Бет нерві анатомиясы,қызметі, зақымдану белгісі,зерттеу әдісі


Самай сүйегіне аттас өзегі бойында бет нерві мынадай тармақтар береді



бет2/4
Дата20.06.2023
өлшемі1,48 Mb.
#102525
түріҚұрамы
1   2   3   4

Самай сүйегіне аттас өзегі бойында бет нерві мынадай тармақтар береді:

  • 1. N. petrosus major (секреттік нерві)-иін аймағынан басталып, hiatus canalis n. petrosis majoris арқылы шығады, содан кейін самай сүйегі пирамидасының алдыңғы бетінде аттас жүлгемен sulcus n. petrosi majoris жүріп, симпатикалық нервпен, n. petrosus profundus-пен бірге canalis ptergoideus-қа өтіп, ол нервпен бірге n. canalis ptergoidei түзіп, ganglion ptergopalatinum-ге жетеді. Нерв түйінде үзіледі де, оның талшықтары rami nasales posteriores пен nn. palatine құрамында мұрын мен таңдайдың шырышты қабығының бездеріне барады. Талшықтардың бір бөлігі n. zygomaticus құрамында, оның n. lacrimalis-пен байланысы арқылы көзжасы безіне жетеді.
  • 2. N. stapedius (бұлшықеттік)- m. stapedius-ты нервтендіреді.
  • 3. Chorda tympani (аралас тармақ)-бет өзегінің төменгі бөлігінде бет нервінен бөлініп, дабыл қуысына өтіп, сол жерде дабыл жарғағының медиалды бетінде орналасып, содан кейін fissura petrotympanica арқылы шығады. Ол саңылаудан сыртқа шыға, төмен және алға қарай түсіп, тіл нервіне қосылады.

Дамыл шегінің сезімтал (дәм сезу) бөлігі тізешік түйінінде жатқан жасушалардың шеткі өсінділері тіл нервінің құрамында тілдің шырышты қабығына келіп, оның алдыңғы 2/3 бөлігін дәм сезу талшықтарымен жабдықтайды. Секртеттік бөлігі ganglion submandibulare-ге келіп, ондағы үзілістен кейін төменгі жақссүйекасты және тіласты сілекей бездерін секреттік талшықтарымен жабдықтайды.
Foramen stylomastoideum-нен шыққаннан кейін n. facialis мынадай бұлшықет тармақтарын береді:
1. N. auricularis posterior, m. auricularis posterior және venter posterior m. epicranii-ді нервтендіреді.
2. Ramus digastricus арқылы m. digastricus артқы құрсақасты мен m. stylohyoideus-ті нервтендіреді.
3. Беттің мимикалық бұлшықеттеріне баратын көптеген тармақтар шықшыт безінде өрім, plexus parotideus, түзеді. Бұл тармақтар безден шығып, жалпы алғанда арттан алға қарай радиарлы бағытта таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет