Зейнеп Ахметоваға айтқан ақыл сөздері:
1. Алатын кезде – алға озып,беретін кезде артта бұғып қалатын,алғаны мен бергенін жіпке тізіп санайтын адамнан аулақ жүр.Ондай адамнан құтылудың өзі-үлкен олжа.
2. Адам ешкімге сенбей,бәріне күдіктеніп,айналасындағыларды ылғи “алдамшы”, “қу ”, “ нашар адамдар” деп ойлап жүрсе,тура сондай сұмырайлар кездесе береді,қасыңа топталып,жинала береді.
3. Өзгеден артық боламын деп арындама,шамаңды шақта.Тең түскенге қанағат ет. “Қанағат қарын тойғызар,қанағатсыздық жалғыз атын сойғызар” деген ата- бабаң.Бірақ тепкіге төзбе,ешқашан аяққа басылмағын.
4. Адам өмірге,мынау жарық дүниеге жылап келеді.Ата-ана,туған-туыс айналасы шат-шадыман қуанады.Кетеріңде өзгелер жылап,өзің ризашылықпен қуанып кететіндей істе...
5. Ғылым-білім деген-түпсіз тұңғиық.Жұмыр жердің бетінде оның түбіне жеткен жан жоқ.Дегенмен шетсіз-шексіз ілім-білім жолында әркім өзінің өресі,шама-шарқы жеткен жерге бір белгі-шыбық шаншып қалдырса,сол шыбық өсіп,өзінен кейінгіге сая болып,жол нұсқап жатса,есте қалған деген сол болады.
6. Мынау пәни жалғанда мінсіз адам болмайды.Бұл дүниедегі періштелер – сәбилер.Айыбың мен мініңді өзің түсінсең,санасыз болмағаның.
7. Өзіңді сыйлайтын жерге қайта-қайта жылтыңдап бара берме,қадірің кетеді.
8. Арман жаста да,кәріде де болады.Адамның ой-арманы ешқашан таусылмайды,оны орындауға жолың таусылады.
9. Іргетас мықты болуы керек деп көп айтамыз.Егер іргетастың үстіне қабырға берік қаланбаса,төбесі биіктеп еңселенбесе ,шатыры жақсы жабылмаса,қанша мықты болса да,іргетастың құны шамалы болып қалады.
10. Пышақ қаламның орнын ауыстыра алмайды.Пышақ кескен жер жазылып кетеді,қалам жазылған жер жазылмас жараға айналады.
12. Алла-аспанның да,жердің де сипаты ” деп жазылған Құранда.Кейбір адамдар оны сезінбесе де,жүрегінің бір түкпірінде осы өмірдегі арманынан басқа,мәңгіліктің,шексіз әлемнің шет жағасын көру арманы болады.
13. Бағың жанып,тасың өрге домаласа,арзанқол достар мен нағыз дұшпандарың көбейеді.
14. Человеку важно очиститься самому,сделать свою жизнь чистой,иначе он всю жизнь будет гоняться в слепую за счастьем спотыкаясь падая и калеч других.Нечистый не может быть счастливым.
15. Сырттай қарағанда бір-бірінен аумайтын ұқсас екі шам болыпты.Біреуі:“ Мен неткен әдемімін,мен қандай жарықпын,мен алаулап тұрмын,мені жұрт түгел көруге тиіс,көруге міндетті.Егер маған назар аудармаса,құлаймын да,бәрін өртеп жіберемін”,-депті.Екінші шам: “Менің жарығым айналама жетер ме екен,төңірегіме жарығым түгел түссе ғой,адасқан жолаушы сәулені көріп,жол тапса,менің жарығыммен біреу-кітап оқып,біреу-жазу жазса,енді біреу-кесте тіксе,менің жарығымның септігі тиіп,сәби шошымаса”,-депті.Мұны не үшін айтқанымды ары қарай өзің ойлан.
16. Ақымақтығыңды өзің ұғып түсінсең,ақылды болғаның,ал өзіңді ақылдымын деп сенсең,нағыз ақымақсың!
Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» Алматы 2017 225-230 беттер