1.4 Модальділік категориясының түрлері
Модальділік категориясы-субьектінің обьектіге, ақиқат шындыққа деген сенімін, күмәнін, тілегін, болжамын, қалауын т.б. әр түрлі қатынастарды білдіретін категория. Басқаша айтқанда, айтушының сөйлем мазмұнына немесе сөйлемнің баяндалу мазмұнына, сөйлеуші жаққа. Ондағы ақиқат шындыққа деген субьективтік көзқарасының көрінуі. Өйткені сөйлеуші сөйлеу жағдайы мен сөйлем мазмұнына, оның құрылысына әрдайым өз қатынасын білдіріп отырады. Бұл қатынас ақиқат шындыққа деген айтушы қатынасы немесе модальділік қатынас болып табылады.
Сөйлеуші қарым-қатынас жасау процессі барысында тек қана ақпаратпен алмасып қана қоймай, сонымен қатар өз көңіл-күйін, сезімін, тілектерін және дүниені қабылдауын білдіріп отырады. Бұл кез келген айтылған сөйлемнің тек қана шындық жайлы фактілерді қамтып қана коймай, сонымен бірге, сөйлеушінің сол факті жайлы көзқарасын, ойын, пікірін және жеке бағасын қамтиды. Дәл осындай адамның шындық жайлы ақпаратты қабылдауы және сараптауы оны модальділік категория ретінде алып қарастырылуына көмектеседі [29].
Көптеген тілдерде ғалымдар обьективті және субьективті модальділіктердің айырмашылықтарын ажаратуымен айналысқан.
А.М.Пешковский сөздер мен сөз тіркестері арасындағы қатынасты білдіретін категориялар бар екендігін айтады. Ғалым оларды обьективті синтактикалық деп атаса, ал сөйлеушінің осы қатынастарға қатысын білдіретін категорияны субьективті-обьективті синтактикалық деп атайды. Автор осылардың қатарына сұрақ, леп білдіру, хабарлау, болымсыздық және болымдылық категориясн; қыстырма сөздер мен сөз тіркестерін және етістік пен есімдік категорияларын жатқызады [48].
А.М.Пешковскийдың жұмысында обьективті және субьективті модальділік бір-біріне тәуелділігі бар тығыз байланысты түсініктер деп көрсетіледі.
Модальділік категориясының обьективті және субьективті түрлеріне бөлінуі логикалық модальділіктің әсерініен болып табылады. Обьективті мағына формальді-грамматикалық орындалу тарапынан кез келген сөйлемге тән болады. Тіл ғалымдарының пікірінше обьективті модальділік белгілі жағдаятта орын алған обьективті байланыстарды көрсетеді. Ал субьективті модальділік айтылған ойдың қаншалықты шындық екендігін білдіретін, қатынастың жеке түрінің берілуі және обьективті ақпаратқа сөйлеушінің субьективті қатынасы ретінде қарастырылады.
Адам сөйлегенде ол айтылғанға өз қатысын білдірмей және айтылғанның мазмұнының шындығына қатынасысыз хабарлай алмайды. Сөйлеуші өз ойын айту барысында айтылған ойдың мазмұнына өз қатынасын білдіреді. Онсыз ешқандай сөйлем құрала алмайды. В.З.Панфилов модальділік категориясының предикаттылық категориясының арасындағы арақатынасы жайлы айту барысында осылайша жазады: «Егер предикаттылық сөйлем мазмұнының шындыққа қатынасын білдірсе, онда субьективті модальділіктің әр түрлері сөйлеушіның пікірінше олардың шындықпен сәйкес келуін білдіреді» [49].
Осыған байланысты субьективті модальділіктің әр түрлі түрлері предикаттылықтың әр түрлі түрлерін білдіреді, субьективті модальділік предикаттылқтың негізгі бөлушісі ретінде қарастырылады.
Ғалымның ойынша обьективті модальділік синтактикалық сөйлемнің деңгейінде көрініс тапса, ал субьективті модальділік сөйлемді логика-грамматикалық бөлудің деңгейінде көрінеді. Алайда синтактикалық және логика-грамматикалық бөлу көөп жағдайда сәйкес келмейді.
Субьективті және обьективті модальділіктің арасындағы айырмашылық тек қана айтылатын сөйлемді құрудағы рөліне ғана қатысты емес, сонымен бірге оны белгілейтін денотативқа да қатысты. Обьективтілікке жүзеге асырыруға болатын байланыстары мен қатынастары мен бірге қоршаған әлем жатса, субьективті денотат ретінде сөйлеушінің әлемді тануы мен оған қосатын интенциялық ұстанымға байланысты. Сондықтан субьективті модальділік деп біз айтылатын сөйлем құрылымы тарапынан қарастырғанда, сөйлеушінің субьективті түрде жүзеге асырылатын ойдың ядросына қатынасы [50].
Осылайша ғалымдар обьективті модальділік деп сөйлеушінің шындықты яғни обьективті ақпаратты түрлі тіл құралдармен бере алу мүмкіндігін және оларды таңдау мүмкіндігі туралы айтса, ал субьективті модальділік деп обьективті ақпараттың сөйлеушінің өз көзқарасының сынынан өткен ақпаратты атайды. Субьективті және обьективті модальділік арасындағы ең негізгі айырмашылығы ол олардың әр қайсысында коммуникативті компаненттің әр түрлі деңгейде болуы болып табылады.
Кез келген айтылымның сипаты ретінде обьективті модальділік айтылғанның орындалу, орындалмауы тарапынан шындыққа қатынасын білдіреді. Обьективті модальділік таным актісі бағытталған кез келген жағдаяттарға тән обьективті байланыстардың сипатын білдіреді, әсіресе солардың ішіне мүмкіншілік, реальділік және қажеттілік байланыстары болып табылады. Модаль етістіктері мен рай категориясы оың тілдік көрсеткіштері болып табылады. Обьективті модальділік шақ категориясымен үйлесімді байланысқан.
М.В.Зайнуллиннің пікірінше етістіктің шақ формаларының дифференцияциясы олардың темпоральді мазмұнына қатысты жасалса, түркі тілдеріндеетістік формаларының модальді семантикасы да маңызды болып табылады. Ғалымның пікірінше өткен шақтың белгілі және белгісіз формалары, белгілі келер шақ және белгісіз келер шақ темпоральді сипатпен емес, ал модальді сипат арқылы айрықшаланады. Түркі тілдегі кез келген verbum finitum формасында келген етістік формасын алсақ та, ол шақтың және модальді реңктерді қамтиды. З.К.Ахмеджанова модальді, шақтық, аспектуальдық және ырыстық мағыналардың тығыз қабысуы жайлы жазады.Қазақ тілін жүзеге асыру тәсілдерін зерттей келе ғалым аса маңызды тәсілдердің арасында аспектуальді-модальді мағынаны аап көрсетеді [51].
Обьективті модальділік шеңберінде алетикалық және деонтикалық модальділік қарастырылады. Алетикалық модальділік істің орындалуы тарапынан мүмкінділік және қажеттілікті білдірсе, деонтикалық модальділік қоғамда қабылданған нормалар мен этикалық принтиптардың тарыпынан мүмкінділік пен қажеттілікті білдіреді. Деонтикалық модальділікті шектейтін нормалардың саналуандылығына байланысты Д.В.Сапарова нормалардың сипттатына сай модальділік түрлерін бөлу керектігін атап көрсетеді. (Мысалы: этикалық, діни немесе құқықтық). Олардың барлығы қандай да бір нормалар жүйесіне қатысты адамның іс-әрекетін міндетті, тыйым салынған немесе рұқсат берілген ретінде сипатталады [52].
Т.В.Парменова модальділіктің келесі қадамдарын айтылымды құру барысында сөйлеушінің коммуникативті интенциясының жүйелі өрбуі ретінде сипаттайды: 1) пропозицияның бар болуы; 2) сөйлеушінің пропозицияға қатысты негізгі ұстанымдарын анықтайтын айтылымның мақсаты коммуникативті рамка ретінде қарастыру; 3) сөйлеушінің айтылым жайлы жағымды немесе жағымсыз көзқарасы; 4) обьективті модальділіктіңайтылымның мазмұнының реальділік немес ирриальділікке қатыстылық ретінде қарастыру; 5) өзектілік сөйлеушінің айтылғанның мазмұнының орындалуына деген бағасы ретінде қарастырылуы; 6) сөйлеушіге көптеген мағыналар реңкін білдіруге мүмкіндік беретін, міндетті емес факультативті субьективті модальді баға қосымша құрал ретінде қарастыру. Осылайша ғалымның пікірінше кез келген айтылымның модальділігі бірнеше деңгейлерден тұрады [53].
Обьективті модальділікке қарағанда субьективті модальділік айтылымдардың факультативті сипаты болып, сөйлеушінің айтылғанға қатынасын білдіреді. Сонымен қатар ол жағдайдағы ойдың шындығының деңгейін көрсетіп, шындықтың проблематикалық және категориялық сипатын көрсетеді.Е.Н.Жанпейісов жалпы модальділік категориясын зерттей келе, сөйлеушінің айтылымға субьективті қатынасынбілдіретін жанама модальділікті атап көрсетеді. (Қыс түскен болу керек.-It must be winter.) [54].
Негізінен субьективті модальділікті енгізу және қарастыру сөйлемнің грамматикалық талдауынан мәтін талдауына әкелетін жол болып табылады. Субьективті модальділікті құрайтын мағыналар однородный емес және дәйекті зерттеуді талап етеді.
Субьективті модальділіктің семантикалық көлемі, обьективті модальділікке қарағанда кең болып табылады.Г.В.Валимованың пікірінше субьективті модальділік сөйлем құрылымының факультативті сипаты болып, сөйлемнің лексикалық құрамымен тығыз байланыста болады және мағынасы мен формасы жағынан обьективті модальділікке қарағанда түрлі болып келеді. Әдетте субьективті модальділік обьективті модальділіктің шектеген шеңберіндегі сөйлеушінің қатынасын нақтылайды [55].
Сонымен бірге субьективті модальділік тілде бар айтылымдардың барлық классификациясын қамти отыра, интонация, қыстырма сөздер, модаль сөздер, сөз тәртібі, модальді мағынаны қамтитын көмекші сөздер және арнайы конструкциялар арқылы беріледі. Осы құралдардан басқа К.Т.Кенжеева публицистикадағы субьективті модальді мағыналары туралы айтқанда, О.Сулейменова етістік және оның формалары, ырықсыз етіс, сұраулы есімдіктер мен демеуліктері бар сөйлемдер-сөйлеушінің назарын аудару үшін қолданылған жауабы бар сұрақ,сенімділікті күшейту үшін қайталанатын сөздер; ақпараттың маңыздылығын көрсету үшін инверсия сияқты тіл құралдарын да жатқызады. Субьективті модальділіктің кең мағыналық аясына акценттеуді, сөз тәртібінің интонациясы, қайталанатын сөздер арқылы берілетін экспрессивті бағаны жатқызады. Сонымен бірге субьективті модальділік эпитеттер, лексикалық қайталау сөздері, эмоционалды реңкі бар грамматикалық формалар, стилистикалық қарсы қою (контраст) сияқты стилистикалық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады [56].
О.Е.Рымкевич неміс тіліндегі субьективті модальділіктің мәтін жасаушы қызметі жайлы айта келе, зерттеу негізіне оның тар мағынадағы талдануын алады, яғни айтылатын ақпараттың шыдығының сөйлеуші тарапынан бағасын меңзейді. Осының құрамына бағалауыш мағыналардың кең аумағы кіреді. Ғалым субьективті модальділік коммуникативті шарты бар категорияларға жатқызады да, неміс тіліндегі субьективті модальділік тілдің құрылымы анықталмағандықтан оның орны перефериялық болып табылады [50].
Осылайша субьективті модальді мағынасы парадигматикалық және анық емес, ал обьективті модальділікграмматикалық оппозициялық оппозицияны анық көрсетілген дәрежесімен ерекшеленеді.
Осылайша қазіргі тіл білімінде субьективті модальділікке ғалымдар түрліше анықтамалар береді. Кең мағынада кез келген бағалауыш қатынас ретінде, ал тар мағынада айтылымның шындығына сөйлеушінің белгілі қатынасы ретінде қарастырылады. Алайда субьективті модальді мағынаны кең мағынада алып қарастырған және субьективті модальді мағыналардың қатарына қосымша ақпарат, дәлдеу, деректеу, сілтеме, шектеу, қорытындылау, жалпылау, акценттілеу, сендіру, сенімділік, сенімсіздік, болжал жасау, қарама-қарсы қою, ойдың байланысын көрсететін құралдар, олардың тәртібі мен жүйелігі, сонымен қатар ақпарат көзі және сөйлеушіге оның назарын аудару үшін қолданылған қаратпа сөздерді жатқызған жөн. Біздің жұмысымызда субьективті модальді мағына көбінесе модаль сөздер мен етістіктер арқылы, ал субьективті-бағалуыш қатынас осы тіл құралдарынан басқа стилистикалық құралдары арқылы беріледі.
Н.Ю.Шведова обьективті-модальді және субьективті-модальді мағыналарды бөліп қарастырады. Обьективті-модальді мағына сөйлеушінің айтылмаға қатынасынсыз айтылымның сипамасын қамтиды [58].
Бұл сипаттама құрамында хабарлау, сұрақ және побуждениены міндетті түрде қамтитын жалпы және жеке бола алады. Жеке обьективті-модальді мағына өте маңызды емес.Ғалым олардың сипаттамасының үш түрін атап көрсетеді: 1) предикативті сипаттың ішкі белгілері, 2) сипаттың олардың басқа сиаттармен байлнысы, 3) оның шақтық сипаты. Субьективті модальді мағыналар модальді-экспрессивті болып аталады, осылайша олар сөйлеушінің айтылымға қатынасының сипаттамасын қамтиды және осындай қатынас әрқашан экспрессивті сипатқа ие. Осындай мағыналардың арасында 6 топ бөлінеді: 1) акценттілеу, айқындалған шектеу немесе екпін жасау, 2) жағымды немесе жағымсыз қатынастың бағасы; 3) утверждение және отрицание; 4) қалау; 5) анықтап алу (уяснение); 6) шындық тарапынан белгілерінің сипаттамасы. 363-364
Ғалымдардың көбі обьективті және субьективті модальділіктің сәйкес келмейтіндігін айтады. Айтылымды түрлі жақтан сипаттай отырып олар диалектикалық бірлік бола отырып, бір айтылымда тығыз байланысып, бірін-бірі толықтырып, қосымша реңктерді білдіреді. Кез келген айтылым обьективті тіл құралдары арқылысөйлеушінің шындыққа деген субьективті көзқарасын білдіреді. Осылайша О.М.Лашкевич кез келген айтылымда шындық пен мазмұн арасындағы қатынас сөйлеушінің субьективті қабылдауымен байланысты болғандықтан, модальділікті бөлінбейтін обьективті-субьективті категория ретінде қарастыруын ұсынады [59].
Алайда көптеген лингвисттер модальділікті субьективті және обьективті түрлеріне бөлуіне қарсы келледі. Олар тек қана сөйлемнің мазмұны мен обьективті шындық арасындағы байланысты қарастырады. Л.М.ВАсильев, М.В.Зайнуллин, И.Б.Хлебникова, Г.В.Колшанский, И.П.Распопов сөйлем модальділігін тек обьетивті категория деп санайды, өйткені оның пікірінше барлық
Субьективті және обьективті модальділік тікелей логика сұрақтарымен тығыз байланысты.
Е.И.Беляева өз жұмысында оларға осындай сипаттама береді. Обьективті логикалық модальділік пайымдауда айтылатын ойдың мазмұнына сәйкес келеді және зат пен оның сипаты арасындағы онтологиялық байланысының сипаттамасына қатысты. Субьективті логикалық модальділік біріншіден онң шындыққа қатыстылығы тарапынан пайымдауда берілген ойдың сипаттамасына қатысты дейді [60].
Логика ғылымында бөлінгендей тіл білімінде де ғалымдар модальділікті екіге обьективті (онтологиялық) және субьективті (персуазивті) деп бөледі. Обьективті модальділік кез келген жағдайдағы керекті, мүмкін немесе шын обьективті байланыстардың сипттамасын білдірсе, екіншісі осындай байланыстардың танымдылығынасөйлеушінің бағысын білдіреді [58].
Ю.С.Степанов Модальділік тек қана субьективті немесе обьективті категорияға жата алмайтындығын айтады. Осының негізінде ол модальділікті субьективті және обьективті жақ қамтылатын субьективті-салыстырмалы категория ретінде қарастырады [61].
Біздің пайымдауызша модальділік категориясын субьективті-обьективті категория ретінде қарастыру қажет. Өйткені сөйлеу әректі кезінде шындықты бағалау субьективтілігі обьективті қатыстармен шектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |