады. Мыса-
лы, төртінші кезең қалмақ шабуылдарының тұсы. Бұған ХVІІ-
ХVІІІ ғасырдағы «Құба қалмақ», сол замандарда өмір сүрген
Олжабай, Қабанбай, Бөгенбай батырлар туралы жырлар жата-
ды десе, бесінші кезеңге қазақтардың ХІХ ғасырда ғы хан, сұл-
тандарға, патшаға қарсы күресін көрсететін Сырым, Исатай,
Махамбет, Бекет туралы жырлар енеді деп есептейді
26
. Соны-
мен бірге ғалым кейінгі кезде, яғни ХІХ ға сырда туған жыр лар-
22
Сонда, 180-181-б.
23
Мұқанов М. Өсу жолдарымыз. – Алматы, 1960; Халық мұрасы. – Алматы,
1974; Мұқанов С. Қазақ әдебиеті. Хрестоматия. – Алматы, 1938.
24
Сонда.
25
Сонда.
26
Маргулан А. О характере и исторической обусловленности казахского эпо-
са // Известия Каз ФАН СССР. Серия историческая. 1946. № 2.
16
16
17
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
да тарих іздері айқын екенін көрсетіп, ендігі жерде тарихи өлең
пайда бола бастайды деген болжам айтады.
Тарихи жырларды арнайы зерттеген ғалымдарымыздың
бірі—Қ.Жұмалиев
27
. Ол тарихи жырды кейде «тарихи поэ-
ма» деп атап, терминді атауда дәлдіктен біраз ауытқып кет-
кен. Әйткенмен де Қ.Жұмалиев тарихи жырдың өзіндік
жанр екенін аңғарып, оның жанрлық өзгешеліктерін, әсіре-
се батырлық эпостан айырмашылықтарын дұрыс көрсеткен.
Мәселен, батырлық эпоста оқиғаның жалпы, ұлы сорабы ғана
сақталып, шын болған оқиға өте көмескіленіп, оған әртүрлі
қиял-ғажайып нәрселер араласып келіп отырса, тарихи жыр-
ларда әлі де болса ізі суымаған оқиғалар да, оған қатысушы
адамдардың іс-әрекеттері де тарихи шындыққа жақын, қиял-
ғажайып элементтері мейлінше аз ұшырасады.
Ғалымның сөзімен айтсақ, «бұл екеуінің негізі бір, екеуі нің
де түбінде тарихи уақиға жатады. Бірақ эпостық жыр лардың
қаһармандарды атса оқ өтпейтін, шапса қылыш өтпейтін, суға
салса батпайтын, отқа салса күймейтін қа сиеттері бар және Ба-
бай түкті шашты Әзиз, қырық шілтен тәрізді бағып жүретін
иелері бар адамдар болып суреттелсе, тарихи жырлардың
қаһармандары олардай емес, ер жүректі, күш-қайраты мол,
оқ өтіп, қылыш кесетін жәй адамдар. Тарихи жырлардың
уақиғалары да осы тұрғыдан құрылады. Тілі жағынан алғанда
да, батырлар жырлары мен тарихи жырлардың айырмашы-
лығы бар»
28
.
Қ.Жұмалиев сонымен бірге тарихи жырларды шығарушы
мен жырлаушылардың кім екенін, қай таптың өкіліне жата-
тынын жіті байқау керек екенін ескертеді. Батырлық эпостан
гөрі тарихи жырда ақындар мен орындаушылардың өзінің
дүниетанымына байланысты, өзінің таптық тілегіне қарай
жамаған қоспалары көбірек болатынын айтып, бұл жанрды
зерттегенде осы жағын да айрықша есте тұту қажеттігін атап
көрсетеді.
Тарихи жырды көп уақыт зерттеп, құнды еңбектер жазған
ғалым Е.ысмайылов болды. Ол бұл жанрға ауық-ауық кө-
ңіл бөліп, бірнеше зерттеу жұмыстарын жазды және оның әр-
27
Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. – Алматы,
1958.
28
Сонда. – 220-221-б.
2-0273
18
ТАРИХИ ЖыРлАР
18
19
қайсысында тарихи жыр туралы өз пікірлерін толықтыра,
тереңдете түсті. Айталық, өзінің 1930-жылдардың аяғында
эпикалық жанрға арнап жазған бір
29
мақаласында ғалым тари-
хи жырды батырлық эпосқа қосады. Ол батырлар жырын дәуір-
лей отырып, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ-қалмақ арасы-
ның қарым-қатынасына байланысты туған батырлар жыры
деп Есім хан, Қабанбай, Олжабай, Бөгенбай, Арқа лық, Ала тай,
Қаратай т.б. туралы шығармаларды айтады. Осы қатарға ға-
лым ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азат тық қозғалысы-
на байланысты туған батырлар жыры ретінде Сырым, Исатай,
Махамбет, Бекет, Жанқожа, Досан, Сұран шы, Сыпатай т.б.
жайындағы жырларды енгізеді
30
.
Ал енді кейінде жазған еңбегінде Е.ысмайылов тари-
хи жырды жеке жанр ретінде қарастырып, оның жанр лық
ерекше лі гін анықтайды және ол шығармаларды хроно ло-
гиялық прин цип пен саралайды
31
. Мысалы, зерттеуші қа зақ-
тың тарихи жыр ларын төрт дәуірге бөлуді ұсынады: а) орта
ғасырда, ә) ХVІІІ ға сыр да, б) ХІХ ғасырда, в) ХХ ғасырда
туған шығармалар. Автор өзі ұсынып отырған әр дәуір
шығармаларына тән сипат тар ды белгілейді. Әсіресе ХІХ ғ.
соңы мен ХХ ғ. бас кезінде туған тарихи жырларға айрықша
мән береді. Бұл дәуір—пат ша лық Ресейдің отаршылдық,
қанаушылық қысымына деген халық қарсылығының кү-
шейіп, 1905 жылғы революция мен 1916 жылғы уақиғалар
дәуірі еді. Міне, мұның бәрі сол кезде туған халық шығарма-
ла рының өзіндік ерекшелігін құрайтын тың белгілер.
Е.ысмайылов, сөз жоқ, осыларды ескергендіктен де
ХХ ға сырдың бас кезіндегі тарихи жырлар мен өлеңдерді
дәйек ті түрде зерттеуге ден қойды. Ол қазақ ғалымдары ның
ішін де осы дәуірдегі тарихи фольклорлық шығармаларды ал-
ғаш зерттеушілерінің бірі болды. Ғалым 1939 жылы «Аман-
келді халық әдебиетінде»
32
атты мақала жазды, 1940 жылы
«1916 жыл» атты жинақ шығарды
33
, оның кіріспе сөзін
29
Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қоры (ОҒКҚҚ ). 131-папка
30
Сонда.
31
Исмаилов Е. В поисках нового. – Алма-Ата, 1967. – С. 189-227.
32
Социалды Қазақстан, 1939, 18-март.
33
1916 жыл (жинақ). Редакциясын басқарғандар: Д.Сқақов, Е.ысмайылов,
Ә.Сәрсенбаев. – Алматы, 1940.
18
18
19
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
жазды. Бұл еңбектерінде Е.ысмайылов зерттеліп отырған
шығармаларды идеялық және тақырыптық жағынан алып тал-
дады да, оның жанрлық мәселелеріне тереңдеп бармады.
Рас, кейінгі кездерде жазған зерттеулерінде ол бұл мәсе-
лелерді нақтылы талдап қарастыратын болды
34
. Мысалы,
ол 1916 жылғы көтеріліс туралы шығармаларда жанрлық
біркелкіліктің жоқтығын анықтады. Мұнда үлкен эпикалық
жыр да (көбінесе дастан деп атайды), тұрмыс-салт жырлары
да (қоштасу, көңіл айтып жұбату, жоқтау), сәлем хат пен
толғау өлеңдерінің де ұшырасатынын айтады. Автор бұл
жанрлар дың көтерілістің әр кезеңіне сәйкес туып отырғанын
байқаған. Мысалы, көтерілістің бірінші кезеңін суреттейтін
шығармалар көбінесе толғау түрінде болып келеді. Екінші
кезең ұрыс, шайқас кезін көрсететін ерлік жырларды ту-
ғызған. Үшінші кезеңде көтерілістің жеңілуіне байланыс-
ты қайғылы, мұң-шер өлеңдері басым. Ал эпикалық үлкен
шығармалардың туа бастауы кейінірек, көтеріліс басылып,
арада біраз уақыт өткен соң шыққанын Е.ысмайылов орын-
ды атап көрсеткен.
Ғалымның бұл тұжырымдарын қолдай отырып, мынаны
айту керек. Біріншіден, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
туралы шығармалардан тарихи жырдың қалыптасу процесін
көруге болады. Көтеріліс жүріп жатқан кезде көлемі жағы нан
шағын, бірақ оқиғаны баяндауы толық, қызықты өлеңдер туды.
Ал көтерілістен біраз уақыт кейін бұл шығармалар іріктелді,
кейбір маңыздыларының негізінде көлемі үлкен жырлар пай-
да болды, сол көтеріліске қатысқан талантты ақындар қомақты
тарихи жырлар шығарды.
Ал бұл жырларды зерттеушілеріміз, көбінесе, «эпикалық
дастандар» деп атап жүр. Біздіңше, бұл термин дәл емес
сияқты. Рас, көтерілістен көп кешікпей туған бұл шығармалар
бұрынғы тарихи жырдан гөрі өзгешелеу. Мұнда, біріншіден,
оқиға ізі әлі суымаған, сондықтан көркемдеу мен әсірелеу
жағы аз; екіншіден, біразының авторы белгілі, демек, онда
ақынның творчестволық ізі, даралығы бар; үшіншіден, үлкен
шығармалар ел арасына ауызшадан гөрі жазбаша күйінде
34
ысмайылов Е. 1916 жылғы көтеріліс туралы халық поэзиясы // Қазақ
әдебиетінің тарихы. 1-т. 1-кітап. – Алматы, 1960. – 621-670-б.
20
ТАРИХИ ЖыРлАР
20
21
көбірек таралды. Соның салдарынан онда фольклорға тән си-
паттар оқшау көрінбейді; төртіншіден, бұл шығармалар туған
дәуір бұрынғы заман емес. Міне, осының бәрі, сөзсіз, ескерілуі
керек. Демек, 1916 жлғы оқиғаларға байланысты туған үлкен
шығармалар таза тарихи жырға толық айналмаған. Олай болса,
оларды эпикалық демей, «батырлық дастан» десек дұрыс болар.
Бірақ дастан жанрының табиғаты басқа. Міне, бұл мәселелер де
ғылыми дәйекті шешімін күтуде.
Тарихи жыр Н.С.Смирнованың да еңбектерінде біршама
зерттелді. Бізге жеткен, әрі хатқа түскен тарихи жырлардың
басым көпшілігі ХVІІІ ғасырда болған оқиғалар туралы.
Міне, осыны ескерген Н.С.Смирнова алғашқы еңбектерінде
оларды ХVІІІ ғасырда туған батырлық эпос деп қараған-ды
35
.
Ал кейінгі кездерде жазған жұмыстарында ғалым ХVІІІ-
ХІХ ғасырларда болған оқиғалар туралы көлемді үлкен
шығармаларды «тарихи эпос» деп атап, қазақ фольклорын-
да тарихи жыр өз алдына дербес жанр деген қорытындыға
келеді. «При измене нии устно-поэтической традиции укоре-
няются новые разновид нос ти эпоса. Одну из них можно на-
звать «историческим эпосом». Это—поздняя промежуточная
форма между собственно эпосом и исторической песней»,
36
—
деп жазады ғалым.
Бұл жерде анықтап алатын жағдай—қазақ тіліндегі «жыр»
терминін орысша қалай беру керек деген мәселе. «Эпос» деп пе,
әлде басқаша атау керек пе? Батырлық жырды «героический
эпос» дегенде, «тарихи жырды» неге «исторический эпос» де-
меске? Негізі, «эпос» деген сөз «батырлық» деген сөз емес қой.
Бұл көлемді жыр мағынасын береді. Демек, «жырды» орысша
«эпос» деуіміз дұрыс, ал оның түрін бірде батырлық, бірде тари-
хи эпос деп атауға болады. Басқаша айтқанда, батырлық жыр
да (эпос), тарихи жыр да (эпос) өмірде болған оқиға негізінде
шыққан ғой. Бірақ біріншісінде батырлық пен көркемдік
әсірелеу басым да, екіншісінде шындық жағы, факті мен оқиға
35
Смирнова Н.С. Проблема исторического и эпического в казахской литера-
туре ХVІІІ в. // Вестник АН КазССР, 1948, № 5; Смирнова Н.С. Еще раз о про-
блеме исторического и эпического в казахском эпосе ХVІІІ в. // Вестник АН
КазССР, 1949, № 1; Смирнова Н.С. Очерки казахской литературы ХVІІІ в. Ав-
торефер. на соиск. учен. степени докт. филолог. наук. – Алма-Ата, 1951.
36
История казахской литературы. Т. 1. – Алма-Ата, 1968. – С. 88.
20
20
21
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
жағы басым. Оның үстіне екеуі—эпос жанрының дамуын дағы
екі саты. Н.С.Смирнова дұрыс айтады: тарихи жыр—екі ара-
лық жанр, яғни тарихи өлең мен батырлық жырдың арасын да-
ғы өткел.
Олай болса, Н.С.Смирнованың алғаш кезде тарихи жыр-
ды кейінгі дәуірде шыққан эпос (кенже эпос) деп тануынан
бас тартып, зерттей келе М.Әуезов айтқандай оны жеке жанр
деп есептеуі әбден орынды. Тек, Н.С.Смирнова пікірінің бір
өзгешелігі—тарихи жырды екі аралық жанр деп қарауы.
Н.С.Смирнова сондай-ақ тарихи өлеңді де жеке қарасты-
ра ды. Бірақ ол кісінің пікірінше, қазақ фольклорында
бұл жанр өте кеш туып, ХІХ ғасырда пайда болған және
толыққан ды жанр болып әзірше қалыптаса қоймаған
37
. Біз-
діңше, бұл тұжырым әлі де анықтап зерттей түсуді қажет
етеді. Себебі бұл ұстаным бойынша (орыс және Еуропа фольк-
лористикасында) тарихи өлең фольклор ішіндегі ең кенже
қалған жанрдың бірі, яғни кейінгі дәуірлерде, нақтылап
айтқанда, мемлекеттің пайда болу кезеңінде туған жанр.
Алайда, түркі халықтарының материалдарына қарағанда,
тарихи өлең өмірдің әр кезеңінде болатын ірілі-ұсақты мәні
бар оқиғалардың тұсында немесе дереу солардың артынша
туатын шағын шығарма: сол себепті тарихи өлең әр ғасырда,
әр дәуірде туа береді. Ал оның ішіндегі маңыздылары тарихи
жырға айналып, ұлғайып отырады.
Тарихи жырға 1948 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті-
нің тарихы» кітабында арнайы үлкен бөлім берілген
38
. Бөлім-
нің кіріспесінде тарихи жырлар туралы түсінік бар, онда бүкіл
тарихи фольклор жөнінде айтылып, тарихи өлең, жыр, аңыз
жайында сөз болады және фольклордың тарихқа көзқарасы,
яғни тарих пен фольклордың ара-қатынасы біршама ай қын-
далып баяндалады. Рас, сол кезеңдегі тұжырым бойын ша автор
(Б.Кенжебаев) фольклор терминінің орнына «ауыз әде биеті»
ұғымын қолданады. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін кейбір
зерттеушілер осы екі ұғымды шатастырып жүр. Дұры сында,
«ауыз әдебиеті» деп қазіргі ғылымда авторлық шығармаларды,
яғни жыраулар мен ақындардың ауызша шығарып, ауызша
37
Сонда, 91-б.
38
Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том. – А., 1948. 300-358-бб.
22
ТАРИХИ ЖыРлАР
22
23
орындаған, ауызша таралған туындыларын тану орныққан. Ал
фольклорға ел есінде сақталып жеткен, авторы жоқ, ұмытылған
шығармалар жатады. Оны кейде «халық ауыз әдебиеті» деп те
атайды.
Сонымен, 1948 жылғы «Қазақ әдебиетінің тарихына» ора-
лайық. Онда былай делінеді:
«Тарихи жырлар, тарихи аңыз әңгімелер дегеніміз—ха-
лықтың өмірінде бұрын-соңды болған, саяси-әлеуметтік мәні
зор тарихи оқиғалар, істер жөніндегі, бұрын-соңды тарих та
шын болған көрнекті адамдар жөніндегі ауызша шығарыл ған
өлең-жырлар, аңыз әңгімелер»
39
. Бұдан байқайтынымыз—
тарихи жырдың нақты бір оқиғаға негізделетіні. Бұл жайында
Б.Кенжебаев былай деп жазады: «...көп реттерде тарих пен ауыз
әдебиеті бір-біріне жәрдемші, бірін-бірі толықтырушы болып
келеді... Бірақ осымен қатар, тарих пен ауыз әдебиеті бір дей
емес екенін де ескеру қажет. Тарихшы болған оқиғаны тыңнан,
ойдан жаңалық қоспай, сол тарихта болғанынша тексеріп, тал-
дап айтып береді. Ол үнемі тарихтық нақтылы материалдарға
сүйенеді, айтылған ойын, пікірін солармен дәлелдейді. Ал
ауыз әдебиеті, ақын, жырау болған оқиғаның, тарихи адамның
өмірбаяны мен істеген ісінің сүрлеуін, ізін, желісін ғана алады.
Басқасын өзінің қиял дүниесінен шығарады, суретпен, перне-
мен, бейнемен айтып дәлелдейді.
Ауыз әдебиеті тарихи оқиғаны, тарихи істі зерттеу тілімен
айтпай, көркем әдебиет тілімен айтып береді. Тарихи шын-
дықты көркем шындыққа айналдырып айтады деген сөз»
40
.
Өте орынды, дұрыс айтылған пікір. Автордың бұл ойы тек
тарихи жырға ғана емес, бүкіл фольклорға, тіпті күллі көр кем
әдебиет пен өнерге де қатысты. Тарихи шындықты, болмысты
фольклор да, көркем әдебиет те, өнер де сол күйінде бейнеле-
мейді, әсіресе фольклорда өткен заман оқиғалары тұтастануға
түсіп, бір дәуірге шоғырланады, сондықтан әр шығармадан
нақ ты болған істі, фактіні іздеуге болмайды. Фольклорда уа қыт
тұйықталады, кеңістік жиырылады, іс-әрекеттер әсіреленеді...
Осыны ескермеген зерттеуші өткен ғасырдағы ғылымда орын
алған «тарихи мектептің» қателігіне ұрынары сөзсіз. Жалпы,
39
Сонда.
40
Сонда.
22
22
23
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
фольклордың көпсаты лы, көпқабатты, көпфункциялы рухани-
ят екенін ұмытпаған жөн.
Сөз болып отырған кітапта тарихи жырлардың үлгісі
ретінде Абылай туралы жырлар мен әңгімелер, Сырым
жөніндегі аңыз әңгімелер, Кенесары, Наурызбай туралы жыр-
лар, әңгіме лер, «Жанқожа батыр», «Бекет батыр», «Досан ба-
тыр» атты дүниелер қаралып, Саржан, Кенесары, Наурызбай,
Ағыбай сияқты батырлардың бейнесі жеке-жеке талданады.
Сондай-ақ «1916 жылғы көтеріліс туралы халық әдебиеті» де-
ген тарау ша бар.
Ал, 1960 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тари-
хында» тарихи жырлар үш топқа бөлініп, қарастырылған:
ХVІІІ ғасырдағы тарихи өлең, аңыз-әңгімелер және жыр
сарындары (авторы Н.Смирнова); ХІХ ғасырдағы тарихи
жырлар, Жанқожа батыр жайындағы жырлар, Бекет батыр
жайындағы жырлар, Досан батыр жайындағы жырлар (ав торы
Б.Шалабаев), 1916 жылғы көтеріліс туралы халық поэзиясы:
Революциялық тарихи жырлардың туып дамуы, Аман келді нің
ерлік тұлғасы, Бекболат және халық трагедиясы ның бейне сі,
Майдан өмірін суреттеу, көтеріліс туралы лири ка лы жырлар
(авторы Е.ысмайылов).
41
Бұрынғы, 1948 жылы шыққан, әдебиет тарихына арналған
кітаппен салыстырғанда, мына еңбекте тарихи жырдың
құрамы бірталай өзгеріске түскен. Мұнда, біріншіден, Абы-
лай, Сырым туралы шығармалар жеке бөлінбей, атүсті ғана
сөз болады; екіншіден, Кенесары, Наурызбай жайындағы жыр-
лар жоқ; үшіншіден, Саржан, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай
батырлардың бейнелері мүлде талданбаған.
Көңіл бөліп айтатын нәрсе сол—екі кітапта да тарихи
жыр, аңыз, өлең аралас қарастырылады және тарихи жыр тек
ХVІІІ ғасырда ғана пайда болып дамуға түсті деген тұжырым
ұсынылған.
Тарихи жыр мен батырлық эпос жырларын саралап зерттеу
ісін ұсынғандар қатарында Б.Кенжебаевты да айту қажет. Ол
эпос пен тарихи жырдың айырмасы бар екенін, бұл екі жанр-
дың шығу дәуірі мен жаратылысының өзгеше екенін айқын
түсініп, өз ойын «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» атты
41
Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том. 1-кітап. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.
– А., 1960. 579-670-бб.
24
ТАРИХИ ЖыРлАР
24
25
кітабында жүзеге асыруға тырысқан
42
. Өзінің бұрын-соңды
жазған еңбектерінде ол жалғыз тарихи жырды ғана емес, тарих
іздерін анығырақ сақтаған әңгімелер мен аңыздарды да қамти
отырған.
Ғалым Абылай, Сырым атына байланысты тарихи жырлар-
ды талдап, олардың тарихи шындықпен арақатынасын ашуға
талпынған. Осы негізде ол тарих пен халық әдебиеті нақпа-
нақ болмайтынын байқайды. Тарихи оқиға фольклорлық
шығармада, әсіресе жырда, көркемделіп бейнеленетінін, тіпті
әсіреленіп көрсетілетінін айтады.
Б.Кенжебаевтың тарихи фольклорлық шығармаларды
зерттеу жұмыстарының ішінде 1916 жылғы көтеріліске бай-
ланысты туған халық поэзиясына арналған ғылыми еңбегінің
орны бөлек
43
. Зерттеуші алдымен тарихи оқиғаға тоқталып,
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тек Қостанай, Торғай мен
Жетісу өлкелерінде ғана емес, Қазақстанның барлық айма ғын-
да болғанын нақты мысалдармен дәлелдейді, тың туындылар
тауып, ғылыми нақты талдаулар жасайды.
Ғалым қаралып отырған кездегі халық поэзиясы ежелгі
батырлық эпос пен кейінгі тарихи жыр дәстүрлерін жал ғас ты-
рады деген ой айтқан. Б.Кенжебаев 1916 жылғы халық поэзия-
сы өзінің жанрлық құрамы жағынан өте бай екенін аңға рып,
онда мынадай жанрлардың кездесетінін анықтайды: дас тан,
ерлік және лирикалық өлеңдер, арнау, үндеу, сәлем хат, мұң-
шер лирикасы. Автордың ойынша, арнау, үндеу, сәлем хат—
халық поэзиясында жаңа туған соны жанрлар. Осылар дың
ішінде, «тарихи өлең» деп арнайы бөлмесе де, Б.Кенжебаев
шағын өлеңдерді өз алдына дербес алып қарастырады.
1916 жылғы көтеріліске байланысты туған фольклор-
лық шығармалар туралы кандидаттық диссертация жазған
М.Жармұхамедов тарихи өлеңдерді жеке дара бөлмей, олар ды
тұтас лирикалық өлең деп есептейді
44
. Автор оларды маз мұн-
дық сипаттарына қарай үгіт-насихат, қоштасу, жоқтау және
сәлем хат өлеңдер деп топтайды. Сонымен қатар зерттеуші
толғаудың жаңа түрлері пайда болғанын айтады. Жалпы,
42
Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы, 1973.
43
Кенжебаев Б. 1916 жылғы көтеріліс жырлары туралы. – Алматы, 1956.
44
Жармухамедов М. Восстание 1916 года в казахской народной поэзии. Авто-
реф. на соиск. учен. степени канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1962.
24
24
25
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
М.Жармұхамедов бар назарын 1916 жылғы көтеріліс туралы
өлеңдердің идеялық мазмұнын зерттеуге аударады.
1916 жылғы көтеріліс жайындағы халық ауыз әдебиетін
Х.Ищанов та зерттеді
45
. Ол поэзиялық шығармаларды лири-
калық өлең жанрына жатқызып, онда тарихи сипат басым
екенін қоштайды. Автордың әсіресе мән бере зерттегені—сәлем
хат, қоштасу және жоқтау үлгілері.
Тарихи жырға орысша шыққан «Қазақ әдебиетінің тари-
хында» арнайы тараулар берілген. Бұл томда тарихи жырды
кейінгі дәуірде туған эпос, ал тарихи өлең ХVІІІ ғасырда ғана
пайда бола бастады деген пікір бар
46
.
Шын мәнісінде олай емес. Өйткені, біздіңше, тарихи
өлең—көне заманнан бері халықтың өзімен бірге жасасып
келе жатқан жанр. Халық басынан өткен оиғалардың бар лығы
да тарихи өлең туғызып отырған. Бірақ сол өлеңнің көбісі
біздің дәуірімізге дейін түгел жетпеген. Оның үстіне тарихи
өлеңнің бірте-бірте басқа жанрға—тарихи жырға, одан батыр-
лар жырына айналып кететінін де ескеру керек. Әйтпесе, со-
нау түркілер мен қызылбастар, қараханидтер мен моңғолдар,
қалмақтар мен қоқандықтар дәуірінде болған оқиғалар та-
рихи өлең туғыз бады дейсіз бе? Жоқ, туғызды. Бірақ оның
біразы ұмытылды, біразы Алпамыс, Қамбар, Тарғын сияқты
батырлар туралы жырлар дың ішінде жүр. Олай болса,
мәселені басқаша қою керек. Орыс тіліндегі әдебиет тарихында
бұл мәселе дұрыс шешілмеген. Мысалы, ХІХ ғасырдағы Бекет,
Жанқожа, Досан көтерілістері туралы шығармаларды автор-
лар тарихи өлең дейді де, ал ХVІІІ ғасырдағы Қабанбай, Олжа-
бай, Есім, Абылай аттарымен байланысты шыққан жыр лар ды
кейінгі дәуірде туған эпос деп атайды.
«В ХVІІІ в. начинает складываться новый жанр казах-
ско го фольклора—историческая песня. Она качественно
от ли чает ся от героического эпоса. Эпос выдвигает идеаль-
ные норма ти вы, его герой—воплощение их. Таков, напри-
мер, Олжа бай—герой одноименного эпоса»
47
,—деп жаза-
45
Ищанов Х. 1916 жыл және халық поэзиясы. – Алматы, 1958.
46
История казахской литературы. Т. 1. – А-А., 1968 (ХҮІІІ және ХІХ ғ. тари-
хи шығармаларға арналған бөлімдерді жазған С.Қасқабасов пен Е.Тұрсынов;
ХХ ғасырға арналған бөлімнің авторы Е.ысмайылов).
47
История казахской литературы. Т. 1. – А-А., 1968. – С. 300-301.
26
ТАРИХИ ЖыРлАР
26
27
ды зерттеуші лер. Осы ретке Абылай, Қабанбай, Бөгенбай,
Өтеген т.б. тура лы шығарма лар ды да жатқызады. Сонда Бе-
кет, Жанқожалар туралы жырлар неге эпосқа жатпайды де-
ген заңды сұрақ туады.
Біздіңше, ХVІІІ ғасырдағы оқиғалар мен қайраткерлер ту-
ралы шығармалар өзінің жанрлық даму барысында тари хи
жыр деңгейінен біршама өтіп, батырлық эпосқа жақында ған.
Ол түсінікті де, өйткені бұл шығармалар жазылып алын ған да
болған оқиғадан бір ғасырдан астам уақыт өтіп кеткен еді. Жә-
не ол дәуірде фольклордың, әсіресе эпостың дәстүрі өте күшті
болатын.
Ал Бекет, Досан, Жанқожа туралы шығармалар тарихи жыр
қалпында хатқа түскен, олар ол деңгейден өтіп үлгірмеген. Рас,
ХVІІІ ғасырдың да, ХХ ғасырдың да тарихи жырлары жанр лық
құрамы жағынан біркелкі емес: онда көптеген жанрлар ара-
ласып, ұштасып жатыр.
Тарихи өлең жанрын арнайы зерттеген ғалым—Б.Уахатов.
Ол өзінің 1974 жылы шыққан «Қазақтың халық өлеңдері» де-
ген монографиясының бір тарауын тарихи өлеңдерге арнаған.
Ғалым бұл жанрдың тарихи жырдан айырмашылығын өте
дұрыс атап көрсетіп, оның жанрлық анықтамасын белгілейді.
«Шынында да,—деп жазады ол,—тарихи өлеңдердің шағын
түрлерінің көлемі қысқа, эскиз секілді болып келеді де, ұзын-
сонар оқиғаның ішінен тек сол өлеңнің идеясын ашарлық
сәттерді ғана даралап көрсетеді»
48
. «Тарихи деректерге сай
болған оқиғаны сол болған күйінде көрсетіп, нақтылы сурет
жасайды»
49
.
Тарихи өлеңнің жанрлық сипатын айта келіп, автор оны
лирикалық өлеңдерден шыққан деген пікірге тоқтайды. Алай-
да тарихи өлеңнің лирикаға жақын екені рас, онда лиризм нің
болатыны да хақ, бірақ бұның бәрі тарихи өлеңді лирика дан
шықты деуге дәлел бола алмайды. Себебі тарихи өлең болған
оқиғадан соң араға көп уақыт салмай-ақ дүниеге келіп жата-
ды, демек ол жанр ретінде лирикалық өлеңсіз-ақ туады. Бұл
жерде анықтап алатын бір нәрсе: тарихи өлең эпикалық түрге
жата ма, әлде лирикалық түрге жата ма? Міне, осы тұста та-
48
Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. – А., 1974. – 247-б.
49
Сонда. – 248-б.
26
26
27
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
рихи өлең мен тарихи жырдың айырмашылығы көзге айқын
түседі.
Тарихи жыр өзінің поэтикасы, орындалу мәнері, тіпті маз-
мұны жағынан да эпикалық түрге жатады. Ал, тарихи өлең-
де лирикалық сипат болғанымен, бірақ ол лирикалық өлең
емес.
Сонымен, тарихи жыр мен тарихи өлең жанрларын зерт-
теген ғылыми еңбектерге жасаған шолудан шығатын қоры-
тын ды мынадай.
Қазақ фольклорының құрамында «тарихи жыр» және «та-
рихи өлең» деген екі жанр бар екені дау туғызбайды. Алай-
да, оларды зерттеуде мұндай біркелкілік жоқ. Ғылымда
олардың ара жігі әлі толық ажыратылып болмаған. Соның
салдарынан зерттеушілер тарихи жырға көп көңіл бөліп, та-
рихи өлеңдерді әлі арнайы сөз ете алмай жүр. Бұл жанрлар
жет кілікті зерттелмегендіктен жоғары оқу орындарына ар-
нал ған оқулықтарда да лайықты дәрежеде қамтылмай жүр.
Оның үстіне тарихи жырдың да, тарихи өлеңнің де жанрлық
табиға ты әлі толық зерттелмей жүр десе де болады. Сол себепті
кей бір фольклористеріміз «тарихи жырды кейінгі дәуірде
туған эпос» деп, кейбір зерттеушілеріміз «кенже эпос» деп
қарастырып жүр.
Ал, шындығына келсек, қазақ фольклорында «тарихи
жыр» да, «тарихи өлең» де өзінше өмір сүре алатын, дер-
бес жанрлар. Бұл—қазақ халық әдебиетінің өзіндік дара
сипаттарының бірі.
Тарихи өлең—өмірде болған, нақты оқиғалар мен адам дар-
ға арналған шағын, бірақ біршама эпикалық сарыны бар шы-
ғармалар. Тарихи өлең, әдетте, оқиғаның ізі онша суы май тұр-
ғанда, фактілер ұмытылмай тұрғанда туады да, онда шын дық
іздері басым жатады. Сонымен бірге тарихи өлеңде көр кемдік
те бар, әрі лиризм де кездеседі.
Тарихи өлеңдер қоғам өмірінің әр кезеңінде туып отыра-
ды, яғни бұл—елгезек (оперативтік) жанр. Сондықтан тари-
хи өлең—өте ескі жанрлардың бірі. Мәселен, бүкіл түркі ха-
лықтарының эпикалық жыр түріне айналып үлгерген тарихи
өлеңдерінің ең көне үлгісі—Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк т.б.
туралы Орхон-Енисей маңынан табылған шығармалар деуге де
болады. Ал ең кенже, өмірге жаңа келген нұсқалары деп ұлы
28
ТАРИХИ ЖыРлАР
28
29
Отан соғысында туған бір нақты оқиғаға байланыс ты айтылған
шағын өлеңдерді атауға болады. Демек, тари хи өлең әрбір
үлкен айтулы оқиға сайын өмірге тұрақты түрде келіп тұратын
жанр. Оқиға болып жатқан кезде, немесе дереу со ның артынша
туған тарихи өлеңдер бірте-бірте, араға біраз уа қыт салып ба-
рып шоғырланып, белгілі бір циклге топталып, жырға айнала
бастайды. Оны жырға айналдырушылар—сол оқиға ның ішінде
болған, немесе оны жақсы білетін өте қабілетті ақын, жыршы-
лар.
«Тарихи жыр» терминінің аумағын кеңірек мағынада
түсінетін болсақ, оған ел тарихының, халық өмірінің маңыз-
ды кезеңдеріне арналған эпикалық, сондай-ақ бірен-саран
лиро-эпикалық шығармалар жатады. Әрине, тарихи жыр
көркем шығарма болғандықтан тарих фактілері мен деректері
онда көркемделіп, біршама өзгертіліп көрсетіледі. Тарихи
жыр—түптеп келгенде батырлық жыр мен тарихи өлеңнің
ара лығындағы жанр. Тарихи өлең әңгімеленіп отырған оқи-
ға ның ізінше пайда болады да, ел арасына тез-ақ тарап кетеді.
Кейін сол әр өлеңде айтылған оқиғалардың негізінде көлемді
шығармалар туады. Олар бірте-бірте циклденіп, үлкен жырға
айналады және оған көптеген тарихи шағын өлеңдер енеді.
Содан барады да үлкен, эпикалық тарихи жыр пайда болады.
Ал араға көп уақыт салып барып, аса бір үлкен оқиғаға байла-
нысты ол батырлық жырға айналады. Бізге жеткен көптеген ба-
тырлар жырының даму жолы осындай. Әрине, бұдан ба тыр лық
жырдың бәрі тек осылай дамиды екен деген ой ту мауы ке рек.
Батырлық эпостың құрамында миф, аңыз, ертегі элемент те рі
өте көп. Кейбір эпос тек солардан тұрады.
Ал Абылай, Есім, Қабанбай, Олжабай туралы шығармалар
батырлық эпосқа толық айналып үлгермеген, бірақ оның поэ-
тикасын бойына сіңірген тарихи жырлар. Батырлық эпос үшін
шындық өмірді және ғаламат оқиғалар мен алып батырлар-
дың керемет ерлігін тек қана гиперболалық тәсілмен әсірелеп
көрсету—үлкен идеялық әрі эстетикалық мұрат саналады.
Эпостық тәсіл бойынша бұрын-соңды болған оқиғалар бір
адамның бойына таңылып, олардың кәдуілгі қимыл-қайраты
зор ерлік, асқан батырлық дәрежесіне көтеріле суреттеледі.
Мұн дай эпикалық эталондар көптеген жылдар бойы қалып-
та са ды. Сол себепті эпоста көрсетілгеннің бәрі мүмкіндігін ше
28
28
29
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
кең диа пазонды, монументальды сипатта суреттеліп, үлкен
қорытындылар жасалады.
Ал тарихи жырда идеялық-эстетикалық мұрат сәл өзге-
шелеу: мұнда үлкен оқиғаның жекелеген фактілеріне, бұқа-
ра қауымнан өзінің қайратымен, жүректілігімен, ақылымен
дараланып шыққан кәдімгі қарапайым адамдарға мән бері-
ле ді. Бірақ олар, яғни жеке факті де, адам да жалпы тари-
хи жағдай дан бөлек алынбайды. Тіпті тарихи жырдың бүкіл
маз мұ ны ның өзі сол заманның оқиғаларынан туып, өрбіп жа-
тады.
Рас, қазақ тарихи жырларында батырлық эпостың көпте-
ген элементтері бар, бірақ олар әлі таза қаһармандық эпос
емес. Демек, біз «қазақ фольклорында басқа жанрлар сияқты
тари хи жыр бар» деп қарауымыз керек. Оны «кенже эпос»
деу де дұ рыс емес. Ол—қазақ фольклорының өзіндік ерекше
белгісі нің бірі. Тарихи жырдың кенже эпос емес екендігіне
тағы да бір дәлел ретінде мынаны айтуға болады. Батырлар
жырының негізгі мазмұны—қалмаққа қарсы соғыс. Та-
рихи жырдың да мазмұны—сол. Демек, қазақ пен қалмақ
арасындағы соғысты көрсету үшін тағы да бір топ батырлық
эпос жасаудың керегі бар ма еді? Мұны жасап үлгірерліктей
уақыт та болған жоқ.
Мәселе мұнда басқаша болу керек. Абылай, Олжабай,
Қабанбай т.б. туралы жырлар ХVІІІ ғасырдың өзінде пайда
болмай, бұл тұста тек шағын өлеңдер мен аңыз-әңгімелер
ғана ту ған. Айталық, «Қап қағылған», «Қаратаудың басы-
нан көш келе ді», «Қалмақ қырылған» сияқтылар. Сол тә-
різді Абылай туралы, оның батырлары жайында да әртүрлі
аңыз, әңгіме, өлеңдер шыққаны даусыз. Шоқан жазып алған
«ХVІІІ ғасырдағы батырлар туралы тарихи аңыздар»
50
мен
басқа жырлар осының айғағы. Шоқан бұларды ХІХ ғасыр дың
екінші жартысында жазып алғанын және олардың өзі бір-
неше бөлшек тен тұратынын ескерсек, бұл шығармалар оқиға-
дан көп кейін пайда болғанын көреміз. Мәселен, қай жырды
алсақ та, баяндалатын оқиға мен бейнеленетін кейіпкер лер-
дің ер теде өткені атап көрсетіледі. Міне, «Қабанбай» жыры-
ның бас талуы:
50
Валиханов Ч. Собр. соч. в 5-ти т. Т.5. – Алма-Ата, 1961. – С. 220-228.
30
ТАРИХИ ЖыРлАР
30
31
Жарандар, иманыңнан күдер үзбе,
Айтамын аз мәселе енді сізге...
Бұрынғы өтіп кеткен ер Қабанбай...
51
Демек, мұндай эпикалық шығарма Қабанбай дәуірінен әл-
деқайда кейін туған.
Қалмақ шапқыншылығы кезінде халықты ерлікке шақы-
ру идеяларын жыршылар ежелгі эпосты айту арқылы дамыт-
қан. Алпамыс, Қобыланды сияқты батырлардың жаулары
етіп қалмақтарды көрсеткен. Өйткені сол кездегі анық болған
тарихи оқиғаларды, яғни қазақ пен қалмақ арасындағы
қақ тығыстарды ел ақындары әлі де көлемді жырға түсіріп
үл гірмеген. Тек шағын өлеңдер мен әңгімелерді айтумен
шектелген. Кейін ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың
бас кезінде солардың басын қосып, мәнерлеп, әсірелеп,
көркемдеп үлкен тарихи жырға айналдырған. Ол үшін
жыр шылар, сөз жоқ, бұрыннан белгілі батырлық эпостың
көркем поэтикасын пайдаланған, соған сүйенген. Соның нә-
тижесінде тарихи жырлар соңғы бір-екі ғасырдың ақиқат
шын дығын бейнелейтін өзіндік тың құбылыс ретінде дүниеге
келіп, халық әдебиетінің өз алдына дербес тума жанры болып
қалыптасқан.
Бүгінгі таңда қазақ фольклортану ғылымы тарихи жыр—
ұлттық фольклорымыздың айшықты да өзіндік жанры еке-
нін дәлелдеп, оны теориялық тұрғыдан тереңдей зертте-
ген еңбектермен байи түскенін айту керек. Бұл істе, әсіресе
1979 жы лы жарық көрген «Қазақ тарихи жырларының мә-
селелері» деген ұжымдық еңбектің маңызы үлкен болды.
52
Атауынан көрініп тұрғандай-ақ, бұл кітап түгелдей тари-
хи жырға арналған, ал мұның өзі ол шақта онша құптала
бермейтін тақырып болатын. Монография үлкен екі бөлімнен
тұрады. Бірінші бөлімде ХVІІІ ғасырдағы тарихи жырлар
қарастырылады. Бұл қатарға Абылай, Қабанбай, Бөгенбай,
Шақшақ Жәнібек, Олжабай, Өтеген, Арқалық секілді ба-
тырлар туралы шығармалар енген. Ал екінші бөлім ХІХ-
ХХ ғасыр лар жырларына арналған. Мұнда Исатай-Махамбет,
51
Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. – А-А., 1972. – С. 263.
52
Қазақ тарихи жырларының мәселелері. – А., 1979.
30
30
31
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
Досан, Бе кет, Жанқожа, Сұраншы жөніндегі жырлар талда-
нады.
Кітаптың ұтымды жағы деп тарихи жыр жанрының сипа ты
мен зерттелуін, тегі мен дамуын жеке қарастырған мақала лар-
дың болуы және халық музыкасындағы тарихи оқиғалар дың
бейнелену жағдайын баяндауы. Алайда, сонымен бірге еңбекте
ХVІІІ ғасырдан бұрынғы замандарда пайда болған шығарма-
лар сөз болмайды. Мұның себебі—арғы дәуірлердегі жырлар-
ды зерттеуге рұхсат болмауы және ол материалдардың жа бық
жатуы еді. Соған қарамастан, осы еңбектен кейін зерттеу ші лер-
дің тарихи жырға деген ынтасы өсіп, жекелеген мақалалар жа-
риялана бастады.
Тарихи жырды кең көлемде жинау мен жариялау әрі
зерт теу жұмысы еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін едәуір
қарқын ал ды. Тарихи жырдың мәтіндері жеке-жеке том бо-
лып жарыққа шықты, ол томдарға арнайы кіріспе жазы-
лып, түсініктер берілді.
53
Тарихи жыр жайында диссерта-
циялар қорғалып, монографиялық зерттеулер жазылды.
54
Бұл еңбектердің қай-қайсысында да болсын тарихи жыр
арнайы сөз болып, оның өзіндік және басқа жанрлармен
ортақ белгілері, жекелеген шығармалардағы тарихилық
пен фольклорлық элементтерінің ара-қатынасы анықтала
түскен, сондай-ақ жарияланып отыр ған жырға сипаттама
талдау берілген. Осы ретте Р.Бердібай дың «Абылай хан» атты
жинаққа жазған «Абылайдың асуы», Ш.Уәлиханның «Тари-
хи жырлар» көптомдығының 1-томына жазған «Абылай хан
туралы өлең-жырлар және тарих», Ш.ыбырайдың «Тарихи
жырлар» жинағының 3-томына жазған «Азаттық жыры»
атты мақалаларын атау лазым. Ал Б.Абылқасым «Қабанбай
батыр» атты жинаққа енген «Қабан бай батыр» атты жыры
туралы» және «Қаракерей Қабанбай» деген екі мақаласында
аталмыш жырдың варианттары жайлы қысқаша мәлімет
53
Қараңыз: Абылай хан. А., 1993; Тарихи жырлар. 1-том. Абылай хан. – А.,
1995; Тарихи жырлар. 3-том. Кенесары-Наурызбай. – А., 1996; Ақжолтай
Ағыбай батыр. – А., 2002; Б.Абылқасым. Қабанбай батыр. – А., 2005. т.б.
54
Қараңыз: Сәнік З., Садықанұлы Б. Қаракерей Қабанбай. – А., 1991;
Сейітжанұлы З. Тарихи эпос. – А., 1994; Ибраһим Б.С. Тарихи жырлар
тағылымы. – Қарағанды, 1997; Берік Серікбайұлы. Тарихи эпос табиғаты. –
Қарағанды, 1999, т.б.
32
ТАРИХИ ЖыРлАР
32
33
береді және «батырдың бейіті қай жерде» деген мәселені сөз
етеді.
Міне, байқасақ, 1990-2005 жылдар аралығында жарық
көрген тарихи жырлардың дені ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы
оқиға лар, дәлірек айтқанда, Абылай мен Қабанбай, Олжа-
бай, Кене сары мен Наурызбай, Ағыбай туралы екен. Ал,
ХVІІІ ғасырдан ертеректе өмір сүрген тарихи тұлғалар мен
олардың іс-қимыл дары, жаумен ұрысы, ерлігі жайындағы
жырлар әлі күнге дейін ойдағыдай деңгейде жарияланбай
келеді. Осы олқылықты толтыратын үлкен іс—«Бабалар
сөзі» сериясы бойынша ХV-ХVІ-ХVІІ ғасырлар кезіндегі
айтулы оқиғалар мен қайраткерлер жөніндегі жырларды
бастыру болып отыр. Әлбетте, бергі дәуірдегі, яғни ХVІІІ
бен ХІХ, тіпті ХХ ғасыр тұсындағы да тарихи жырлардың
үлгілері қамтылады. Бұл ғылыми басылым болғандықтан
жариялануға тек жыр мәтіндері ғана іріктеліп алынды, ал
тарихи өлең мен аңыз, әпсаналар сол жанрларға арналған
томдарға топталады.
ұсынылып отырған томға негізінен ХІV-ХVІІ жүз жыл-
дық тарда ғұмыр кешкен, елі мен жері үшін жанын аямай
күрескен, орасан ерлік көрсеткен батырлар мен көрнекті
тұлғалар туралы шығармалар енді. Мәселен, ХІV-ғасырда
өмір сүрді деп есептелетін Орақты батыр, ХV ғасырдағы Әз
Жәнібек хан, атақты Есім хан (ХVІ ғ.), Олжаш батыр (ХVІ ғ.),
Сәтбек батыр (ХVІ ғ.) жөніндегі жырлар. Әрине, бұл адамдар
жайындағы жырлар дәл сол шақта тумаған, олар бейнеленіп
отырған басты кейіпкерлер өмірден өткеннен кейін көп
уақыт кеш туған. Сол себепті оларда баяндалатын оқиғалар да
дәл сол қалпындай болып көрсетілмейді, сюжеттің алғашқы
нұсқасы өзгеріске ұшыраған, түпкі оқиғаға әртүрлі қоспалар
қосылған және ауызша орындалу барысында айтушылар мен
тыңдаушылар да қалауы бойынша шығармаға, кейіпкердің іс-
әрекетіне, мінез-құлқына өзгерістер, қосымшалар жамаған,
сөйтіп, тарихи жырда неше түрлі қиял-ғажайыптық, тіпті
мифтік сарындар пайда болған. Мұның бәрі тарихи жырды—
таза фольклорлық көркем шығармаға айналдырады, демек,
бір заманда болған оқиға көркем шындыққа айналады, соның
нәтижесінде шығармада алғашқы оқиғаның сұлбасы ғана
сақталады. Болған оқиғадан неғұрлым көп уақыт өткен сайын
32
32
33
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
шығармада соғұрлым ол солғын тартып, көмескілене береді,
сюжет кеңейіп, әр дәуірдегі алуан түрлі ұғым-түсініктер мен,
наным-сенімдермен байланысты мотивтермен толығады да
үлкен эпостық дүние болып шығады. Бұл заңдылықты осы
томда жарияланып отырған мәтіндерден де көруге болады.
Мысалы, «Орақты батыр» жыры бірнеше хикаядан тұрады.
Елге жайлы қоныс іздеп жортқан жалайыр жұрты бірде адам
жейтін жалмауызға кезігеді, енді бірде айдаһарға ұшырасады,
тағы бірде Ақкөбік, Қаракөбік деген күніне бір қыз бен бір
қой жейтін екі жалмауызға тап болады. Үш ретте де он жеті
жасар Орақты батыр әлгі айдаһар мен жалмауыздарды жай-
ратып салады. Батырдың осындай неше алуан мақұлықтар
мен жауыздармен шайқасатыны туралы сюжет тер өте ерте
заманда туған деп есептеледі және жанрлық сипаты бойын-
ша олар хикая болады. Ал осы «Орақты батыр» жырында
тарихи факті, немесе оқиға бар ма?»—деген мәселеге келер
болсақ, ол байқалмайды. Рас, Балпық пен Ескелді билер
бар жырда. Олар—ХVІІІ ға сырда өмір сүрген қайраткерлер,
Жалайыр жұртының атақты билері. Сонда қалай, Орақты
батыр ХІV ғасырда өмір сүрген болса, ХVІІІ ғасырдағы
Балпық пен Ескелді билер бір жырда қатар жүргені несі?—
деген сауал туады. Мұндай тарихи анахронизм фольклорда,
әсіресе батырлық эпоста бола береді. Оны фольклортану ғы-
лы мында «тарихи тұтастану» заңы деп атайды. Бұған тән
нәрсе: бір шығармада әртүрлі заманда болған оқиғалар, әр
басқа дәуірде өмір сүрген тұлғалар аралас жүреді. Мұндай
тарихи тұтастану фольклор поэтикасы бойынша көбінесе бас
қаһарманды дәріптеу мен шығармаға шындық сипат беру
үшін қолданылады.
Жоғарыда айтылғандай, тарихи жыр саф таза күйінде
болмайды. Ол фольклордың басқа жанрларымен бірге, ара-
лас, бір жүйеде ғұмыр кешкен себепті сол жанрлардың кей-
бір қасиеттерін бойына сіңіреді, сондықтан кейде ертегі,
кей де хикая, кейде батырлық жыр сияқты болып көрінеді.
Бірақ оны бұлардан айырып тұратын басты ерекшелігі—онда
баяндалатын оқиға, немесе бейнеленетін кейіпкер өмірде
болған, тарихи шындық болатыны. Ал тарихи жырдың басқа
жанрмен жақындасып кеткен түрін осы томдағы Жәнібек
пен Есім хан хақындағы жырлар арқылы кездестіреміз.
3-0273
34
ТАРИХИ ЖыРлАР
34
35
Мәселен, «Батыр Жәнібектің өлеңі» деп аталатын жырдың
басталуы кәдімгі классикалық эпостың прологі: перзентсіз
ата-ана қартайған шақта әулиеден әулие қоймай жер шарлап
жүріп, ақыры Баба түкті шашты Әзіздің көмегімен болашақ
батыр Жәнібекті көреді. Осындай бас қаһарманның ерек-
ше болып тууы, дәлірек айтқанда, ғайыптан (ғажап) тууы
«Еңсегей бойлы ер Есім» жырында да баяндалады. Бұл жыр-
да осы мотив екі рет қайталанады. Әуелі Шыңғыс ханның
күн нұрынан жаралғаны туралы белгілі сюжет айтылады да,
екінші ретте Шыңғыс ханның ұрпағы Түркістанның ханы
Тәуекелдің (Тәукенің) қырыққа келгенше баласыз болғаны,
оның Қашқардағы Аппақ қожа дегеннің қолдауымен перзент
көргені, ұлының атын Есім қойғаны баяндалады. Жалпы, бұл
жырда тарихилық сипат басымырақ: Шыңғыс хан, Тәуке хан,
Есім ханның бейнеленуі, Тәшкентті билеген Тұрсын ханның
жауыздығы, сондай-ақ Дешті Қып шақ, Түркістан, Қашқар
сияқты жер атауларының болуы—тари хи шындықтың
көріністері.
Осындай жайттер «Олжаш батыр» жырында да ұшыраса-
ды. Жырдың желісі Есім хан мен Тұрсын ханның арасында-
ғы қайшылықты қатынастарға құрылған. Қатаған ханы—
Тұрсын қалмақтың ханы Қатаған болып көрсетіледі. Оның
іс-әрекеті Есім ханға, қазақ еліне қарсы жауыздық ретінде
суреттеліп, Қатаған жеңіліске ұшырап, оның қыздары ол-
жаға түскені жырда біршама кең баяндалады. Бұл жағдай
қазақ шежірелерінде де айтылады. Мысалға Шәкәрім жазған
ше жірені, М.Тынышбаевтың жазбаларын айтуға болады.
«Сәтбек батыр» жыры жоғарыда сөз болған шығармаларға
қарағанда, көнелік сипаттан таза. Мұнда ертегі мен эпостың
сарындары кездеспейді, соған қарағанда, аталмыш жыр не
бертінгі заманда туған, не жеткілікті дәрежеде фольклорлық
айналымға толық түспей, тұтастанудың сюжеттік түрін ғана
бастан кешірген болу керек деп топшылауға болады. Бұлай
болған жағдайда жыр Ермактың қазақ жеріне кіріп, елге
жасаған озбырлықтарының ізі суымай тұрғанда дүниеге кел-
ген бе деп те болжауға болатын тәрізді. Қалай болғанда да,
«Сәтбек батыр»—таза тарихи жырдың үлгісі. Оның тарихи
негізі дәл жырдағыдай болмаса да, Ермактың қазақ жерінде
34
34
35
ТАРИХИ ЖыРлАР ХАҚыНДА
Ертіс өзеніне батып өлгені—шындық. 1585 жылғы тамыз
айының 5-күні «Ермактың қарақшылары кішкене аралға
түнейді. Жаңбырлы түнде Сәтбек батыр бастаған Көшім сар-
баздары күзетшілердің көзін жойып, қалжырап ұйқыға кет-
кен қарақшылар лагеріне шабуыл жасайды. Оянған Ермак
қорғана алмасын біліп, бас сауғалап, өзен ағысына қойып
кетеді де, суға батып өледі»,
55
—деп жазады профессор Мұрат
Әбдіров өзінің «Хан Кучум: неизвестный и известный»
(А., 1996) атты кітабында. Осы жағдай жырда фольклордың
дәстүрі бойынша көркем баяндалған, сюжет драмалық си-
патты қақтығысқа құрылған, өмірдегі Ермактың өлуіне се-
бепкер болған Сәтбек батыр мен оның сарбаздары болғаны
жырдың сюжетіне негіз болған, сондықтан негізгі оқиға
жалғыз Сәтбекке байланыстырылған. Бұлай болуының тағы
бір себебі—жыр көркем шығарма болғандықтан, Сәтбектің
бейнесін қаһармандық мәнде көрсету қажет болғандығы.
Атап айтатын бір нәрсе сол—«Бабалар сөзі» сериясының
ғылыми шарты бойынша, томдарға бір шығарманың бірнеше
варианты қоса беріледі. Бұл шарт бұрынғы томдарда да,
осы томда да сақталған. Сол себепті осы томда Есім хан ту-
ралы 2 жыр, Сәтбек батыр жайында да 2 мәтін жарияланып
отыр. Келесі томдарда да осы принцип сақталады. Айталық,
ХVІІІ ғасыр батырларына арналған төрт томда Абылай ту-
ралы 3 жыр, Қабанбай жайындағы 5 жыр, Олжабай, Өтеген,
Райымбектер жөніндегі жырлардың әр түрлі нұсқалары
берілмекші. Ашып айту керек, варианттар бірін-бірі дәлме-
дәл қайталамайды. Тіпті сюжет біреу болған күннің өзінде
де олар өзара ерекшеленіп тұрады. Бұл—фольклор дәстүріне
тән ерекшелік. Бұған бір жырдың өзін бір жыршыдан екі-
үш мәрте қайта жазып алу арқылы көз жеткізуге болады.
Американың, Ресейдің ғалымдары мұндай тәжірибені жа-
сап, жыршы бір жырдың өзін сюжетін сақтай отырып екі
түрлі етіп айтатынын дәлелдеген. Өкінішке қарай, бізде он-
дай тәжірибе жасалмаған. Тек, абырой болғанда, Жамбыл-
дан «Өтеген батыр» жыры екі рет жазылып алынған екен. Ол
нұсқаларды салыстырып көрген кісі бір сюжетке құрылған
бірнеше жырды оқыр еді. Сондықтан бір шығарманың
55
Қазақстан. ұлттық энциклопедия. 3-том. – А., 2001. – 401-б.
36
ТАРИХИ ЖыРлАР
бірнеше вариантын бірге жариялау—фольклортану үшін де,
сондай-ақ, әсіресе өнер қайраткерлері мен ақын-жазушылар
үшін де өте пайдалы, әрі қажетті іс. Варианттың болуының
өзі—фольклордың басты белгілерінің бірі және вариантты
зерттеу арқылы фольклордағы, дәлірек айтқанда, жыршы-
лық өнердегі импровизацияның сипатын ашуға мүмкіндік
туады. Ал оқырман қауым бір жырдың басқа вариантын оқу
арқылы, ұлтымыздың фольклоры қаншалықты бай екенін
байқайды және халық поэзиясының қандай әдемі, халық
қиялының қаншалықты ұшқыр екенін көріп, рухани ләззат
алары күмәнсіз.
«Бабалар сөзінің» тарихи жырға арналған топтамасын қа-
был ал, құрметті оқырман!
Достарыңызбен бөлісу: |