Бөлшектеп өңдеуге дайын ашыған жəне жетілген қамыр технологиялық үдерістің ары қарайғы сатылары жəне сапасы жақсы нан алу үшін оптималды, жақсы қасиетке ие болуы керек. Қамырдың бөлшектеп өңдеуге дайын болғандығын оның реологиялық қасиетімен, органолептикалық сапасын ескере отырып титрленетін немесе белсенді қышқылдығы арқылы анықтайды. Шағын наубайханаларда қамырдың бөлшектеуге дайын болғандығы органолептикалық əдіспен анықталады. Қамырдың қышқылдығы оның бөлшектеуге дайын болғандығын анықтайтын маңызды көрсеткіш болып табылады, бірақ ең негізгі көрсеткіш бола алмайды.