160
Оқу ынтасының пайда болуы және оқу іс-әрекетін меңгеру.
Оқу іс-әрекетінің негізгі ерекшелігі оның мақсатының сыртқы
нәтижеге қол жеткізуі ғана емес, жаңа білім, іскерліктер мен дағдыларды
игеру болып табылады.
Егер бала сурет салуға еліктесе немесе әдемі суретті салып шығуға
тырысса, ол ойынмен немесе жемісті іс-әрекетпен шұғылданғаны
болады. Ал, сурет салумен айналысқанда, суретті бұрынғыдан
жақсырақ салуды, түзу сызықтарды жүргізуді немесе бейнені дұрыс
бояй білуді үйренуі сияқты өз алдына ерекше мақсат қойса, онда оның
жасаған істері оқу сипатына ие болады.
Баланың барлық психикалық дамуы үйрету, алдыңғы ұрпақтардан
жинақталған тәжірибені беру арқылы жүзеге асырыла тұрса да,
білім мен дағдының көбін балалар үлкен адамдармен араласудан,
олардың талаптарын, кеңестерін, нұсқауларын орындаудан, сондай-
ақ ойындардан, сурет салудан, құрастырудан, әр түрлі себептерге
байланысты келетін күнделікті қарым-қатынастан меңгереді. Үлкендер
мен бала қарым-қатынасының көптеген түрлері үйрету ісіне толы.
Дегенмен баланың даму дәрежесіне қарай үйрету барған сайын
неғұрлым жүйелі сипат алады. Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие
жағдайында балалар арнаулы бағдарлама бойынша жүргізілетін
сабақтар арқылы үйретіледі. Ойын тәсілдері мен жемісті тапсырмаларды
пайдалану осындайда басты орын алады. Сонымен бірге сабақтарда
балаларға білім мен дағдыны игерудің толықтығы мен сапасына,
тәрбиешінің нұсқауларын тыңдай және орындай білуге қатысты белгілі
талаптар да қойыла бастайды.
Сабақтардағы үйрету оқу іс-әрекетінің
Достарыңызбен бөлісу: