Англиядағы грамматикалық мектеп, Германия Федеративті Республикасында гимназия, Францияда лицей). Екінші турі орта буында қызмет жасаушыларды дайындайтын толық емес орта мектеп (Англияда техникалық мектеп, ГФР-да реалдық мектеп, Францияда - жалпы білім колледжі). Үшінші түрі негізінен өндіріс жұмысшыларын дайындауға бағытталған практикалық білім (Англияда осы заманға мектеп, Францияда бастауыш мектептің жоғары сыныптары, ГФР-да-негізгі мектеп). Франциядағы орта білім жүйесіндегі құрылымдық реформаны мысалға ала отырып, олардың әрекет механизмдеріне назар салайық. Аби жоспары аталған құжат бойынша (1975) дамушы типті міндетті мектеп-колледж
ұйымдастырылған болатын. Бұл толық емес орта мектептің үш түрін біріктірген, алтыншы сыныптан үшінші сыныпқа дейінгі (француз мектептерінде сыныпты номірлеу кері қарай алтыншы, бесінші-бітіруші) бес жылдық мектеп негізіндегі терт жылдық білім. Бұл құбылыс алға бағытталған қадам болып, білім баршаға теориясының практикалық өмірге келуінің көрінісі болатын
|
Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырдық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі. Бәрінен бұрын адам көзқарасындағы төңкеріс Италияда басталды (14-16 ғасыр, шамамен айтқанда, басқа елдерде 15-16 ғасырлардың соңы). Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің негізгі ерекшеліктері – шынайылық, гуманистік дүниетаным (гуманизм қысқасы), көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді.
|
XIV.XVI ғасырларда Италияда басталып, кейіннен Еуропада антиктік идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және орта ғасырлық мұрадан арылу етек алды. Осы уақыт қайта өркендеу дәуірі (ренессанс) деген атпен тарих парақтарына алтын әріппен жазылған.
Ренессанс . философия тарихындағы маңызды кезең. Қазіргі уақыттың философияның тамырлары сол уақыттан бастау алады, яғни антикалық философия мен мәдениетке қызуғышылық артып, өрлеу алады; діни білім шеттетіліп, ғалымдардың көзқарасы елеулі рөл атқара бастайды. Зайырлы мәденниеттің рөлі артады. Бұл дәуірдің мәдениеті гуманизм құндылықтарына негіздеген, сондықтан бұл дәуір қайраткерлерін гуманистер деп атайды. Оның өкілдері осы дәуір мәдениетіне ой еркіндкгі мен сыни көз карасты енгізді. Ренессанс дүние танымы антропоорталық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы . адам, ал Құдай . барлық заттардың бастауы, қоғам . адамдар әрекетінің нәтижесі. Бұл дәуір адамның өзіндік санасы өзін таныту, өз күш.қабілетін сезіну ретінде көрініс табады.
|
XIV ғасырдың екінші жартысынан ортағасырлық Батыс Еуропаның мәдени өмірінде жаңа ерте буржуазиялық мәдениеттің тууына байланысты маңызды бетбұрыс болды. Капиталистік қатынастар Италияда басқа елдерге қарағанда бұрын туып, дами бастағандықтан, «Қайта өркендеу» деп аталған ертебуржуазиялық мәдениет те түңғыш осы елде калыптаса бастады. XV ғасырдың аяғында және XVI ғасырда қайта өркендеу мәдениеті толық гүлдену деңгейіне жетті. Сол дәуірде дүниеге келген тамаша мәдениет туындылары адамзат баласын әлі күнге дейін таңғалдырып келеді. Италияда бұл кезеңде мәдениеттің барлық түрі өте тез дамыды.
|
Қайта өрлеу дәуіріндегі философияның позитивті бағыттары адамның идивидуалдық, еркіндік және творчествалық потенциял мәселелеріне негізделген. Қайта өрлеу дәуірі — әлемдік мәдениет титандарының творчествалық уақыты: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Шекспир және тағы басқалары. Бұлардың өмірге әкелкен әйгілі шығармалары адам мүмкіндігінің шексіздігіне сенбей пайда болмас еді. Әлем орталығында адам орналасқан, сол себепті де антропоцентризм атауын иеленді.
Қайта өрлеу дәуірі – бұл европалық өмірдің де қайта тууы, адамның да жаңа өмірге бейімделуі. Қайта өрлеу табынан жаңа мәдени адам пайда болды. Бұл адам жанының жаңаруы деген сөз. Шынымен Жаңа заман атауын ақтайтын, жаңа өмір басталды.
|