Екінші бөлім бойынша қорытындылар. Осы тарауда біз модальділік категориясынын функционалды-семантикалық өрісінде қарастырып, оның ағылшын және қазақ тілдеріндегі берілу тәсілдерінің классификациясына тоқталдық. Сонымен бірге ағылшын және қазақ тілдерндегі модальділік категориясының берілу тәсілдерінің айырмашылықтары, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтадық.
Тілдік модальділікті функционалды-семантикалық категориялардың қатарына жатқызудың арқасында, оның тілдің әр түрлі құралдары және тәсілдері арқылы беріле алатындығына көз жеткіздік. Салыстырмалы анализдің нәтижесі бойынша ағылшын тіліндегі модальділікті берудегі келесідей тәсілдері айқындалды:
- лексикалық тәсіл (модаль сөздері арқылы);
- морфологиялық (рай категориясы арқылы және конструкциялар);
- лексика-синтактикалық (модаль етістіктері, модальді конструкциялар және бағыныңқы шылаулар);
-синтаксические (қыстырма сөздер және конструкциялар және одағай сөздер).
Қазақ тілінде модальділікті берудегі келесідей тәсілдері айқындалды:
- лексикалық тәсіл (модаль сөздері арқылы);
- морфологиялық (рай категориясы және аналитикалық форманттар арқылы);
- лексика-синтактикалық (модаль сөздері тіркесіндегі аналитикалық форманттар, демеуліктер және күрделі баяндауыштардың құрамындағы модальді мағыналы етістіктер);
-синтактикалық (қыстырма сөздер және одағай сөздер).
Осы аталған тәсілдерден басқа ағылшын және қазақ тіліндегі модальділік мәтін деңгейінде жоғарыда аталған тісілдердің бірігуі арқасында жүзеге асырылады. Мәтін модальділігі лексикалық, морфологиялық, синтактикалық, лексика-синтактикалық, сонымен бірге синтактикалық тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Саны жағынан модальділік категориясы білдіру тәсілдері өте көп және басқа категорияларға ұқсас емес.
Осындай модальділікті білдіретін лексикалық тәсілдерге жататын модаль сөздер болып табылады.