ҚАЛЖУЫР – садақтың оғының бір түрі.
Тышқан ініне кіре алмай жүріп,
Құйрығына қалжуыр байлайды. (мақал)
Қалжуырдай шаншылған,
Жұрт үшін қарауылға көп тұрған. (Шалкиіз)
ҚАРЫНДАС – 1. Туысқан адам, бір жұрттың адамы.
2. Туысқандар, руластар, аға-іні.
3. Ер адамның жасы кіші әйел жынысты туысқаны.
4. Жалпы ер адамға байланысты айтылғандағы жасы кіші әйелдің атауы.
Ол күнде қарындастан қайырым кетер. (Асан қайғы)
Жайыңды білген қарындас,
Ол қарындас әм жолдас. (Шалкиіз)
ҚҰЛАДЫН – з.е. Қаршыға тұқымдасына жататын кішкене құс, күшіген, құзғын.
Құладын құстың қоры еді,
Тышқан жеп жүнін түледі. (Асан қайғы)
Құладын қуды өлтірсе –
Өз басына келеді. (Асан қайғы)
Құладын жаман қу алмас,
Құладын қудың теңі түгіл-ді. (Шалкиіз)
НАРТ – 1. Мәрт, батыр, бастық, қолбасы, әскер басы, би.
2. сын. Шымқай қызыл, қып-қызыл.
3. зат. Итке не бұғыға жегуге арналған сібір халқының жіңішке ұзын шанасы.
Азаудың ер Доспамбет ағасы,
Азаудың бір бұрышында нарты екен. (Доспамбет)
Тұсындағы болған нартың қорласаң
Табылмас-ты керекте. (Шалкиіз)
САЛУ – тастау, қалдырып кету.
Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын, сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт! (Қазтуған)
Жағы түкті жылқы айуан,
Иесін қайда жауға салмаған. (Шалкиіз)
САУРЫСЫ –1. зат. Малдың бел омыртқасынан құйымшаққа дейінгі жерінің
үсті.
2. Малдың белдеме мен сан үсті терісінен жасалатын былғарының қалың түрі.
3. ауысп. Көк орай шүйгіні мол, шұрайлы, құнарлы жер.
4. Сауырдың етек жағы. Сауыр – малдың жаясының үстіңгі жағы.
Ат саурысын берермін,
Алыста дәурен сүрермін. (Жиембет)