Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Баланы мектепке даярлауда ата-аналармен және ұстаздармен



Pdf көрінісі
бет117/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Баланы мектепке даярлауда ата-аналармен және ұстаздармен 
жүргізілетін жұмыстар
Баланың мектепке психологиялық даярлығын тиімді қалыптастыру 


257
үшін оның айналасындағы адамдармен де жұмыс жасау керек. Олар: 
ата-аналар және баланы мектепке қабылдайтын ұстаздар. Әуелі ата-
аналармен жүргізілетін психологиялық шараларға гоқталайық.
1) Психологиялық ағарту шаралары: лекция, семинар түрлерінде 
ұйымдастырылып, ата-аналарды статистикалық, мәліметтермен 
таныстыра отырып, мекгепке психологиялық даярлықтың болашақтық 
дамуға әсері, негізі, әрі мектеп бағдарламасын игеруге қатысы 
баяндалады. Лекция мазмұны нақты мысалдарды бейнелейтін 
көрнекіліктермен, осы заманғы озық техника мүмкіндіктерін 
пайдаланумен байытылып отыруы керек. Тақырыптық бір ғана дәріс 
оқылып қоймай, ата-аналардың ынта-ықыласын тудыратындай, тәрбие 
мәселесіне барынша жауапкершілікпен қарауын қалыптастыратындай 
бірнеше сериялардан тұрғаны жөн. Лекция тақырыптарын ата-
аналардың сұраныстарына қарай таңдап, мәселелерді бір-бірімен 
байланыстырып, логикалық бірізділікпен берген дұрыс.
2) Психологиялық, кеңестер жеке сипат алуы керек. Нақты 
мәселе бойынша берілер жеке кеңестер аса биязы түрде; алдындағы 
адамның көңіліне қаяу салмайтындай; мәселенің шешілуіне сендіре 
білу, үмІттендіру арқылы, кәсіби білікті түрде жүзеге асырылуы тиіс. 
Психологиялық кеңестің сенімді райда өтуі оң нәтижелілік тудырады.
3)»Ашық, әңгіме» пікірталасы - ортақ мақсат біріктірген ата-
аналардың көңілдегі түйткілдерін ортаға салып, бір-бірімен пікір 
алмасуы. Психолог тұжырымын басшылыққа алу негізінде бала 
өмірін ұйымдастыруда оң нәтижелер берер шараларды қолдануды іске 
асырады. Мұнда ескеретін бір жайт - ата-аналардың өздерінің рұқсат-
келісімінсіз ешбір деректі жариялауға болмайтындығы.
Мектепке қабылдар алдында ұстаздар қауымының психологтың 
көмегімен балаларды сұрыптап, таңдап алу әрекетінің адамгершілік 
қағидасына да, этикалық ұстанымға да қайшы келетінін айта отырып, 
бұл іске басқа қырынан қарауды ұсынамыз. Баланың мектептегі оқуға 
психологиялық даярлығын анықтау - болашақ оқушымен танысып, 
оның күшті жактары меп әлсіз жақтарын белгілеу үшін; сыныптарды 
барынша тиімді құру үшін қажет. Ал, осы диагностиканың тиімді 
бағдарламасын қалай жасауға болады? Ол үшін 1-сынып мұғалімдері 
арасында «Сараптық, баға әдісін» жүргізуге болады. Ұстаздар 
қауымы үлгілі 1-сынып оқушысы меңгеруі тиіс сапалар жиынтығын 
құрастырады; сосын тізімдегі сапаларды жүйелеп, өңдеу аркылы
мектептегі окуға қажетті аса маңызды белгілерді тізімнің бас жағына 
қойып, қалғанын кему ретімен орналастырады. Психолог балалардың 
мектепке даярлығын анықтау барысында осы тізімге сүйенеді; оқуы 


258
табысты болуы үшін аса маңызды деген сапалар бірінші тексеріледі. 
Сонымен, 1-сынып оқушысының психологиялық өлшемі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет