Бидай қамырын дайындау технологиясы


Ұнтақталған өнімдердің жіктелуі



бет3/5
Дата19.10.2022
өлшемі4,16 Mb.
#44126
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бидай қамырын дайындау технологиясы

Ұнтақталған өнімдердің жіктелуі.

  • Майдаланған заттарды бөлу үшін саңылауы əртүрлі елеуіштер – елегіштер қолданылады. Електерді метал сым, капрон, жібек капронды жəне синтетикалық материалдардан тоқиды. Синтетикалық материалдар: капрон, нейлон, полиамидтер. Електерді тоқу түріне байланысты селдірлі (ажурные), селдірлілеу жəне т.б. топтарға бөледі. Сондай-ақ електер ауырланған немесе жеңілденген топтарға бөлінеді.
  • Електер нөмірі бойынша бөлінеді. Егер металл сымды електің нөмірі №056 болса, оның саңылауы 0,56 мм. Жармаларды елеуге арналған жібек капронды електің саны 1 дм өлшемге сəйкес келеді. Егер електің нөмірі №270 болса, онда 10 см-де немесе 1 дм-де осынша саңылау бар деп есептеледі. Ұнды елеуге арналған жібек електің саңылау саны 1 см-ге сəйкес келеді. Егер №35 жібек елек болса, онда 1 см-ге осынша саңылау болады, капрон електер үшін осылай анықталады.

Жай ұн алу тəсілі

  • Жай ұнды бидайды жəне қара бидайды түгел ұнтақтау арқылы алады. Алатын жай ұнның мөлшері элеватордың дайындау бөлімінің 1-тазалау машинасына түскен бидайдың 96%-на, ал қара бидайдың 95%-на тең болуы керек, бидай ұнында кебектің шығымы 1%, ал қара бидай ұнында 2% болуы керек. Ұн бөлшектерінің ірілігі: №067 сымтемір елегінде еленгенде үстінде қалған қалдығы 2%-дан аспауы керек, №38 жібек елеуішінде еленгенде, оның саңылауларынан өткен бөлшектерінің мөлшері 30%-дан кем болмауы керек. Жай ұнды №067 електің саңылауынан өткен бөлшектерден құрастырады. Сондықтан жай ұн тарту тəсілі 3,4 жүйелерді қосатын бір жүйеден ғана тұрады. Əр жүйеде ұнтақтаушы білік станоктары жəне ұнды бөліп алатын елеуіштер болады. Егер дəнді дайындау бөлімінде қосымша ЗШН машинасында қауыздаса, онда ұнтақтау жұмысы едəуір жеңілдейді

Қара бидайдан сұрыпты ұн алу тəсілі

  • Қара бидайдан сұрыпты ұн алу үшін: бір сұрыпты – шығымы 87%-дық ұнтақталған кебексіз (обдирная) ұн алу, бір сұрыпты - шығымы 63%-дық еленген (сеяная) ұн алу, екі сұрыпты - жалпы шығымы 80%-дық еленген - шығымы 15-30 пайызды жəне ұнтақталған шығымы 50-65%-дық кебексіз ұн алу тəсілдерін қолданады. Құрылысы жағынан қара бидайдың бидайдан айырмашылығы бар. Егер бидайдың қабыршақтарының орташа мөлшері 15% болса, қара бидайдың қабыршықтарының орташа мөлшері 23,8%-ға дейін жетеді. Бидайға қарағанда қара бидайдың қабыршақтары қалың жəне қатты, крахмалмен байланысы мықты болады. Ұн тарту жүйесінің сапалық құрылысы көрсетілген сызба бойынша технологиялық үдеріс екі сатыдан тұрады: жармалау (драной) жəне ұнтақтау (размольный) жүйелері.
  • Қара бидайдан сұрыпты ұн тарту кезінде алынатын жармашықтардың мөлшері аз болады. Сондықтан ұнтақталған ұн тарту тəсілінде ұнтақтау жүйесін бар болғаны тартуға түскен қара бидайдың тек 20-22%-ы, ал еленген ұн тарту тəсілінде 35-38%-ы түседі. Екі сұрыпты ұн тарту тəсілінде жармалау жүйесінен алатын жармашықтардың мөлшері 30%-дан аспайды. Сондықтан ұнтақтау жүйесі өте қысқа болады. Ұнтақталған ұн тарту тəсілінде қолданыл тын жүйе 1-2 ұнтақтау жүйесінен, ал екі сұрыпты жəне еленген ұн тарту тəсілдерінде қолданылатын жүйе 3-4 ұнтақтау жүйесінен тұрады. Соңғы жүйенің еленген сырғып түскен заттары қайтадан ұнтақтау үшін жармалау жүйесіне қайтарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет