Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы және оның



Pdf көрінісі
бет37/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы және оның 
алғашқы сөздері, нәрестенің ересектермен сөзін түсініп, тілдік 
қарым-қатынас жасауының мәні
Нәрестенің сөйлеу қабілетінің дамуы
Нәрестелік кезеңде сөйлеу қабілетінің дамуы да басталады. 
Алғашқы жарты жылдықта сөзді есту қалыптасады, ал баланың өзі 


88
қуанышты сәттерде дыбыстар шығарады, оны «уілдеу» деп атайды. 
Екінші жарты жылдықта көбінесе баланың әрекетімен байланысты 
қайталанушы дыбыстар пайда болады. Әдетте мағыналы ыммен 
былдырлай бастайды, бірінші жылының соңында бала үлкендер 
айтатын 10-20 сөзді түсінеді және өзінің алғашқы бірнеше сөздерін 
айта бастайды. Алғашқы сөздерінің пайда болуынан бастап, баланың 
психикалық дамуының жаңа кезеңі басталады.
Баланың болмысқа қарым-қатынасы әуелден бастап әлеуметтік
қоғамдық қарым-қатынас болады. Үлкендер баланың қажеттілігін 
қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен бірге оны заттармен қызмет 
істеуге үйретеді. Олар белгілі бір дәрежеде баланың мінез-құлқын 
бағалап, күлімсіреп, қостайды. Егер нәресте дұрыс істемесе, қабағын 
түйіп реніш білдіреді. Соның арқасында бала бірте-бірте жақсы әдетке 
үйренеді немесе болмайды сөзінің мәнін түсінеді. Қарым-қатынастың 
қажеттілігі сөйлеуге еліктеудің пайда болуының негізін қалайды. Өзімен 
үлкендер сөйлескен кезде бала тынышталып, көңіл қойып тыңдайды. 
Туғаннан кейін 3 айдан соң, баланың дені сау, көңіл-күйі жақсы болса, 
ол уілдеп дыбыс шығарады. Үлкендер балаға жақындап еңкейсе уілін 
күшейте түседі. Кейде бала өзі шығарған дыбысын тыңдайды да, өзіне-
өзі еліктеп, өзі кенеттен шығарған дыбысын ұзақ қайталайды. Төрт ай 
шамасында бала дыбысты мейлінше анық шығара алады. Мысалы: оны 
тербетіп, «а-а-а! а-а-а!» деп әндеткенде тура сол дыбыс болмаса да, 
«ы-ы-ы!о-о-о!» деп міндетті түрде қайталайды. Сөйлеудің эмоциялық 
үнін бала тез түсінеді. Эмоциялық көңіл-күй баланың белсенділігін 
арттырады. Алғашқы жылдың екінші жартысында дені сау бала 
былдырлап, түрлі буындар мен дыбыстар шығарып, үлкендердің айтқан 
буындарын қайталап айтады. Былдырлау арқылы нәресте қарым-
қатынас жасауға әзірлігін білдіреді. Жаңа сөздерді ажыратып, айта білуге 
үйренеді. Былдырлай жүріп бірте-бірте ерін мен тілдің қимылы және 
тыныс алуы жетіле бастайды. Осы әзірліктің нәтижесінде үлкендер мен 
қарым-қатынас жасай отырып, артикульяциялық аппараттары дамып, 
келешекте кез келген ұлттың тілін меңгере алады. Егер бала дүниеге 
келген алғашқы айлардан бастап, үлкендер сөзді оған деген өзінің 
көңіл-күйін білдіру үшін пайдаланса, шамамен нәрестелік шақтың 
жартысынан бастап, олар баланың айтқанын түсінуін дамыту үшін
арнайы жағдай жасауы керек. Нәрестенің алғашқы сөзді түсінуі көріп, 
қабылдаудың негізінде жүзеге асады. Ересек адам нәрестеге әлде бір 
заттың атын атап, қайда деп сұрақ қояды. Сұрақ нәрестенің үлкен кісінің 
мінез-құлқына бағдарлау реакциясын тудырады. Әдетте аталған затты 
қолымен көрсетсе, сөйлеу мен көрсетудің арасында байланыс болып, 


89
бала сөзді түсінеді. Бұл байланыстың қалыптасуы сұрақ берген кездегі 
үлкендердің дауыс ырғағына да байланысты. Мұның өзі баланың сөзді 
түсінудің бастапқы формасы болып табылады. Бұл қарым-қатынастың 
маңыздылығы сол, үлкендер сұрақ қойған кезде бала сол затты көзімен 
іздейді. Яғни үлкендермен қарым-қатынасты жалғастырғысы келеді. 
Үлкендердің сөзін түсінуге байланысты эмоционалдық қатынас жасау 
баланы зор қуанышқа бөлейді.
Үлкендердің сөзін түсініп және алғашқы сөзді айта бастағаннан 
кейін бала үлкендермен өзі байланыс жасап, оған жаңа заттарды 
үйретуді талап етеді. Сөйтіп нәрестелік шақтың соңында бала сөйлеуге 
ықластанып кіріседі, сөйлеу баланың үлкендермен қарым-қатнасын 
ұлғайтудың маңызды құралына айналады. 
Бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші 
ассоциальдық тіршілік иесі болып есептеледі. Сондықтан жаңа туған 
баланың шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат, әрі жау болмыспен 
бетпе-бет кездескендігі, сасқалақтап, абыржып қалуы деп бағалайды. 
Мәселен, З. Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын 
оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп 
есептейді. 
З. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік 
қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты 
қақтығыс пайда болады. З.Фрейд бұл қақтығыстың психикалы өмірді 
қандай үздіксіз драммаға айналдыратынын пессимистік тұрғыда 
суреттейді.
З. Фрейдтің бұл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан 
мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат 
дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздес толғаныстарында 
қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж. 
Пиаженің алғашқы еңбектеріне әсер етті.
З. Фрейд пен Ж. Пиаженің аталған қағидалары өткір сынға алынды. 
Француздың прогресшіл зерттеушісі А. Валлон шырылдап жылауды 
бірдемені алдын-ала сезу немесе соған байланысты өкіну ретінде 
психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ бос қиял деп есептеді. Бала 
психикасының әуел бастан оқшаулануы жөніндегі Ж. Пиаже қағидасы 
өз кезінде Л. С. Выготский, ал кейінірек басқа психологтар тарапынан 
сынға ілікті және ғалымдардың зерттеулерінде алынған көптеген 
фактілер нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын 
көрсетеді. 
Үлкен адам баланың органикалық қажеттерін қанағаттандырады, 
тамақтандырады, шомылдырады, аударып салады. Үлкен адам баланың 


90
белсенді психикалық өмірде де қажетін қанағаттандырады: нәресте 
өзін қолға алғанда, едәуір жадырап қалады. Үлкен адамның көмегімен 
кеңістікте қозғала отырып бала көптеген заттарды көруге, олардың бір-
біріне қарай жылжуын байқауға мүмкіндік алады, ал мұның өзі оның 
сенсорлық тәжірибесін қалыптастырады. Сол сияқты есту, сипап сезу 
әсерлері де үлкендер тарапынан беріледі.
Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел 
бастан әлеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені 
осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені 
оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, көрінбесе де басқа 
адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.
Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас 
жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған 
кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, 
ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың 
белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде 
және бала үлкен адамды бірлескен әрекеттерге шақырғанда баланың 
үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке 
айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына 
дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым-қатынас 
жасауға әрқашан дайын тұрады.
Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғашқы шарттары пайда 
болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, 
кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемалары көріне 
бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір сөздерді түсіне 
бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе 
үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді. Дәл осы кезде бала 
алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен адаммен 
қарым-қатынас жасау үдерісінде, бір жағынан, баланың қажеттіліктері 
пайда болып, біртіндеп дамиды, екінші жағынан оларды қанағаттандыру 
мүмкіндіктері туады.
Бірден сөйлеп кететін нәресте де кездеседі. Міне, тіл шығатын 
жасырын кезеңі 3 айға созылады. Дағдарыстың үшінші аффекті (ашу-
ыза) 
Э. Кречмер мұны қимыл деп атайды. Оны бұлай түсіндіруге 
болады. Нәрестелік кезеңде кездесетін дағдарысқа байланысты 
баланың алғашқы тілімен айтқанда өзін басқаларға қарсы қою, өзін-өзі 
ұстай алмау көріністері пайда бола бастайды 
Э. Кречмердің бұл құбылысы көріністерді гипобуликалық қимыл 
деп айту себебі олар ерік қимылына жатады да, ерік әрекетінің даму 


91
барысында сапалық тұрғыдан мүлдем басқа кезеңде көзге елестетіп 
ерік пен аффекті бөлінбейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет