Би Темірге айтқан бірінші толғауы


ДӘЙІМ – үст. Үнемі, әрдайым, әрқашан. Жаманның жамандығы сол болар, Сөйлесе дәйім бетін қара етер. (Шалкиіз) ДОМБАЙ



бет7/11
Дата06.04.2023
өлшемі66,03 Kb.
#79876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Шалкиіз (жаттауға)

ДӘЙІМ – үст. Үнемі, әрдайым, әрқашан.
Жаманның жамандығы сол болар,
Сөйлесе дәйім бетін қара етер. (Шалкиіз)


ДОМБАЙ – 1. Жабайы есек.
2. зат. Нобай, нұсқа.
3.ауысп. Сес, қыр, қоқан-лоқы.
Терек қажап, тал қайзар,
Құлан, домбай баласы. (Шалкиіз)
Далада құлан, домбай шұбырса,
О-дағы бір егеулі оққа жолығар. (Шалкиіз)


ДЕСТІРГЕ – жазу-сызу өнері.
Қара сия, ақ қағаз,
Дестірге өнер төктірдің. (Шалкиіз)


ДҮР – 1. ар. сын. Атақты, даңқты, аты шулы.
2. үст. Қауырт, күрт, бірден.
3. ар.зат. Қымбат, бағалы, асыл.
4. шыл. көне. –ды, -ді қосымшасының көне формасы.
5. диал. Шебер, маман.
6. Бөспе, мақтаншақ.
7. Ғұлама, дін оқуын меңгерген адам.
8. Мықты.
9. Гүл.
10. елік. Кенеттен шыққан, дүрс еткен, гүр еткен қатты дыбысты бейн.
сөз.
Жомарт жігіт баймен тең,
Шешен жігіт дүрмен тең. (Шал)

Кешу кешмек сайдан-дүр,


Батыр болмақ сойдан-дүр. (Шалкиіз)


ЖАЗЫ – 1. Жазылы, бір нәрсенің шығып тұрған шеті немесе сабы. Қылыштың, пышақтың сабы.
2. зат. этн. Түйенің арқасына жүк батпау үшін өркешіне қом астынан кигізетін арнайы жабдық.
3. зат. ескі кіт. Дала, жазық жер, иен дала.
Жазылы алтын қол кескен,
Алдаспаным өзіңсің. (Шалкиіз)
Май қаңбақта ағалардың аты жусап жатыр деп,
Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп,
Жазыда көп-ақ жортқан екенбіз. (Қазтуған)


ЖАЗЫДА – түзде, далада.
Жалп-жалп еткен жапалақ
Жазыда кімге жолдас болмаған? (Шалкиіз)


ЖАМПОЗ – 1. зат. Нар мен айыр түйенің арасынан шыққан асыл тұқымды түйе.
2. ауысп. Жігіттің төресі, арланы, ардақтысы.
Айырдан туған жампоз бар
Жүгін нарға салғысыз. (Шалкиіз)


ЖАРҚА – жаңқа, бір нәрседен сынып түскен бөлік.
Қайырылып барып тез сынар,
Қайың оқтың жарқасы. (Шалкиіз)
ЖАУТЕРЕК – майтерек, кегей тұқымдас өте сирек кездесетін, таулы өлкеде өсетін ағаш.
Жапырағы жасыл жаутерек,
Жайқалмағы желден-дүр. (Шалкиіз)


ЖАУЫРТҚАН – ет. Жауыр ету, қажау, жаралау.
Қанжуырдай шаншылған,
Сексен сегіз аңдыған,
Еңсесін түбекменен жауыртқан. (Шалкиіз)


ЖИЫРЛЫ - көне. Ораздының ұлы өсер, жиырлының қызы өсер: ескілік уақытта өсер ұрпаққа, өмір бағасын беруден келіп туған нақыл сөз. «Оразды» - бақытты, құт-берекелі деген мағынада, «жиырлы» - құтсыз, қырсық шалған деген ұғымды білдіреді.
Ораздының ұлы өсер,
Жиырлының қызы өсер,
Кенелейін деген жігіттің
Жылқы ішінде екі арғымағы тел өсер. (Шалкиіз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет