163
және бұл иін өзіне таныс қосу мен алу амалдарын жорамалдап қолдана
алады. Мұның екеуі де оқи білмеудің белгілері. Есептің шарттарында
сипатталған жағдайдың өзінен-өзі, өмірдегі
жағдайдың сипаттамасы
ретінде, басты орын алатындығында емес, жалпы есептерді шығаруды
үйрену материалы ретінде қызмет атқаратындығында екенін, есеп
шығарудың мәні оның жауабын тезірек алумен тынбайтындығын, оған
қоса есеп шарттарына сүйене отырып, қандай арифметикалық амалды
қолдану қажеттігін дұрыс анықтау және осы іскерлікпен алдағы уақытта
да пайдалану екенін бала түсінуі тиіс.
Мектепке дейінгі кішкентайлар және естиярлар шағында балалар
оқу тапсырмасын тек одан алған білім мен дағдыны бірден ойын
ойнағанда, сурет салуда немесе іс-әрекеттің өзге бір тартымды түріне
пайдалануы мүмкін болғанда ғана қабылдайды.
Арнайы ұйымдастырылған үйрету жағдайларында мектепке дейінгі
ересек жастағы балалардың меңгергенді бірден жүзеге асыру мүмкіндігі
мен байланыстан тыс тапсырмаларды қабылдай білуі қалыптасады.
Білімді игерудің келешекте «пайдасы» тиетіні мүмкін болып шығады.
Мектепке дейінгі бүкіл балалық шақтың ішінде тікелей оқу
тапсырмасының формасына қарағанда,
дидактикалық ойын білімді
игерудің тиімді құралы болып табылатынын байқаулар көрсетіп
отыр. Алайда егер мектепке дейінгі кішкентайлар мен естияр шақта
айырмашылық зор болса, ересектерде де бұл айырма едәуір төмендейді.
Бұл балалардың оқу тапсырмасын қабылдау іскерлігі артқандығының
айқын көрсеткіші болып табылады.
Оқу тапсырмаларының мәнін түсіну балалардың үлкендердің
берген амалдарды орындау тәсілдеріне назар аудара бастауына, осы
тәсілдерді саналы түрде игеруге тырысуына жеткізеді. Мектеп жасына
дейінгі балалар мақсатқа бағытталған бақылауға, заттарды сипаттауға,
салыстыруға және топтауға, әңгімелер
мен суреттердің мазмұнын
байланысты түрде баяндауға, есептеу мен арифметикалық есептерді
шығарудың тәсілдерін үйрене бастайды. Негізгі мәнге тапсырманы
орындаудың дұрыстығы, үлкендер
қойған талаптарды бұзбау ие
болады. Бұл жағдайда балалар үлкендерге қарайды, қандай да бір
талаптарының орындалу дұрыстығына баға беруді өтінеді. Мысалы,
кеңістік қатынастарын (үлгі бойынша өрнек салғаңда) дәл көшіруге
мектепке дейінгі ересектерді үйрету үдерісінде балалар тәрбиешіге
әлденеше рет сұрақ берді: «Қараңызшы, менің жасап отырғаным дұрыс
па?», «Бұрышқа бұрыш түйісуі, мына үшбұрыш анау үшбұрышқа қарсы
орналасуы қажет. Дұрыс па?».
164
Үлкен адамның балалар жұмысына беретін бағасы,
әр қилы
баланың, жұмыс барысы мен нәтижелерін салыстыруы арқылы, бала өз
іс-әрекетін өзі біршама дұрыс бақылай, өз білімі мен іскерлігін бағалай
бастайды, Ол тапсырмаларын орындауға байланысты
өзін-өзі тексеру,
Достарыңызбен бөлісу: