Big Data-ның пайдалануын тереңірек түсіну үшін бірнеше мысалдар ұсынамыз.
2 жыл бұрын Target дүкендер желісі сатып алушылармен жұмыс істеу кезінде автоматты таңдау жүйесін пайдалана бастады. Бірнеше жыл бойы компанияда жинақталған мәліметтер белгілі бір жүйе бойынша сұрыпталып отырды. Ол ақпараттардың барлығы банк және жеңілдік карталар арқылы алынды. Машиналық есептеуіш сатып аушылардың талғамы қалай өзгеріп отырғандығын сараптап, болжам жасап отырды. Осы болжамдар негізінде тұтынушыға арнайы ұсыныстар жіберілетін еді. 2012 жылдың көктемінде 12 жасар мектеп оқушысының әкесі қызына жүкті болғандарға арналған ұсыныстар жіберілгендігін айтып, шағым жасайды
Target басшылығы автоматтандырудың қателігін мойындап, наразы болғандардың алдында кешірім сұрауға дайын тұрған еді. Бірақ кейінірек қыздың шын мәнінде жүкті болғандығы анықталды. Алгоритм сатып алушының талғамындағы жүкті әйелдерге лайық өзгерістерді байқап қалып, соның негізінде ұсыныстар жіберіп отырған.

Big Data түрлі әдіспен қолданылуы мүмкін. Мысалы, ancestry.com сайты қазіргі кездегі қолда бар барлық мәліметтер типін негізге ала отырып, адамзаттың отбасылық тарихын құруға тырысып жатыр. Кітаптардағы қолжазбалардан бастап ДНК-сараптамадағы есептеулерге дейін пайдаланылады. Бүгінде оларға әртүрлі тарихи дәуірлерде өмір сүрген 5 млрд-қа жуық адамдардың профайлдарын, отбасылар арасындағы байланысты сипаттайтын 45 млн генеалогиялық ағашты жинақтаудың сәті түсті.