Бибіжамал Мұқанқызы Момышкеліні — Бауыржаннан екі жас кіші, ақсары, сұлу кісі. Бибіжамал Мұқанқызынан тұңғыш баласы Бақытжан Момышұлы дүниеге келді.
Коркина Клавдия Григорьевна — опера театрының әртісі, сыған қызы. Бұл кісіден Елена Бауыржанқызы дүниеге келді (16.09.1947 жылғы)
Бахытжамал Калибековна — шет тілдер институтының аспиранты, 13 жыл бірге болды.
Бақытжан Момышұлы - Бауыржан Момышұлының ұлы.
Зейнеп Ахметова Бауыржанкеліні (1945 жыл, 18 қаңтарда туған) — келіні, Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. Қайынатасы туралы мемуар кітаптар мен мақалалар жазады.
Бауыржан Момышұлының артында қалған өсиет, нақыл, қанатты сөздер
1. Ерлік – тәрбие жемісі.
2. Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.
3. Солдаттың анасы – Отанның анасы.
4. Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді.
5. Жақсы солдат командирге ұстаз, ал, жаман, ақымақ генерал командир түгілі солдатқа ұстаз бола алмайды.
6. Соғыстың заңы – өте қатал заң.
7. Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды.
8. Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл.
9. Жалтақтардың көбі ақымақ, әкімқұмар келеді.
10. Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді.
11. Символдық сыйлықтарды қара бастың құлқынына құрбан ету – қасиетсіздік.
12. Мақтау қауіпті нәрсе. Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау.
13. Адамның көзқарасы мен түрі – жан дүниесінің рентгені.
14. Орынды зіркілдеу – сабақ, орынсыз зіркілдеу – азап. Орынды зіркілдеу жастарды дұрыс жолға, орынсыз зіркілдеу бұрыс жолға салады.
15. Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.
16. Ежелден ер тілегі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
17. Опасызда Отан жоқ.
Отанда опасызға орын жоқ.
18. Отаның үшін отқа түс – күймейсің.
19. Айғаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен басқар.
20. Тәрбиелі – тәртіптің құлы.
Тәртіпті – елдің ұлы.
21. Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек.
22. Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық.
23. Ана үшін аянба – ант ұрады,
Бала үшін аянба – бетің күйеді.
Ел үшін аянба – жігіттілігіңе сын.
24. Ел дегенде – езіліп, жұрт дегенде – жұмылып істе.
25. Батыр – батыр емес, батырларды бастаған батыр.
26. Ашу-ызасыз жек көру мүмкін емес.
27. Сыртқы тәртіпсіздік – адамның ішкі кемшілігі.
28. Ұшқынсыз от тұтанбас.
29. Қашу – жаудан құтылудың жолы емес, өлімнен де жаман, ауыр опасыздық.
30. Мейірім болмаса сүйе де алмайсың.
31. Бұйрық – алғыр басшының ой-арманы.
32. Әскерсіз–қолбасшы қауқарсыз, басшысыз – әскер әлсіз.
32. Сын ерді шыңдайды,
Қорқақты қинайды.
33. дамзатқа өмірден ар қымбат, өлімнен де ұят күшті.
34. Қорқақ – дөрекі әрі ақымақ.
Достарыңызбен бөлісу: |