Бидайбеков Е


Оқушылардың ақпараттық мәдениетi және медиасауаттылығы



бет40/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   108
3.3 Оқушылардың ақпараттық мәдениетi және медиасауаттылығы

Мектептегі «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасының әдістемелік тұжырымдамасы байқау оқу құралын жасаумен шектелді. Сонан соң бағдарламаның екінші түрі өңделіп жарияланды. Бұл жаңа бағдарлама мектепте информатика саласынан білім беру мазмұны мен мақсатының дамуында ерекше орын алды және тарихқа «Информатика және есептеуіш техника негіздері» мектеп пәні бағдарламасының «машиналық» нұсқасы ретінде енді [36].

«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасы жарияланғаннан бастап бір жыл өткен соң, мектепте информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықпен шектелмейтіндігіне көз жеткізілді. Белгілі «компьютерлік сауаттылық» түсінігімен қатар жаңа бағдарламада алғаш рет жаңа ұғым «оқушылардың ақпараттық мәдениеті» ұғымы пайда болды. Сайыстық бағдарламаларда жобаланған «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні оқушыларда:


  • практикалық іс-әрекеттерде пайда болатын есептердің сауатты қойылуы, оларды ЭЕМ көмегімен шешу дағдыларын;

  • қойылған есептердің формальды жазылу дағдылары, математикалық модельдеу әдістері туралы қарапайым білім және қойылған есептердің қарапайым математикалық модельдерін құру икемділігін;

  • негізгі алгоритмдік құрылымдарды білуі және білімдерін есептердің математикалық модельдері бойынша оларды шешу алгоритмін құру үшін қолдану шеберлігін;

  • ЭЕМ-нің құрылғылары мен жұмыс істеуі туралы түсінік және құрылған алгоритм бойынша жоғары деңгейдегі программалау тілдерінің бірінде ЭЕМ үшін программа құрудың қарапайым дағдыларын;

  • практикалық есептерді ЭЕМ көмегімен шешу нәтижесін сауатты түсіндіріп беру және осы нәтижелерді практикада қолдану шеберлігін қалыптастыруы тиіс.

Бұл талаптардың төмен дәрежеде жүзеге асырылуы оқушылардың компьютерлік сауаттылығының бірінші деңгейіне жету міндетті, ал толық қамтылуы оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады [36].

Келтірілген түсініктемелер, ақпараттық мәдениет ұғымы компьютерлік сауаттылықтың жаңа және алдыңғы ұғымдары біршама кеңейтілген компоненттерінен құрылғандығын білдіреді. Сондықтан, «ақпараттық мәдениет» ұғымына енетін барлық жаңа түсініктер ЭЕМ көмегімен есеп шығаруға арналған математикалық модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне ерекше қатысты болады. Практикалық есептерді шешудің барлық кезеңдерін қарастыру әрекеті мен математикалық модельдеу әдісі туралы алғашқы мәліметтерді мектептің білім беру мазмұнына енгізу көптен бері ғалымдар мен әдіскер-математиктердің басты мақсаты болып келеді. Оқушыларға оның мазмұнын пайдалы және көрнекі түрде ашуға мүмкіндік беретін, бірақ әдістемелік өңдеуге оңай берілмегенімен, жаратылыстану ғылымының бұл бөлімі өте қызығарлық білім мен дүние танымдық күшке ие. Міне, сондықтан математикалық модельдеу идеясын бейнелеуге тырысуды біз мектеп «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасынан табамыз [32, 6-б.]. Практикалық есептерді шешудің барлық кезеңдерін көрнекі түрде жүзеге асыруға және біртіндеп қарастыруға мүмкіндік беретін информатиканың «машиналық» курсына осы материалды енгізу алғаш рет бұрынғы әдістемелік түпкі ойдың ойдағыдай шешілуіне арналған алғы шарттарды туғызды.

Жаңа бағдарламада тағы да бір мақсаттың кеңеюін көрсетейік: компьютерлік сауаттылық компоненті бұрынғы редакцияда ЭЕМ-мен «қарым-қатынас» дағдыларын дамыту болса, ал жаңа жүйеде «қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің негізгі түрлерін жетік пайдалану» және «осы жүйелердің қызметі негізіне жататын негізгі принциптерді түсіну» дағдыларымен сәйкес келеді.

Бұл кезеңде мектептің информатика курсының мазмұнды-әдістемелік саласы ретінде ақпараттық технологиялар бөлімін тұрақтандыру мақсатында жұмыс істейтініміз белгілі.

Информатика саласынан оқушыларға білім беру мақсатының даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет