Dare. Модаль етістігі бір істі істеуге батылдығы бар немес жоқ екендігін білдіреді.
He didn’t dare to meet her [132].
Need модаль етістігі Need модаль етістігі қажеттілікті білдіріп, қазақ тіліне керек, қажет деп аударылады.
We need talk of this no more.-Бізге осы туралы сөйлесу керек емес. “I shan’t go upstairs. I shall go hom. I must go home.” [153].
Күмәндану мағынасындағы модальділіктің берілу тәсілдерін бірнеше топқа бөлуге болады. Осы етістіктермен қолдаылған модальді конструкциялар:
А) seem It seems (to me/him) + that-clause, there seems (to be), It seems as if / as though…
It seems to her as if the world was her [101,52].
Маған ... деп/сияқты көрінеді
б) appear көрінеді
It appears (to me / him) + that-clause – Маған ... сияқты көрінеді. 2. Модаль сөздер және демеулік шылаулар:
hardly, scarcely - Әрең дегенде, сияқты, күмәнді. 3. Модальді фразалар: I doubt if… I am not certain + that-clause, It is doubtful + that-clause It looks (to me / him) as if / as though… Күмәнданамын It was doubtful that it could happen [101,58].
Ағылшын тілінде сенімділік certainly, surely, perhaps, probably, maybe күшейткіш сөздері, яғни лексикалық тәсіл арқылы беріледі сонымен бірге it seems, it is sure, unlikely to be сияқты лексика-синтактикалық формалары және конструкциялары арқылы беріледі және I suppose, I think, I guess, I'm sure, I have no doubt сияқты модальді фразалар арқылы беріледі.
Ағылшын тіліндегі демеулік шылау Демеулік шылау деп ағылшын тілінде сөздердің немесе сөйлем ішіндегі сөз тіркестерінің мағынаны күшейту, дәлдеп айту, болымсыдықтықты білдіру үшін қолданылатын көмекші сөз табы. М.А. Беляева демеулік шылаулардың екі негізгі тобын атап көрсетеді.
Болымсыз демеулік шылау not (n’t):
Ол етістіктердің болымсыз формаларын жсау үшін қолданылады.
I don’t smoke. – Мен темекі шекпеймін. My elder brother is a student, not a teacher. – Мен үлкен ағам мұғалім емес, ал студент. Ол әр түрлі сөз таптары арқылы берілетін сөздермен болымсыз мағынаны жасайды [129].
We are going to the river, not to the lake. – Біз өзенге емес, көлге бара жатырмыз. I asked him not to do that again. – Мен одан бұны істемеуді сұрадым. Кейде ол адыңғы айтылымда білдірілген болымсыз сөйлемдердегі жауап ретінде де қолданылады. Мысалы, I believe, I hope, I suppose, I expect, сонымен қатар of course, certainly, sure, perhaps және т.б. модаль сөздермен қолданылады.
Can you lend me this book? – I’m afraid, not, I’m still reading it. – Сен маған осы кітапті бере алмайсың ба?-Жоқ, мен оны әлі оқып жатырмын. Do you smoke? – Of course not! - Сіз темекі шегесіз бе? Әрине, жоқ! 2. Күшейткіш және шектеуші демеулік шылаулар. Only – тек; even - тіпті; just – дәл, жай; simply - жай; merely - жай; still - әлі; almost – таман, жақын; hardly – әзер деп, екіталай; exactly – дәл. We could hardly understand him. – Біз оны әзер дегенде түсінеміз. I merely asked his name. – Мен одан жай ғана атын сұрадым. Even a child can understand it. – Осыны тіпті бала да түсіне алады. 3. Жалғаулықты шылаулар:
Also - да; too - бірге; as well – солайша; either - солай. Осы шылаулар сөйлемдердің алдыңғы айтылымдармен байланыстыру үшін қолданылады. Either шылауы болымсыз сөйлемдерде қолданылады [130].
We are planning an outing tomorrow. Jack is coming too. – Біз ертең пикникке баруды жоспарладық. Джек те бізбен бірге барады. Демеулік шылаулар көмекші сөз табы болғандықтан сөйлем мүшелері бола алмайды. Олар үстеулерден біршама ерекшеленеді.
I have just come. –Мен жаңа ғана келдім. Үстеу I just come to see you. – Мен тек сені көріп кетуге келдім. Шектеулі демеулік шылауы
Осы аталған демеулік шылаулардың арасында модальді мағынаны күшейтіп, сөйлеушінің айтылымғадеген қатынасын айқындайтын сөздер жиі кездеседі. Осылайша біз шылаулар тобынан келісу, сенімділік, анықтылық сияқты субьективті мағынаны білдіретін сздерді атап көрсетуді жөн көрдік. Оларға: actually, exactly, indeed, easily, positive(ly), precisely, right жатады.
Actually шылауы нағыз шынымен болған іс-әректті білдіру үшін қолданылады. Қазақ тілінде шынымен, шынында деген сөздер сәйкес келеді.