Барлық курс бойынша міндетті түрде тапсырылатын есеп формалары –
1 курста: білім беру мекемесінен мінездеме, студент портфолиосы.2 курста: білім беру мекемесінен мінездеме, студент портфолиосы, өз бетімен өткізген тәрбие сағаты бойынша баспасөз беттері мен әлеуметтік желілерде мәлімет жариялау. 3 курста: білім беру мекемесінен мінездеме, студент портфолиосы, сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары. 4 курста: білім беру мекемесінен мінездеме, студент портфолиосы, сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары, диплом жұмысының негіздемесі.
Студент-практикант жұмысына әдіскерлер мен мектеп мұғалімдердің баға қоюдағы ұстанатын критерийлері: - студенттердің іс-әрекеттерінің сапасы;
- студенттің педагог мамандығына және оқушыларға деген қатынасы;
- теориялық білімін нақты оқу-тәрбие міндеттерін шешуде қолданылуы;
- педагогикалық іс-әрекетті өз бетімен анализ жасау деңгейі;
- есеп құжаттарының сапасы;
- балл қоюда мектептегі сынып жетекшісінің, пән мұғалімінің және әкімшілігінің пікірілерінің есепке алынуы.
Әдістемелік және өз бетінше жұмыс –педагогикалық кеңестің жұмысына, әдістемелік бірлестік жұмыстарына, сынып жетекшісі мен пән мұғалімнің шебер-сыныптары мен семинарларына қатысу; кәсіби педагогикалық практика портфолиосында оқу-тәрбие тәжірибесі жөнінде жүйелі сараптама жасау; диплом жұмысының тақырыбын анықтау, зерттеу жоспарын жасау, деректер жинақтау, қортындылау.
Кәсіби педагогикалық практикада қолданылатын әдістер –бақылау, әңгіме, сұхбат, анализ, синтез, статистикалық өңдеу, т.б.
Студент-практиканттың құзіреттілігіне қойылатын талаптар: - пән бойынша оқулықтар мен мектеп бағдарламасын білу;
- мектептің оқу-тәрбие жұмысымен таныс болу деңгейі;
- сабақтың күнтізбелік-тақырыптық жоспарын жасай алу білігі;
- оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу білігі;
- пән бойынша оқушылардың білім деңгейлерін білуі;
- сыныптағы оқушылар ұжымы туралы жалпы пікірінің болуы;
- сыныптағы жеке оқушыны зерттей білу дағдысы;
- сабақтың көрнекілік құралдарын жасай алу білігі;
- сабақты түрлендіре, яғни сабақ формаларын өткізе алу білігі;
- сыныптағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру алу мен өткізу сапасы;
- сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмыс жасай алу білігі;
- кәсіпті меңгеруге қызығушылық деңгейі;
- шығармашылық икемділіктерінің деңгейі;
- есеп құжаттарының сапасы.