Бернулли теңдеуі



Дата23.09.2022
өлшемі1,24 Mb.
#40012
Байланысты:
238555.pptx

БЕРНУЛЛИ ТЕҢДЕУІ


Орындаған: Маукилов Аслан.
ТО-411

Гидроаэромеханика – сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттерін, олардың қозғалысын және олардың ішіндегі қатты денелердің қозғалысын зерттейді

  • Гидроаэростатика сұйық немесе газдың тыныштық күйін немесе олардың қозғалыс жылдамдығы аз күйін зерттейді. Архимед, Э.Торричелли, Б.Паскаль
  • Гидроаэродинамика сұйық пен газдардың қозғалысын, сол сияқты ұшқыш аппараттар мен суасты қайығының, су көліктерінің, сонымен қатар денелердің атмосферадағы қозғалысын, құстардың, жәндіктердің ұшуын зерттейді. Д.Бернулли

Сұйықтардың механикасының элементтері Сұйықтар мен газдардың қозғалысын және тепе-теңдік заңдарын, сол сияқты олардың қатты денелермен әсерлесуін зерттейтін физиканың тарауын гидромеханика деп атайды.

Бернулли теңдеуі — гидромеханиканың негізгі теңдеулерінің бірі. Бұл теңдеуді швейцариялық ғалым Д. Бернулли (1700 — 1782) өзінің 1738 жылы Страсбургте жарық көрген “Гидродинамика” деген еңбегінде тұжырымдаған. Идеал сұйықтың қозғалысын (ағысын) сипаттайтын өрнекті 1738 жылы Д. Бернулли тұжырымдады. Бұл формуланы қорытып шығару үшін көлденең қималар әртүрлі түтікшедегі идеал сұйықтың қозғалысын қарастырайық.

Бернулли теңдеуі біртекті ауырлық күші өрісіндегі сығылмайтын сұйықтықтың бірқалыпты қозғалысы үшін төмендегіше өрнектеледі:


Бернулли теңдеуі үш қысымның теңдеуі,
үш энергия теңдеуі, үш биіктік теңдеуі деп те аталады.

Бернулли теңдеуі үш қысымның теңдеуі


- гидродинамикалық қысым
- гидростатикалық қысым
- статикалық қысым

Бернулли теңдеуі үш энергия теңдеуі


- кинетикалық энергияның тығыздығы
- потенциалдық энергияның тығыздығы
- Осы қысымның әрекетінен жасайтын жұмысымен өлшенетін сұйықтың потенциалдық энергиясының тығыздығы

Бернулли теңдеуі үш биіктік теңдеуі


- геодезиялық (геометриялық) биіктік, яғни қиманың көкжиектен жоғары жатқан бөлігі
- пьезометрлік биіктік, яғни берілген қимаға өзінің салмағымен р қысым түсіретін сұйық бағанының биіктігі
- жылдамдық биіктігі, яғни сұйық бөлшектерінің вакуумда х бастапқы жылдамдықпен тік (вертикаль) жоғары көтерілу биіктігі
Бернулли теңдеуі: жылдамдығы аз бөлігінде сұйықтың (газдың) қысымы жоғары болады және керісінше.
Д. Бернулли

Бернулли теңдеуін қолдану


Флеттердің "Ветроходы"
"Гоночный пылесос"
Чаппараль - 2.1

Гидромеханикада сұйықтың не газдың нақты құрылысы ескерілмейді, олар кеңістікте үзіліссіз таралған тұтас орталар ретінде қарастырылады. Тұтас орта моделі аса сиретілген газдар үшін қолдануға жарамсыз. Сұйықтар мен газдардың қатты денелерден айырмашылығы – олар өз пішіндерін сақтамайды, құйылған ыдыстың пішінін қабылдайды. Сұйықтар газдардан оларда беттік қабаттың болмайтындығымен, бірдей жағдайларда тығыздығының үлкендігімен (кризистік күйден басқа жағдайда), тығыздықтың қысымға тәуелділік сипатымен және сұйықтардың іс жүзінде сығылмайтындығымен ерекшеленеді.

КЕЗ КЕЛГЕН ТЫНЫШТЫҚТАҒЫ СҰЙЫҚҚА ЖҰҚА ПЛАСТИНА САЛАТЫН БОЛСАҚ, ОНДА ПЛАСТИНАНЫҢ АУДАНЫНА ЖАН-ЖАҒЫНДА ТҰРҒАН СҰЙЫҚТЫҢ БӨЛІГІНЕ КҮШПЕН ӘСЕР ЕТЕДІ. ӘСЕР КҮШІ МОДУЛЫ ЖАҒЫНАН БІРДЕЙ, ӘРІ ПЛАСТИНАНЫҢ ҚАЛАЙ ТҰРҒАНЫНА БАЙЛАНЫССЫЗ, ОЛ БАҒЫТЫ ЖАҒЫНАН АУДАНҒА ПЕРПЕНДИКУЛЯР ӘСЕР ЕТЕДІ ДЕ ПЛАСТИНАНЫ ҚОЗҒАЛЫСҚА КЕЛТІРЕДІ. СҰЙЫҚТЫҢ ЖАҒЫНАН БІРЛІК АУДАНҒА НОРМАЛЬ КҮШТІҢ ӘСЕРІНЕН АНЫҚТАЛАТЫН ФИЗИКАЛЫҚ ШАМА ҚЫСЫМ ДЕП АТАЛАДЫ:


Барлық нүктелердегі жанамалардың осы нүктелердегі сұйық жылдамдықтарының бағытымен бірдей түсетін сызықтары ағын сызықтары деп аталады.

  • Ағын сызықтарымен шектелген сұйықтың бөлігі ағын түтігі деп аталады. Ағын түтігінің белгілі бір қимасындағы барлық бөлшек қозғалыс кезінде ағын түтігінен шығып кетпей оның ішімен қозғалады. Сонымен қатар ағын түтігінің ішіне де сырттан ешқандай бөлшектер енбейді.

Үзіліссіздік принципі: егер ағын шарттары өзгермесе, онда ыдысқа қанша сұйық құйылса, сонша сұйықтық ағып шығуы керек
V1 = S1L1 = S1 u1t
V2 = S2L2 = S2 u 2t
V1= V2,
S1/ S2 = u 2 / u 1
Егер сұйық қабаттары бiр-бiрiмен араласып иiрiлiп қозғалатын болса, мұндай ағыс – турбуленттi (иiрiмдi) деп аталады. Сығылмайтын тұтқыр емес сұйықты идеал сұйық деп, ал сығылатын тұтқыр сұйық реал сұйық деп аталады

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет