Certainly, you cannot interfere. Әрине, сіз араласа алмайсыз. (Certainly-модаль сөзі, айтылған ойға сөйлеушінің субьективті ойын қамтығандықтан, жалпы сөйлемге қатысты және қыстырма сөздің функциясын орындап тұр) [30,45].
“Of course I don’t know what your relations with her have been” returned Robert [101,198].
The second boy was exactly like the first. Екінші бала дәл біріншіден аумады. (exactly-үстеу және баяндауышқа қатысты және сын-қимыл пысықтауыштың функциясын атқарады).
Әрбір топ шеңберінде модаль сөздер мағынасы жағынан туыстас, алайда сонымен қатар әр біреуі өзінің реңктерін білдіреді немесе сол семантикалық таптағы басқа модаль сөздерден сөйлеу барысында қолданылуымен ерекшеленеді [88].
Surely there is something radically wrong in this attitude [101,94].
Демек, модаль сөздер ағылшын тілінде сөз таптарында өте маңызды рөл атқарады. Осылайша олар көмекші сөз таптары емес, сонымен қатар сөйлем мүшелері де емес. Сөйлемде модаль сөздер басында келсе, соңынан үтір қойылады, ал модаль сөз сөйлем ортасында кездессе, екі жақтан үтір қойылады. Тар мағынада модаль сөздер деп сөйлеушінің айтылған хабардың шындық тарапынан шындық деңгейіннің бағасын анықтайтын сөздер немесе сөз тіркестері болып саналады (undoubtedly, probably) және т.б. Ал кең мағынада алып қарасақ, модаль сөздер қатарына басқа да қыстырма сөздер тобын жатқызады, мысалы, эмоционалды бағаны білдіру (fortunately, unfortunately) [95].
“To live with her?” inquired Robert coolly. “Certainly not to turn her out baggage if she has been accustomed to live with me,” replied Lester. “I’m not causing you any real trouble, am I?” he asked. “Surely not.” [101,126].
“Surely for that reason, if for none other, you should not have made his sister’s name a by-word.” [124,127].
The next night, of course, I arrived at the place again [101,45].
Модаль сөздер-ол айтылған ойға сөйлеушінің субьективті қатысын білдіруге қатысатын сөздер жататын сөз таптары. Форма жағынан модаль сөздерде қандай да бір бірегей белгісі жоқ. Алайда тағы басқа екі белгісі-семантикаллық және синтаксистік белгілері анық көрсетілген және бұл жайт көптеген тілші ғалымдарды модаль сөздерді жеке сөз таптары қатарына жатқызудың себебі болып табылады. Модаль сөздердің семантикалық белгісіайтылған ойға сөйлеушінің шындыққа қалау, болжау тарапынан субьективтімағынасы болып саналады. Мағынасы жағынан модаль сөздер номинативті қызмет атқаратын жеке сөз таптарынан біршама ерекшеленеді, алайда олар көмекші сөз таптарына емес, жеке сөз таптарына жатады екен.
Модаль сөздерді синтактикалық белгісі-ол сөйлемдегі қыстырма сөзінің функциясы, немесе өте жиі сөз-сөйлем ретіндегі функциясын атаймыз.
Ағылшын тілінде модальсөздер семантаксы жағынан екі топқа бөлінеді:
Жеке-модальді сөздер. Олар фактілер мен жайттардың қажеттілік, мүмкінділік, болжамдылық сияқты мәндерді білдіреді. Certainly, of course, maybe, perhaps, indeed, surely және т.б.
Жалғаулықты модаль сөздер. бір фактілер мен жайттардың басқа фактілер мен жайттар арасындағы байланысын білдіреді. Moreover, nevertheless, still, however, therefore, first, secondly және т.б. [97].
Қазіргі ағылшын тілінің модаль сөздеріне келесідей лексемалар жатады: certainly, possibly, surely, assuredly, apparently, no doubt, of course, undoubtedly etc. Мағынасы жағынан модаль сөздер осындай топтарға бөлінеді:
Сенімділікті білдіретін сөздер: certainly, surely, assuredly, of course, no doubt, apparently, undoubtedly.
Болжалдылықты білдіретін сөздер: perhaps, maybe, possibly, probably, etc.
Сөйлеушінің істін қалайтынын немесе қаламайтынын білдіретін сөздер: happily, unhappily, luckily, unluckily, fortunately, unfortunately.
Модаль сөздердің синтаксистік ерекшелігі деп олардың басқа сөздермен үйлесе алу қабілетін айттық [88].
Probably, they were right to keep him. They were probably right to keep him. They were right to keep him, probably. Осы мысалдар біріншіден айтылғанның мазмұнымен тығыз байланыста екндігін көрсетіп тұр. Модаль сөз сөйлем мүшелері арасында тұрғанда, немесе керісінше сөйлем соңында тұрғанда онымен байланысы осал келеді, екіншіден, модаль сөз арқылы берілетін реңк егер модаль сөз сөйлем басында кездескенде айқын беріледі [98].
“He has certainly not been paying me compliments. Perhaps that is the reason that I don’t believe anything he has told me.” [100,19].
“Perhaps, after all, America never has been discovered, “ said Mr.Erskine. [100,34]. Perhaps it is that they are foreigners. [100,40]
Осындағы бірінші сөйлем сенімділікті білдіріп тұрса, қалған сөйлемдерде Perhaps күмәнді немесе мүмкінділікті білдіріп тұр.
“You can’t approve of it, possibly. It is some silly infatuation.” [100,63].
Possibly сөзі арқылы да сөйлемде мүмкінділік білдіріп тұр.
Модаль сөздер үстеулермен шығу тегі және формасы жағынан ұқсас болғандықтан, осы сөз таптары арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктерді анықтап, көрсету жөн. Олардың айырмашылығы ең алдымеен мағынасында және олардың басқа сөз таптарымен үйлесе алу функциясында деген пікір бар [109,577].
Модаль сөздердің көпшілігі үстеулерден шыққаны белгілі. Алайда модаль сөздер үстеулерден мағынасы және синтактикалық функциясы жағынан айырмашылығы бар. Үстеудің синтактикалық функциясы іс-қимылорындалатын іс-әрекетің немесе сипатқа обьективті сипаттама беріп және бір сөйлеммүшесіне қатысты болуында құралады, ал модаль сөздер әдетте тұтас сөйлемге қатысты болып еледі және сөйлеушінің айтылған ойға деген субьективті пікірін, көзқарасын білдіреді. Осылайша perhaps, maybe possibly, probably-мүмкін сынды сөздер модаль сөздер қатарына жатады [92,85].
В.Н.Жигадло пікірінше сөйлемдегі модаль сөздің қыстырма сөз ретінде функциясынан қарағанда ол баяндауыштағы пысықтауыш функциясын атқаратын үстеуге қарама-қарсы келеді. Қыстырма сөздің функциясын атқара отырып модаль сөз әдетте бүкіл сөйлемге, ал кейбір жағдайларда ғана оның тек бір мүшесіне ғана қатысты болады. Алайда мүмкіншілік мағынасын білдіретін perhaps, maybe possibly, probably сынды сөздер көбінесе тек бір сөйлем мүшесіне қатысты болады [93].
Модаль сөздер мен үстеулерді ерекшелендіріп тұратын жағдайлар осындай. Алайда тіл әрқашан қозғалыста және даму үстінде болады және ондағы өзгерістер ақырын және біртіндеп пайда болады. Сондықтан жаңа сөз табының пайда болуы аса көп уақытты қажет ететін прцесс болып табылады. Демек, біз модаль сөздерді қалыптасу және даму деңгейіндегі сөз табы деп атай аламыз. Онда үстеулерден дамыған көптеген жаңа сөздер пайда болып жатыр [].
Егер модаль сөздерге келетін болсақ, егер олардың негіздемесіне тек қана олардың модальді-бағалау семантикасын ғана алмай, сонымен қатар олардың сөз табы бола алмау сипатын да алсақ,онда оларды айқындаудың белгілі талаптары бар. Сөйлем мүшесі бола алмайтын perhaps, maybe possibly, probably сияқты модаль сөздерге келетін болсақ,олар сөйлем басында келсе де, қыстырма сөздері болып қала береді.
After all, his indifference was probably merely a mood that would pass away [100,94].
Perhaps he had read it and had begun to suspect something [100,105].
I shall have to pay him something, of course [48].
I shall probably have to give it another coat of varnish before that, so I must see it some day, and why not to-day?” [100,95].