Кесілген жараның (резанная) шеттері тегіс, жиектері ашылған, ұзындығы тереңдігінен бірнеше мәрте үлкен, қанайтын, пальпация ауырсыну сезімін тудыратын жарақат. Кесілген жарада терінің барлық қабаттары, шырышты қабық, шандыр, қантамырлары мен шел тіндері және жүйке тармақтары кесіледі. Шабылған жарадан ажырату қажет.
Тістелген жара (укушенная) адам немесе жануырлар тістегенде, жұмсақ тіндерде шынайы ақауланған немесе ауқаусыз жаралар қалыптасады. Олар жыртылған жараға ұқсас болып, шеттері тегіс емес, қиықталған, тістердің ізідері қалады. Орны аздап қанауы мүмкін, пальпация ауырсыну сезімін тудырады. Жиі мұрын, құлақ, ұрт аймағы зақымданады. Тіндердің, мүшенің толық немесе жартылай ампутациялануы (жұлынуы) мүмкін. Тістелген жараның сипаты, әдетте тістердің және тіс қатарының жағдайына байланысты. Тістер тіндерді жаншып, теріні созуында, жараның жиектері жыртылп, жалбырақтанады. Егер тіс ұзын және өткір болса (қүрек тістері), тесілген жара сол тістің пішініне ұқсас болады. Өткір тіспен күштеп тістегенде, беттің мүшелері (мұрын, құлақ, ерін, ұрт, иек) толық жұлынуы мүмкін (сурет).
Тістеген орынның жұмсақ тіндерінде тістердің доға тәрізді екі із қалады. Бір жақсүйектің тістерімен зақымданса, пішіні доға тәрізді сыдырылған және қанталаған немесе пішіндері үшбұрышты, сызықша тәрізді жараланған іздер қалыптасады. Қүрек тістердің іздері терең, сүйір тістің – дөгелек пішінді болып келеді. Алдынғы күрек тістердің іздерінен ойық жара қалыптасады. Тістегеннен кейінгі жараның пішіні жарақаттанған аймақтың анатомия-топографиялық құрылысына байланысты. Егер тістеген жерге сүйек жақын орналасса, жара немесе сыдырылған орындар қалыптасады, егер теріастының жұмсақ тіндері қалың болса – қанталаған орындарды көруге болады. Тек үлкен қүшпен тістегенде ғана жұмсақ тіндер тесіліп жараланады, тіптен мүше толық немесе бөлшегі жұлынуы мүмкін. Әдетте, адам тістегеннен кейінгі жара асқынусыз жазылады. Сыдырылған және қанталаған орындар ізсіз, өздігін жазылады.
Беткей жаралар жиі біріншілік бітісуімен жазылып, орындарынды пішінсіз сопақша тыртықтар қалады. Тістелген жаралар жиі іріңдеп, абсцеспен немесе флегмонамен асқынуы мүмкін. Асқынған жаралар екіншілік бітісуімен жазалғанда, орындарында терең және үсқынсыз тіртықтар қалады. Тістелген жарада мерез, туберкулез, ВИЧ ЖИТС инфекция дамуы мүмкін.
Ит тістегеннен кейінгі жараның орнында көптеген нүкте ретінде, пішіні ұзын, доға тәрізді сыдырылған орындар, дөнгелек немесе сопақша жаралар қалыптасады.
Ит тістеген жараның ені тар доға тәрізді болып келеді. Әдетте, ит тіке және бүйірінен тістейді. Бүйірінен тістегенде жақсүйектері қабысуынан төменгі сүйір тіс жоғарғы және шеткері үлкен күрек тістер аралығына енеді. Осы үш тістер аралында ауқымды жара қалыптасады. Тіке тістегенде барлық алдынғы тістердің іздері қалады.
Жылқы тістегенде тек қүрек тістердің іздері ғана қалады. Аз күшпен тістегенде пішіні доға тәрізді сыдырылған орындар қалады, ал үлкен күшпен тістегенде – терінің және астында жатқан тіндердің өлеттенген орны тіс қатарының пішініне ұқсас болады. Сондай-ақ, бассүйек қаңқасы қоса жарақаттануы мүмкін. Жақсүйектері қатты қабысқан күйінде күрек тістері тіндерге терең енсе, жұлқыныстан тіндер тартылыстан жыртылады немесе жұлынады. Мұндайда зақымданған аймақтың аумағы тістелген жерден бірнеше мәрте кеңейеді.
Мысық тістегенде дөнгелекше кіші доғы тәрізді жара қалыптасады және тістердің ұсақ іздері қалады. Терідегі жыртылған жараның жиектері қайшымен кесілгедей бейнеленеді.
Тістері өткір және жақсүйек мүшелері жақсы дамыған жыртқыш жануарлар тістегенде ауқымды жыртылып-қиықталған ақау қалыптасады, тереңдігінен ұсақ сүйек жарқыншақтарын көруге болады немесе жұлынған беттің бөлшектерін көруге болады. Жануардың сүйір тісінен тіндерде тесілген жара қалыптасады. Жануарлар тістегенде (ит, мысық, түлкі) құтыру ауруы жұғатыны ескерілуі қажет.