Қазақстан
тарихы (он бес дәріс)
1-тақырып. Кіріспе
(1 cағат)
1. Қазақстан тарихы курсының пәні, мақсаты және міндеттері.
2. Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу.
3. Деректер, тарихнамалық зерттеулер.
СӨЖ тапсырмалары:
1. М. Қозыбаевтың «Отечественная история: мифы и реальность»
(«Казахстанская правда» от 23.10.96 г.) мақаласы бойынша конспект жасау.
2. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабын талдап оқу негізінде
12 тарау бойынша ертедегі Қазақстан
тарихының хронологиялық
бөлінуіндегі өзгерістерді анықтау.
3. М. Қозыбаевтың «Отечественная история: мифы и реальность»
мақаласы бойынша тарих ғылымының негізгі міндеттерін белгілеу.
1.
Бүгінгі күнде тарихымыздың ақтаңдақтары айқындалып оған дұрыс
баға беру, өткенді ашып көрсету, кеңістік
пен уақыт елегінен ойымызды
өткізу, заман талабына қарай тарих түсініктерін жете меңгеру әрбір азамат
үшін «абыройы» алдындағы міндеті. Өтпелі кезеңде патриоттық сезімді
тұтастыру міндеттерін жүзеге асыруда тарихты гуманизациялау басты қадам
болады. Осы жолдағы маңызды міндеттің бірі
- тарихымыздың жоғалтқан
мұрасын қалпына келтіру болып табылады. Қазақстан тарихына қатысты
зерттеулер әлі де болса қарама-қайшы. Себебі Қазақстан тарихы марксизм
теориясына сәйкес түйіндеме тұрғысынан баяндалды. Ал дүниежүзілік тарих
«еуропацентрлік» сипатында түсіндірілді.
Осының әсерінен Қазақстан
тарихы бұрмаланды. Сондықтан құлдық сана-сезімінен айырылудың
алғышарты болатын шешуші тәсіл ретінде тарих басты рөлді атқарады.
Әсіресе, Қазақ өз өркениетін шығу тегі мен генеалогия принциптері негізінде
құрған қоғам үшін
шежіре
маңызды рөлді атқарды, ол
ұлттық сана-
сезімнің мәнді элементі
болды.
Қоғам қалыпты қызмет етуі үшін үш уақыт проекциясы:
тектік бағаны
(генезисі),
бүгінгі қалпы
(эволюцияның берілген фазасы) және алдын ала
аңғарылатын болашағы
тұтасып жатуы қажет.
Тарих құбылысында
танымдық призма
сабақтастық
(байланыстырушы) қызметін атқаратын
болса,
қоғамдық сана
тарихи сана-сезім
өлшемін иеленеді. Шындығында,
динамикалық даму үшін күш
беретін
Достарыңызбен бөлісу: