көрсеткіштерін анықтау әдістері
Жұмыста бие сүтінің физикалық-химиялық қаситтері: қышқылдық (Тернер бойынша), активті қышқылдық (рН), тығызыдығы, майлылығы, көмірсу анықталды.
Сүттің Тернер бойынша қышқылдығын анықтау титриметриялық әдіспен, 0.1Н NaOH ерітіндісін қолданып жүргізілді.
Сүттің тығыздығын ареометрмен (лактоденсиментрмен) 10-25 0С температура, таблицалық түзетуді еңгізе отырып жүргіздік. Оны таблица көмегімен немесе түзеті коэффицентін қолдана отынып есептеуді жүргізуге болады.
Әдетте практикада тығыздықты ариометр градус (0А) шамасында белгілейді. Ариометр градус деп тығыздықытың жүздік және мыңдық бөлшегін көрсететін санды айтады. Оны алу үшін ариометр шамасының алғашқы екі санын есептемей (1.0), үтірді екі цифрға оңға жыжытып алуға болады. Мысалы, нағыз ариометрдің көрсеткен шамасы 1.0275 болса, градус ариометрмен өрнектелген тығыздық- 27.5 (27.5 0А) тең.
Майды стандартты (қышқылдық ) әдіспен анықтаймыз. Сүттің сайын клегейлі қабат түрінде алады да, оның көлемін градуирленген май өлшегіште арнайы құрал көмегімен анықтадық. Ол үшін 1.81 –1.82 г/см3 тығыздықты күкірт қышқылын қолданады. Май толық және жылдам бөліну үшін оған 0.810-0.812 г/см 3 тығыздықты изоамил спирті қосылады да 10 минут бойы 1000 айн./мин. центрифугалаудан кейін аяғында май өлшегіштің гардуирленген бөлігінде процент нетижесі алынады.
Жалпы белок мөлшерін анықтау формольді титрлеу әдісімен (А.Я.Дуденков бойынша ) жүргізіледі. Әдіс белоктардың аминтоптарының формалинмен әрекеттесуіне негізделген. Реакция барысында амин тобы өзінің негізгі қасиетін жоғалтады зеттелетін ертінді 0.1 н NaOH ерітіндісімен титрленеді. Титрленетін корбоксильді топтың мөлшері формалинмен байланысқан амин топтарының мөлшеріне эквивалентті. Тәжерибие екі қайталымнан кем болмауы қажет. Титрлеу кезінде анализдар арасындағы айырмашылық сілті көлемінің 0.05 мл дейін рұқсат етіледі. Формалин қатысында тиртлеуге кеткен 0.1 н сілті ерітіндісінің мөлшерін 0.959 коэффицентке көбейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |