Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл



бет9/62
Дата07.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#72384
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62
Модальділік және предикаттылық.
Модальділік пен предикативтілік арасындағы айырмашылықты ажырату қиын болып келеді, ол тікелей осы құбылыстарды анықтаудың күрделелігімен байланысты. Модальділік деп айтылғанның мазмұнының айтушы тарапынан шындыққа қатысын айтады, да предикативтілік деп сөйлемнің негізі ретінде айтылғанның мазмұнының шындыққа қатысының тілдік құралдармен берілуін атайды. Осы анықтамалардың ұқсастығы анық, сонымен бірге оның түрлілігі де айқын. Осы мәселеге қатысты түрлі көзқарастар пайда болады. Предикаттылық модальділікті не қамтиды, немесе оған қосылады, не оның шекараларынан шығады [30].
Сөйлемді сөйлем ретінде танытатын белгінің бірі ретінде предикативтілік аталады. Сөйлемнің предикативтілік қасиеті туралы зерттеулер қай тілде болмасын аз емес. Тілші ғалымдар сөйлем атаулының қандай түрі болмасын предикативтілік қасиетке ие және бұл оның басты белгісі болып есептеледі. «Предикативтілік-синтаксистің негізгі единицасы болып табылатын сөйлемнің функционалдық ерекшелігін танытатын синтаксистік категориясы; хабарды шындыққа қатысты етіп, сол арқылы сөйлемді единица ретінде қалыптастыратын сөйлемнің ең басты, шешуші белгісі, синтаксистің құзырына енетінбарлық единицаларға сөйлемді қарама-қарсы қойып зерттеуге арналған категория» [31].
Ал модальділік деп біз сөйлемде айтылғанхабардың ақиқат шындыққа қатынасын айтамыз. Яғни сөйлеуші ақиққат шындыққа қалай қарайды, оған қандай сипаттама береді, оны қалай түсінеді-модальдік қатынастың мәні осында. Модальділік алдымен сөйлемде көрініп, сонымен бірге сөйлемнің модальділік қасиеті интонацияда, рай, шақ көрсеткіштері, түрлі етістік жұрнақтары , түрлі демеулік, тіпті сөйлемнің орын тәртібі, сондай-ақ қыстырма сөздер арқылы да беріледі.
Біріншіден модальділік предикаттылықтың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Осындай көзқарас ең алғаш В.В.Виноградовтың, кейін Г.А.Золотованың жұмыстарында көрініс табады. Олардың ойларынша кез келген модальді реңк баяндауышпен арқылы беріледі. Осының нәтижесінде олар предикаттылықты модальділік категориясына қарағанда кең мағынада түсінеді [32].
Е.В.Милосердованың пікірінше предикаттылық пен модальділік екеуі де белгілі мазмұнды шындықпен қатынастырып, сөйлем құрайды, сондықтан кейбір тіл ғалымдары екі категория арасындағы ұқсастықты растайды [33].
Н.Е.Петровтің көзқарасына сәйкес құрамында предикат болмайтын сөйлем түрлері болғандықтан, предикаттылыққа қарағанда модальділік кең категория болып саналады. Мысалы, Әй! Ойбай! және т.б [34].
Лингвистердің көпшілігі модальділік және предикаттылық категориялын сөйлемнің міндетті сипаттамаларына жатқызады. Алайда осы жайлы да лингвистер дауласады, Мысалы А.Б.Шапироның пікірінше кез келген сөйлем міндетті түрде предикаттылықпен емес,ал модальділікпен сипатталады [35].
Алайда, шетел лингвистерінің кейбір жұмыстарында (A.Katny) модальділік факультативті категория болып саналады [36].
Аталған проблема бойынша А.В.Бондарько шақтық локальділік және модальділік категорияның мәні және функционалды-семантикалық сипаты предикаттылыққа әкеліп тірелмейді. Екінші жақтан алып қарасақ предикаттылық категориясының көрініс табуы осы категориялармен сарқылмайды. Оның сөздері модальділік және предикаттылық категорияларының арасындағы өзара байланыстың күрделілігін және әр категорияның жеке дербестігін дәлелдейді [37].
Предикаттылық және модальділік категориялары туралы әр түрлі мектеп өкілдерінің түрлі пікірлерінің сәйкес еместігіне қарамастан, олардың көзқарастары сөйлем ішіндегі сипаттамасында екі категорияның орны ерекше және маңызды рөл атқаратындығы жайлы ойлары сәйкес келеді.
Біздің ойымызша, екі анықтаманың ұқсастығына қарасақ, модальділікті анықтау барысында жеке тұлғаның бар болуы осы екі категорияны ажырату барысында негізгі айрықша белгісі болып табылады.
Сайып келгенде, модальділік категориясы мен предикаттылық категорияларын бірінің ішінде бірін қарастыру орынсыз болып табылады. Өйткені әр бір категория сөйлем ішінде ерекше сипаттамаларға ие болып, дербес мәртебеге ие.
Сонымен бірге модальділік категориясы интонациямен тығыз байланысты. Интонация деп сөйлем біршама аяқталған ойды білдіргендіктен, оның өзіндік интонациясы болады. Ол қарым-қатынастың мақсатын білдіреді, яғни сөйлемнің хабарлы, лепті, бұйрықты және хабарлы мәнмен айтылғандығы сөйлем бойынан ғана көрінетін иньонациядан байқалады. Сондай-ақ сөйлемнің өн-бойынан ғана көрінетін мұндай интонацияда сөйлемнің көңіл-күйі, айтылған ойы және сыйластық, енжарлық, мысқыл, ризашылық, құрмет, күдік, сенімсіздік, үміт және т.б. сияқты тыңдаушыға қатысы байқала алады. Интонацияның бұл рөлі тілдің модальділік категориясымен шектесіп жатыр [38].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет