Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл


Лингвистикалық теориядағы модальділік түсінігі



бет7/62
Дата07.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#72384
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62
Лингвистикалық теориядағы модальділік түсінігі

Тілдік модальдылық тіл біліміндегі зерттеудің ұзақ уақыт бойы нысаны болып келеді, алайда оның негізгі белгіері, функционалды қасиеттері, типологиялық сипаттамасы және көрсеткіш формаларының семантикасы оны тілдік құрылудың бір бөлінбейтін классына жатқызуға жол бермейді. Ол мағынаның кең шеңберін қамти отырып, оның типологиясын тереңрек зерттеуінде мұқтаждық туып отыр.


Модальдылық категориясы тілдің әмбебап құбылысы болып табылады. Ол тілдің түрлі деңгейлерінде (морфологиялық, синтаксистық және интонация арқылы) көрініс табады. Бұл категория күмәнсіз мәтін сипаттамасында да көрініс табады. Модальдылықты жүзеге асыру аспектілерін зерттеумен көптеген ғалымдар айналысқан. Сондай тілші ғалымдардың арасында А.В.Бондарко, В.Г.Адмони, Е.В.Пугачева, Д.А.Парамонова және тағы басқаларды атап кетуге болады.
Мәтін-әдебиетшілердің негізгі зерттеу нысаны болғандықтан, модальдылық категориясы әдебиеттануға мәтәнді жалпылай сипаттайтын категория ретінде келді. Әдебиеттанудағы бұл термин модаьдылық мағынаның конгломераты ретінде философиялық-этикалық категория және тіл біліміндегі категория ретінде айқындалды.
Модальдылық түсінігі көптеген әдебиетшілердің жұмыстарында кездеседі. Аластэйр Фаулер, ағылшын әдебиетінің маманы, Эдинбург университетінің прфессоры жанр мен модальдылық түсініктерінің жақындығы туралы жазған. Жанр мен модальділіктің арасындағы айырмашылық-ол жанр-шыармалардың белгілі белгілері бойынша ұқсас топтарды анықтаса, молальдылық түрлі жанрда жазылған шығармаларға тиесілі сапаны анықтайды. Модальдық сипаттама жанрлық сипаттамаға қосымша болады (мысалы, сатирикалық драма, сықақ роман) [16].
Бұл сұрақ толықрақ Ж.Женеттің «Поэтика бойынша жұмыстар» жұмысында қарастырылған. Ж.Женетт «модальділік» терминін хабарлы модальдылығында тұспалдап, тар мағынада қолданған және келесі түрлерін атап көрсеткен. Олар: хабарлы, драматикалық және аралас. Осылайша модальділік әмбебап лингвистикалық форма болып табылады, ал оның жанры-оның тақырыптық түрлілігі: водевиль комедияның тақырыптық түрлілігі, ал новелла хабарлы жанры болып табылады. Сонымен бірге жанрдың қандай да болсын белгілі модальділікпен міндетті байланысы жоқ. «Хабарлы модальдылық хабарлаудың нысаны болып табылатынды азды-көпті сенімді түрде хабарлауды және оны бір немесе басқа көзқараспен хабарлауды меңзейді. Оқиға кімнің көзқарасы бойынша айтылуына байланысты, хабарлау айтылатын оқиғаға осы немесе басқа перспективасын қабылдайды. Қашықтық және перспектива модальдылықтың екі негізгі белгілерін, екі негізгі ақпаратты реттеу тәсәлдерін көрсетеді. Қашықтық ақпараттың жете, әрі дәл түрле берілгенін анықтаса, ал перспектива ақпараттың толық не толық емес түрде берілгенін анықтайды. (айтылатын оқиға кімнің көзқарасынша айтылатынына байланысты) Женетт модальдік детерменацияға негізделген хабарлы жағдаяттардың қызықты типологиясын ұсынады [17].

  1. Хабарлау хабарлаушы жағынан жүзеге асырылады (хабарлаушы кез келген кейіпкерден көп біледі).

  2. Хабарлау біреудің көзқарасынан жүзеге асырылады (хабарлаушы тек кейіпкердің білетіні жайында сөйлейді).

  3. Обьективі хабарлау, сырттағы көзқарас (хабарлаушы кейіпкердің білетінінен аз айтады).

Осыған байланысты автор «фокализация» түсінігін енгізді. Бірінші түрі классикалық, фоколизацияланбаған хабарлаумен, екінші хабарлау ішкі фокализациясымен (белгіленген немесе ауытқулы бола алатын), ал үшіншісі-сыртқы фокализациясы бар хабарлау. Жалпы хабарлау барысында фокализацияның таңдауы тұрақты болып қала бермейді. Фокализацияның формуласы шығарманың жалпы мәтініне әрдайым қатысты болмайды және көп жағдайда өте қысқа да бола алатын белгілі хабарлы сегменттің белгілі фокализациясы жөнінде сөз болады. Көзқарастардың айырмашылығын әркез танып білуге болмайды. Сонымен қатар ауытқулы фокализация мен фокализацияның жоқтығын табу өте қиын. Хабарлы фокализацияның қандай болуына байланысты оның хабарлы модальдылығы да анықталады.
Цветан Тодоров әдебиет мәтіндерінің анализінде модальдік сипаттамаларды қолданған. Декамерон модальділік туралы айтқанда, ол қалау модальділігін және өзі бірнеше түрге бөлінетін болжамдық модальділігін атап көрсетеді. Ол модальдылық категориясын тек әдебиеттанудағы анализ элементі ретінде ғана қолданбай, сонымен қатар оның грамматикалық мағынасын (мысалы, болжамдылық және алдын алу модальдылықтарын айыру барысында, ол осы ммодальдылықтарға ие сөйлем құрылымдарының айырмашылығы туралы жазады. Тодоров модальдық мағыналардың екі тобын атап көрсетеді: индикатив модальділігі, яғни реалды, шындықтың және қалған барлық нақтылы емес, неғайбілдікті білдіретін модальділік [18].
Ресейлік әдебиеттануа модальділік категориясына аз көңіл бөлінген. Ресейлік зерттеушілердің арасынан В.Н.Мещеряковты атап өтуге болады. Ол модальділік категориясын семиотикалық табиғаты бар категорияларға жатқызады. Прагматикалық категория ретіне модальділік категорясының жүзеге асырылу жолдары әр түрлі болып келеді. Бұл категория грамматикалық, лексикалық, интонациялық деңгейде де, мәтіннің бір бөлігінде немесе жалпы мәтін ішінде жүзеге асырыла береді.
Мещяряков модальдылықтың екі түрін атап көрсетеді. Олар: мәтәннің бір бөлігінде болатын мәтіннің даму барысын сипаттайтын сегменттік модальділік және автордың сипатталатын шындыққа беретін бағасын білдіретін обьективті модальдылық. Суперсегменттік модальдылық туралы айта кетіп, Мещяряков «жанрлық модальдылық» түсінігін қолданады [19].
Мәтіннің модальды фоны оның осы немесе басқа жанрға тиесілігін анықтайды. Авторлар шындықтың себеп-салдарын өзгеше көріп, түсіне алады деген тезис бар, сондықтан «шығарманың фабуласы, сөзсіз автрдың айтатыны мен жазатынына қатынасын білдіреді» және Мещяряков когнитивті модальділікті атайды. Когнитивті модальділік-көркем бейнелеу жолдарының анализының нәтижесі негізінде айқындалатын модальдылық, жасырынды модальдылық. Автор модальды контекстілердің парадигмасы шектелген және моральды ұстанымдарға, рухани құндылықтарға және белгілі даму кезеңдегі қоғамның приоритеттеріне тәуелді болады дейді.
Н.С.Валгина «Мәтін теориясы» кітабында модальділікті барлық мәтіннің бірліктерін біртұтас мәнді және құрылымды тұтастыққа бекітетін «мәтінді құру мен мәтінді қабылдаудың ең маңызды элементі» деп атайды [20].
Сонымен қатар зерттеуші сөйлеушінің айтылғанға қатынасын білдіретін субьективті модальділік және айтылғанның шындыққа қатынасын білдіретін обьективті модальділіктің арасындағы айырмашылыққа көңіл бөледі. Мәтін модальділігі тұтастай айтылатынға автордың қатынасын, оның концепциясын, көзарасын білдіретінін көрсетеді. Мәтін модальдылығы мәтінді жекелеген бірліктер жиынтығы ретінде емес, ал біртұтас шығарма ретінде қабылдауға көмектеседі. Валгинаның пікірі бойынша мәтін модальділігін анықтау үшін автордың бейнесі өте қажет. Ол мәтіндегі барлық элементтерді біртұтас бүтінге біріктіріп, маңызды рөл атқарады, осыған қоса кез келген шығарманың семантикалық-стилистикалық орталығы болып табылады [20,104].
XX ғасырда модальділік катеориясы әдебиеттануда пайда болды. Мында модальдылық теориясы айқын және бір мағыналы емес, алайда оның түсіндірмесінде әр-түрлі жолдар пайда болды. Біздің ойымызша, модальділікті белгілі жанрдағы шығармаға белгілі мөлшердегі үндестілікті және оған жаңа мәнді, әрі бейнелі реңктер қосатын қосымша жанрлық сипаттама ретінде қарастыру қолайлы болып келеді [17].
Осымен бірге хабарлаумен байланысты көзқарасымен және мәтін авторының интенциясымен байланысты түсінік мағынасының аспектілерін ескерген жөн. Осы термин мағынасының көп қырларын қарастара отырып, әдебиеттанудағы модальдылық категориясы не екендігін түсінуге болады.
Модальділіктің дәстүрлі түсіндірмесі классикалық логиканың логикадағы пайымдар түрлерінің әр түрлі модальдық мағыналармен байланыстыратын идеяларының ықпалы нәтижесінде дамыды. Бұл модальдық диапазонын пайымдардың шектелуіне және оның етістіктің рай формалымен берілуіне әкеп соқтырды. Бұл бағыттың келесі дамуың нәтижесі субьективті және обьективті модальдылықтың арасындағы айырмашылықты айқындау болды.
Мысалы Л.С.Ермолаева екі негізгі модальдылықты атап көрсетеді. Олар: ішкі және сыртқы модальдылықтар. Ішкі модальдылық іс-әрекет субьектісінің іс-әрекетке қатынасын білдіреді, ал сыртқы модальдылық істің болар болмас мағынасындағы (I тип) сөйлем мазмұнының шындыққа қатынасын және сойлеушінің айтанын фактілері жөнінде қаншалықты сенімді екендігін білдіреді [21].
Модальдылық жайлы сұрақты зерттей және талқылай отырып В.В.Виноградовтың модальділік категориясы жайлы анықтамаласын атамай кете алмаймыз. Өйткені оның модальдылық жайлы бұл анықтамасы көптеген Совет тіл ғалымдарына әсер етті.
Модальділік терминін тіл біліміне алғаш енгізіп, оны тілдік категория ретінде тану В.В.Виноградовтың еңбектерінен басталады. Сөйлемдегі хабардың ақиқат шындыққа қатынасы ең алдымен модальділік қатынастан көрінеді. Ақиқат шындыққа қатысты сөйлеу (речь) мазмұнындағы әртүрлі қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық формалар модальділік ктегориясының синтаксистік мәнін құрайды
Ол 1950 жылы жарыққа шыққан өзінің «Орыс тіліндегі модальдылық категориясы және модаль сөздері» мақаласында Ф.Бруноны оның айтылғанның экспрессивті формаларын модальдылық категориясынан ажырата алмайтындығына сын айтады. Ол «мүмкінділік, сенімділік, күмән, сенбестік және тағы басқа модальдық реңктердің берілу тәсілдерін сараптау мен бірге күту, үміт, қобалжу, таңғалу, қорқу, келісім, оң баға беру, қанағаттану, қанағатсыздану, парақсыздану, қабыл алмау сияқты модальдылық сезімдері білдіретін синтактикалық және лексикалық формаларын да қарастырады».
Қазіргі тіл білімінде модальдылық категориясы тіл білімі, логика, философия сияқты ғылым салаларында жұмыс істейтін ғалымдардың назарын аударған қиын, әрі даулы бөлімдерге жатады [22].
Модальділік - жеке алынған сөздердің және сөз тіркестердің семантикасында көрініс табатын тілдегі әмбебап құбылыс, модальды жоспар кез келген сөйлемнен бөлек қарастырылмайды; соңғы он жылдықта әдебиетте мәтін модальдылығы жайлы сұрақ заңды түрде көтерілуде.
Егерде академиялық, ғылыми тілмен емес ал жай сөзбен айтатын болсақ ауадағы оттегі сияқты модальдылықтің және сөйлеуге сіңіп кеткен деуге болады және біз оны тыныс алу барысындағы ауадай сөйлеу барысында оған назар аудармаймыз [23].
XX ғасырда ғылымда тілдік модальдылықтың тек негізгі түрлері ғана емес, сонымен қатар оның жүзеге асырылуының ең негізгі формалары, оның грамматикалық көрсеткіштері, оның қызметтері және толық коммуникативті құрылымдардың және сол сияқты тағы басқаларды құрудағы рөлі толықрақ сарапталды және модальдылық түсінігінің өзі күні бүгінге дейін тілдік, квазия тілдік және тіл мағынасына қатысты түрлі салаларды қамтитын бірмағыналы құбылыс емес. Бұл осы күнге дейін модальдық, тілдік мағынаны құрудағы түрлі тілдік тәсілдердің қатысын көрсететін талаптар жүйесі жасалмағандығымен түсіндіріледі. Модальдылық предикатив параметрлерінің бірі ретінде саналады және шақ категориясымен қатар сөйлемнің грамматикалық мағынасын анықтайды. Осы көзқарастың шеңберінде көп теориялар жасалды, алайда осы күнге дейін лингвистикалық модальдылық категориясының шекарасы мен мәртебесі жайлы сұрақ бірдей шешім тапқан емес. Әсіресе неғайбіл модальдылықтың әр түрлі белгілерін сипаттау әрекеттерінде көптеген даулы сұрақтар бар. Осылайша, неғайбіл модальдылығының шекарасының өзі қазіргі ғылымның көзқарасы бойынша онша айқын емес көрсетіледі. Осы күнге дейін неғайбіл модальдық тілдік мағынаны құруда тілдік тәсілдерге анық талаптар жүйесі жасалған жоқ, сондықтан неғайбіл модальдылықты зерттеу маңызды және өзекті болып табылады [21].





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет