Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет39/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Жаңа туған жөргектік кезеңнің бала психикасының дамуындағы 
маңызы 
2. Нәрестелік және бөбектік кезеңдегі баланың анатомиялық және 
физиологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз
3. Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз 
рефлекстің ықпалыңызына талдау жас
4. Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы және оның алғашқы 
сөздері туралы не білесіз?
5. Нәрестенің ересектердің сөзін түсініп тілдік қарым-қатынас 
жасауының мәні неде?
1-тапсырма
Әдетте жаңа туған баланың аяқ-қолының, басының қимылы 
ырықсыз болады.
Сұрақ: Осы құбылысты қалай атауға болады? Оның мән-жайын 
анықтаңыз. Анасы осы кезде нәрестені қалай киіндіруі керек?
2-тапсырма
Бастапқы шартты рефлекс дегеніміз не? Олар нендей жайттармен 
байланысты? Анасының қандай іс-әрекеттері баланың бойында
жағымсыз әдеттерді қалыптастырады?
3-тапсырма
«Жандану комплексі» дегеніміз не? Бұл кезеңдегі баланың 
дамуына үлкендердің ықпалы қандай?
4-тапсырма
Көптеген ата-аналарды нәресте туған бетте-ақ дыбысты ести ме? 
деген сұрақ алаңдатады. Олардың алаңдауы заңды ма? Егер нәресте 
естімесе, келешекте сөйлеуін қалыптастыруға болар ма еді?
5-тапсырма
4 айлық Саянның анасы серуен кезінде де, үйде де үнемі дауыстап 
сөйлеп, ән айтады. Көршісі оған: «Сен сөйлегенмен, ол ештеңе 
түсінбейді ғой» дейді.
Сұрақ: Саянның анасының әрекеті дұрыс па? Бала психикасының 
дамуына үлкендер сөзінің әсері қандай?


92
Тест тапсырмалары:
1. «Жандану кешенінің» мәні:
А) балада ересек адамның келуіне қарай арнайы эмоционалдық
қимылдық жауаптың орындалуы
В) қозғалмалы обьектілерге реакциясы
С) заттық қимыл әрекет
Д) жас кезеңдерін анықтау
Е) барысында импульсивтік қимылдары тежеліп көру және естудің 
шоғырлануы байқалады
2. Жаңа туған кезең мен нәрестелік кезең аралығында пайда 
болатын әрекеттің алғашқы түрі:
А) қарым-қатынас 
В) заттық әрекет
С) бейнелеу
Д) ойын әрекеті
Е) еңбек әрекеті
3. Бір жас кезеңнен екінші жас кезеңіне өту:
А) біркелкі және дағдарыспен
В) үзілістермен
С) біркелкі
Д) динамикалы
Е) дағдарыспен
4. Жаңа туған нәрестенің көретін жағдайы
А) эмбрионалды
В) шалқасынан жату
С) ішімен жату
Д) оң жағымен жату
Е) сол жағымен жату
5. Жаңа туған нәрестенің өмір әрекеті нені айқындайды?
А) адамға тән мінез-құлықтың жаңа формасын, жаңа тәжірибесін
шексіз игеру
В) бағдарлау рефлекстері
С) күн тәртібін сақтау
Д) динамикалық стереотип
Е) органикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру


93
6. Жандану комплексі, нәрестенің алғашқы әлеуметтік реакциясы, 
психикалық дамудың көрсеткіші ретінде қай кезеңде пайда болды?
А) 1,5-2айда
В) 6 айда
С) өмірінің алғашқы аптасында
Д)3-4айда
Е) 4 айда
7. «Жандану комплексінің» пайда болуы қай жас кезеңдерінің 
шекарасы:
А) жаңа туған кезең мен нәрестелік кезеңнің
В) мектепке дейінгі мен бастауыш сынып оқушысы кезеңдерінің
С) нәрестелік кезең мен сәбилік кезеңнің
Д) бастауыш сынып оқушысы мен жеткіншектік кезеңнің.
Е) сәбилік кезең мен мектепке дейінгі кезеңнің
8. Бала өмірге қандай шартсыз рефлекстер жүйесімен келеді?
А) қорғаныс, бағдарлау, тамақтану
В) қорғалыс, қимылдық, тамақтану
С) қорғану, қимылдық, эмоционалдық
Д) бағдарлау, қимылдық, эмоцияналдық
Е) бағдарлау, тамақтану, эмоцияналдық
9. Жармасу қимылын бала қай айда игереді?
А) 5 айда
В) 4 ай
С) 3 ай
Д) 1 ай
Е) 2 ай
10. Жаңа туған нәрестенің алғашқы эмоциясы неден көрінеді?
А) айғайынан
В) рефлекстерден
С) нәресте көп ұйықтайтындықтан
Д) қимыл белсенділігінен
Е) жандану комплексінен


94


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет