Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет128/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
Психологиялық денсаулық - тұлғаның негізін құрайтын және 
оның дамуының кез-келген кезеңінде даралық және жас ерекшелік
психологиялық мүмкіндіктерін кемелдендіруге жағдай жасайтын 
іштей аман-саулығының үйлесімділіктің динамикалық күйі.
Психикалық даму факторлары - бұл индивидтің өмірлік іс-
әрекетін қажетті түрде анықтайтын обьективті бар нәрселер.
Психикалық даму шарттары - бұл индивидке белгілі бір әсер 
ететіндер, яғни психикалық дамудың ерекшеліктері, сипаттамалары 
және деңгейі тәуелді сыртқы және ішкі жағдайлар 
Үнсіз сөйлеу – сөйлеу әрекетінің ерекше түрі үнсіз сөйлеуді кейде 
іштей сөйлеу деп те айтады. Үнсіз сөйлеуде бала ойы мен білдірмек 
болған пікірі дыбыссыз айтылады. Іштей сөйлеуде сөйлемнің не 
бастауышы не баяндауышы айтылмайды да ой жүйесі үзілді-кесілді 
сипатта болады. Қарым -қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі 
қолданылса, ал үнсіз іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін 
атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді. 
Ұғымдалдық - сезімталдықтың әсер етуші нәрселер мен 
құбылыстарды сезім мүшелерімен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, 
олардың мән-мағынасын жете түсіну қабілеті. 
Эхолалия – (грек. Echo – дыбыс жаңғыру lalia – сөйлеу – басқа 
бөтен сөздерді автоматты түрде қайталау ересектермен балаларда 
шизофрениялық аурулар, мидың маңдай бөлігінің зақымдануының 
кезінде байқалады, кейбір дені сау балаларда тілі шыға бастағанда 
көрінуі мүмкін 
Эгоцентрлік сөйлеу – мектеп жасына дейінгі баланың ойын 


274
үстінде өзімен-өзінің сөйлесуі. Сөйлеудің бұл түрін психологияда 
баланың автономды өзіндік сөйлеуі деп те айтады. Эгоцентірлік 
сөйлеуді дауыстап сөйлеу әрекетінің үнсіз «іштей» сөйлеуге ауысу 
жолындағы өтпелі көпірі «өткел» деп санауға болады. Эгоцентрлік 
сөйлеу коммуникативті сипатта болғанымен баланың қасиетіне, талап-
тілегіне қызмет етеді. Кейде мұның құрылымы іштей сөйлеуге ұқсайды. 
Мұның сыр сипатын балалар психологиясын зерттеуші Ж.Пиаже 
зерттеген. 
Эйдетизм – (грек. Eidos – нақты бейне) бала бұрын көріп 
қабылдаған заттар мен құбылыстарын, нақты объектіні дәл қазір көріп 
тұрғандай көзден таса болған жағдайда да көз алдына елестетуі және 
соны үлкендерден қайталап сұрай беру қасиеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет