Бүгінгі күнгі ғылыми танымдық сипатта болатын пәнаралық қатынас білім мазмұнында жиірек көріне бастады. Осыған орай білім мазмұнын интеграциялау және реттеу мәселесінің шешімін табу алға тартылды



бет1/7
Дата19.05.2023
өлшемі290,78 Kb.
#94980
  1   2   3   4   5   6   7

Бүгінгі күнгі ғылыми танымдық сипатта болатын пәнаралық қатынас білім мазмұнында жиірек көріне бастады. Осыған орай білім мазмұнын интеграциялау және реттеу мәселесінің шешімін табу алға тартылды. Пәндерді интеграциялаудағы басты қағидат - игерген білімдерін тәжірибеде қолдана алуға ұмтылу болып табылады. Интеграция – үздіксіз байланыстылықты, бірыңғайлықты, бүтіндікті құрудағы үдеріс және оның нәтижесі. Оқытуда ол бір синтезделген курста (тақырыпта, бағдарламаның бөлімінде) бірнеше оқу пәндерінің элементтерін қосу жолымен, әр түрлі пәндердің ғылыми түсініктерін және әдістерін танымдық әдістеріне біріктіру, пәнаралық оқытуда ғылым негіздерін кешендендіру арқылы іске асырылады. Үйлестіру – бұл туыстас пәндер бойынша оқулық бағдарламаларды, оқып-үйренетін түсініктердің, құбылыстардың, үдерістердің және оларды оқып-үйрену міндеті мен пәндердің өзара байланысы, тар мәндегі пәнаралық байланыс, жеке білімді интеграциялауға да жағдай жасайды [1;17]. Интеграция – білім беру үдерісін құрастырудың басты қағидаларының бірі, білім беру үдерісін жетілдірудің тәсілі, әлемді біртұтас тануды қамтамасыз етудің құралы, әртүрлі ғылымдарды біріктіру мен білімді жүйелеу мен жинақтауда дидактикалық жүйе дамуын жүзеге асыратын ұғым. Интеграция тек пәндік білімдер қарым-қатынасы ғана емес, сонымен қатар оқыту технологиялары, әдістемелері мен формасы туралы да мәлімет береді [2;80]. "Integratio" әдіснамалық потенциалын қолданғандардың біріншісі математиктер болды. Уақыт өте келе "интеграция" термині басқа ғылыми салаларда қолданыла бастады [3;73]. Жоао Матос, Ана Педро, Жоао Пьедаде «Мектеп бағдарламасына сандық технологияларды интеграциялау» мақаласында: «Интеграция латынша «integrare» сөзінен шыққан, бұл «бүтін» санның айналуын білдіреді. Бүтін сан in (теріс) tangere (жанасу) бірге жүреді, "жоқ" немесе "өзгермеген" ұғымын ұсынады. Сондықтан интеграция ұғымы қарама-қайшы: бір жағынан, ол трансформация идеяларымен, ал екінші жағынан, қатыру немесе сақтау идеяларымен байланысады» деген анықтама берді [4;9].


Энциклопедиялық сөздікте «интеграция» - «integratio» латын тілінен аударғанда «қайта құру», «толықтыру» деген ұғымды білдірсе, С.И.Ожегов сөздігінде: «интеграциялау» - бөліктерді бүтін шығатындай етіп біріктіру» деп түсіндіреді, ал социологиялық сөздікте «интеграция» - жүйе құрамына енетін әрбір элементтің өзімен тікелей байланыста болатын, сапалық түрлендірулерге және оның дамуына, жаңа бағыттарына тәуелділігін сипаттайтын табиғи процесс» деп анықтама береді. Осы анықтамаларға сүйенсек, интеграцияланған пәннің білім мазмұнын құру алдымен интеграцияланатын әр пәннің пәнаралық, пәнішілік байланыстарын біріктіру және одан шығатын нәтижелерді қарастыруға тура келеді [5;276].
Бұл пікірлерді талдай келе, байланыстар екі бағытта көрінеді:
1) пәнішілік және сыныпаралық байланыс; 2) пәнаралық байланыстылығы.
Бүгінгі заманның психологиялық-педагогикалық және әдістемелік зерттеулерінде пәнаралық байланыстардың мәселелері оның кешенді көп аспектілі сипатын көрсетіп отыр. Ол оқытудың жалпы мақсаттарымен анықталып, білімнің мазмұнын пәндік құрылымымен органикалық байланысты, одан мақсаттарды, әдістерде, оқытудың формалары мен құралдарында өзінің сипатын таба отырып шығарылады. Бұл мәселені толық көлемінде пәнаралық байланыстарды іске асырудың әдістерінің сипаттамасынсыз, олардың білімдік, дамытшыулық және тәрбиелеу қызметтерін өзара байланыстарын ашпай көзімізге елестете алмаймыз. М.М.Левина пәнаралық байланыстарды педагогикалық зерттеулерде өзіндік кешенді бағыт ретінде қарастыру керек деп есептеді, себебі олар бұл мәселені тәрбиелеу, оқыту теориясы тұрғысынан қарастыра келіп, оның барлық негізі жалпы педагогикалық, дидактикалық, жеке әдістемелік және психикалық аспектілерінде дамып келе жатқан тұлғаға бүтіндей кешенді әсер ету тұрғысында түсіндіреді [6;137].
Пәнаралық байланысты ұйымдастыру арқылы білім беру жеке пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен өзара байланысуын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелікті керек етеді. Әртүрлі оқыту пәндерінің арасындағы пәнаралық байланыс – бірыңғай жүйе мен бірыңғай дидактикалық мақсатқа негізделген оқыту пәндерінің келісілген өзара әрекеті ретінде анықталған.
Осыған орай біз зерттеу жұмысымызда пәнаралық байланыс мәселесін қозғадық. Пән мұғалімінің алдында тұрған міндет – әр пәннен алынған мәлімет арасындағы байланысты толық ашу, әр тақырыпты терең, шығармашыл сипатта меңгерту, пән бойынша идеялар мен түсініктерді ортақ сапа ретінде қолдану. Әр пәнді жеке оқыту (дискретті оқыту) маңызды болып табылатынына қарамастан, пәнаралық байланыс жаттығулары пәндерді анағұрлым сапалы зерделеуге мүмкіндік береді. Каррдың (2007) пайымдауынша, пәнаралық байланыс тәсілі білім өзара байланысты құбылыс деп санаған Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің араларындағы мәселелерді талқылап пікірталас жүргізеді (Hayes, 2010). Оқушылар бір пәннің аясында үйренген мәселелерін екінші пәнге пайдалана алады немесе бір пәннің негізінде басқа пәнді оқуды жақсарта алады. Білімдерді ықпалдастыру оқушы үшін оқу үдесірін анағұрлым байланысқан және маңызды етуге бағытталған. Бастауыш мектептің 1-2 сынып оқушылары жаттығуларды белгілі бір пәнге жатқызбайды, сондықтан пәнаралық байланыс тәсілі олардың оқу түрін анағұрлым нақты көрсетеді [7; 20].
Пәнаралық байланыстың психологиялық негізін Ю.А.Самарин «Ақыл-ой психологиясының очерктері» атты еңбегінде: «Ақыл-ой әрекетінің бұл деңгейінде оқушыларда арнайы іскерлік дағдылар қалыптасып, ақыл-ой әрекеті терең сипат алады, ол бір пәнде білімнің бір жақтылығымен шектеледі. Сонымен жүйеаралық және пәнаралық байланыстар адам ойының қалыптасуында ерекше рөл атқарады» деп түсіндіреді [8; 504]. "Пәнаралық" сөзі ұғым ретінде кем дегенде екі саланың бірігуін және оларды бір-біріне біріктіруді білдіреді. Пәнаралық байланыс – бұл тұжырымдаманы, тақырыпты немесе проблеманы зерттеу кезінде кем дегенде екі пән бойынша әдістер мен білімді пайдаланатын бағдарламалық тәсіл. Эриксон (1995) оны әртүрлі пәндерге жататын тұжырымдамалық интеграциясы ретінде анықтады. Стембер (1998) пәнаралық көзқарасты пәндер бойынша көп немесе аз интеграцияны немесе тіпті бірқатар өзгерістерді талап ететін бастамалар ретінде анықтады. «Пәнаралық көзқарастың сипаттамасында әр түрлі саладағы тақырыптар біріктіріліп, оқулықтардан өзгеше ресурстар пайдаланылады, жоспарлар қамқорлық жасайды, ал бағдарламалар икемді болып табылады», деп хабарлайды Лейк (1994). Пәнаралық байланыс білім алушыларға әртүрлі салада ақпарат жинауға көмектеседі, тұжырымдамалар арқылы талдау және синтездеу сияқты жоғары деңгейлі ойлауға бағыттайтын оқыту тәсілі. Ол білім алушылардың оқу ортасын жандандыруға, шығармашылығын пайдалануға, олардың сабаққа қызығушылығын оятуға мүмкіндігін береді. Нәтижесінде оқытудың мағыналы деңгейіне жетеді [9;36]. Пәнаралық байланыстың мақсаты қойылған тақырыпты жалпы ұғынуға және оны басқа пәндер тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік жасау болып табылады. Бұл тәсіл белгілі бір тұжырымдаманы, мәселені немесе тақырыпты негіздеуге, оны әр түрлі бұрыштарда көрсете алатын білім мен дағдыларды біріктіруге, олармен байланысты пәндерді алуға негізделген.
Пәнаралық байланыс пәннің айналасында оқытуды ұйымдастыру, концепция немесе мәселелер және ақпаратты өңдеу кезінде әртүрлі пәндерден тиімді интеграциялау болып табылады. Пәнаралық байланыс оларды оқшауламай, керісінше біріктіреді. Тиімді оқыту үшін олардың арасында байланыс болуы керек. Пәнаралық байланыстарға негізделген бағдарламалар бір пәндік тәсілге қарағанда көп ақпаратты қамтиды. Бірақ барлық мәселелер бойынша интеграцияны жасау мүмкін емес. Интеграция пәнаралық көзқараспен пәндер арасында деконструктивті және тиісті ақпарат болған жағдайда жүзеге асырылады. Пәндер арасындағы байланыс күшті және оңай түсінікті болуы керек.
Пән арасындағы байланыс, ең алдымен, жекелеген ғылым мен техниканың арасындағы, адамдардың практикалық іс-әрекетімен байланыстың объективті көрінісі арқылы ашылады. Пәндердің байланыс қажеттілігі оқытудың дидактикалық принциптерімен, бастауыш мектептің оқу міндеттерімен, оқытудың өмірмен арақатынасымен, білім алушылардың практикалық қызметке дайындығымен байланысты болады.
Мектепте оқытудағы кіріктіру және пәнаралық байланыстар бүгінгі күні ғылым мен қоғам өмірінде болып жатқан интеграциялық процестердің нақты көрінісі болып табылатынын атап өткен жөн. Пәндерді кіріктіру мен пәнаралық байланысты тиімді қолдану білім мазмұнын игеруге немесе бекітуге, уақыттың үнемделуіне мүмкіншілік тудырады [10;12]. Бұл байланыстар білім алушылардың практикалық және теориялық дайындығын арттыруда маңызды рөл атқарады, мұнда танымдық іс-әрекетінің жалпыланған сипатын меңгеру маңызды ерекшелігі болып табылады.
"Пәнаралық байланыстар – бұл курстың логикалық құрылымын, белгілерін, ұғымдарын ескере отырып, басқа пәндер сабақтарында ашылған көрінісі" немесе басқа: пәнаралық байланыстар табиғатта объективті әсер ететін және қазіргі заманғы ғылымдармен оқытылатын диалектикалық өзара пәндерінің байланыс мазмұнында көрініс береді. Осыған байланысты пәнаралық байланыстарды іске асыру бастауыш сынып білім алушыларының табиғи құбылыстар мен олардың арасындағы өзара байланыс туралы тұтас түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді, яғни білім неғұрлым маңызды және қолданылатын болады. Өз кезегінде бұл білім алушыларға белгілі бір пәндерді оқу кезінде, басқа пәндерді оқу кезінде алған білімдері мен дағдыларын пайдалануға көмектеседі, сондай-ақ оларды нақты жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді. Көпжақты пәнаралық байланыс арқылы тек сапалы жаңа деңгейде білім алушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу мәселелері шешіліп қана қоймай, бастауыш сынып білім алушыларының әрі қарай өзінөзі анықтау үшін іргетасы қаланады. Осы себепті пәнаралық байланыстар білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуде кешенді тәсілдің маңызды шарты және нәтижесі болып табылады. Осы контексте пәнаралық байланыстарды оқу процесінде қазіргі ғылыми білімнің тән ерекшеліктерінің бірін құрайтын ғылым аралық байланыстардың көрінісі ретінде қарастыру керек [11;485].
Автор Клинтон Голдинг өзінің ғылыми еңбектерінде пәнаралық зерттеулерге, пәнаралық пәндерді енгізуге баса назар аударды. Пәнаралық пәндер осы пәнаралық білім беруде негізгі рөл атқарады, танымның көптеген және жиі қарама-қарсы тәсілдерін қалай түсінуге, бағдарлауға және қолдануға үйретеді. Бұл пәндерде білім алушылар әртүрлі пәндер, әдістер туралы білімдерін дамытады, сондай-ақ алға жылжу үшін әртүрлі көзқарастарды мақсатты, рефлексивті интеграциялауды және синтездеуді үйренеді. Яғни танымдық прогреске қол жеткізу үшін екі немесе одан да көп пәндерде немесе белгіленген білім салаларында білім мен әдістерді интеграциялау қабілеті ретінде пәнаралық түсінікті анықтаймыз. Егер білім алушылар осы пәнаралық қадамдар жасағысы келсе және интегративті құрылым құрғысы келсе, олар метапәндік дағдыларын, қатынастар мен түсініктерді меңгеруі тиіс. Бұл пәндерді оқытудың маңызы өте зор [12;2].
Мария Кристина Коста мен Антонио Домингос ғылыми білімнің бөлігі ретінде бастауыш мектепте пәнаралық байланысты қалай дамыту керектігін зерттеген. Пәнаралық байланыс біздің күнделікті өмірімізде кездеседі. Шын мәнінде, біз табиғатты түсіндіргенде немесе мәселелерді шешкенде, көбінесе математика, тарих, биология, физика, химия немесе басқа да пәндерден алған білімді қолданғанымызды байқамаймыз. Авторлар мақалада мұғалімдердің бірлескен білім беру бағдарламасы аясында ғылыми білім беруде пәнаралық қатынасты қалай дамытуға болатындығын қарастырған. Зерттеудегі басты мақсат - мұғалімдер бастауыш мектептің оқу жоспарына сәйкес келетін пәнаралық тапсырмаларды әзірлеу. Сонымен қатар, көптеген зерттеулерде бірнеше пәндер арасындағы пәнаралық байланысты, атап айтқанда STEAM интеграциясы бойынша ұсыныстар берген [13;132].
STEM интеграциясы әртүрлі деңгейде болуы мүмкін:

  1. Пән: ұғымдар мен дағдылар әр пәнде жеке зерттеледі.

  2. Пәнаралық: ұғымдар мен дағдылар әр пәнде жеке зерттеледі, бірақ ортақ тақырып аясында.

  3. Пәнаралық: білім мен дағдыларды тереңдету мақсатында екі немесе одан көп пәндерден тығыз байланысты ұғымдар мен дағдылар зерттеледі.

  4. Пәнаралық: екі немесе одан да көп пәндер бойынша алған білімі мен дағдылары нақты тапсырмалар мен жобаларға қолданылады, бұл оқу тәжірибесін қалыптастыруға көмектеседі

[14; 2].
Сондай-ақ, С.Е. Қаңтарбай, Ж.А. Жүсіпова өз оқулықтарында пәнішілік және пәнаралық байланысқа негізделген әрекеттің ортақ тәсілдерін қалыптастыруда, яғни кез келген есеп, жаттығу, тапсырмаларды орындауға ортақ жолды қарастыруды көрсетті. Төжірибеде кез келген әрекет, оның ішінде еңбек әрекетінің жалпы амалдық тәсілдерін қалыптастыру төмендегідей түрде жүзеге асырылады:
а) бастауыш сынып оқушыларында әрекеттің ортақ (сәйкестік) тәсілдерін пәнішілік
байланыс арқылы қалыптастыру;
ә) бастауыш сынып оқушыларында әрекеттің ортақ тәсілдерін пәнаралық байланыс негізінде
қалыптастыруды жүзеге асыру [15;169 ].
Біз пәнаралық байланыстарды жалпы педагогикалық тұрғыдан кешендік қатынастық оқытуға және тәрбиелеуге деген құралы ретінде қарастырамыз. Пәнаралық байланыстарды дидактикалық зерттеу оқыту үдерісінің бүтіндік идеялары, ішкі байланыстарды және оның әрбір деңгейіне қатысты тәуелділікті ең алдымен оқытудың барлық білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін есепке алып, ішкі байланыстарды және тәуелділікті ашу негізінде мүмкін болады.
Бұл мәселені 4 сыныпта оқытылатын жаратылыстану, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика пәндерін интеграциялау жұмыстары арқылы жүргізіп зерттедік (Сурет 1).

Сурет 1. Пәндер сызбасы

Сабақтарды жүргізу кезінде ортақ тақырыптар арқылы пәнаралық байланысты жүзеге асырдық. Кестеде-1, келтірілген мысалдың бірінші қатарына тоқтала кетсек сабақ жүргізу барысында, Жаратылыстану пәнінен «Жануарларды қалай қорғауға болады» тақырыбы қарастырылып→ Қазақ тілі пәнінен «Табиғат ғажайыптары. Буын үндестігі» → өткізілгеннен соң → Әдебиеттік оқу пәнінен «Туған жердің таулары» → Математика пәнінен «Кеңістіктік геометриялық фигуралар. Көлемді өлшеу» тақырыптары қарастырылды.


Біз осы өткізілетін сабақтарды интеграциялау сабақтарын пайдала отырып, 4 сыныптың төрт пәнін саралай келе мына тақырыптарды алдық (1-кесте).
Кесте 1. Ортақ тақырып арқылы пәнаралық байланысты ұйымдастыру





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет