Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі



Pdf көрінісі
бет14/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі.
Бала іс-әрекетінің өнімі
 
олардың салған суреттері, жапсыруы, құрауы, құрастыруы, қолдан 
жасалған заттары, өздері шығарған ертегілер, өлеңдер. Зерттеуші 
үшін олардың барлығы бірдей құнды бола бермейді. Баланың тікелей 
үлкендердің нұсқауымен атқарған жұмысы олардың бойындағы түсіну 
және берген нұсқауды орындау мүмкіндіктерін, зейінділігін, шын 
ниеттілігін т.б. ашуға көмектеседі.
Балалар салған суреттер белгілі дәрежеде олардың авторларының 


28
ақыл-ойының дамуын білуге мүмкіндік береді. Балалар салған 
суреттерден олардың өзін қоршаған ортаға көзқарасы айқын сезіледі.
Балалар салған суреттеріне, құрастыру материалдарынан жасаған 
жұмыстарының нәтижесіне қарап, қыздардың тіккен кестесіне, ер 
балалардың ағаштан жасаған шеберлік жұмыстарына, саздан жасалған 
мүсіндеріне қарап, бала психикасының дамуы туралы қорытынды 
жасай аламыз.
Тест-сынақ жүргізу әдісі
. Бұл әдіс балаларды білімі мен іскерлігі 
жағынан жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі жекеленген психикалық 
процестері мен сапаларының дамуы жөнінен салыстыру үшін 
қолданылады,
Тест дегеніміз белгілі бір жағдайды қатаң сақтай отырып, балаларға 
ұсынатын арнайы іріктелген тапсырмалар жүйесі. Әрбір тапсырманы 
орындағаны үшін бала балл есебімен баға алады. Балл қою ережесі 
әдетте өте қарапайым әрі біртекті.
Тест - баланың белгiлi психологиалық құбылыстардың даму 
деңгейiн анықтайтын қысқа стандартты тапсырмалар. Тесттердi барлық 
балаларға бередi, оның стандартты нұсқауы, бiрегей материалы болуы 
тиiс. Оның нәтижесін анықтап, қорытындылау қажет. Олар белгiлi 
дайындалған шкала бойынша бағаланады.
+
-
1. Бұл белгiлi бiр нормаға сәйкестендiру.
2. Тесттер қайталанып және салыстырмалы түрде топ 
балаларды зерттеуге мүмкiндiк бередi.
3. Тест әдiстiң нақтылығы мен қысқалығы тез уақытта 
үлкен сапалы материалды жинақтауға мүмкiндiк бередi.
4. Тесттi кез келген сауатты жантанушы өткiзе алады.
Тестке кіретін әрбір тапсырма бір емес, бірнеше варианттарда 
беріледі, өйткені бір тапсырманы бала кездейсоқ себептермен жақсы 
немесе нашар орындауы мүмкін. Ал ұқсас тапсырмаларды ойдағыдай 
орындау дәрежесінде кездейсоқтық бола қоймайды.
Тесттер тапсырмаларын тексеру және жас мөлшерлік норма белгілеу 
үдерісі 
тестті стандарттау
деп аталады. Стандартталғаннан кейін 
тестке ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Тесттің көмегімен зерттелетін 
балалар өздерінің нәтижелері бойынша норма белгіленген балалар не 
тапсырма орындаса, дәл соны қайталауы тиіс. Сол себепті тест әдісін 
кейде стандартанған сынақтар әдісі деп атайды.
Балалардың жалпы ақыл-ойының даму дәрежесін анықтауға 
арналған 
интеллектуалдық тесттер
деп аталатын тесттің маңызы өте-
мөте зор.


29
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін тесттік тапсырмалар әдеттегі 
іс-әрекеттер, ойын, құрастыру, құрау түрінде жасалады. Ақыл-ойдың 
дамуын тексеруге тестті қолдану, осы дамуға әр түрлі жағдайдың 
тигізетін әсерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Тесттер ғылыми зерттеулерден басқа практикалық мақсатта 
да кеңінен қолданылады. Ақыл-ой дамуын анықтауда тесттерді 
практикалық мақсатта қолданады. Тесттер ақыл-ой дамуының маңызды 
көрсеткіштерін айқындауға құрылса және тесттік зерттеулердің нәтижесі 
баланың келешек тағдырын шешу үшін емес, тек осы дамуымен алғаш 
таныстыру үшін қызмет етсе ғана өзін ақтаған болып есептеледі. 
Сондай-ақ интеллектуалдық даму деңгейін анықтау мақсатында да, 
ақыл-ой сынақтарын жүргізуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет