Белгісіздік және болжалдылық
Бұған не қылу керек? Қалай кек алу керек? Сотқа бере ме? Өлтіріп жібере ме? Өрттеп жібере ме? [124,101]. Ол алмаса, онда мені кім алады? [124,129].
Белгісіздік
Тірі қалса, үйіне кеп отырса, онда не болмақ? Орыстардың талқысынан қалған қызды бұл ала ма? Алмай ма?[124,135].
Мүмкінділік
Ақбілек ақырын сөйлесе, жас ботаның дауысындай, қаттырақ сөйлесе, ол дауысқа күміс қоңырау таққандай ма, қалай әйтеуір көмейінен, көмей емес-ау, кеудесінен күнгірлей-сылдырлай шыққан бір сиқырлы жат дауыс дәл жүрегіне барып тиер еді [124,136].
Қажеттілік
Бұл әңгімені пәлендей үлкейткен де жоқ, қазақ арасының қашаннан келе жатқан шатағы, оған бола артық айтудың да қажеті жоқ, келешекте ел болуында, ел болуы үшін алдымен оқу керек, дұрыс сот керек, анау керек, мынау керек, оның бәрін істейтін қазақтың ендігі жастары, жастарда өзара бірлік болуы керек, ақылдасып іс қылу керек бар үміт жастарда...деп жастарды мадақтай, бірліккке шақыра, дәнекер бола сөйледі [124,162].
Қажеттілік
Біз төңкеріс жолына түсуіміз керек...
Кедейді оқытып, көзін ашу керек, ұйымдастыру керек, әкәмшілік, сот кедейдің қолында болу керек, кооператив, артель ашып беру керек, кедейді отырықшы қылу керек, кәсіпке үйрету керек! [124,167].
Қажеттілік
Өзіміз тазаруымыз керек. Бұл мәсілелерді біз тереңрек қарауымыз керек.
Сондықтан орыстан бөлініп іс қыламыздеп ойлаудың, терең мәселелді тексерудің бізгке бұл күнде пәлендей қажеті де жоқ.
Бекболат үйленіп, бөлек отау тіксе, өз алдына саба орнатса, Ақберген қара лашығын жанына орнатса, Бекболаттың отауын емін-еркін билесе-міне, ақбергеннің ендігі арманы [124,171].
Тамсану
-Шіркін-ай! Біздің ауылдың жайлаудаңы шалғыны қандай еді! Бұзау көрінбей жатушы еді! Ауыл келіп қонғанда, жұпар иесі мұрыныңды жарушы еді! Есіл қызық күндер-ай! Жерім-ай! [124,233].
Метафора ауыспалы мағынада жұмсалып, адамға немесе затқа деген сипаттама жасағанда қолданылады. Метафораның теңеумен арақатынасын білген жөн. Метафора бір ұғымның орнына екінші ұғымды қолдануды қаласа, теңеуде бір зат пен екінші заттың ұқсас жайлары алынады.
Жіңішке әнге тартқан әні қандай,
Балауыз балбыраған тәні қандай.
Ақыл, ой, мінез бәрі бірге келіп,
Толықсып толып тұрған сәні қандай.
Еріткен іші-баурыңды көзі қандай,
Бал тамған майда бұл-бұл сөзі қандай.
Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп,
Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай! [150,183].
Достарыңызбен бөлісу: |