Бүгінгі күнгі ғылыми танымдық сипатта болатын пәнаралық қатынас білім мазмұнында жиірек көріне бастады. Осыған орай білім мазмұнын интеграциялау және реттеу мәселесінің шешімін табу алға тартылды



бет5/7
Дата19.05.2023
өлшемі290,78 Kb.
#94980
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мақала

3. Әдебиеттік оқу. Бұл мәселені әдебиеттік оқу мен қазақ тілі пәнінің оқытудағы байланысы бойынша талдайық. Көркем әдебиет тіл арқылы жасалады. Білім алушы халық тілінің мол құнарын жете танып, одан рухани нәр алуына әдеби туындының тигізер көмегі көп. Мысалы: «Қазақстан таулары» өлеңінде мына: Асқаралы Алатау
Құшағында – Алматы.
Жатыр ұлы даламыз
Арқа сүйегі Алтайға!
Ұлытау – жер кіндігі
Ұлт бірлігін сақтаған!

Әрбір тасы сыр шетіп, Аққайыңы ән салған!


Қазақ үшін қадірлі
Қасиетті Қаратау!» [20;22-23].
– деген жолдарға назар салайық. Ойшыл ақын мұнда кез-келген таудың өзіндік тарихы, басынан өткен оқиғасы бар екенін меңзеп отыр. Өйткені әрбір сөздің түп төркінін, мән-мағынасын, бейнелі ойын, қолданылар орнын терең түсінбейінше көркем шығарманың табиғатын тану мүмкін емес, демек әдебиет сабағын тіл пәнімен байланыстыра оқытудың үлкен мәні бар екендігі көрінеді.
Әдеби шығарманың, яғни көркем мәтіннің көркемдік өресін көрсететін құралдың бірі - оның тілі. Тіл арқылы білім алушы жазушының көркем ойын ұғынады, одан эстетикалық тәрбие алады. Сабақта өлеңді мәнерлеп оқытамыз. Өлең шумақтың ішінен буын үндестігіне сәйкес келетін сөздерді тауып, оның себебін анықтайды. Осыдан өздері біліп, үйренген білімін тәжірибеде пайдалануға жаттығады.
1-тапсырма. Тау сөзіне көркемдегіш сөздермен топтастыру құр және «тау» сөзін үш тілге аудар.



Қарлы

Тау

...

...

...

...

...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет