[Введите текст]
2
Бағзы замандардан бері қоңырауын күмбірлетіп, күңіріне
көшкен жыр керуенінің сүрлеу-соқпағы баба тарихымыздың
бел-белестерінде тайға таңба басқандай сайрап жатыр. Өмір
өзгеріп, тұрмыс қанша түрленсе де, елім деп еңіреген, жерім деп
күйзелген ата жыр өзінің түп тамырын жұлдырмай, өзегін
үздірмей өркен жайып, күннен-күнге кемелденіп дамып келеді.
Сан ұрпақ келіп, сан ұрпақ кетіп жататын жұмбақ жалғанда
көздің шырағы сөнсе де, сөздің шырағы ешқашан сөнбек емес.
Бұған VIII ғасырдағы Күлтегіннің көктасына түскен елдік
жырының ғажайып рухының Қорқыт, Әл-Фараби, Махмұт
Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Кетбүға, Асанқайғы, Қазтуған,
Доспанбет, Шалкиіз, Ақтанберді, Бұқар, Махамбет, Дулат, Абай,
Мағжандарға дейін, онан кейін де ұласа шеру тартуы айқын
дәлел.
Осы ұлы жеңісті, шексіз бақытты қолымызға ұстатқан
алтын арқау – ұлттық рухтың үзілмей жалғасуында өзінің алды-
артында өмір сүрген ұлылар тектес Дулаттың да алатын орны
ерекше.
Биыл елдіктің жыршысы, еркіндіктің жоқшысы, ақын
Дулат Бабатайұлының туғанына 210 жыл. Ақынның
мерейтойына орай, Сіздердің назарларыңызға «Тұнық жырдың
тұмасы» атты әдебиеттердің ұсыныс көрсеткішін ұсынамыз.
Көрсеткіш бөлімдері:
Елдіктің жыршысы, еркіндіктің жоқшысы
Ұлтының ұлы жыршысы
Дулат Бабатайұлының шығармашылығына жаңаша
көзқарас
Дулат поэзиясы және оны зерттеудің кейбір
мәселелері.
[Введите текст]
3
Әр бөлімнің соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
берілген. Дулат Бабатайұлы туралы мағлұмат алғысы келген
әр оқырман осы ұсыныс көрсеткіштің көмегіне жүгіне алады.
Көрсеткіште алдымен ақын туралы мағлұмат, содан кейін
ақынның шығармаларының және ақын жайлы мерзімді
басылым беттерінде жарияланған мақалалардың тізімдері
берілген. Бұл ұсыныс көрсеткіштегі мағлұматтардың
барлығы тек Шығыс Қазақстан облыстық балалар және
жасөспірімдер кітапханасының қорында бар әдебиеттерден
құрылған.
Көрсеткіш туралы айтар ой-пікіріңіз болса, мына мекен-
жайға хабарласуыңызға болады:
Мекен-жайымыз:
Өскемен қаласы,
Ғарышкерлер көшесі, 6/2
«Шығыс Қазақстан облыстық балалар
және жасөспірімдер кітапханасы» КММ
Ақпараттық-библиографиялық бөлім
[Введите текст]
4
Дулат жырларының
күш-құдіреті оның көркемдік қуаты,
мазмұн байланысы мен қатар,
замана келбетін бар бедерімен
көрсете білген шындығында.
М.Мағауин.
Дулат Бабатайұлы
(1802-1874)
Дулат
Бабатайұлының
өмірі жайлы мәлімет өте аз, яғни
толық
зерттелмеген.
Биыл,
туғанына 210 жыл толып отырған
Дулат Бабатайұлы ХІХ ғасырдың
басында, 1802 жылы Семей
облысы Аягөз ауданында дүниеге
келді. Заман ағымын, елдің
жайын, бұрынғы еркін дәуірдің
өткендігін, патша үкіметінің отарлау саясатының үстемдігін ес
білген кезінен бастап-ақ көріп өсті. Жаздық мекені - Ақжайлау,
Сандықтас. Руы - Найман, оның ішінде - Қаракерей. Дулат бала
жасынан өнер қуған адам болған екен. Көп ізденудің арқасында
өз заманындағы көзі ашық, көкірегі ояу, ең білімді адамдардың
бірі болғаны оның шығармаларынан да анық аңғарылады.
Шығармаларына қарағанда мұсылманша хат таныған, сол
кездегі қазақ даласына кең тараған діни көзқарастардың
шеңберінде дін туралы да біршама түсінігі болғаны байқалады.
Өлеңдері ел ішінде ауызша және қолжазба түрінде таралған.
Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет
[Введите текст]
5
«Өсиетнама» деген атпен жеке кітап болып жарық көрген.
Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік
өмірін шыншылдықпен жырлаған ой–толғаныстары енген.
Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде «XYIII–XIX
ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (Қазақ ССР
Ғылым академиясының баспасы. - А., 1962), «Үш ғасыр
жырлайды»
(Революцияға
дейінгі
казақ
ақындарының
шығармалары.- А.,1965) жинақтарында басылып шықты. Ал,
«Еспембет» поэмасы алғаш рет 1957 жылы «Жұлдыз»
журналының 5-номерінде жарияланған. Дулат шығармаларын
барынша зерттеп , жинап баспаға әзірлеген Қ. Өмірәлиев болды.
Ақынның жеке жыр жинағы «Замана сазы» деген атпен 1991
жылы жарық көрді. Дулаттың өлең–жырларының басты сарыны
– XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық
әрекеттерге рухани қарсылық көрсету.
Дулат өлеңдері көшпелі елдің тойтарысы еді. Осы бір
зар-заманда ақын халық қайғысын, өкінішін жан дүниесімен
түсініп, тебіреніп, ел қамын ойлап, астарлы мағыналы толғаулар
айтады:
Сырымды менің сұрасаң,
Тұманың тұнық суындай
Кеудеме қайғы толған соң.
Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей,
Жырын тыңда Дулаттың.
Патшалық әкімшілік және феодалдық қоғам басшылары
ел қамы үшін ашық айтысып, арнау сөз айтар ақынды
жақтырмады. Ақын даналығымен келешек ұрпаққа әділдік
жолын меңзеп, сенімді қуат береді.
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
Көзге қораш бойым бар,
Теңізден терең ойым бар.
Атан өгіз ағызған
[Введите текст]
6
Ақылдан алпыс салам бар.
Қорған құрыш сөзім бар.
Дулат Бабатайұлы қазақтың ұлттық ой-санасының
жоғарылығын, алғырлығын айта келіп, елі үшін жанын аямаған
Ақтамберді, Ер Қосай, Қабанбай, Еспенбет, Жәнібек сияқты
батырларды өз жырларына арқау етіп алды.
Дулат шығармашылығын басты-басты үш салаға бөліп
қарастыруға
болады.
Бірінші
салаға
жататын
жыр-
толғауларында ол ел басқару ісіндегі озбырлық, әділетсіздікті,
патшаның отаршылдық саясатының әсерінен жер қонысынан
айырылған ел жағдайын жүйелі сөз етеді, ел билеушілердің
зұлымдық, әділетсіздіктерін аяусыз әшкерелейді. («Тегімді
менің сұрасаң», «Ал қарағай сұлу сымдарлы», «О, Сарыарқа,
Сарыарқа», «Асқартаудың сәні жоқ» т.б.). Екінші топқа жеке
адамдарға арнап жазған жырлары енді. («Сүлейменге»,
«Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған патшаға», «Еспенбет»
т.б.). Бұл жырларында басынан бақ-дәулеті ұшқан кешегі ру
басы феодалдар мен хан тұқымының асылдығын, сән-
салтанатын дәріптейді, ел басшыларының аздығын айтып,
өмірде болып жатқан өзгерістерге сескене, шошына қарайды.
Үшінші салаға оның мысал үлгісіндегі туындылары жатады.
(«Сары шымшық», «Қара қарға жем іздеп»). Бұларда ақын
айласы сұм басшылар мен аңқау бұқара халықты әр алуан
жағдайда бейнелей отырып, ел мүддесін көздемейтін әкімдердің
көп ұзамай мерт болғанын аңғартады, Дулат шығармаларының
тілі таза, бейнелі, көркем де шешен.
1874 жылы атамекенінде қайтыс болған. Бірақ жырау
кесенесінің нақты қайда екенін ешкім білмеген. Іздеу
нәтижесінде 1990 жылы қарт Шәрбан ананың басшылығымен
Дулат атаның кесенесі, қабірі, тасқа жазылған белгісі Ақшатауға
20 шақырым жердегі Қызылжардан табылған еді.
Зар заман поэзиясындағы көркемдік құндылықтары аса
жоғары, тың теңеулерге, айшықты образдарға толы Дулат
шығармашылығының екі жағы бар. Бірі - ескі дәуірге көзқарас.
[Введите текст]
7
Екіншісі - өз халқына деген сүйіспеншілік. Ол ел басқарушы
топтардың зұлымдықтарын көпшілікке әшкерелеп, батыл
сынайды, шындықты көрсетеді.
Дулат Бабатайұлы - өз кезіндегі әдебиеттің, оның
поэзиялық тілінің дамуына елеулі еңбек сіңірген адам. Оның
өмірі мен шығармашылығы әлі де зерттей түсуді қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Ахметов, Зәки. Елдіктің жыршысы... [Мәтін] / З.
Ахметов // Қазақ әдебиеті. – 2002. – 19 шілде (N29). –
Б. 14.
2.
Ахметов, Зәки. Жырын тыңда Дулаттың [Мәтін] / З.
Ахметов // Дулат Бабатайұлы. Тұнық тұма. –
Алматы, 2000. – Б. 5-22.
3.
Дулат Бабатайұлы [Мәтін] // Айгөлек. – 2002. – N8. –
Б. 6-7.
4.
Дулат Бабатайұлы (1802-1874) [Мәтін] // Абай. –
2002. - N4. - Б. 86.
5.
Дулат Бабатайұлы (1802-1874) [Мәтін] // Қазақ
әдебиетінің тарихы. Он томдық. – Алматы, 2005. –
Т.4. - Б. 202-229.
6.
Жарықбаев Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі [Мәтін] / Қ.
Жарықбаев, С. Қалиев. – Алматы, 1995. - Б. 145.
7.
Пертаева Ә. Д. Бабатайұлының әлеуметтік саяси
көзқарасы [Мәтін] / Ә. Д. Пертаева // Қазақ тілі мен
әдебиеті. - 1998. – N9-10. – Б. 83.
8.
Шәкерұлы, Ғабдіахмет. Дулат Бабатайұлы [Мәтін] /
Ғ. Шәкерұлы // Дидар. – 2002. – 5 маусым. – Б.2.
[Введите текст]
8
Дулат қазаққа «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, қайырусыз
жылқы бақтырған» Абылай дәурені өткен соң, отаршылардың
ортамызды ойып, орын алып, төрімізге жетіп, төбемізден қарай
бастаған аса бір ауыр кезеңінде дүниеге келді. Дулатты тудырған
дәуір оған ел басына төнген отаршылдық ауырлықтың салмағы
мен одан келер қауіпті, сондай-ақ оның соңғы нәтижесін жете
танытты және оны былайға көпке жеткізе айтып, жұрттың көңіл
көзін ашу міндетін арқалатты.
Сондықтан оның жырлары елді бірлікке, берекеге
шақырумен бірге әлеуметтік қайшылықтардың түп тамырын
қазып, аршып, жеріне жеткізе айтатын ерекшелікке де ие болды.
Елін сатқан намыссыз ұлықтармен аяусыз күресті. Алайда,
Дулат олардың ұлықтығына өшікпейді, қайта ел басына төнген
қауіпті
сезінбейтін
аңғарымсыздығына,
отаршылдардың
айтқанына көніп, айдағанына жүрген дәрменсіз аянышты халіне
ашынады. Туған халқының басынан өткен қилы-қилы қиянатты
тауқымет Дулат ақынды да өрмекшінің торындай шырмап келді.
«Тұманың тұнық суындай жыр тудырған, ұлттың жігер-күшін
құдіретті сөз қуатымен бұлқындырған» Дулаттай дүлдүлді де
тарих көзінен тасалап, ұрпақ зердесінен аулақтатып бақтық.
Отаршыл саясаттың астарын қазып отырып, халқына ой салған
ақынға кешегі Кеңес одағы тұсында да отаршылдардың іші жіби
қойған жоқ, олар Дулат шығармаларының халыққа кең
таралуына тіс-тырнағымен қарсы болды, Дулат жырларының
өміртанытқыш теңдессіз қуатынан өлердей қорықты. Сондықтан
күні бүгінге дейін Дулатты танып-білу халықтық сипат ала
алмай, қанатын кең жая алмай отыр. Дулатты жеке дара түрде
емес, Абаймен байланыстыра қарау керек еді. Біз бұл салада да
ағаттықтар жібердік. Ол ағаттықтарымыз абайтануға да көлеңке
түсірмей қалған жоқ. Абайтанушылардың бәрі де ұлы ақынның
[Введите текст]
9
нәр алған рухани қайнар көзін үш салаға бөледі. Олар: шығыс
әдебиеті, орыс әдебиеті арқалай келген Еуропа мәдениеті,
қазақтың ауызша поэзиясы арқылы атадан балаға жалғасып келе
жатқан ұлттық өнер дәстүрі. Кеңестер одағы тұсында Еуропа
мәдениетінің Абайға тигізген ықпалы жеріне жете зерттелді.
Тіпті кейде асыра айтылған тұстары да болды. Ал Абай нәр
алған ұлттық мәдениетіміз көбінше аты аталып, заты талданбай
ескерусіз күй кешті. Сондықтан күні бүгінге дейін Абайға
рухани нәр берген төл ұстаздары туралы шындықты жұрт
қабылдай алмай келеді. Абайдың ақындық өнердің биігіне
көтеріле алуына әлемдік әдебиеттің мол қайнарынан
сусындағандығы себеп болды. Дегенмен, өзі көктеген
топырақтан нәр алмаса, өз топырағы құнарсыз болса, сыртқы
әсер қашанда оның осындай ғажайып табысқа жетуіне толық әрі
қажетті шарт бола алмаған болар еді. Абай әлемдік ойдың
жетістіктерін ғана қабылдап қойған жоқ, оз халқының рухани
мұрасынан
да
армансыз
сусындады,
Еуропаның
ұлы
әдебиетшілерін өзіне ұстаз ете алған ақын өз халқынан ұстаз
таба алмаса не болғаны? Абай дүниенің төрт бұрышына көз
салып, әлемдік әдебиеттің алып айдынынан сусындамас бұрын,
өзін өмірге әкелген қазақы жырдың қара уызына мейлінше
жарып өскендігін естен шығармаған абзал. Бұл тұрғыдан алғанда
Абай өнеге алған ұстаздардың бірі де бірегейі - Дулат
Бабатайұлы. Абай да, Дулат та өнерпаздық тұлғасы мүлде
өзгеше суреткер десек те, олардың өмір сүрген ортасы, заманы
жалғас, жақын, сол дәуірдегі қоғамдық өмірдің қайшылықтарын,
әр түрлі әлеуметтік топтардың мінез-құлқын бейнелеп
көрсеткендігінде де ұқсастық, сабақтастық бар.
Халықты бір шыбықпен айдаған, батырының басын
кесіп, ақынының тілін байлаған зұлым заман да келмеске кетті.
Аллаға шүкір, ұлт та жыршысымен қайта табысты. Дулат туралы
шындық айтыла бастады. «Абайтанудың жүз жылдық ұзынсонар
даму тарихына ой жіберіп, шола қарағанның өзінде ұлы ақын
мұрасын бірде жатырқап, артынша қайта табысқанымыз, немесе
[Введите текст]
10
бірде жалаң танып, артынан тереңдей түскеніміз жасырын қалар
сыр емес, кеше ғана көз алдымызда өткен тарих сүрлеуі емес пе?
Дәл осындай болмаса да осыған тағдыры ұқсас, бірақ
әдеби мұрасы екі рет күйген тағдыр тәлкегін Дулат жыраудан
көреміз. Ол Абайға дейінгі ауызша айтылып импровизаторлық
дәстүр негізінде дамып, жалғастық тауып келген қазақ
поэзиясымен жаңаша әдебиетті ұштастыратын рухани көпірге
айналды, әдеби мұрасымен өз заманындағы саналы ойдың иесіне
айналды.
Дулаттың өзінен бұрынғы халықтық поэзиядан алған
нәрін өзінен кейінгі ақындарға қалай дамытқандығы, оның қазақ
өлеңінің поэтикалық дамуындағы алатын орны күрделі
зерттеулерді күтіп тұрған тақырып екені даусыз.
Дулат туған халқымен табысты, әдебиет тарихындағы
және халық тарихындағы өз орнын алды. Бұл қазақ халқының
мақтанышы.
Дулат - ұлтқа керек ұлы жыршы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Айтұлы, Н. Ұлттың ұлы жыршысы [Мәтін] / Н.
Айтұлы // Мәдени мұра. – 2011. - №5. – Б.20-23.
2.
Бейсенова, Ш. «Өмірдің жолын жалғастырар өлеңім»
[Мәтін] / Ш. Бейсенова // Қазақ әдебиеті. – 2007. – 14
желтоқсан(№5). – Б.11.
[Введите текст]
11
Көшпенділер әлемінің көркем ойлау жүйесі мен
Абайдың көркем әлемін жалғастырып тұрған талмауытты
тұстағы ұлы тұлғаның бірі – Дулат ақын. Ол – ақыл мен
нақылдың, жалпы мен жалқының, фәни мен бақидың, дәстүр
мен жаңалықтың, кеңістік пен уақыттың, ұлт пен рухтың
арасындағы
сана
аңсарын
ажыратып,
бостандық пен
бодандықтың, рухани тәуелсіздік пен рухани басыбайлылықтың
арасына жік қойып, заманның бетіне тұңғыш рет тура қараған
қазақтың көреген ойшылы.
Ол -
«әр елден өлеңмен қайыр тілемеген, сөз қадірін
кетірмеген, жанын жалған намысқа жалдамаған, біруді алдап,
біреуді арбамаған» сайын даланың сайыпқыран өр ақыны. Ол -
сонау көшпелі заманнан бері тек қана жеке оқиғалар мен
адамдарға арнау толғаған, «қылқаның кетер демес елі»
шайнамай жұтып қоям дейтін, өкпелеп өлең шығаратын дәстүрді
бұзып, жалқыны емес жалпыны саралап, «елдің өксігін ойлап,
ұйқы беріп, қайғы алған» ақын.
Ұлы Абайдың төл топырағымызда ұстаз тұтқан
ақындарының бірі де бірегейі - Дулат Бабатайұлы. М. Әуезовтың
«Абай жолы» эпопеясының алғашқы кітабындағы Қодар Қамқа
оқиғасын көзімен көріп, қатты түршігіп, ауырып қалған
ақынжанды әсершіл баланың жүрегін жырмен суарып,
сауықтырып жіберетін де осы Дулат ақын.
Тағдырдың жазуы солай ма, жоқ заман екпіні ме, әлде
адамдардың ала, пасық пейілі ме, басынан дау арылмайтын бір
тұлғалар болады. Екі жүз он жылдың ішінде екі жаһангер
империяның қысымын көріп, өзі өлсе де өлеңі қудаланудан көз
ашпаған, бірақ екеуі де ештеңе істей алмай, керісінше барған
[Введите текст]
12
сайын тұлғалана түскен, «дулатуы мен шулатуын» қоймаған
тұлғаның бірі – Дулат ақын. Уақыт өткен сайын Дулат
шығармашылығы ғалымдар тарапынан зерттеліп, жаңа қырынан
танылып келеді. Әсіресе, Бауыржан Омарұлының, Г.
Нұрышеваның, Әди Шәріповтің, Қанипаш Қайсақызының
еңбектері зор. Мысалы: М.Қ. Қайсақызының 2006 жылы «Қазақ
әдебиетінің ХІХ ғасырдағы көркемдік дамуы және зерттелуі »
деп аталатын еңбегінде зар заман поэзиясындағы әлеуметтік
ортақ желілер, Дулаттың дара ақындық ұстанымы ашып
көрсетілген.
М. Қайсақызы: «Ақын өлеңі – бірнеше ғасыр ішіндегі
қазақ поэзиясының тоқайласқан тұсы. Дулатта ескінің түсі де,
жаңаның түрі де – бәрі де бар.
Дулат – зар заман әдебиеті өкілі делінеді. Солай
болғанымен де зар заман әдебиетінің негізінде зар заман сарыны
жатқанымен, Дулат өлеңдерінің Шортанбай, Мұрат өлеңдерінен
өзгешелік
сипаты,
айырмасы
көп.
Егер
Шортанбай
шығармасында заманның, сол заман билеген, елдің қалпы,
мінез–құлқы негізінен жалпы мәнде сипатталса, тұтас бағамен
қайырылып отырса, Дулат сол заманды билеген адамға, оның
мінезіне жақын келіп, іштен алып отырып сөйлейді. Жалпыны
жасап, туғызып отырған жалқының өзін ашады.
Дулат заман күйін жеткізіп, мінін бадырайтып ашып
айтып отырып, ендігі күй не болмақ дегеннің қисынды
жолдарын алға тартады. Өнер, білім, оқудың қажетін жеткізеді.
Бұл құбылыс – қазақ қоғамын тығырыққа тіреген көп
сұмдықтардан кейінгі жылт етіп, шыңырау түбінен көрінген
сәуле еді. Кейінгі, жан сақтап, елді аштан алып шығудың жолы –
өзіңді билеген жұрттың сырын білуден, тілін білуден, жеткен
биігіне ұмтылудан туған ағартушылық бағыттың алғашқы
нышандары еді» - деген пікір айтады.
«Ақиқат» журналының 2008 жылғы № 4 санында Дулат
Бабатайұлы шығармаларының жаңашылдығы жайында былай
делінеді.:
[Введите текст]
13
«Дулат Ақтамберді мен Бұқар жыраудың жыр үлгілерін
одан әрі дамытып, жазба ақындарға тән көркемдік мәнермен,
тың теңеумен, соны бейнелермен байытты. «Саудагер сарттай
қайтты өмір, құмар ойнап ұмтылған», «Бұзауы өлген сиырдай,
мөңіреп жұртқа ой айтты» тәрізді тапқыр теңеулер мен алты–
жеті жолдан қайырылып, бір ұйқаспен өріліп отыратын жыр
үлгісі де осы Дулат ақынның жаңалығы екені даусыз».
М. Қ. Қайсақызының еңбегінде Дулаттың өлеңдері зар
заман ақындарының өлеңдерімен сарындас екенін көрсетеді:
«Дулаттың «Қазақ деген ғарып жұрт» толғауы мен
Шортанбайдың «Зар заман» толғауы мәндес. Арғы–бергі
тарихты шала сөйлеген Дулат ақын бар шындығын алға тартады.
Өз уақытының хал–күйін, болмысын жеткізеді. Толғаудың өн
бойында ежелгі жыр үлгісімен ұқсас келетін тұстары да бар.
Ақын тілі кезең шындығын, айналып өтіп жатқан аласапыран
тіршілікке жан қайғысын қосып қараған сәтте аса нәрлі, аса дәл,
ұтқыр да ұшқыр.
Дулаттың Аякөз өзеніне арнаған «Тауды екіге жарасың»
жыры сұлулықты сиқырмен өрген ғажап туынды. Өзеннің
толқынды толқын қуған ағынды күйі керемет суреттелген өлең
отаршылдық ойрандарын да айналып кете алмайды.
Тарбағатай тауынан тоқсан өзен қосылып, төмен
жосылып аққан Аякөздің қымбаты бөлек, қимасы көп еді. Ендігі
күйі не?!».
Ал филология ғылымдарының кандидаты Бауыржан
Омарұлы «Ақиқат» журналының №7 санында «Жеріңді алды,
елді алды...» деген мақаласында Дулат ақынды басқа зар заман
ақындарымен салыстыра отырып, өзіндік ерекшелігін көрсетеді:
«Орыс шаруаларының қазақ жеріне ағылып келуі
жұрттың наразылығын оятты. Бұл қарсылық отаршылдық
дәуірдің құбылыстарын аяусыз сынға алған зар заман
поэзиясында шынайы көрініс тапты:
Дулат:
... Жерінің алды жұрайын,
Дуан салып жайланып...
[Введите текст]
14
***
... Айтуға ауыз келе ме,
Аягөз кімнің жері еді?...
***
... Сауыр жерден айырылып,
Қазақ елі жұқарды....
Шортанбай:
... Нысапсыз екен бұл кәпір,
Жеріңді алды малды алды...
Мұрат:
... Еділді тартып алғаны,
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны,
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны,
Ойындағысы болғаны...
Әдебиетіміздің алтын қорын құрайтын ақын-жыраулар
мұраларындағы
«қасқыр
мінезді
ер
азаматтың»
отарлаушылардың алдауына көніп, айдауында жүрген тұсын
Дулат ақын «ит мінезге» теңеді. Әрине, «ит өмір», «ит тіршілік»
деген тіркестер, сондай–ақ мінездің иттігін айту халық ішінде
бұрыннан қалыптасқан үрдіс екені рас. Ақынның «Қазіргі қазақ
ұлығы, жаман иттен несі кем», «Жаман ит жұлып жей берер, қан
шықса елін жұлмалап», «Дүние – жемтік, мен – төбет» деген
тұжырымдары өз ұлтын өзі жүндей түткендердің образын
әйгілеп тұрғандай. Отаршылдықтың ойраны туындатқан,
заманның шындығын, сыр–сипатын «Өзі елді қорқытып, одан
өзі қорқады-ай» деген Дулаттан артық ашып көрсету әсте
мүмкін емес.
Бұл тұрғысында білікті ғалым М. Мырзахметовтың
пікіріне жүгінсек: «Қазақ әдебиеті тарихында алғаш рет ұлттық
санасы саналы түрде оянған жаңашыл ақын, халқының
бозторғайы боп шырылдаған Дулат поэзиясында отаршылдық
[Введите текст]
15
билік жүйесі және елін сатқан атқамінерлер бейнесінің тұңғыш
галереясы жасалды».
Дулат шығармашылығы өз заманында талай сынға
алынып, кертартпа пікірлер қалыптасты. Зерттеу жұмыстары
осы
күнге
дейін
жалғасын
тауып
келеді.
Алайда,
зерттеушілеріміз зар заман ағымы өкілдерін жеке–жеке бұтарлап
талдамайды,
ақындардың
шығармаларындағы
негізгі
үндестіктер мен ерекшеліктерді, көркемдік кестелерді тұтастай
қарастырып, тақырыптық, әлеуметтік, көркемдік, философиялық
нысандарын әлем әдебиетіндегі түрлі ағымдармен байланыстыра
отырып, теориялық тұрғыдан талдайды.
Ендеше,
Дулаттың
ақындық
мұрасын
тулақша
сүйреткеніміз жеткен сияқты. Оған Дулаттың түгі кетпейді. Енді
оның аруағы бізді тулақша сүйретіп жүрмесін,- дегіміз келеді.
Әрине, салиқалы да салмақты зерттеулер мен мәтіндік
салыстырулар қажет-ақ. Бірақ, пайымдаулар мен тұжырымдар
Дулатты тұқырту үшін емес, тұлғаландыру тұрғысынан
жасалғанда ғана аманаттың жолын қиянат кеспейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1)
Дулат Бабатайұлы [Мәтін] // Ахметов, Зәки.
Таңдамалы: әдеби зерттеулер. 1-т. / З. Ахметов;
құраст. М. Оразбек, М. Зәкиұлы; алғы сөз авт. С.
Қасқабасов . - Алматы : Ана тілі, 2008. - Б.160. -
(Мерейтойлық әдебиеттер).
2)
Дулат Бабатайұлы [Мәтін] // Зұлхаров, Ғабит.
Аңыздар. Асулар. Адамдар / Ғ. Зұлхаров ; ред. С.
Байхонов ; ШҚО мәдениет басқармасы. - Өскемен,
2006. – Б. 104.
3)
Дулат Бабатайұлы [Мәтін] // Қазақтың тәлімдік
ойлар антологиясы: он томдық. 4-т. ХV - ХVIII ғғ.
билер мен ақын-жыраулар тағылымы / құраст., алғы
[Введите текст]
16
сөз авт. С. Қ. Қалиев, ред. С. Үркімбаев. - Алматы,
2007. – Б.454-455.
4)
Дулат Бабатайұлы [Мәтін] // Тұңғыштар / құраст. Ш.
Күмісбаев; ред. Б. Шакиева. - Алматы , 2007. – Б.196-
197. - (Мектеп кітапханасы).
[Введите текст]
17
Дулат Бабатайұлының шығармалары:
1)
Бабатайұлы, Дулат. Тұнық тұма [Мәтін]: өлеңдер
мен дастандар. Сын зерттеу, көзқарастар / Д.
Бабатайұлы; ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім м-гі. - Алматы: Раритет, 2002. - 288 б. -
(Қазақ жыры).
2)
Бабатайұлы, Дулат. Шығармалары мен тағылымы
[Мәтін] / Д. Бабатайұлы; құраст., алғы сөздің авт.,
түсініктер авторы Қ. Раев; суретші А. Тіленшиев;
алғы сөздің авт. З. Ахметов; ҚР Мәдениет, ақпарат
және қоғамдық келісім м-гі. - Алматы : Раритет,
2003. - 288 б. - (Мирас).
3)
Бабатайұлы, Дулат (1802-1874). Басшысын атқан
бөкендей... [Мәтін]: өлең / Д. Бабатайұлы // Таң-
Шолпан. - 2011. - №4. - Б. 182-190.
[Введите текст]
18
Дулат
шығармашылығына
қатысты
кеңестік
әдебиеттануда теріс көзқарастардың қалыптасуына ақынның
бүкіл әдеби мұрасының отарлық езгіге қарсы бағытталуы мен
ұлттық тәуелсіз мемлекетті қалпына келтіруге шақырған
поэзиясы себеп болды. Неге десеңіз, тоталитарлық әккі саясат
қауызындағы «Совет мәдениеті мен әдебиеті дегеніміз – түрі
ұлттық, мазмұны социалистік, рухы интернационалистік
құбылыс» деген қағида кеңес кезеңіндегі ақын-жазушылар
шығармашылығын былай қойып, социализм елесі де тумаған
ХІХ ғасыр әдебиетінің тарихын зерттеу мәселесіне де көлденең
тартылды. Біріншіден, кез-келген әдебиетті ұлттық десек те,
мазмұнын социалистік деу – ағаттық. Өйткені қай ұлт мәдениеті
мен әдебиетінің болса да түп мазмұны адамзат мәдениетінің биік
нысанасы – гуманизмге қызмет ету, яғни, адамдық асыл
қасиеттер, әділет пен ар ісін насихаттау деген сөз. Сондықтан да
Дулат дүниетанымы әлеуметтік таптар мүдделеріне, олардың
өзара қайшылықтарын суреттеуге негізделген таптық әдебиеттен
анағұрлым биік тұр. Ол – адамды қасиеттеуші гуманист, адам
бойындағы пенделік кеселдің кез келгені оның жанына инедей
қадалады. Сол себепті де ақын өз кейіпкері атынан:
Күнәм жойқын, тәубем аз,
Тіршіліктен не таптым?
Дүние жемтік, мен төбет,
Соны бақпай, не бақтым?
Ырылдасып әркіммен,
Не қапқыздым, не қаптым,- дейді. Дулат өлеңдерінен
интернационалистік рух іздеудің өзі ерсі.
Дулат тыңдаушылары көп болғандықтан өз өлеңдерінің
көбін ауызша айтып, біразын жазбаша жазып шығарған. Ол – бір
[Введите текст]
19
жағы жырау, бір жағы ақын. Бірақ Дулаттың жыраулықтан гөрі
ақындығы басым, өйткені отарлық езгінің өршіген кезінде
жалпыдан жалқыға, кеңнен нақтылыққа ойысу қажет болды. ХІХ
ғасырдағы қазақ поэзиясында Дулат Бабатайұлы патша
өкіметінің отарлық езгі саясатының астарын ашып айтып, оның
ел ішіндегі жексұрын жемісі «борсық тұмсық, қанды ауыз ұлық
болған, қазақтан шыққан кәпірдің» образын бірде іс-әрекет,
қимыл үстінде бейнелесе, бірде кейіпкерінің өз сиқын оның
монологы түрінде өзіне әшкерелетіп суреттеген. Осындай заман
адамының кескін-кейпін сөз шебері «Әуелгі қазақ деген ғарып
жұрт» сияқты жыраулық дәстүрдегі жыр үлгісімен берілген
туындыларының өзінде де ақындық нақтылықпен қозғалыс,
әрекет үстінде көрсеткен қалпын көреміз. Мұндай өлеңдер
қатарына Дулаттың «Ер шөгіп, есер ер жетті», «Дүние – жемтік,
мен – төбет», «Май, май дейсің, май дейсің» сияқты көптеген
туындыларын жатқызуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1)
Бейсенова, Ш. «Өмірдің жолын жалғастырар өлеңім»
[Мәтін] / Ш. Бейсенова // Қазақ әдебиеті. – 2007. – 14
желтоқсан(№5). – Б.11.
2)
Бекбосынов М. Дулат поэзиясының зерттеуі [Мәтін]
/ М. Бекбосынов // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2011. –
N6. – Б. 71-79.
[Введите текст]
20
Оқырман назарына
....................................3
І бөлім:
Елдіктің жыршысы, еркіндіктің
жоқшысы .........................................................5
ІІ бөлім:
Ұлы жыршы .......................................9
ІІІ бөлім:
Дулат Бабатайұлы шығармаларына
жаңаша көзқарас...............................................12
IV бөлім:
Дулат поэзиясы және оны
зерттеудің кейбір мәселелері ...............................19
[Введите текст]
21
Құрастырған және
компьютерде өңдеген:
Ж.Н.Буханова
Жоғары дәрежелі библиограф
Жауапты:
К.Қ.Карчалова
Кітапхана директоры
Тексергендер:
К.Б.Мукашева
Кітапхана директорының
орынбасары
А.Н.Абдакерова
Кітапхана аудармашысы
Достарыңызбен бөлісу: |