Берманова А. К. Группа: дкф-3-22-1к Тапсырма Сұрақтарға жауап жазыңыз



бет3/3
Дата02.06.2023
өлшемі235,84 Kb.
#97833
1   2   3
1.3 Қор нарығын реттеу
Экономикада қор нарығы экономиканың түрлі секторларында қызметін жүзеге асыратын эмитенттерге инвесторлардан түскен капиталды қайта бөлуді қамтамасыз етеді. Оның рөлін арттыру үшін реттеуші соңғы жылдары қор нарығына кәсіби қатысушыларды реттеуді ырықтандыруға, инвестициялар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға және брокерлік қызметтердің инклюзивтілігін арттыруға бағытталған кешенді жұмыс жүргізді. Бағалы қағаздар нарығында жаңа технологиялық шешімдерді енгізуді ынталандыру жөнінде шаралар қабылданды, бұл бүгінгі күні қор нарығын дамытудың, брокерлік қызметтер мен сервистердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Шетелдік инвестицияларды тарту үшін Қазақстан қор нарығын халықаралық капитал нарықтарында ілгерілету жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр.
2020 жылы агенттік нарыққа қатысушыларға арналған биржалық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруға, стратегиялық инвесторлардың әлеуетін күшейтуге және халықты қор нарығындағы жұмысқа тартуға жұмыс істеді. Негізгі шаралардың арасында инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының қолжетімділігін арттыру, зейнетақы активтерінің бір бөлігін БЖЗҚ-дан жеке компанияларға басқаруға беру, инвестициялау үшін құралдардың жаңа түрлерін енгізу үшін жағдайлар жасау бойынша бастамаларды атап өтуге болады. Бөлшек инвесторлар sms-код арқылы қашықтан брокерлік шот ашу және брокердің нақты қатысуынсыз онлайн инвестициялау мүмкіндігін алды.
2021 жылы агенттіктің негізгі басымдығы қор нарығының құралдары арқылы экономиканы қаржыландыру арналарын кеңейту болды.
Капитал нарығы жеткілікті түрде дамыған елдердің тәжірибесі бағалы қағаздар нарығын дамыту саласындағы негізгі саясат бағалы қағаздарды шығаратын компанияларды салықтық ынталандыру бойынша шаралар және бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне субсидиялау не кепілдіктер беру арқылы мемлекеттік қолдау шаралары болып табылатындығын көрсетіп отыр. Осындай жаңалықтарды Қазақстанда да енгізуге ұсыныс беріледі.
Инвестициялық қорлардың қаражатын салу үшін басқарушы компанияларға қолжетімді қаржы құралдарының тізбесін кеңейтуді агенттік биыл қаңтар-ақпан айларында іске асырды, қабылданған нормативтік құқықтық актілердің шеңберінде:
Morningstar рейтингтік агенттігінің «3 жұлдыздан» төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Commodities (ETC) және Exchange Traded Notes (ETN) пайларын осы тізбеге қосу;
негізгі халықаралық қор индекстерінің құрамын репликациялайтын Exchange Traded Funds бағалы қағаздарына инвестициялық қорлардың активтері есебінен инвестициялау лимиттерін 100%-ға дейін кеңейту;
ХҚЕС сәйкес танылатын инвестициялық жылжымайтын мүлік есебінен жылжымайтын мүлік қорлары үшін инвестициялау объектілерінің және аяқталмаған құрылыс объектілерінің тізбесін кеңейту көзделген.
2. Тапсырма Есепті шығарыңыз
Компания жыл соңында 10 000 теңге көлемінде акцияға дивиденд төлейді деп күтілуде және дивидендтер төленгеннен кейін акция 70 000 теңгеге сатылады. Егер нарықтық капиталдандыру мөлшерлемесі 10% болса, оны қазіргі уақытта қандай бағамен сатып алуға болады?
Шешімі: Кезеңнің басындағы акцияның нарықтық бағасы формула бойынша анықталады:

Р = 10 000/(1+0,1)1 +70 000/(1+0,1)1=9,09+100 = 72 727,27

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет