Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл


Ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің лексикалық жолмен берілу тәсілдері



бет35/62
Дата07.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#72384
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62
Байланысты:
ОРДАБАЕВА ЖАНАР МЕРГАЛИЕВНА

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің лексикалық жолмен берілу тәсілдері

Ағылшын және қазақ тілдерінде модальділіктің лексикалық жолмен берілетін тәсілдеріне модаль сөздері сияқты тілдік құралдар жатады. Әр модаль сөзінінің сөйлем ішінде дербес модальді мағынаға ие болғандықтан оларды лексикалық тәсілдерге жатқызуға болады.


Қазіргі кездегі ағылшын тіліінің лингвистикасында модаль сөздері жайлы сұрақ біршама талқылынған. Осыған байланысты Э.У.Илебаев (1997), О.В. Романова (1997), М.В. Пляскина (2001) сынды ғалымдардың жұмыстары, ал қазақ тілінде модаль сөздерге байланысты Е.Жанпейісовтың арнайы еңбегі бар. О.Төлегенов, Б.Шалабаев, Г.Темірбекова, А.Шойбекова сынды зерттеушілер модаль сөздерді синтаксистық қызметі жағынан зерттеген. О.Төлегенов, Б.Шалабаев сынды зерттеушілердің еңбектері бар, жоқ сөздерінің синтаксистік қызметін сипаттауға арналса, Г.Темірбекова, А.Шойбекова олардың үстіне басқа модаль сөздерді де қамтыған. Дегенмен, модаль сөздер жете зерттелмегендіктен, оның толық қызметі толық сараланбаған. Модаль сөздердің мүшеленетін сөйлемдерге негізгі баяндауыштың қызметінде немесе күрделі баяндауыштың компаненті ретінде келетіні белгілі [24,32].
Зерттеушілердің көбі модаль сөздерінің қызметі сөйлеушінің айтылымға қатынасын білдіру екендігі жайлы көзқарсы сәйкес келеді. Алайда модаль сөзддердің семантикасы жайлы пікірлер өзгеше болып табылады.
Ағылшын лингвистикасындағы Кеңес Одағының зерттеушілері Л.С. Бархударов, Д.А.Штеллинг, Е.М.Гордон, И.М. Крылова модаль сздеді ерекше, өзгермейтін сөз табы ретінде қарастырады.
Ал шетел M.Halliday және F.Palmer сынды зерттеушілері модаль сөздерді арнайы сөз табы ретінде атамайды, олар модаль сөздерін үстеулердің ерекше бір түрлеріне жатқызады [24,35].



      1. Ағылшын тіліндегі модаль сөздер

Беляева М.А. шығарған «Ағылшын тілінің грамматикасында» келесідей анықтама беріледі: «Mодаль сөздер-сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға субьективті қатынасын білдіретін сөздер» [69].


Модаль сөздер-ағылшын тілінде сөйлеушінің айтылған хабардың мазмұнына деген қатынасын білдіру үшін қолданылатынөзгермейтін сөздер қатары болып табылады. Модаль сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды және олар көбінесе интонациялық түрде ерекшеленген компаненттер түрінде ғана қолданылады [69,55].
I shall come, of course.
Диалогтарда кейбір модаль сөздері (мысалы, of course, certainly, no doubt, perhaps және т.б.) сөз-сөйлем қызметін атқара алады.
Shall I come?-Of course.
Модаль сөздер өздерінің лексикалық құрамы және семантикалық мазмұны және сөйлемде қызмет ету тәсілі бойынша өздерінің ешқандай сөз табына қатысы жоқ арнайы сөздер тобын құрайды. Формасына қатысты модаль сөздердің арнайы біртұтас сипаты жоқ. Алайда семантикалық және синтаксистік сипаттары әлденеше айқын көрсетілген және де осы жайт көптеген лингвист зетттеушілерге модаль сөздерді жеке сөз табына жатқызуға жәйек береді. Модаль сөздердің семантикалық сипаты ретінде модаль сөздердің субьективті тұрғыдан айтылған хабарға деген шындығы, болжамдығы, жорамалдығы және тілек білдіруі болып табылады. Қатынас мағынасында модаль сөздер номинативті мағынанаы білдіретін сөз таптарынан біршама өзгеше болып келеді, алайда мазмұнының дербестігіне келсек олар көмекші сөз таптары емес жеке сөз таптарына жатады [92].
Өздерінің айқын лексикалық мағынасына байланысты модаль сөздер модаль етістіктердің мағынасынан гөрі мағынаны және модальдік реңктерді дәлірек білдіреді. Егер ағылшын тілінде модальді етістіктер іс-әрекеттің орындалуының болақта орындалу жорамалдығын білдіре алмаса, модаль сөздер осындай функцияға ие.
Модаль сөздер кейде Yes/No хабарлы немесе болымсыз сөйлемдермен ұқсас сөз-сөйлем ретінде қызмет атқара алады. Алайда Yes/No сөз-сөйлемдері ешқашан өз күйін өзгертпейді, ал модаль сөздер сөз-сөйлем функциясын атқара алады немесе диалогта қыстырма сөздер функциясын атқара алды.
Профессор Л.С.Бархударов модаль сөздердің сөйлемде әрқашан қыстырма сөздердің қызметін атқаратындығын айтады. Ол модаль сөздер деп айтылған хабардың басқа фактілермен мүмкіндік, шындық қатысындағы мазмұн сипаттамасына ие сөздер дейді [89].
Сонымен қатар Л.С.Бархударов кез келген қыстырма сөз функциясын орындайтын сөз модаль сөздер тобына жата бермейді дейді. Модаль сөздер-сөйлеудің (речь) маңызды бөлігі, ал қыстырма сөз ретінде басқа сөз таптары, сөз тіркестері, үстеулер, айналымдар немесе инфинитивті конструкцияр бола қызметін атқара алады. Сөз табы ретінде модаль сөздереге әрқашан қыстырма сөз функциясын орындайтын сөздер ғана жатады. Бұл сөздер басқа сөздермен қолданыла алу шектелуімен және тұрақтылығымен сипатталады және ерекшеленеді [89,63].
Модаль сөздердің көпшілігі үстеулерден пйда болған және формасы жағынан - ly суффиксі бар образа действия үстеулерімен сәйкес келеді. Модаль сөздер үстеулерден мағынасымен және ситаксистік қызметімен айрықшыланады. Үстеудің мағынасы және синтаксистік функциясы оның іс-әрекеттің обьективті сипаттамасын беруінде немесе іс-әрекет орындалатын кездегі жағдайға сілтейді және бір сөйлем мүшесіе жатады. Модаль сөздер әдетте тұтас жалпы сөйлемге қатысты және сөйлеушінің айтылған ойға субьективті қатынасын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет