Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет125/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131
Динамикалық стереотип – шартты рефлекторлық байланыстар-
дың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы. Мұндай жүйе 
организм тіршілігі үшін өте маңызды және дағдыны қалыптастырудың 
физиологиялық негізі.
Дамудағы эволюциялық өзгерістер - салыстырмалы түрде баяу 
сандық және сапалық құрылымдармен байланысты. Өзгерістер өмірдің 
елеулі кезеңін қамтиды (нәрестеде бірнеше айдан, неғұрлым үлкен 
жастағы балаларда бірнеше жылға дейін). Мұндай өзгерістер «үнемі 
әсер ететін» факторларға байланысты: бала ағзасының биологиялық 
жетілуі мен психо-физиологиялық күйі, оның адамзаттық әлеуметтік 
қатынастар жүйесіндегі орны, интеллектуалдық және тұлғалық 
дамудың жеткен деңгейі.
Дамудағы революциялық өзгерістер - неғұрлым терең бола 
отырып, жылдам және аз уақытта жүреді. Мұндай өзгерістер әдетте жас 
аралығында болатын жас дамуының дағдарысына орайластыру
Дамудағы жағдайға байланысты өзгерістер - нақты бір жағдай-
дың әсеріне байланысты. Мұндай өзгерістер өзіне баланың психикасы 
мен мінез-құлқында ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған 
оқыту мен тәрбиелеу әсерінен болатын нәрселерді қамтиды.
Дифференциация – тар мағынада – бастапқы тұтастан прогрессивті 
түрде түрлі бөлшектерді бөліп алу. Ол өсуге, құрылымдық күрделіктерге, 
және де мінез-құлықтың икемділігіне және ауыспалылығына әкеледі.
Кең мағынада – психикалық функцияларды және мінез-құлық тәсілдерін 
прогрессивті бөлшектеудің, кеңейтудің және құрылымдаудың жалпы 
мазмұны.
Енжарлық – (лат. passives - әрекетсіз) баланың белсенділігіне 
қарама – қарсы қасиетінің бірі. Енжар бала әрекетсіз, немқұрайды, 
селсоқ, ынтасыздық, еріксіздік сияқты және т.б қасиеттерінен 
байқалады. Енжарлыққа жетелейтін әр түрлі себептер болады. Ондай 
себептердің мәнін анықтап, енжарлықты жеңуге болады. 
Ерік – әрекет жасауды қажетсіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет