2
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
УДК 821.512.122
ББК 84 Каз-44
И 92
Итеғұлова С.А.
И92
Ана тағдыры: повесть, ой-толғамдар мен өлеңдер
– Астана: 2015. – 124 бет.
ISBN 978-601-7047-40-5
Бұған дейін бірнеше кітабы жарық көрген автордың бұл
жинағында әр жанрда сомдалған өмір туралы толғамдары
беріледі. «Ана тағдыры» повесінде тағдыр талқысына мойы-
май, өмір бұрқасынына қасқайып қарсы тұрған табиғаты
нәзік, жігері мықты қазақ әйелінің тағдыры шынайы-
лықпен баяндалса, әңгімелер бөлімінде жас ұрпақтың
ұлттық санасын қалыптастыруға игі ықпалын тигізетін
танымдық-ғибратты туындылары жалғасын табады.
Ал өлеңдер топтамасындағы терең философиялық иірім-
дер мен отбасы мүшелеріне деген толғаныс-тебіреністері
оқырман жүрегін баурап алады.
Қаймағы бұзылмаған қазақы отбасының өмірін және
ауыр тағдырға сағы сынбаған жігерлі де байсалды ана бей-
несін сөзбен суреттеген бұл туынды жас жеткіншектер-
ге, жалпы көпшілік оқырмандарға арналады.
УДК 821.512.122
ББК 84 Каз-44
ISBN 978-601-7047-40-5
© Итеғұлова С.А., 2015
4
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
АНА ТАҒДЫРЫ
Құндыз ішік
(пролог орнына)
Ғылым жолы – талмай
ізденуді талап ететін
қиын, бірақ қиындыққа төзе білген адамға сарқыл-
мас қазына сыйлайтын берекелі жол. Сол ғылым
жолының соқпағымен шаршап келе жатып, ертең-
гі өмірімді үлкен үмітпен елестететінмін. Елесім
былайша өрілетін...
... Кіндік қаным тамған киелі Шалқар қала-
сындағы ата-анамның қасиетті қара шаңырағы-
на апарып той жасаймын. Ол тойға ағайын-туыс,
құда-жекжат, көрші-көлем түгел қатысады. Төр-
дегі үстел басында жүзі
қуаныштан бал-бұл жа-
нып анам отырады. Мен шаршы топтың алдына
шығып:
«Асыл анашым, бүгін менің ғылым жолындағы
шағын ғана еңбегім еленіп,
ғылым кандидаты
атанып отырмын. Ардақты әкем өмірден өткенде
он алты жасар ақ уыз балапан едім. Қанатымды
қатайтып, қалаған көкжиегіме еркін самғауыма
қосқан сенің үлесің ерекше.
Менің бұл өмірдегі басты арманым – сенің ақ
сүтіңді ақтау. Мені әлпештеп өсіргенің үшін қан-
дай құрмет көрсетсем де лайықты. Мен үшін ұй-
қысыз өткерген түндеріңнің, мен үшін уайым шек-
кен күндеріңнің, мен үшін қажыған сәттеріңнің
өтеуі болсын. Менің
сәбилік риясыз көңіліммен
жасаған алғашқы сыйымды қабыл ал» – деп үсті-
не құндыз ішікті жабар едім...
Неткен балалық десеңші?! Осы ойлардың өзі
мені ілгері жетелеуші еді-ау.
Балалары үшін жанын отқа да, суға да салып,
қарлығаш ғұмыр кешкен, білмесімізді ақылымен
АНА ТАҒДЫРЫ
5
білдіртіп, жетпесімізді
жоқтан құрап жеткізген
анамыздың маңдайынан тамған әр тамшы терінің,
көзінен тамған әр тамшы жасының орнын толты-
рармын деп үміттенуші ем.
Әттең, мезгілсіз келген ажал менің ол үмітімді
ұрлап әкетті...
Қайғы мен шер қатар келді түйісіп,
Көңілімнің Сен азалы күйісің,
Сен кеткелі ақырзаман орнады,
Сен кеткелі сездім ажал иісін...
...Жарық жалған кетті сенсіз тарылып,
Тіршіліктің күйбеңінен арылып,
Саған шаттық
себем деген бала арман
Бір-ақ сәтте быт-шыт болды жарылып.
Қысқа жіптің күрмеуіндей келте ғұмырыңды
менің осы туындым жалғасын. Үстіңе жапқан
құндыз ішігім осы болсын... Қабыл ал, асыл ана-
шым!