маңыз-ды рольді атқарды. Б.э. дейінгі ІІІ-ІІ ғғ. – б.э. І-ІІ ғғ. шебінде
ғұндардың саяси құрылымды құруы номадтардың мемлекеттік билігінің
Ежелгі қалпының түркі кезеңіндегі көшпенділер билігінің Империялық
қалпына өтуінің байланысты-рушы буыны болды. Ғұндар мемлекетінде
империялық үрдіс айқындалады. Бұл әскери-әкімшілік принциптерге
негізделген, орталықтандырылған билік құрылымы болды. Мемлекеттің
басында
Шаньюй тұрды, оның билігі құдай-шыл беделмен түсіндірілді және
мұра бойынша қатаң берілді. Оны «Аспанның ұлы», «Аспаннан және
Жерден туған. Күнмен және Аймен қойылған» деп атаған. Жоғары
иерархияның келесі сатысында кеңесшілер мен әскери бастық-тар тұрды.
Мемлекет басшысымен тағайындалатын өкілетті тұлғалар түмен-басылар
болып табылды. Оларға халқы бар территорияны бөліп берді. Түменбасы өз
иелігінің шегінде мыңбасыларды, жүзбасыларды және онбасы-ларды
тағайындады, оларға халықпен бірге жер бөліп берді. Орталық биліктің
күшеюіне қарамастан ғұн қоғамында халық жиналысы және ақсақалдар
кеңесі жұмыс істеді.
Біздің эрамызға дейінгі І мыңжылдықтың аяғында оларда мемлекеттік
билікті көшпелі тәсілде бекіту процесі байқалады. Бұл үйсіндер, қаңлылар,
сарматтар мен құшандар - патшалық етуші сақтардың этномәдени мирасқор-
лары болды. Олар шаруашылық және әлеуметтік дамудың ықпалымен батыл
өзгерістерді басынан кешірді. Бұл процесс меншік, сауда және ақша
айналымы эволюциясымен күшейе түсті. Оның куәсі атаулы мөрлерді табу
болып табыл-ды. Әлеуметтік тұрғыда ол күрделі құрылымды білдірді. Атап
айтқанда, рулар мен тайпалар иерархиясы олардың қоғамдық құрылымы
сияқты соншалықты қатаң болды. Бұл жағдайларда, адамның құқығын іске
асыру дәрежесі оның ру-тайпалық иерархиясындағы орнына тұтастай тәуелді
болды және алдын ала анықталды.
Ерте көшпенділер мемлекеті көшпелі қоғамның өзінде ішкі
процестердің табиғи күшінің нәтижесінде пайда болды, ол мемлекет
мемлекеттің тууына әкелді. Осы кезеңнің ерекшелігі оның өтпелі сипаты
болды, онда жаңа қатынастар бұрынғы қоғамдық қалыптарды теріске
шығаруға әкелмеді.
Достарыңызбен бөлісу: