Б.Ғ. НҰҒман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев


Теориялық-әдіснамалық бағдарлар



Pdf көрінісі
бет12/51
Дата01.12.2022
өлшемі1,25 Mb.
#54211
түріУчебное пособие
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Байланысты:
Б. . Н ман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев

1.5 Теориялық-әдіснамалық бағдарлар 
Адамзаттың ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейін өткен жолы
күрделі және қарама-қайшы. Оларды шешу тәсілдерін іздеу ғылыми әлемде
ылғи да басты рольді атқарған. Классиктер: «Өмірге арналған тікелей 
материалдық құралдарды өндіру және сонымен бірге халықтың немесе 
дәуірдің экономика-лық дамуының әрбір берілген сатысы одан мемлекеттік
мекемелер, құқықтық көзқрастар, өнер және тіпті берілген адамдардың діни 
түсініктері дамитын және одан олар түсіндірілуі керек болатын негізді 
құрайды», - деп адамзат тарихы-ның даму заңын ашудың барлық 
маңыздылығын атап көрсетеді. Осы жағдайда, әлемдік мәдениет аясында, 
қазақ халқының тарихын көшпелі өркениет цикліндегі белгілі тұтастық 
ретінде шешуге ұмтылу келесі міндетті қоюды талап етеді: зерттеу әдісінің 
өзін зерттеу қажет. Әрі қарай, қарама-қайшы деректердің молдығына 
қарамастан, практикалық тұжырым жасау керек. Нұсқаны айқындап, түркі 
масштабындағы қазақтар тарихының (мал шаруашы-лығының өркениетті 
даму негізін құрағанын) әлемдік мәдениет аясында қалай дербес дамығаны 
туралы даусыз жағдайдан шығару қажет. 
Бүгінгі күнге дейін ғылыми ой қазақтарға отырықшы тұрғындардың
көзімен қарады, олар классикалық типті егіншілер эволюциясының
экономика-лық категорияларын басшылыққа ала отырып, теориялар
тұжырымдамалар, сұлбалар құрды. Оны зерделеуде қазақтардың (және 
басқа түркі тілдес этностардың) шығу тегінің этникалық жоспарында 
«жергіліктендіру» тактика-сы қолданылған, келесі сәтті, тарихи аспектіде 
жалғандық элементтерін тудырған, «жойылған халықтар» ретінде
мемлекеттердің (сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, киммерийліктер,
хазарлар және т.б.) пайда болу кезеңдерін сеніміді көрсетті. Кеңес 
идеологиясында «ұлттық мәселені» қолдау арқасында, «автохтонизм»
тұжырымдамасы ұсынылды. Осындай идеяның нәтижесінде жасандылық 
үшін ыңғайлы тұжырымдама (бірақ түркі тілдес әлем үшін емес және 
картада Қазақстан мен Орта Азия деген белгілер пайда болады) және


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет