Қазақтар арасында ислам тамырлануы тек ХVІІІ ғасырдың
соңында басталғанына, ал бұл уақытқа дейін халық «тәңір» (аспанға
табыну) дініне негізделген ежелгі дін салттарын орындап, ислам
догматтарынан алыс болғанына қарамастан, ХІХ ғасырдың соңында –
ХХ ғасырдың басында сопылық мәнді ислам қазақ қоғамының өмірінің
бөлінбес бөлігіне айналған. Олардың санасындағы және ұлт-азаттық
қозғалыстағы мұсылмандық ынтымақтастық, «діндегі бірлік» идеясы
түркі халықтарының туыстығы, тағдырларының тарихи ортақтығы
туралы түсініктер кешенімен тығыз шиеленіседі.
Еуразиялық кеңстіктік тұтастығы теориясы суперэтникалық
«тұрандық»
ортақтастыққа
келтірілетін
«тұраншылдық»
идеяларында бейнелеген. «Тұран» түсінігі «Иран» - парсы мәдениеті
үстем болған ел антиподы ретінде пайда болған. Ираннан солтүстікке
қарай жоғары және Кавказдан Саянға дейін көлденеңінен жайылған
«Тұранның» ауқымды кеңістігі орал-алтай тілдік әулетінің барлық
этностары жатқызылған «тұрандық» халықтардың арғы отаны
ретінде қарастырылған. Және бұл жерде түркі әлемі осы ауқымды
«Тұранның» осі ретінде шамаланды – осыған сәйкес түркішілдік тым
кеңірек және тым көмескі бұлдыр тұраншылдықтың шоғырланған
көрінісі ретінде бейнеленді.
Түркішілдік тамырлары өлкелік зиялы қауымның мәдени-
либералдық қозғалысы ретінде 1880 жылдарға шыңдалады. Түркішілдік
теориясының және одан бөлінбес мұсылмандық ағарту жүйесін
(жәдітшілдік) жаңарту бағдарламасы крым-татар ағартушысы
Исмаил Гаспринскийдің (1851 – 1914) қоғамдық және ғылыми
қызметімен өте тығыз байланысты. Ол барлық түркі халықтарының
шоғырлануы идеясын алғашқы рет ұсынып, дамытуға тырысты.
Гаспринский барлық түркі тілдерін түрік тілінің ықшамдалған түрін
парсы және араб тілдерінен келген сөздерден тазарту арқылы бір ізге
келтіру бағытында алғашқы қадамдар жасады. Осыдан кейін
түркішілдік идеологиясы Орта Азиядағы патша өкіметіне қарсы
көтерілістердің маңызды негізі болды.
Осы идеяларға негізделе отырып, ұлттық зиялы қауым өкілдері 1905 ж.
желтоқсан айында Оралда бес облыстың қазақ халқының делегаттарының
съезін өткізді және өз партияларын – Ресейдің конституциялық-
демократиялық партиясының жергілікті бөлімшесін құруға ынталанды, бұл
партия патшаның 17 қазандағы манифестімен ұсынылған еркіндіктер шегінде
қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғау керек болатын.
1906 ж. ақпан айында Семейде қазақтардың екінші съезі өтті, ол
кадеттерге
жақын
бағдарламаны мақұлдады, бірақ
оған өлкеге
крестьяндардың қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін
жергілікті халықтың меншігі деп мойындау, ұлттық мектептер ашу туралы
және т.б. талаптар енгізді. Бұл саяси ағым Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев сияқты және басқа да
қазақтың зиялы қауымының көрнекті қайраткерлерімен басқарылды. Олар
дін тұту еркіндігі үшін, әсіресе өкімет пен жергілікті органдардың
мұсылмандарға қарсы істеріне қарсы, ұлттық мәдениеттің дамуы, сонымен
қатар қазақ тілінің Қазақстанда басқа тілдермен бірдей таралуы үшін шықты.
Қазақстан халқының саяси санасын көтеруде саяси партиялардың
сайлаушылар дауыстары үшін күресі өрістеген Мемлекеттік Думаға сайлау
өткізілуі белгілі роль атқарды.
І Мемлекеттік Думаға (1906 ж. 8 шілдесінде таратылды) Қазақстаннан 9
депутат сайланды, оның ішінде 4 миллион қазақ халқынан - 4: Ә.Бөкейханов,
А.Бірімжанов, А.Кәлменов, Б.Құлманов.
Патшамен халықтың көңілін алдау үшін шақыртылған І Мемлекеттік
Дума оның сенімін ақтамады, ал оның трибунасын партиялар өз
мақсаттарында пайдаланды.
Елдегі революциялық аттанулардың төмендегендігін пайдаланып, 1906
ж. 8 шілдесінде патша Думаны таратып жіберді. Ә.Бөкейханов Мемлекеттік
Думаның бұрынғы мүшелерінің Выборгтағы кадеттермен, еңбекшілермен,
социал-демократтармен шақырылған жиналысына қатысты, бұл жиналыста
халыққа салықтарды төлемеуге, үкіметке қарыз және жаңа солдаттар
бермеуге үндеу жасалды. Бұл үшін Санкт-Петербордың сот палатасымен
Ә.Бөкейханов 3 ай мерзімге түрмеге қамалуға кесіліп, Семей түрмесіне
қамалды, одан кейін Самараға айдалды.
ІІ Мемлекеттік Думаға сайлау 1905 ж. 6 тамызында және 11
желтоқсанында қабылданған сайлау заңдарының негізінде өткізілді: оның
құрамына қазақтың зиялы қауымының келесі өкілдері енгізілді
Ш.Кощегулов, Х.Нороконев, Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Т.Аллабергенов,
М.Тынышпаев.
ІІ Мемлекеттік Думаның қазақ-депутаттары патша өкіметінің қоныс
аудару саясатына үнемі қарсы шықты. Сөйтіп, депутат Б.Қаратаев,
А.Бірімжанов, Ш.Кощегулов, Х.Нороконевтар патша өкіметінің қоныс
аудару саясатына белсенді түрде әсер етуге тырысты. Бірақ олар қоныс
аудару істері жөніндегі ведомствоның басқарушысы князь Васильчиковтан
толық жауап алды: «ХХ ғасырда қырғыздардың көшпелі өмір салтын тоқтату
керек, бұл үшін қоныс аударушыларды жіберу керек».
Ұлттық-отаршылдық езгінің күшейтілуі, патша өкіметінің аграрлы
саясаты,
өлкенің
әлеуметтік-экономикалық
өміріне
капиталистік
қатынастардың енуі қазақ халқының ұлттық санасының өсуіне әкелді. Қазақ
қоғамындағы ұлттық қозғалыс біртекті болған жоқ, оның ішінде түрлі
идеялық-саяси ағымдар орын алды, ал өзегі деп ұлттық зиялы қауым
өкілдерін, Петербор, Мәскеу, Казань, Томск, Орынбор университеттері мен
училищелерінің бітірушілерін атауға болады. Ұлттық зиялы қауымның түрлі
идеялық-саяси ағымдарының пікірін толық бейнелейтін «Айқап» журналы
және «Қазақ» газеті болды.
1911 – 1915 жж. шыққан «Айқап» журналы (баспагері мен редакторы –
Мұхамеджан Сералин (1871 – 1929 жж.), Қазақстандағы идеялық-саяси
ойдың аграрлық-демократиялық бағыттарын көрсетті. Бұл журналда
Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин және т.б.
қызметтес болды. Журнал беттерінде қазақ ауылындағы аграрлық
қатынастар, ағарту және білім беру, ақша-тауарлық қатынастарының даму
мәселелері ашылып, патша өкіметінің отаршылдық саясаты әшкереленді.
«Айқап» журналындағы басты мәселе аграрлық мәселе болды, яғни жер
қатынастары, көшпенділердің отырықшы өмірге өтуі, аграрлық мәдениет
мәселелері, шаруашылық жүргізу түрлерінің өзгеруі және т.б. «Айқап»
беттерінде ақша-тауарлық қатынастардың даму мәселелеріне, мал
шаруашылығының қарқындылық мәселелеріне, қазақ шаруашылығының
нарықпен тығыз байланыстар орнатуына, кооперациялар ұйымдастыру
қажеттілігіне және т.б. ерекше орын бөлінетін.
1912 - 1918 жылдар аралығында жарық көрген «Қазақ» газеті либерал-
демократиялық бағыттағы идеяларды көрсеткен. Бұл газетте қазақтың
конституциялық-демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы
ұлттық қозғалысының көсемі Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов
және т.б. қызметтес болған. Басты аграрлық мәселеде олар жерге мемлекеттік
меншікті (Ресей империясының) жою, оны қазақтар меншігіне беру, жерді
сатуға тыйым салу талаптарын қойды. Қазақ шаруаларының көшпелі
шаруашылығы кезеңінде мал шаруашылығының дамуы туралы мәселеде
«Қазақ» газетінде экономикалық кеңістікте мал шаруашылығының ролі
туралы, мал шаруашылығын қарқындату туралы, кооперативтік қозғалыс
және т.б. туралы мақалалар жазылды.
Жалпы, өлкенің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің
дамуы туралы көзқарастарының әр түрлігіне қарамастан «Айқап» журналы
мен «Қазақ» газеті өз беттерінде қазақ халқының жалпы ұлттық идеялары
мен мүдделерін көрсете білді.
1910 - 1911 жж. жаңа экономикалық өрлеуге байланысты, Қазақстанда
ереуіл қозғалысы жандана бастайды. 1911 жылдың мамыр айында Перовск
және
Түркістан
станцияларының
теміржол
шеберханаларының
жұмыскерлері, «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамының кен
орындарындағы кеншілер жұмыстарын тоқтатты. Соңғылардың ереуіліне
шамамен 300 адам қатысты, олар еңбекақының жоғарлатылуын талап етті.
1912 жылдың 28 сәуірінде Орынборда және оның бойында РСДРП
қалалық комитетінің үгіт қағаздары таратылды, олар Бірінші мамырды
тойлауға шақырды, сонымен қатар 8-сағаттық жұмыс күнін, саяси
бостандықты, әскерді таратуды және оны халықтық милициямен
алмастыруды талап етті. 1912 жылдың 1 мамырында Орынбор-Ташкент темір
жолының бас шеберханаларында жұмысшылардың қысқа мерзімді ереуілі
орын алды. 1912 ж. жазында Орынбор-Ташкент теміржолының Ташкент
бөлігінде сондай-ақ 300 жұмысшының ереуілдері орын алады. 1912 ж. 12
мамырында төмен еңбекақы, ауыр еңбек жағдайының салдарынан Спаск мыс
балқыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. Келіссөздер
нәтижесінде завод иелері жұмысшылардың талаптарын орындауға келісті.
1912 ж. шілдесінде Эмба мұнай кәсіпшілігінің жұмысшылары ереуілге
шықты. 1913 ж. маусымында Орынбор-Орск теміржолының жұмысшы-
құрылысшылары, Доссор мұнайшылары ереуілге шықты. Қыркүйекте
«Атбасар мыс кендері» қоғамының Торғай уезіндегі Шоқпаркүл көмір
кендерінде жұмысшылар ереуілдері орын алды.
Жұмысшылар экономикалық жағдайдың жақсартылуын, әлеуметтік
мәселелердің шешілуін талап етті, саяси сананың дамуы үшін және өз
құқықтары үшін күрестегі батылдық үшін өте маңызды болған саяси
талаптар ұсынды. Өлкенің жұмысшыларының бас көтеруі патша өкіметіне
қарсы шаруа ереуілдерінің өсуіне, ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуына
ықпалын тигізді.
Революциялық өрлеу жағдайында Қазақстандағы социал-демократиялық
ұйымдар мен топтар өз қызметтерін бірте-бірте қайта бастайды. Өскеменде,
Павлодарда, Қазалыда, Верныйда және т.б. қалаларда социал-демократиялық
ұйымдар халық арасында саяси үгіт-насихатты белсендендіреді, Мәскеу,
Омск,
Петербор
және
т.б.
қалалардың
РСДРП
комитеттерімен
байланыстарды қайта орнатады. Азаттық қозғалыстың түрлі формаларының
кейінгі дамуына Бірінші дүниежүзілік соғыс кедергі келтірді.
Ресейдің бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы, халықтың жұтауы мен
саяси тұрақсыздықты туындатқан соғыс заманының қиыншылықтары Ресейді
1917 жылдың басында әлеуметтік және саяси қайшылықтардың күрт
ұшығуына әкелді, олар революциялық жағдай туындатып, 1917 жылдың
ақпан айында революциялық жарылысқа әкелді.
Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы Қазақстанда үлкен
шаттықпен қарсы алынды. Бүкіл Қазақстанда митинг, жиын, жиналыстар
толқыны өтті. Патшаның биліктен бас тартуын және Ақпан буржуазиялық-
демократиялық революция жеңісін қазақ қоғамының көсемдері жігерлікпен
қарсы алады, өйткені олар билікке орыс либералдарының (Милюков П.Н.,
Чхеидзе Н.С., Керенский А.Ф.) келуімен өздерінің тәуелсіздік алуға деген
үміттерін байланыстырды. Ресейдегі ақпан революциясының басты
өзгешілігі қос билік орнауы болып табылады: 1) жұмысшы, шаруа және
солдат депутаттарының Советтерін білдіретін пролетариат пен шаруалар
билігі; 2) Уақытша үкіметті білдіретін буржуазия мен помещиктер билігі.
Жұмысшы және солдат депутаттарының Советтері Қазақстанда Ресейдің
Орталық аудандарына қарағанда біршама кештеу пайда болды. 1917 жылдың
наурыз-сәуір айларында барлық жерлерде жұмысшы және солдат
депутаттарының Советтері құрылды, оның ішінде Омскіде, Ташкентте,
Семейде, Верныйда, Петропавлда, Перовскіде, Қазалыда, Қостанайда,
Ақтөбеде және т.б. қалаларда.
Қазақстанда Советтер ықпалы шамалы болды және 1917 жылдың
көктемінде халықтың көпшілігі Уақытша үкіметпен тағайындалған билік
органдарын қолдады. Уақытша үкімет ресми түрде Петроградта 1917ж. 2
наурызда құрылды. 3 наурызда жарияланған үкімет бағдарламасы
(декларациясы) Ресейді прогрессивті тенденциялар жағына бұратын, қала
және ауыл халқының жоғары және орта таптарының ынтасымен қолданған
шаралар жиынтығын ұсынды. Қоғамдық құрылыстың ұсынылған үлгісінде
әлеуметтік даулар ұшықтырылмай, күйзеліссіз, ел индустрияланған және
урбанизацияланған сайын әлеуметтік құрылымы бірте-бірте өзгеріп, елдің
тұрақты дамуы болжамдалды. Халықтың барлық таптарының демократиялық
бостандығының жариялануы бұл жолдағы алғашқы ірі қадам болды. Сөз,
баспа, ереуілдер және жиналыстар еркіндігі орнады. Ұлттық саясат
саласында Уақытша үкімет елдің ұлттық буржуазиясының көну жағына
кейбір қозғалыстарын куәландыратын бір қатар шаралар өткізді.
1917 ж. 7 сәуірінде Уақытша үкіметтің генерал-губернаторды
алмастырған Түркістан комитетінің құрылуы туралы қаулысы жарияланды.
Оның құрамына И.И.Щепкин, Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, С.Н.Мақсутов,
В.С.Елпатьевский, А.Л.Липовский, О.А.Шкапский, П.В.Преображенский,
А.А.Давлетшин енді. Облыс және уез деңгейіндегі басқару алғашқы рет қазақ
халқының өкілдеріне табысталды. Комиссарлар ретінде Торғай облысында -
Ә.Бөкейханов, Жетісу облысында – М.Тынышпаев, Орал облысында –
Х.Досмухамедов, Түркістанда – М.Шоқаев тағайындалды, бірақ олар
жергілікті қазақ халқының мәселелерін шеше алмайтын еді, өйткені олар
шын мәнінде отаршыл әкімшілік шенеуніктері болатын.
1917 ж. 9 наурызында Ташкентте Шуро-Исламия (ислам кеңесі)
құрылды, ол Ташкент атқару комитетіне және қаланың жергілікті бөлігін
басқару жөніндегі комитетке екі өкілін сайлады. 1917 ж. 16-23 сәуірінде
Шуро-Исламияның І съезінде мұсылмандардың Өлкелік Кеңесі сайланды,
оның құрамына М.Шоқай кірді. 1917 ж. сәуір-мамырында бүкіл Қазақстан
бойынша облыстық және уездік қазақ съездері өтті. 1917 ж. көктемінде
съезде ұлттық облыс комитеттері сайланды. Олардың көпшілігінің
басшылығына қоғамдық-саяси қызметте тәжірибесі бар зиялы қауым
қайраткерлері қойылды. Семей облыстық қазақ комитетінің төрағасы болып
Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Р.Марсеков, Оралда –
Д.Досмухамедов,
Жетісуда
–
И.Жайнақов
тағайындалды.
Қазақ
комитеттерінің уездік буындарының жетекшілері болып С.Сейфуллин,
М.Әйпенов, Х.Досмухамедов, Ж.Алдонғаров сайланды. Түркістан аймақтық
қазақ-қырғыз комитетінің төрағасы болып М.Шоқай тағайындалды.
Қоғамның саяси саласындағы демократияландыру ескі партиялар мен
қоғамдық ұйымдардың қайта туындауына және жаңаларының пайда болуына
әкелді. 1917 ж. наурыз айында Қазақстанның облыстық және уездік
орталықтарында заңды социал-демократиялық ұйымдар рәсімделді: Омскте,
Орынборда, Оралда, Ташкентте, Верныйда. 1917 жылы күзге қарай РСДРП
большевиктер мен меньшевиктерге бөліну процесі аяқталды. Бұл кезде
большевиктер партиясына кіргендер: А.Әсілбеков. С.Мендешев, Б.Серікбаев,
Т.Бокин, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов. Ірі қалаларда, уездерде, бірқатар болыс
орталықтарында пайда болған эсерлер ұйымдары Қазақстан халқынан орасан
зор қолдауға ие болды. Өздерінің «жер – бүкіл халықтың меншігі», «жерді
оны өңдейтіндерге беру керек» деген ұрандарымен эсерлер қоғамның жері
жоқ таптарын өздеріне тарта алды. 1917 жылдың жазына қарай олардың
Советтегі үстемдігі айқын болды, олар сондай-ақ кәсіподақтар мен басқа да
көпшілік ұйымдарда өзекті орындарды иеленді.
Халықтың қиыншылықтары мен қайғы-қасіреттері, ашаршылық қауіпі,
соғыс, экономикалық және саяси дағдарыс қоғамдағы шыдамдылық деңгейін
төмендетті, бұл қоғамның үкіметтің пісіп жетілген мәселелерді тиімді және
тез шеше алатындығына сенімі төмендей түсті. ХХ ғасырдың басына тән
болған өлкенің экономикалық және әлеуметтік артта қалуы қазақ қоғамының
ойшылдарын үрейлендірді және өзіндік ұлттық мемлекет және саяси ұйым
құру деген ой туындатты. Қазақ халқын қорғау идеялары негізінен Ресей мен
Еуропада (Мәскеу, Петербор, Томск, Омск, Варшава) оқып, білім алған
оқыған қазақтардың ойын бірте-бірте билей бастады. Ұлттық демократиялық
зиялы қауым басында шынғысшыл, жоғары білікті заңгер, көсемсөзші,
Мемлекеттік думаның екі шақырылымының депутаты, бұрын кадет
партиясының ОК мүшесі болған Әліхан Бөкейханов тұрды. Оның
пікірлестері мен серіктері көрнекті ағартушы және демократтар,
революциялық қозғалыстың белсенді қатысушылары А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, А.Ермеков, Ж. және Х.Досмухамедовтар, Ж.Ақбаев және т.б.
болды.
Алаш қозғалысының әлеуметтік негізін дала элитасының мүдделерін
бейнелейтін, капиталистік даму жолына бағытталған зиялы қауым құрды.
Олар кең оппозициялық демократиялық көпшіліктің – шаруа, жұмысшы,
қалалық демократияның мүдделерін көрсетті. Қозғалыстың басты идеясы –
тәуелсіз автономды ұлттық мемлекет құру. Қозғалыс саяси жолының
басында ресейлік азаттық қозғалыстың либерал қанатына, атап айтқанда
кадеттерге жеткілікті мөлшерде жақын болды. Қазақстандағы ХХ ғасырдың
басындағы қоғамдық-саяси өмірдің толық суретін алу үшін қазақтың зиялы
қауымының жарқын өкілдерінің өмірбаяндарымен танысу керек.
Шағармашлық элитаның танымал жетекшісі Мұхамеджан Сералин
болған, ол 1872 жылы Торғай облысының Қостанай уезінде дүниеге келген.
Жастық шағында медресе аяқтап, Орынбор мұғалімдер семинарясына оқуға
түсті, бірақ оны материалдық жағдайына байланысты аяқтай алмады. 1900
жылдан бастап ол Троицкіге көшіп, осы жерде көпес Яушевте приказчик
болып жұмыс істеді. М.Сералиннің бір қарағанда көрнексіз өмірбаянында
шын мәнінде дарынды және жоғары білімді тұлға тағдыры жасырылған.
Сералиннің өмірінде және оның идеялық-саяси қалыптасуында Троицк
қаласы орасан зор мағыналы болды. Осы жерде ол орыс және татар
ағартушыларының идеяларына қосылып, білімді қазақ жастарымен байланыс
орнатты, олардың жетекшісіне айналды.
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылдың 28 қаңтарында Торғай облысында
Сартөбек шатқалында дүниеге келген. Ерте балалық шағында бастапқы
мұсылмандық білім алып, 1886 жылы Торғай орыс-қырғыз екі класты
училищесін аяқтады. Кейіннен Орынборда 1895 жылы ол мұғалімдік мектеп
курсын аяқтады. Осы кезеңнен бастап оның педагогтық қызметі басталады.
Өзінің саналы өмірі бойы Ахмет Байтұрсынов Шығыс, Еуропа, Ресейдің
үздік ойшылдарына сүйене отырып, білімін жетілдіреді. Байтұрсынов ақын
және әдебиетші болды. Бірте бірте оның тұлғасынан күшті қоғам қайраткері
шықты. «Қазақ» газетінің бірінші санында ол былай деп жазады:
«тәуелсіздігімізді сақтау үшін бізге бар күшімізбен ағарту мен мәдениетке
тартылу керек... тек өз тілінде сөйлейтін, өзінің әдебиеті бар халық қана
тәуелсіз өмірге талаптануға құқылы». Байтұрсынов өз өмірін осы басты
идеяға – ағарту ісіне арнады, ол «Қазақ» газетінен жарқын бейнеленуін
тапты. Байтұрсынов пен оның серіктерінің жанқиярлық еңбегі арқасында бұл
баспа органы бірінші жылдың өзінде тұрақты үш мың жазылушыға ие болып
1918 жылға дейін қызмет етті. Баспа нөмірлері көп рет тұтқындалып,
айыппұл салынды, бірақ шебер дипломатия арқасында газет сақталып қалды
және мұндағы көп еңбек Байтұрсыновқа тиесілі болды.
Алаш-Орда автономиясы таратылғаннан кейін Ахмет Байтұрсынов
Қазақстанның Халықтың ағарту комитетінде жұмыс істеп, халық игілігіне
еңбек етті, бірақ 30-шы жылдардағы сталиндік жазалау Байтұрсыновтың
және оның көптеген серіктерінің өмірін қиып кетті.
Жақып Ақбаев 1876 жылы Қарқаралы уезінде дүниеге келген. 1898
жылы ол Томск гимназиясын аяқтап, сол жылы Санкт-Петербор
университетінің заң факультетіне оқуға түсті, оны 1903 жылы аяқтады. Айта
кететіні, бірінші курста оқып жүріп, Ақбаев Археология институтынан да
білім алып жүрді, бұған Ресейде 19 ғасырдың соңында универститет
жарғыларымен рұқсат берілетін. 1903 жылы ол заңгер-қазақтардың ішінен
бірінші болып құқық магистрі дипломын алып, Омск қаласына бітістіруші
судья қызметіне жіберіледі.
Қазақтың зиялы қауымы аздығына қарамастан, өз дәуірінің тарихында
өшірілмес таңба қалдырған жарқын тұлғалар түрінде ұсынылды. Әрине,
олардың қатарлары әр келкі болды, бұл осы зиялы қауым тәрбиеленген
әлеуметтік салаға, араласу ортасына, сол кезеңдегі аймақтағы саяси
күштердің орналастырылуына байланысты болды, бұл оның қазақ
қоғамының белгілі бір мәселелеріне көзқарасының әр түрлілігін шарттайтын.
Мұны бөлектену деп атау дұрыс емес болар еді, керісінше бұл қазақ
қоғамының идеялық-саяси өмірінің алуан түрлілігін ерекшелейді. Ұлттық
зиялы қауымның Қазақстан халқы тәуелсіздік пен өркендеуге жетуіндегі
мақсаттары бір болды. Ал тәсілдеріне келсек олар әр түрлі болды, мысалы,
«Қазақ» газетінің маңында топталған демократтар елде буржуазиялық
реформалар жолымен өзгеріске қол жеткізуге үміттенді, ал «Айқап»
журналының ұжымы революциялық идеяларды ұстанды. Біз келтірген қазақ
интеллигенттерінің тағдырлары халыққа қызмет ету жолында өзін құрбан
еткендіктерін көрсетіп және еліктеуге тамаша үлгі болып табылады. Біз
бүгінде қол жеткізген демократия да осыларға қарыздар.
Ұлттық либералды зиялы қауым бірте-бірте беделін жоғалтып жатқан
конституциялық-демократиялық қанаттан бас тартып, «Қазақ» газетінде
өзінің кадеттер партиясынан кетуін және «Алаш» партиясын ұйымдастыру
ынтасын көпшілікке мәлім етті.
Бірінші жалпы қазақтар съезінде шын мәнінде ұлттық-демократиялық
партиясының құрылуы аяқталды. Съез ұйымдастырушылары 1917 ж. 5
қазанда қабылданған шешім туралы «Қазақ» газетінде хабарлады: «Шілде
съезінің қаулысы барлығына белгілі, партиямызға ата-бабалар есімін береміз
– Алаш». Өз идеяларын насихаттау жөніндегі ұйымдастырушылардың
белсенді жұмысы, іс-әрекеттеріндегі мақсаттылығы оларды халық арасында
өте танымал етті.
«Алаш» партиясының қызметі өте күрделі жағдайда дамыды. Ресейде
1917 ж. тамыз айында генерал Л.Г.Корниловтың жүзеге аспай қалған әскери
төңкерісі саяси жағдайды айтарлықтай өзгертті. Көтерілісті басуға белсенді
қатысқан большевиктердің беделі едәуір өсті. Олардың Советтегі және
әскердегі ықпалы күрт күшейді. Қазақстанда Уақытша үкіметке деген
наразылық өсе бастады.
1917ж. тамыз айының соңында Перов Советі барлық билікті Советтерге
беру туралы шешім қабылдады. 5 қыркүйекте Семейдегі жұмысшы және
солдат депутаттарының Советі биліктің Советтер қолына өтуі туралы қарар
қабылдады. Верный және Әулие-Ата Советтері де осындай пікір ұстанды.
1917ж. 12 қыркүйегінде Ташкенттің жұмысшылары мен солдаттары көпшілік
митингіде Уақытша үкімет өкілдерінің шұғыл түрде қуылуы туралы қаулы
қабылдап, Уақытша революциялық комитет сайлады. Торғай, Жетісу,
Сырдария, Ақмола облыстарында, Бөкей даласында қазақ шаруалары қоныс
аударған шаруалар жаппай көтеріліп жатты. 1917 ж. күзінде Перовск,
Түркістан,
Черняев,
Әулие-Ата
және
Петропавл
станцияларында
жұмысшылардың жауынгерлік жасақтары қалыптасты. Большевистік ілімнің
прагматизмі мен антигуманистігін «Алаш» жетекшілері ерте-ақ түсініп,
саналы түрде Совет өкіметіне қарсы шықты.
1917 ж. қазан айының басында «Қазақ» газеті Құрылтай жиналысына
дайындық туралы хабарлайды және былай деп түсіндіреді: «Қызрғыз съезінің
қаулыларын және жеке қырғыз саяси партиясын қолдайтындардың барлығы
жиналыстағы кандидаттар тізімін Алаш партиясының тізімі деп атау керек».
Бұл арада Ресейдегі оқиғалар күтілмеген бетбұрыс алды: Құрылтай
жиналысы кейінге шегеріліп жатты, 1917ж. қазан айында билікті
большевиктер басып алды. «Алаш» партиясының жетекшілеріне де
оқиғаларды тездетуге тура келді. 1917ж. 21 қарашасында «Қазақ» гезетінің
беттерінде партия бағдарламасының жобасы жарияланады. Бағдарлама
жобасы 10 пункттен құралды. Бағдарлама жобасының бірінші параграфында
былай деп көрсетілген: «Ресей демократиялық федеративті республика болуы
керек. Федеративті республикадағы әр жеке мемлекет автономды және өз-
өзін бірдей құқықтар мен мүдделерде басқарады. Үкімет басында Құрылтай
жиналысы тұрады, аралығында – белгілі мерзімге Құрылтай жиналысымен
және Мемлекеттік думамен сайланатын президент. Президент Министрлер
Кеңесі арқылы басқарады, құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік дума
алдында жауапты. Заң шығару билігі тек үкіметті басқару құқығына ие
болатын Мемлекеттік дума қолында шоғырланады. Шығу тегіне, дініне және
жынысына қарамастан барлығы сайлау құқығына ие болады. Депутаттар
сайлауы тура тең және жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.
1. Қырғыз (қазақ) автономиясы облыстардан құралады және басқа
халықтармен қатар Ресей федерациясының құрамына кіреді.
2. Ресей федерациясында тең құқықтық, жеке тұлғаның дербестігіне қол
сұқпаушылық, сөз, баспа және одақтар еркіндігі қолданылады.
3. Дін мемлекеттен жеке болу керек. Барлығы еркін және тең болу керек.
4. Барлық халықтар сот алдында тең құқылы және егер де іс халықтың
құрамында қырғыздар бар жерде қарастырылатын болса, ол қырғыз тілінде
өту керек.
5. Салықтар байлық дәрежесіне және жалпы мүліктік әл-ауқатына қарай
алынуы керек: бай көбірек, кедей азырақ төлеу керек.
6. Жұмысшылар заңдары жұмысшылар пайдасына қарай шығарылуы
керек.
7. Халықтық білім беру барлығына тиесілі болу керек. Барлық білім беру
орындарында оқыту тегін. Бастауыш мектепте оқыту ана тілінде жүргізілу
керек. Қырғыздардың өздерінің орта және жоғары білім беру орындары,
оның ішінде университеттері болу керек».
Соңғы пункт сол уақыттың талаптарын көрсететін, ол кезде қазақтар,
басқа да көптеген ұлттармен қатар білім беруден мүлдем шеттетілген
болатын.
Және соңғы 8 параграф: «Құрылтай жиналыста жер туралы заңды
шығару кезінде жерді үлестіру мәселесі қаралып және ең бірінші кезекте
жергілікті тұрғындар жерге бөленуі керек. Жергілікті тұрғындар толығымен
жерге бөленбей, қоныс аударған крестьяндарға жер берілмеу керек. Жерді
сатуға тыйым салынады. Жердің барлық байлықтары: үлкен ормандар,
өзендер – мемлекет меншігінде болып, земствомен басқарылады».
Большевиктердің қарама-қарсы келгендеріне қарамастан «Алаш»
партиясы қазақтар автономиясы идеясын ұстанудан бас тартпайды: 1917ж. 5-
13 желтоқсанында Орынборда Екінші жалпы қазақтық съез өтеді. Съезді
Б.Құлманов, К.Кенесарин, Г.Қараш, М.Дулатов басқарды. Ә.Бөкейханов
және Х.Габбасов баяндама жасады. Отырыстарда съез келесі мәселелерді
қарастырды: 1) Сібір, Түркістан және Оңтүстік-шығыс одағы автономиясына
қатынасы туралы; 2) қырғыз облыстарының автономиясы, ұлттық қор,
халықтық сот, азық-түлік мәселесі.
Бұл съезд өтіп, орташа шешім қабылдады: бүкілресейлік Құрылтай
жиналысымен Ресейдің болашақ мемлекеттік құрылысы мәселесі үзілді-
кесілді шешілгенше, Қырғыз Өлкесі Сібірге де, Түркістанға да қосылмай,
тәуелсіз автономиясына ие болады.
«Алаштың» бағдарламалық мақсаттары большевик көсемдерінен
түсіністік таппады. Және бұл түсінікті де, өйткені зиялы қауым өкілдері
демократиялық Федеративті Ресей республикасының құрамындағы ұлттық
автономия туралы мәселе қозғады ғой. Большевиктер федеративті құрылым
идеясын уақытша конструкция деп, шалғайдағы құрылымдарға орталықтан
қатаң бақылау жасайтын орталықтандырылған советтік мемлекет құру
жолындағы өтпелі кезең деп қарастырған. Большевиктер тек Советтер
делегаттарын жіберіп, ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын жариялады.
Ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерінде большевиктер «жалпы әлемдік
таптық мүдделердің тар буржуазиялық-ұлттық мүдделерінен» басым болу
тұрғысын ұстанды.
Азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін
Достарыңызбен бөлісу: |