Бидайбеков Е


МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет17/108
Дата07.01.2022
өлшемі1,9 Mb.
#19836
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   108
Байланысты:
treatise13514

1-БӨЛІМ

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ



1-ТАРАУ

ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

Информатика жаңа оқу пәні ретінде барлық типтегі мектептерге 1985 жылдың 1 қыркүйегінде енгізіліп, ол пән «Информатика және есептеуіш техника негіздері» (ИЕТН) деп аталды. Жалпы білім беретін мектепте бұл пән жоғарғы екі сыныпта оқытылды (ол кезде бұл 9-10 сыныптар болатын).

Бұған қарамастан, информатика саласы мағлұматтарының жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарына біртіндеп енуі айтарлықтай бұрын басталып, бұл үдеріс оқушылардың кибернетика және программалау элементтерін оқып үйрену тәжірибелерінен бастау алды. Сол кездегі кеңес білім беру тарихында мектептің білім беру жүйесінде ғана емес, сонымен қатар, қоғамда да маңызды орын аларлық ілгерілеуді сипаттайтын, бірнеше барынша нақтылы кезеңдерді атап өтуге болады. Осы ілгерілеу (дүниетанымдық, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық, тағы тағылар) өткен ғасырдың 1980 жылдары ортасында информатиканың жеке оқу пәні ретінде мектепке енуі мен қалыптасуын қамтамасыз ететіндей жағдайға әкеп жеткізді. Төменде бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) елдерінің (оның ішінде ҚР-да бар), орта мектептеріне ИЕТН пәні енуінің алғышарттарына қысқаша шолу жасалынған.



    1. Бастама

Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар бұрынғы КСРО-да ХХ ғасырдың 50 жылдарының басында пайда болды [16, 68]. Бұған қоса адамзат қызметінің жаңа саласы – электрондық есептеу машиналарына (ЭЕМ) программа жасау - программалау қарқынды дами бастады. Өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде-ақ, тіл құралдары мен әдістерінің жетілмегендігіне қарамастан, ЭЕМ-де программалау оқушылардың оны түсініп, қабылдау мүмкіндіктеріне шек қоятындай қандай да бір түбегейлі қиыншылықтарды қамтымағандығын айта кеткен жөн, өйткені ЭЕМ үшін күрделі емес оқу программаларын құру жеткiншек жастағы оқушының шамасы келетiн, қарапайым және жалпыға бірдей ұғымдардың шектеулі ауқымына сүйенеді.

Қалай болғанымен, алғашқы ЭЕМ-дердің ғылыми-зерттеу мекемелерінде және жоғарғы оқу орындарының iрi орталықтарында пайда бола салысымен-ақ, ЭЕМ-ге қолжетімділігі мен машина уақытына иелік етудің мамандар құлшынысымен және олардың оқушылармен ізденушілік жұмыс жүргізуге деген қызығушылықтарымен дәл келіп жатқан жерлерде ЭЕМ-де программалау бастамаларын оқып үйренетін оқушылар (көбіне әртүрлі жастағы) топтары пайда бола бастады.

Қазіргі кезде осы сияқты практика ең алғаш рет қай жерде іске асырылғандығын анықтау қиын. Мысалы, бізге 50-жылдардың соңына қарай осындай тәжірибе КCРО Одағы Ғылым Академиясының болашақ академигі және мектеп информатикасының алғашқы нұсқасын жасауды ұйымдастырушы, математиктер мен программалаушылардың ең әйгілі өкілі А.П. Ершовтың қатысумен (1931-1988 жж) және ол кісінің басшылығымен Академқалашыққа тиесілі Новосібірдің бірқатар мектептерінiң есептеуіш техника базасында даму алғандығы белгілі [20]. Қысқа мерзім ішінде осындай бағыттағы жұмыстарға еліміздің ғылыми-зерттеу институттарынан және университеттерінен жаңашыл-оқымысты ғалымдары қосылды. Бұл алғашқы қадамдардың оқушыларға жүйелі программалау оқу курсының жасалуына тікелей қатысы болмаса да, олар оқушыларға программалауды оқыту идеясын түбегейлі жүзеге асыруға болатындығын көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет