Бет-жақСҮйек аймағы жұмсақ тіндерінің зақымданулары



бет3/31
Дата04.08.2023
өлшемі194,98 Kb.
#105040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Бет-жақСҮйек аймағы жұмсақ тіндерінің зақымданулары-emirsaba.org

Шабылған жара (рубленая) – өткір нәрсе тигенде қалыптасатын терең, жиектері тегіс, қайырылған жарақат. Жиектері сыдырылып, көкшіл қызыл түсті қанталаған орындарды пальпациялау ауырсыну сезімін тудыратын жара. Бет сүйек қаңқасы қоса жарақаттанғанда, жараның тереңдігінен сүйектің жарқыншақтарын немесе сынықтарды көруге болады. Ауыз қуысына, мұрынға, немесе гаймор қойнауына жалғасатын жарадан қан кетуі мүмкін.

Тесілген жара (колотая) өлшемі кішігірім тесігі бар, өзегі тар, тереңге бойлап өткен, пальпация ауырсыну сезімін тудыратын жара (сурет). Қан кетуі мүмкін.
Жараның тереңдігі жарақаттаушы қарудың ұзындығына, жарақаттаушы нәрсенің күшіне және кірген жердің кедергі болуына байланысты. Ірі қантамырлар жарақаттағанда қатты қан кетеді, сондай-ақ гаймор қойнауының жұқа сүйек қабырғалары сынуы.
Соғылған жара (ушибленная рана) жиі өтпейтін нәрсе тигенде, сүйекке таяу жұмсақ тіндері соғылып, езілуінен пайда болады. Соғылған жара, тереңдігіне байланысты, беткей және терең, қйықталған немесе жыртылған түрлерге бөлінеді. Беткей соғылған жарада тері және теріастының щел тіндері зақымданады. Соғылған терең жарада бұлшықеттер, қан тамырлары мен жүйке тармақтары, сілекей бездерінің өзектері зақымдануы мүмкін. Беттің соғылған жарасы ауыз және мұрын қуыстарына немесе гаймор қойнауына өтуі мүмкін; басқа мүшелердің жарақаттануымен де қосарлануы ықтимал (көз, бассүйек қаңқасы). Соғылған жара пішінсіз, жиектері жыртылған, тегіс емес болып келеді. Қан тамырлалары жарақаттанғанда, жараның түбінде қанұйынды қалыптасады.
Егер беттің шығыңқы бөлімдері (мұрын, бетсүйек аймағы, иек, қабақүстінің доғасы) тұйық нәрсемен зақымданса, соғылған жараның пішіні кесілген жараға ұқсас болып келеді.
Бет тегіс емес қатты нәрсемен соғылғанда соғылып-жыртылған жара қалыптасады. Соғылған жара, әдетте ластанған және тереңдігінде бөгде заттар (әйнек, темір, ағаштың сынықтары, ұсақ тастар) болуы мүмкін. Мұндай жағдайды ескеру сот-медициналық сараптау жұмысында аса маңызды.
Жыртылған жара (рванная) жиектері тегіс емес, қиықты, айналасының тіндері қанталаған, ашық жара. Мұндай жара өтпейтін нәрсе тигенде, тіндердің созылғыштығы, оның физиологиялық мүмкіндігінен артқанда пайда болады. (қосқсн жөн)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет